. [7]
Салғанмен қанша кісен арыстанға
Мұнда ақын бостандық күресіне түскендерді арыстанға
теңей келіп, халықты батыл саяси күреске шақырады.
«Зындан түбі – бостандық, күрес түбі – қайыр» дейді. Халықтар
түрмесі болған патшалық тәртіпке көрсеткен бұл қарсылық,
наразылық.
М.Ж. Көпеевтің бостандық, жарық күнді аңсау түрінде
жазған осындай бірнеше өлеңдері бар. «Күн мен түн» деген
өлеңінде ол бостандық символы түрінде күнді бейнелеп
суреттейді.
Шығарманың мазмұны мынадай: ақын жалғыз өзі ылғи
қараңғы түнде өмір сүреді: түнде ояу бір жан жоқ, жұрт түгел
ұйқыда жатады. Тек, жалғыз өзі ғана аспандағы айға телміріп,
қараумен болады. Ол жарық айға қарап, қараңғы түнді
жамылып жылайды:
,
,
Айда бас бар ауыз бен тіс болмаса
,
.
Өз тілің өзіңе жау ел болмаса
,
Бейпіл жас ағып көзден жылауменен
-
.
Сай сайдан ағып дария сел болмаса
,
Мен ғашық уыз жаста болдым күнге
,
Күн қашан тіліңді алып жүрген жөнге
,
Бойыма бір сіңбеді асып тарап
...
Құрғыр күн батып кетіп қылды харам
,
Телмірдім тек күн батса айға қарап
28
.
Мен айға қарап телміремін жайға қарап
,
Асық ойнап пай салдым ай болсаң да
. [8]
Алатұғын отырмын пайға қарап
Ай, күн – жарық нұр, қашан да болсын, бұл адамның
бақыты, ырысы бейнесінде суреттелініп отырады. Ақынның
түн бейнесінде алып суреттегені, әрине, жауыздықтың қара
пәлесі басқан, халыққа, езілген елдерге мәңгі қара түн, азап
тартқызып келе жатқан патша мен оның үкіметінің отаршыл
саясатының қатал заманы. Аспанға қол созып, көз тігіп бақыт
іздейтін талап, сана түгіл халық ойына сіңіп жеткен жоқ,
сондықтан, ақын түн құшағында «өзін жалғызбын, жалғыз
айды сарғайып күтемін, айдағы алтын нұрлы сәуледен үміт
күтемін, айға жай қарамаймын, саналы ой, саналы ақылмен
қараймын», – дейді. Сөйтіп, ақын халықтың бостандық күйін
аңсайды:
,
,
Алдандық ататұғын таң жоқ шаңға
, –
Кез болмай бір ағарып атқан таңға
деп, ол қайғырады. Халық үшін, ел үшін таң атпады деп
күңіренеді. Ақынның бұл күткен таңы қандай, ол жағы
беймәлім. Бұл ашық айтылмайды. Ақын, әйтеуір, империализм
заманындағы отаршылдық, тонау қысымынан тек азат болуды
ғана ойлайтын сияқты.
Әрине, Мәшһүр Жүсіп бұл мақсатты іске асырудың
қандай жолы барын айту дәрежесіне жете алмады. Ол
патшаны құлатуды да талап етпейді. Дегенмен, жазбагер бұл
мүддені сауатсыздықты жеңу, оқу – білім арқылы іске асыруға
болады деген таза ағартушылық пікірді қуаттайды.
Сөйте тұра, ақын «махаббатты ақ патшаның»
қайырымдылығына сенім артып, үміт күтті. Рас, бұл оның
жаңылыс басқан қадамы еді.
Егер тарихқа үңілер болсақ, шынында, қазақтың елім деп
еңіреген талай ер азаматтары сол Мемлекеттік Думадан көп
үміт күтіп, халқының ауыр халін қалай да жеңілдетпек
пиғылда болады. Қазақ зиялылары өз арасынан Думаға
депутат сайлап, оған халықтың мұң-мұқтажын айтып,
талаптар қоюды міндеттеді. Демек, Мәшһүрдің бұл
айтқандары қайткенде халықтың хал-ахуалын жақсартпақ
ниеттен туған еді.
М.Ж. Көпеев өз дәуірінің реалист ақыны болды. Ол
ұлықтардың, отаршылдарды сынады, халықтың патша өкіметі
құрсауынан құтылуын аңсады. Туған халқын бар жүрегімен
29
сүйген, оның алдыңғы қатарлы ел болуын қалтықсыз аңсаған
Мәшһүр «қазағының» сорлы тағдырына күйінді, оның
надандығы мен қараңғылығына жаны күйзеле налыды.
«Тіршілікте көп жасағандықтан көрген бір тамашамыз»
кітабына енген шығармалар жоғарыда сөз еткен
туындылармен бір сарындас. Бәрін де дерлік ақын қазақ
өмірінің жай-жапсарын сөз етіп, өзінің шама-шарқынша пікір
айтуға тырысқан. Оның көп өлеңдері өз халқының тағдырын
ойлап толғанудан туған арман мен шерге толы болып келеді.
Сол өлеңдерден біз ақынның көз жасын көреміз; оның мұң-
мұқтажын, шар-шеменін сеземіз.
Мәшһүр Жүсіп басқа да өлең-жырларында замана
міндерін, қараңғылық пен надандықты өткір сынайды. Оның
шығармаларында сол кездегі қазақ қоғамында орын алған
кеселдердің бірталайы бас-басына аталып өткен. Көп жайттар
мен көріністер өмір шындығын, замана сипатын көз
алдымызға елестетеді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Көпеев М.Ж. Сарыарқаның кімдікі екендігі. Өлең әңгімелер
жинағы. – Қазан, 1907. – 26-б.
2. Сонда, 31 б.
3. Көпеев М.Ж. Хал-ахуал. Өлеңдер жинағы. – Қазан, 1907. –
20 б.
4. Сонда, 25 б.
5. Сонда, 26 б.
6. Көпеев М.Ж. Таңдамалы. І-том. – А.: Ғылым, 1990. – 32-б.
7. Сонда, 78 б.
8. Сонда, 139 б.
2. Баспасөз бетінде жарық көрген шығармаларының
тақырыптық-идеялық негізі, мән-маңызы
Қазақтың алғашқы публицистерінің бірі ретінде ол
капитализм талқысына түсіп, жұтаған, отаршылдықтың
езгісінде қалып, тапталған халқының правосын көбірек
айтады. 1890 жылы бір мақаласында Ақбеттау еліндегі
Құсайын Поштаев дегеннің алпыс үй кедейді салықтан
босатып, салықты малына қарай байларға салғанын өте
орынды деп біледі. «Байды жамандасып, нашардан бірдеңе
аламын деп жатқаным жоқ. Құсайын мырзаның нашарға
қылған жақсылығын айтып отырмын», – дейді жазушы.
30
Ол жұртты бай, кедей деп бөлмей, тұтас халықтық
тұрғыдан қарайды. Гуманистік, адамгершілік негізде
толғанып, халықты әділдікке, шындыққа жүгінуге шақырады.
Жазбагердің баспасөздегі мақалаларында публицистика-
лық сарын басым. Өйткені, автор заманның толғақты да
түбегейлі мәселелерін қозғады, туған халқының тағдыры мен
тарихына, болашағына байланысты ойларын еш бүкпестен,
жасырмастан әділ де тура айтып отырады. Ол қоғам мен
халық алдындағы міндеттер туралы, ғылым мен мәдениет, оқу
мен өнер-білім, тәрбие мен өнеге жайында ой өрбітіп,
байыпты ақыл-кеңес береді.
М.Ж. Көпеев шығармашылығының елеулі салаларының
бірі – өз кезеңінің көкейкесті мәселелерін көтерген салмақты
публицистикасы. «Дала уалаяты» [1] газетінің белсенді
авторларының бірі болған ол өзінің публицистикалық
мақалаларында ел тұрмысына қатысты толғақты мәселелер
төңірегінде сөз қозғағаны мәлім. Замандастарын ұтымды
еңбек етуге, шаруашылықты дұрыс пайдалана білуге үгіттеп,
еңбекті ғылыммен ұштастыруға ақыл-кеңес берген
жазбагердің пайымдауынша, жалпы адамзат оқу-білім алу мен
адал еңбек ету арқылы ғана биік мұраттарға жетіп, даңғыл
жолға түсе алады.
Өз тұсындағы қазақтың көрнекті ақындары секілді
Мәшһүр де әділетті қорғау, ар тазалығын сақтау сияқты
идеясын шығармаларының негізгі арқауы етті. Бірақ басқа
әріптестерінен бір өзгешелігі – бұл идеяны дінмен
байланыстыра уағыздауында. Оның ұғымында құдайды тану
адамшылыққа, әділдікке бастау ісіне көмегін тигізеді. Құдайға
сенетіндігін жасырмай: «Мен құдайда бір деп білемін, бар деп
қана білемін, күшті деп білемін. Осы үшеуіне наным-сенімім
күшті. Құдай қандай өзі, не нәрсе оны білуге, оны тануға
ақыл-ойым, зейін-пікірім жетпейді», – дейді.
М.Ж. Көпеевтің бұл куәлігі туралы айта келіп, белгілі ғалым
Ы. Дүйсенбаев мынадай қорытынды жасайды. «Сөйтіп,
«құдай» деген ұғымға үлкен мән беріп, адам ойы жетпейтін не
шырқау биік, яғни тұңғиық терең деп қарау ертедегі ойлы
адамдарың тәжірибесінде көп ұшырасып келген. Олар
көбінесе құдай деген түсінік арқылы адамгершілік қасиетті,
әділдікті, жақсылықты, ізгілікті беруге ұмтылған. Сөз жоқ,
бұлардың бәрінің түп негізінде дүниені, өмірді, идеалистік
тұрғыдан тану жатыр» [2].
Осы пікірдің түп-төркініне көз жүгіртсек, Мәшһүрдің ой-
топшылауы алдыңғы қатарлы ағартушы-демократтардың
31
толғамдары мен сабақтастығын көреміз. Тіпті ұлы Абайдың өзі
де:
Достарыңызбен бөлісу: |