Ислам дәуіріндегі әдеби ескерткіштердің зерттелуі. Түркі халықтары әдебиеті тарихында ислам дәуірі (X-XII ғасырлар) ерекше орын алады. «Ислам дәуірі әдебиеті»


Құтбтың «Хұсырау-Шырын» дастанының лиро-эпостық жырлар мен үндестігі



бет46/97
Дата21.12.2023
өлшемі303,2 Kb.
#142156
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   97
Байланысты:
хандықт

30.Құтбтың «Хұсырау-Шырын» дастанының лиро-эпостық жырлар мен үндестігі


өөөөөөөөөөөөөөөөөөөөөөөөөөөөөөөөөөөөөөөөөөөөөөөөөөөөөөөөөөөөө


31 Жыраулар поэзиясының даму кезеңдері

Жыраулық өнер-мәдени-музыкалық құбылыс. Айтулы жыраулар үнемі ел ортасында, халықпен аралас жүреді. Жыраулар типі өте ерте дәуірлерде калыптаса бастаған. Алғаш бұл қызметі бақсы, балгерлік, шамандар, атқарған. Жыраулық өнердің қалыптасуы бірнеше кезеңдерден тұрады. Олар бақсы - шаман – ұзан-жырау-жыршы-термеші тағы басқа. Міне, осы кезеңдерді жеке-жеке игерудің ғылыми таным үшін маңызы зор.


Мұхаметрақым Жармұхамедов,Қазақ жырауларының сан ғасырлық шығармашылығын негізінен 3 кезеңге бөліп қарастырған.





  1. Жыраулық дәстүрдің негізін қалаған алғашқы өкілдері Қорқыт,Аталық және Сыпыра жыраулар жатады.Бұл дәуір XI-XIV ғасырларды қамтиды.

  2. Жыраулықтың қалыптасу кезеңін белгілейтін Асанқайғы,Қазтуған,Шалкиіз,Доспамбет,Ер Шобан шығармалары кіреді.Мұның кезеңі XV-XVI ғасырлар.

  3. Жыраулықтың әбден толысып кемелденген кезеңіндегі өкілдері:Үмбетей,Жиембет,Тәтіқара,Ақтамберді,Бұхар жыраулар құрайды.Бұған XVII-XVIII ғасырлар жатады.



32 Жыраулар поэзиясындағы батырлар бейнесі
Махамбеттің тұлғасы көзі тірісінде-ақ қалың қазақ үшін ерліктің, батырлыктың белгісіне, ал жалынды жырлары азаттық дабылына айналып үлгерген болатын. Артына күреспен өткен өмірімен өшпес өнеге өлмес туындылар калдырған ол міне бір жарым ғасырдан бері ел намысын ту еткен батыр халық арманын қалтықсыз жырлаған азамат ақын ретінде сом ұрпақтың сүйіспеншілігіне бөленіп, ұлтымен бірге жасасып келеді. Ұлтымыз кеше Махамбетті қалай қастерлеп, жырын жаттап, өмірін өнеге етіп келсе, азаттық аясында бүгін де солай қастерлейді, ертең де осылай боларына күмән жоқ. Еңiреген ерлерiн мақтан тұтып, кейінгіге үлгі-өнеге етпесе, елде қандай елдік бар? «Қоңыраулы найза қолға алып, қоңыр салқын төске алып», «қара қазан сары бала қамы үшін қылыш сермеген» батырын, от жүректі ақынын жырға қоспаса, ақындықтан не пайда?! Жоғарыда аталған мақаласында академик 3.Кобдолов: Ақын болу - бір бар: ал оның үстіне батыр болу батыр-батыр-қалпында бөлек-бөлек тұрып қалмай, ақындық пен батырлық бір тұлғаның табиғатында ару әйелдің әдемі бұрымындай өріліп, баяғы бабалар дәуірінен бермен қарай тек қана азаттық аңсаған асыл ерлердің азап пен қорлыққа қарсы ашулы дойырына айналса... О, бірі енді әр ғасырда бір кездесетін аса сирек құбылыс- деп тауып айтқандай әрі ақын, әрі батыр Махамбет феномені шынында да ғажап құбылыс.

Бүгінде батыр, ақын баба тұлғасы азаттық күрескері ретінде төл тарихымыздан ғана орын алып отырған жоқ, оның сөз өнері әдебиетіміздің тарихындағы орны да аса қадірлі. Сондай-ақ Махамбет бейнесін әдебиетімізде сомдауға арналған туындылар да жетерлік. Бүгінде ұлттық сөз өнерінде де, оның түрлі жанрларындағы алуан шығармаларда да Батыр баба бейнесі көркем сомдалды деп айтуға толық негіз бар. Мұның айқын бір дәлелі казак поэзиясындағы біз тоқталғалы отырған Махамбетке арналған негізі сонау ХІХ ғасырдың 40-жылдарынан бастау алып, күні бүгінге дейін үзілмей жазылып, жарык көріп келе жатқан өлеңдер, дастан, поэмалар. Бұл Махамбет тақырыбының бір жарым ғасырдан астам уақыт бойы үзбей жырланып келе жатқан арналы, өзекті тақырыптардың бірі екендігін көрсетеді.


Біздің қарастырып отырған тақырыбымыз қазақ әдебиеттану ғылымында арнайы әрі жан-жақты сөз бола қоймаған тың мәселе. Десек те, әділдік үшін кезінде бұл тақырыпқа шолу түрінде болса да, бірінші қалам тартып, мәселе көтерген белгілі әдебиетші ғалым, марқұм Қ.Сыдықов екенін айту парыз болар. «Шаруалар көтерілісінің бастаушылары мен жыршылары» деп аталатын мақаласында автор қазақ поэзиясындағы Исатай-Махамбет бастаған көтеріліс туралы туған өлең-жырлар (негізінен Махамбеттің Исатай батыр және өзі туралы және Шернияздың Исатай жайлы өлеңдері талданды] тарихына шолу жасай келе бұл тақырыптың кеңестік әдебиетте әр жанрда жалғасқанын бір топ қаламгерлер есімін атаумен дәйектейді. Нақтылы Махамбет жайлы өлеңдер талданбағанмен, мақала зәру мәселені көтерумен құнды деп білуіміз қажет.


Исатайдың ғана емес Махамбет есімінің де алғаш жыр жолдарында құрметпен, аталуы Шернияз ақын атымен тығыз байланысты. Бұл кездейсок жайт емес. Шернияз И. Тайманов бастаған халық көрілісіне белсене қатысқан. Исатаймен де Махамбетпен де жақын сыйластық, шынайы достық қатынаста болған кісі. Мұны біз тарихи деректерден де көпшілікке мәлім оның Баймағамбет сұлтанмен кездескенде айтқан өлеңінен ондағы Исатайға деген сағынышынан да жақсы аңғарамыз.


Шернияздың Махамбетке қатысты өлеңі М. Өтемісұлының 1974 жылы шыққан «Ереулі атқа ер салмай» атты жинағының сонында «Шерниязға айтқан жұмбағы»деген тақырыппен берілген. Өлеңнің құрылымы өзгешелеу алғашқы шумағы «Шернияздың сөзі», ал одан кейінгі 17 жолы «Махамбеттің жұмбағы» деген атпен берілген. Бір кездесу-жүздесу сәтінде Шернияз өзі үлгі-өнеге тұтқан батыр, ағын ағысынан айтып жүрер тәлімді сөз сұраған. Оған жауап ретінде Махамбет осы жұмбақ өлеңді айтқан. Шернияздың сұрай айтқан шумағы төменегіше:


Көк үйрек көлде отырған жергілікті


Ғалымдар шариғаттан жол біліпті
Жолдасы ер Исатай-ер Махамбет
Сөз бар ма бізге айтатын ескілікті?

Қателеспесек, осы шумақ төл поэзиямызда Махамбетке арналған бірінші өлең, сондай-ақ осында батыр ақынды «жолдасы ер Исатай -ер Махамбет» деп сипаттаумен бағалауда алғашқы пікір екендігімен құнды болса керек. Тағы бір қызығы, маңыздылығы бұл шумақ (өлең) тірі Махамбеттің өзіне арналып отыр. Батыр есімін айрықша қастерлеп, оны баршаға үлгі тұтқан жыр жолдарын біз сол кезеңнің сегіз қырлы бір сырлы өнерпазы ақын, композитор Исатай-Махамбет көтерілісіне қатысқан әйгілі Сегіз сері Шақшаұлының (1818-1854) шығармаларынан да табамыз.


Махамбет дәстүрінің қазақ поэзиясындағы көрінісі деген мәселе. Батыр ақынның жасындай жарқылдаған, өрттей қызулы серіппедей серпінді, семсерідей өткір, өр жырларының жаңғырығын, рухын көптеген қазақ ақындарының туындыларынан байкай аламыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет