Ислам дәуіріндегі әдеби ескерткіштердің зерттелуі. Түркі халықтары әдебиеті тарихында ислам дәуірі (X-XII ғасырлар) ерекше орын алады. «Ислам дәуірі әдебиеті»


Тәтіқара ақын шығармашылығының тақырыптық сипаты



бет61/97
Дата21.12.2023
өлшемі303,2 Kb.
#142156
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   97
Байланысты:
хандықт

50. Тәтіқара ақын шығармашылығының тақырыптық сипаты
Жыраулар поэзиясынан нәр алып, ақындық поэзияның тууына жол салған ізашар тұлғалардың бірі – XVIII ғасырда тірлік кешкен Тәтіқара ақын. Ол Абылай ханның ақылшысы ретінде біршама уақыт хан сарайында тұрған. Олжабай, Бөгенбай батырлардың қалмаққа қарсы жорықтарына қатысып, олардың ерлік істерін мадақтаған, толғауларында жауынгерлерді табандылыққа, төзімділікке үндеген. Шығармалары бiздiң дәуiрiмiзге ауызша айтылумен жетті. Олардың көлемi көп емес. Ақынның бізге жеткен шығармалары мыналар: «Қамыстың басы майда, түбі сайда», «Кебеже қарын, кең құрсақ», «Кеше тоқыраулы саудың бойынан», «Ассалаумағалейкум, жайсаңдар мен қасқалар».
Тәтіқара шығармалары батырлық, ерлiк тақырыбын, ел қорғаған қазақ батырларын жырлануымен ақынның өзiндiк ерекшелiгiн байқатады.Ақынның “Қамыстың басы майда, түбi сайда”, “Кебеже қарын, кең құрсақ”, “Ақыл қалмас қашқанда” деп басталатын өлеңдерiнде сол кездегі тарихи жағдайлар айтылады. Енді ақынның осы өлеңдерінің қандай жағдайларға байланысты туғанына, мән-мазмұнына тоқталып көрейік.
Бірде Абылай ханның жортуылда жолы болмай, өкшелей қуған жаудан құтылуға айналғанда алдарыдан қатты тасыған өзен кездеседі. Сарбаздар өте алмай тұрып қалады. Өлім қаупі төнеді. Сонда Тәтіқара суырылып шығып:
Қамыстың басы майда, түбі сайда,
Жәнібек Шақшақұлы – болат найза!
Алдыңнан су, артыңнан жау қысқанда,
Ер жігіттің ерлігі осындайда.
Бөкейді айт сағыр менен дулаттағы,
Деріпсәлі, Маңдайды айт қыпшақтағы!
Өзге батыр қайтса да, бір қайтпайтын
Сары менен Баянды айт уақтағы!
Ағашта, биікті айтсаң, қарағайды айт,
Жігіттік, ерлікті айтсаң, Бөгембайды айт,
Найзасының ұшына жау мінгізген–
Еменәлі Керейде ер Жабайды айт, – дегенде, аты аталған батырлар тасып жатқан өзенге түсе бастапты. Бұлардың артынан қалың қол да еріп, судан аман өтіпті.Тәтіқара жырында аталатын батырлардың өмірде болған адамдар екені тарихтан белгілі.
Тәтіқара ақынның ендігі бір өлеңі Қытай мен Абылай сарбаздарының арасында болған шабуылды сипаттайды. Бұл жырды кезінде Шоқан Уәлиханов орысшаға қара сөзбен аударған. Осы толғаудан бізге жеткен шағын үзінді Шоқан аудармасының дәлдігін көрсетумен бірге, негізінде шындық оқиға болғанын анықтай, айқындай түседі.Ақынның бұл өлеңі ұрыс даласының көп шындығынан, нақтылы дерек береді. Ақын өзі көрген, нақ ортасында болған майдан көрінісін оның барша кейіпкерлерімен, олардың әрқайсысына лайық қимыл-әрекетімен дәл бейнелейді. Мұны ақын сөзінің құдіреттілігі, күштілігі, пәрменділігі ретінде атауымызға болады. Ұрыс даласын, батырлар қимылын ақын батырлар жырындағы белгілі дәстүр негізінде бейнелейді.Осы ұрыста Абылай бастаған қазақтар саны көп, күші басым қытай әскерлерімен табан тіреп ұрыса алмай, шегінуге мәжбүр болады. Жауынгерлердің еңсесі түсіп кеткенін көрген Тәтіқара бір жағы күйінішпен, бір жағынан жұрттың рухын көтеру үшін табан астында суырып салып, жырлап қоя береді. Осының қарсаңында ғана ойрат империясын оп-оңай бағындырып алған қытайлар 1756 жылы қазақ жеріне енеді. Абылай екі рет ұрысып, екеуінде де шегінуге мәжбүр болады. Яғни Тәтіқара шығармасы 1756 жылы туған.Бұл жырдың түпнұсқасы біздің заманымызға толық күйінде емес, жекелеген үзінділер түрінде жеткен. Соның бір үлгісі мынадай болып келеді:
Кебеже қарын, кең құрсақ
Артық туған Абылай
Көтере көр бұл істі:
Көп қытайдың жылқысы
Тұрымтайдай құнысты.
Жау жағадан алғанда,
Ит етектен алғанда,
Ер Абылай қорыққан жоқ,
Әншейін еңкейе бере жылысты.
Бәсентиін Олжабай
Оны да мен ер көрдім,
Оқ жіберіп ұрысты».
Тәтiқара өлеңдерi құрылысы жағынан қара өлең үлгісіндегі он бір-он екі және жеті-сегіз буынды болып келеді. Көркемдiк, тiлдiк сипаты халықтық поэтика дәстүрімен сабақтастығымен ерекшеленедi. Ақын шығармалары әлі де іздестіруді, зерттелудi, халыққа кең танытуды қажет етеді. Өткен ғасырдың 60-жылдарынан бері жоғары оқу орындарына арналған оқу бағдарламаларына енгізіліп оқытылып келеді. Тәтiқара өлеңдерi өзінің танымдық, тәрбиелiк мәнiн жоймайтын, қазақ әдебиетi тарихында алатын өзіндік орны бар туындылар болып саналады.
Қорыта айтқанда, өлең-жырларында өмірлік шындықтың аясынан асып кетпей, мейлінше шынайы бейнелеуді құнттаған Тәтіқара ақын – қазақ әдебиетінде реалистік ақындар поэзиясының тууына із салған ХVІІІ ғасырдағы көрнекті тұлғалардың бірі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет