Ислам дәуіріндегі әдеби ескерткіштердің зерттелуі. Түркі халықтары әдебиеті тарихында ислам дәуірі (X-XII ғасырлар) ерекше орын алады. «Ислам дәуірі әдебиеті»


Асан қайғы толғауларының әлеуметтік мәні



бет47/97
Дата21.12.2023
өлшемі303,2 Kb.
#142156
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   97
33 Асан қайғы толғауларының әлеуметтік мәні
Асан қайғының бізге белгілі жыртолғаулары айтылған кезеңде жыраудың жасы ұлғайып, белсенді әрекеттен қала бастағанын, сол себепті өмірден көрген-түйгендерін ұлағат ете және салиқалы ақыл-ойға ден қоя ұсынғанын байқаймыз. Жыраудың ішкі мазмұны динамикаға толы жырларының өзінде бітімге бейімділік, тыныштықты алдыңғы орынға қою сияқты мақсаттардың жетекші мән иеленуінің бір сыры осында жатса керек.Оның жыр-толғауларының: Еділ бол да, Жайық бол, Ешкімменен ұрыспа. 
Жолдасыңа жау тисе, Жаныңды аяп тұрыспа. Ердің құны болса да, 
Алдыңа келіп қалған соң, 
Қол қусырып барған соң, 
Аса кеш те, қоя бер, 
Бұрынғыны қуыспа…– деген үлгіде келуінің өзі толғау иесінің ақыл-ойға кемел жасқа келгендігін, адам өмірінің мәніне парасат арқылы ден қоятынын танытады. 
Асан қайғы туындыларының мазмұны мен сол туындылардың әрқайсындағы ойтүйіндерді басшылыққа алсақ, оның жыр-толғауларын тарихи оқиғалармен сабақтастыра, іштей үш кезеңге жіктей тануға келеді. Бірінші кезең қазақтардың ноғайлы жұртынан ірге ажырата, өз мемлекетін құруға бет түзеген алғашқы жылдарымен орайласса, екінші кезең Қазақ хандығының өзіндік саяси бағыт-бағдарын белгілеуге, айналадағы жұртқа дербес ел ретінде танылуға ұмтылыс жасалған жылдармен айқындалады, ал үшінші кезең хандықтың біршама нығайып, ендігі кезекте ішкі тірлігін тиянақтау, елдің өз ішіндегі түрлі сипаттағы қарым-қатынастар мен байланыстардың жөн-жобасын қалыптастыру жолдарын нақтылай бастаған жылдарын танытады. 
Асан қайғы жырларына осы тұрғыдан зейін аударсақ, оның жыр-толғауларынан сол уақыттың тіршілік тынысын, ел ішінде көріне бастаған кейбір қайшылықтарды, елдің көңіл ауанын, бойға дарытқысы келетін және бойдан арылтқысы келетін мінездері мен міндерін көрер едік.

Жыраудың бір алуан толғаулары Әз Жәнібек ханға арналған. Ол ең әуелі ханның айналасына көз салмай, шабылып жатқан халқының жағдайын ойламай бейғам отыруына наразылық тұрғысында айтылады («Қымыз ішіп қызарып, мастанып неге терлейсің, өзіңнен басқа хан жоқтай елеуреп неге сөйлейсің?»). Ертеңгі халық болашағын Жәнібек ханның ақыл-айла, көрегендігімен тығыз байланыста алып қарайды. Осы арнауында жырау күншығысқа көз алмай қарайтын көрші патшалықтан сақтанудың қажеттігін арнайы ескертеді («Қилы-қилы заман болмай ма, Суда жүрген ақ шортан, Қарағай басын шалмай ма?»). Асан Қайғы осы «ақ шортан» мен «қарағай» бейнесін келесі бір толғауында кеңірек ашып, орыс патшасы отарлауының мән-жайын алдын ала айтып, көрегенділік танытады. Халық басына төнген бұл қауіптің зардабын, оның немен тынатынын да дәл болжайды («Ол күнде қарындастан қайыр кетер, Ханнан күш, қарағайдан шайыр кетер, Ұлы, қызың орысқа бодан болып, Қайран ел, есіл жұртым сонда не етер?»). Асан Қайғы Қаласының жыр, толғаулары негізінен үлгі-өсиет, мақал-мәтел іспеттес болып құрылады. Жырау ру-тайпалық одақтардың генеалогиясын, халықтық әдет-ғұрып, дәстүрлерді дәріптеп, өмір сүрудің мәні туралы, жақсылық пен жамандық, әділдік пен зұлымдық, үлкенді сыйлап-қастерлеу, олардың ақылын алу, бір-бірімен босқа қырқыспау, бейбіт өмір кешуге, ізгі ниетті, қарапайым, адал, шыншыл, иманды болуға шақырады («өле-тұғын тай үшін, қонатұғын сай үшін, желке терің құрысып, бір-біріңмен ұрыспа»). Түсіністікпен үйлесімді өмір сүру үшін әр адам өзін-өзі жетілдіруі қажет, ізгілікті болу – бүкіл адамзат атаулының бәріне ортақ дейтін гуманистік тұжырым жырау шығармашылығының негізгі арқауы («Әділдіктің белгісі, біле тұра бұрмасауыл Ақылдының белгісі, өткен істі қумасауыл Жамандардың белгісі, жауға қарсы тұрмасауыл..»). Енді бір алуан жырлары тұрмыста түйген ой-тұжырым, болжау түрінде келеді («Құйрығы жоқ, жалы жоқ, құлан қайтіп күн көрер, аяғы жоқ, қолы жоқ, жылан қайтіп күн көрер?»). Асан Қайғы есімі тек қазақ халқына ғана емес, басқа да ағайын халықтарға (қырғыз, қарақалпақ, ноғай тағы басқа) кеңінен тараған. Бұл орайда жырау толғауларындағы жоғарыдағыдай философия және психология мәні зор қанатты сөздердің атқарған өзіндік рөлі ерекше.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет