62. «Қорқыт ата кітабындағы» Қазанбектің баласы Оразбектің тұтқынға түскені туралы жырдың негізгі идеясы.
-Бұл жыр жастарды соғыс өнерін білуге, ар-намысты жоғары ұстауға, ел басына күн туғанда тайсалмай жауға қарсы шығуға, ал жауды жеңе алмаған жағдайда намысты қолдан бермей, ел-жұрт үшін ерлікпен ажалға бас тігуге үндейді.
Мазмұны: -Оғыз-қыпшақ дәуірініі дәстүрі бойынша 15-16 жасқа толған ер балалар міндетті түрде әскери өнерді үйренетін болған. Бір күні Қазанбек есейіп келк жатқан жастар үшін той жасайды. Той енді қызып жатқанда, Қазанбектің солқол жағында нағашысы Аруз-қожа, оң жағында інісі Қара-Көне, алқарсы алдыңда садаққа сүйеніп баласы Ораз тұр екен. Қазанбек оң жағына қарады да масайрап күлді, сол жағына көз тастағанда бойын қуаныш сезімі билеп кетті, ал қарсы алдында тұрған баласына көзі түскен бойда-ақ жанары жасқа толып қалды. Сонда Қазанбек ұлына қарап, өзінің неге жылағанын түсіндіреді:
Атам өлді, мен қалдым,
Жері, жұрты менде қалды,
Күні ертең мен де өлермін,
Сен қаларсың. Он алты жасқа келдің,
Садақ тартпай, оқ атпадың,
Бас кеспедің, қан төкпедің,
Қалың оғыз елінен жүлде алмадың.
Бірақ Ораз өз міндетін жақсы түсінеді. Ұлына соғыс өнерін үйрет-
пеген әкесінің өзі айыпты екенін айта келіп, Ораз былай дейді:
Уа, бек әкем!
Түйедейсің, бірақ ботасындай ақылың жоқ, Төбедейсің, бірақ тарыдай тағлымың жоқ.
Бұл өнерді ұл бала атадан үйрене ме?
Жоқ болмаса, аталар ұлдан үйрене ме?
Қашан сен мені жауға қарсы шығарып ең? Қашан өзің қылыш салып, бас кесіп ең?
Мен сенен не көрдім, не үйрендім.
Қазанбек бар айып өзінде екенін мойындап, сол жіберген қателігін түзету үшін Оразбекті аң аулауға ертіп шығады. Әкесі өзінің жауды қырған жерін көрсетпек болады. Қазанбектің қамсыз жүргенін сезген жау әскері бұларды аңдып тұрып шабуыл жасайды. Жауға тойтарыс беруге әзірленіп жатып Қазанбек ұлына: - Таса жерге барып, алдымен менің қалай шайқасқанымды көр, үйренесің, - дейді. Сөйтіп, Қазанбек жау әскерін жалғыз өзі қой қораға түскен арлан қасқырдай қан жоса етіп қыра бастайды. Әкесінің ерлігін көріп, арқасы қозып кеткен Оразбек өзінің жас нөкерлерімен соғысқа кірісіп кетеді. Ол әкесінен рұқсат сұрамай, қан майданға шығады. Ерлік көрсетеді. Бірақ тәжірибесіз жас жігітті қарсы жақ қолға түсіреді.
Қазанбектің қасындағы бектер: - «Балаң қорқақ, қашып кетті!»- деп әкесін азғырады. Ол тіпті жалғыз ұлын өзі өлтірмек болады. Бірақ жыр соңында Оразбектің ерлігі анықталады. Оразбек жауқолында аяқ-қолы байлаулы жатып та дұшпанға берілмейді. Олөзін құтқаруға келе жатқан әкесіне қарап өлеңмен өтініш айтады:
Қара таулар аман болса - ел жайлар,
Қанды сулар аман болса - сең айдар.
Қара інгендер аман болса - бота туар,
Алып аттар аман болса - құлын туар,
Хан басың аман болса - ұлың туар,
Сен аман бол, анам аман болсын!
Тәңір ием тағы өзіңе ұл берсін!
Ақ сүтін анам кешсін маған!
Шыбын жаным құрбандық болсын саған.
Соғыспа, әке, шегініп кейін қайт үйге,
Тұрма мұнда, қамшылап атың, тарт үйге.
Қазанбек жауды жеңіп, үлкен той жасайды. Жұртқа қымбат тарту-
таралғылар береді. Бұлхикаяны Қорқытата жыр етіп айтады.
Достарыңызбен бөлісу: |