түсінуге қаламгерлердің бәрінің бірдей өресі жете бермейтіні
белгілі. Солардың ішінен суырылып шығып, уақыт ауқымы
мен әлеуметтік-мәдени талап-тілекті дұрыс таразылай білген
Мәшһүр Жүсіп секілді қайраткерлер демократтық бағыттағы
әдебиетті өркендетуге, өз шығармаларында халықтың арманы
мен тілегін, күйініші мен сүйінішін бейнелеуге талпынды,
заман ағысына ілесуге ұмтылды. Әрине, бұл ретте олар
Абайдың эстетикалық-көркемдік принциптерін творчестволық
жігермен пайдаланды.
Жаңа дәуір басында Абай қалыптастырған реалистік әдіс
аясындағы әдебиеттің алуан салалары дәуір талабына сай
жанры жағынан да, түрі жағынан да молайып, байи түсті.
Бұл ретте алмағайып кезеңдегі ниеті таза, мақсаты айқын
қаламгерлердің қай-қайсысы болсын дәуір талабын жіті
сезініп, азаматтық жүрекпен терең толғануының мән-маңызы
ерекше. Заманы алға тартқан күрделі де көкейтесті мәселе-
лердің шешімін табуға ұмтылған көзі ашық, көкірегі ояу
қайраткерлер халық өмірінің қат-қабат құбылыстары мен
қоғамдық-әлеуметтік тіршіліктің алуан саласын рухани-
көркемдік електен өткізіп өз туындыларының өзегіне
айналдырды.
Міне, осындай кезеңде әдебиет майданына араласқан
М.Ж. Көпеев шығармашылығы көп қырлы. Оның
мақалаларымен әңгімелерінің арқауы – жеке адам болмысы
мен қоғам өмірінің байланысы, соған орай туындайтын алуан
проблемелар. Бұл орайда, қаламгердің өз кезінің санасы
сергек, ойы озық ағартушысы ретінде орны айырықша.
Шайырдың ағартушылық сарындағы өлеңдері де
баршылық. Оның қазақ қоғамының экономикалық, әлеуметтік
және рухани тыныс-тіршілігін, олқылықтарын терең
түсінгендіктен еңсесі биік ел болуға уағыздап, үгіттеген
туындылары – соның дәлелі. Айталық, «Қара өлең» деген
өлеңінде:
Достарыңызбен бөлісу: