Ислам дәуіріндегі әдеби ескерткіштердің зерттелуі. Түркі халықтары әдебиеті тарихында ислам дәуірі (X-XII ғасырлар) ерекше орын алады. «Ислам дәуірі әдебиеті»


Алтын Орда дәуіріндегі әдеби мұралардың зерттелуі



бет44/97
Дата21.12.2023
өлшемі303,2 Kb.
#142156
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   97
Байланысты:
хандықт

28. Алтын Орда дәуіріндегі әдеби мұралардың зерттелуі.
Дешті Қыпшақта негізі қаланған Түркі мемлекеті - Алтын Ордада XII-XV ғасырларда ғылым, мәдениет және әдебиет едәуір дамып, бүкіләлемге таныла бастаған еді. Әсіресе, XIV ғасырдың бірінші жартысында Алтын Орда мемлекетінің Еділ бойындағы астанасы Сарай (Берке-Сарай) қаласы дүние жүзіне мәшһүр мәдени орталықтардың біріне айналды. Мұнда қысқа мерзімішінде әлемнің әр түкпірінен атақты ғалымдар, ақындар, өнер қайраткерлері, сәулетшілер, т. б. жиналды деуге болады.
Берке, Өзбек және Жәнібек хандардың тұсында Алтын Орда астанасы Сарай шаһарында ислам әлемінің ең атақты ғалымдары (Құтб ад-Динар-Рази, Сад ад-Динат-Тафтазани, Хафизад-Динал-Баззави, т. б.) мен ақын-жазушылары өмір сүріп, еңбек етті. Бұл кезде олар Дешті Қыпшақты Батыс пен Шығысқа танытқан өздерінің ғылыми, әдеби туындыларын қыпшақ тілінде жазды.
Алтын Орда дәуірі әдебиетінің объектісі осы мемлекет жерінде жазылған көркем туындылармен ғана шектеліп қалмайды. Сондай-ақ бұған XIII - XV ғасырларда Ақ Ордада, Орта Азияда мәмлүктік Египетте қыпшақ тілінде жазылған көркем шығармалар да енеді. Бұл туралы түркология ғылымында күні бүгінге дейін түрлі пікірлер айтылып келеді.
Мәселен, немістің көрнекті түріктанушы ғалымы А. М. Фон Габен өз зерттеулерінде Алтын Орда дәуірі әдебиетін екі топқа бөліп қарастырады. Біріншісі - Алтын Орда және Хорезм әдебиеті, ал екіншісі мәмлүк-қыпшақ (Египет) әдебиеті.*
Алтын Орда дәуіріндегі әдебиеттің дамуына Дешті Қыпшақ пен Мысыр (Египет) арасындағы түрлі саладағы: саяси, әскери, мәдени, әдеби, тіпті ел билеушілер арасындағы туыстық байланыстар да зор ықпал етті. Мәселен, мәмлүк Египетінің астанасы Каир қаласында Шәхаб ад-Дин Сараи, Махмұд ибн Фаттаһ ас-Сараи, Абдуллах әбу- т-Тина ас-Сараи сияқты Алтын Орда астанасы Сарай қаласынан шыққан (сол себепті тахаллустары, яғни лақап аттары «Сараи» болып келеді) ақындар, тарихшылар, философтар, дін қайраткерлері, т. б. еңбек етті.
Қорыта айтқанда, Алтын Орда дәуірінің мұралары онша көп сақталмаған. Бұл кездегі әдебиет өкілдерінен біз Сайф Сараи, Хорезми, Құтб, Дүрбек, Лутфий, Сайдахмат, Әли Атаи, Рабғузи, т. б. шығармалары. Қазақ ғалымдарынан Алтын орданы зерттеушілер бізде А. Қыраубаева, Б.Кенжебаев, Х. Сүйіншалиев, М.Жолдасбеков, т.б. А. Қыраубаева Алтын орда әдебиетіне қатысты арнайы ғылыми зерттеу еңбегі, Х. Сүйіншлиевтің «Қазақ әдебиетінің тарихы».




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет