Ішек инфекциялары кезінде қолданылатын медбикелік күтім стандарттары



бет11/21
Дата10.12.2023
өлшемі263,8 Kb.
#135727
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21
Байланысты:
Ішек инфекциялары кезіндегі медбикелік үрдістер

Стандарт - 2
«Бактериологиялық зерттеуге нәжісті алу методикасы»
Мақсаты: бактериологиялық зерттеуге материал жинау (аурудың қоздырғышын табу). Диагностикалық мақсатта жасалады; реконвалесценттер мен декреттелген топты тексеру үшін.
Жабдықтар: арнайы сымды ілгіші бар немесе сыммен оралған мақталы тампоны бар стерильді пробиркалар, зерттеуге жолдама, клеенкалы алжапқыш, резеңке қолғаптар, қорек ортасы бар пробирка тұратын және нәжіс жинайтын ағаш таяқшалары бар тасымалдағыш контейнер немесе темір пенал, 30% глицерин қоспалы ертіндісі мен 70% физиологиялық ертіндісі бар флакон, дез.ертіндісі бар ыдыс, стеклограф, штатив.
Орындау алгоритмі:

  1. Алдағы зерттеудің мақсатын түсіндіру;

  2. Қолды жуып, кептіру;

  3. Клеенкалы алжапқыш пен резеңке қолғаптарды кию;

  4. Үстелге барлық керекті жабдықтарды қою;

  5. Пробиркеге жолдамадағы нөмірді жазу;

  6. Пробирканы штативке орналастыру;

  7. Пробиркадан шынылы тампонды алу;

  8. Пробиркаға 3-5мл консервант құю;

  9. Тампонды консервантқа малып, пробирканың қабырғасына артық мөлшерін сығу;

  10. Науқасқа сол қырына аяқтарын ішіне бүгіп жатуын сұрау;

  11. Сол қолмен жанбасын ашу, оң қолмен 3-4см тереңдікте абайлап тік ішекке тампонды кіргізу;

  12. Тампонды шығару;

  13. Тампонды құрғақ стерильді пробиркаға қабырғасына тигізбей салу;

  14. Пробирканы штативке салу, штативті контейнерге салып герметикалық жабу;

  15. Қолғаптарды шешіп, залалсыздандырыңыз;

  16. Қолыңызды жуып, антисептикпен өңдеңіз;

  17. Материал мен жолдаманы бак.лабораторияға жіберіңіз.




Стандарт – 3
«Серологиялық зерттеуге қанды алу техникасы»
Мақсаты: зерттеу диагностикалық мақсатта жасалады.
Жабдықтар: стерильді лоток, мақталы тығыны бар пробирка, мақталы шариктер, бірреттік 10мл шприцтер инесімен, 70% спирт, пробиркаға арналған штатив, тастауға арналған лоток, жгут, жастықша, клеенка, сүлгі, дез.ертіндісі бар ыдыс, жолдама бланкі, қалам, стеклограф.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет