27. Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дастанындағы тәлім-тәрбие мәселесі
«Құтты білік» дастаны көтерген ең басты мәселе тәлім-тірбие ісі деуге болады: Дастанда жастарды тәрбиелеуді сөз ететін арнайы тараулар бар. Алайда тәлім-тәрбие мәселесі дастанда бастан- аяқ барлық мәселелерге қатысты түрде қайталанып отырады. Адам бойындағы жақсы мінез-құлық, әдептілік, кішіпейілділік, ең алдымен, адамның тәлім-тәрбиесіне байланысты деп түйеді. Сол себепті жас нәресте өмірге келісімен-ақ оны дұрыс тәрбиелей бастау - әке- шешенің қасиетті борышы екенін ақын жырға қосқан. Жүсіп Баласағұн «Құтты білік» дастанында адам туғаннан ақылды, білімді болып тумайтынын, естіп, көріп барып қана ақыл-парасаты артатынын оқырманға зор шеберлікпен жеткізеді:Жүсіп Баласағұн «Құтты білік» дастанында адам туғаннан ақылды, білімді болып тумайтынын, естіп, көріп барып қана ақыл-парасаты артатынын оқырманға зор шеберлікпен жеткізеді:Жүсіп Баласағұн «Құтты білік» дастанында адам туғаннан ақылды, білімді болып тумайтынын, естіп, көріп барып қана ақыл-парасаты артатынын оқырманға зор шеберлікпен жеткізеді:Ешкім іштен данышпан боп тумайды, Сөйлеуді, ақылды біртіндеп үйренеді.
Адам үйрене келе білімді болады, Әрбір істі білімді адам тындырады.
Жүсіп Баласағұн өз оқырманын әдептілікке, кішіпейілділікке, мейірімділікке, имандылыққа шақырады. Сондай-ақ ол кісіні адамгершілік арнасынан шығарып, жұртқа әдепсіз, дөрекі, надан етіп көрсететін кейбір мінез-құлықтарға көркем сөзбен сипаттама береді. Мұндай жағымсыз мінездер: мал-мүлікке тоймайтын ашкөздік, сараңдық, мейірімсіздік, ашушаңдық, т. б. деп көрсетеді. Әке-шеше- ден тәрбие көрген, әдепті жандар қашанда нәпсісін тыя білетін, жомарт, бауырмал, сабырлы, инабатты болып келетінін айтады. Жүсіп Баласағұн әдептіліктің сан түрін жырлай келіп, солардың ішіндегі ең бастысы - тіл әдептілігі деген қорытынды жасайды. Дастанның бір тарауы, дәлірек айтсақ, жетінші тарауы түгелдей осы мәселеге - тіл әдептілігіне, яғни мәнерлі, мәнді, сыпайы сөйлей білу өнеріне арналған. Автор оқушысын абайлап, ойланып-толғанып барып сөйлеуге, тілге сақ болуға шақырады.
Достарыңызбен бөлісу: |