Ісіктер. Ісік (латынша-tumor,blastoma, грекше-neoplasma,орысша-опухоль)



бет10/13
Дата29.10.2022
өлшемі32,83 Kb.
#46122
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Ісіктер туралы мәліметтер

Остеосаркома - сүйектің қатерлі ісігі. Ол негізінен ұзын сүйектерде кездеседі.
Хондросаркома - сирек кездесетін, шеміршек клеткаларынан өсетін ісік.
Меланин түзуші тіннің ісіктері.
Алғашқы меланин түзуші клеткалар теріде, көздің нұрлы қабықшасында және ми қабықтарында дамиды. Меланин түзуші клеткалардан: пигменттік невустар (тума ақаулар) және меланомалар (нағыз ісіктер) дамиды.
Пигменттік невустар балалардағы ең көп ұшырайтын тума ақаулар қатарына жатады. Оның бірнеше түрлерін ажыратады:
Шекаралық невус эпидермис пен дерманың шекарасында ірі, домалақ немесе көпбұрышты, цитоплазмасы түссіз, ядросы көпіршіктенген невус клеткаларының тобы.
Дермаішілік невуста невус клеткалары тек дермада жайғасады, оларда пигмент көп.
Эпителиоидтық невус балаларда және жас өспірімдерде кездеседі. Ол теріде қоңыр түсті түйін түрінде көрінеді.
Галоневус айналасында пигментсіз аймақтың пайда болуымен ерекшеленеді.
Көгілдір невус бетте, қол-аяқта, жамбаста, белде көгілдір түстегі, тегіс дақтар немесе қатты түрінде көрінетін невустың ерекше бір түрі.
Меланома аса қатерлі ісіктер қатарына жатып, меланоцит клеткаларынан дамиды. Меланома өте тез гематогендік лимфогендік метастаз бергендіктен, организмде меланин мөлшері көбейіп, тері қараяды немесе меланин зәрмен шыға бастайды.
Жүйке жүйесі мен ми қабықтарының ісіктері.
Нейроэктодермалық ісіктер.
Орталық жүйке жүйесінің клеткаларында ісік сирек өседі, негізгі ісік көзі -нейроэктодерма. Олар:нейроэктодермалық және ми қабықтарының ісіктері деп екіге бөлінеді.
Нейроэктодермалық ісіктер: Астроциттық ісіктер. Қатерсіз астроцито-ма жас балаларда көп кездеседі. Ол мишықта,ми бағанында түйін түрінде өседі. Арасында киста пайда болады. Қатерлі астроцитома клетка полиморфизімен сипатталады. Ісікте некроз ошақтары кездеседі.
Олигодендроглиалық ісіктер. Ол негізінен аралары өте жақын, ядросы ірі, домалақ, ал ядро айналасында түссіз аймағы бар клеткалардан түзіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет