Ислам дәуіріндегі әдеби ескерткіштердің зерттелуі. Түркі халықтары әдебиеті тарихында ислам дәуірі (X-XII ғасырлар) ерекше орын алады. «Ислам дәуірі әдебиеті»


Үмбетей жырларындағы Бөгенбай батыр бейнесі



бет62/97
Дата21.12.2023
өлшемі303,2 Kb.
#142156
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   97
51. Үмбетей жырларындағы Бөгенбай батыр бейнесі
1. Үмбетейдің Бөгенбайға арнаған екі ұзақ жыры бар. Оның бірі Бөгенбайды жоқтау да, екіншісі – Бөгенбай өлімін Абылай ханға естіртуі.

Бөгенбай жоңғарларға қарсы күрестің бас қаһарманы, әулетті батыр, атақты қолбасшы. Ел үшін жасаған еңбегі үшін халық жүрегінен орын алған адал ұлдардың бірі. Міне, осы өзі әкесі «Алатаудай Ақша батырдан асып туған» Бөгенбай бейнесін Үмбетей жырау өз жырларында шеберлікпен сомдай білген.


Бөгенбай батырдың қазасын естіртуінен де оның жұрттан асқан шеберлігін байқаймыз. Бұрын қазаны естіртудің өзі өнер болғаны мәлім. Әдетте, естіртуші қайғылы хабарды бірден тоқ еткізіп айтып салмай, айтар ойын алыстан орағытып бастайды. Алдымен тұспалдап сөйлеп, қара жамылуға тиіс адамды ауыр хабарға дайындап алады.


Үмбетей де ескі салтты бұзбайды. Жырау алдымен Абылайдың өз басынан, халық басынан өткен ауыр күндердің жайын толғайды. Бұдан соң жырау дүниенің аумалы-төкпелі екенін, қазасыз пенде жоқ екенін еске салады. Әйтседе өлімнің артынан тағы да қуаныш болатының, бір батыр өлсе, оның орнына тағы бір батыр туатындығын айтады. Сөйтіп, Үмбетей өзінің қаралы хабаршы екендігін, атақты батырлардың бірі дүниеден көшкенін естірту үшін келгендігін жеткізеді.


… Жасыңда болған сырласың,


Үлкенде болса құрдасың.
Сексеннен аса бергенде,
Қайырылмас қаза келгенде.
Батырың өтті Бөгенбай! – дейді.


52. Үмбетейдің арнау толғаулары
Үмбетей толғауларында сырт жаулармен күресте аты шыққан батырлар тұлғасы ерекше жырланған. Жырау толғауларынан ерекше орын алған тұлға – Бөгенбай бейнесі. «Бөгенбай өліміне» толғауында жырау:
Уа, Алатаудай Ақшадан
Асып тудың Бөгенбай,
Болмашыдай анадан
Болат тудың Бөгенбай!
Құбыла көшкен байтақтың
Ордасындай Бөгенбай!
Темір жұмсап, оқ атқан
Қорғасындай Бөгенбай!
Қолтығы ала бұғының
Пәйкесіндей Бөгенбай!
Білегі жуан бүркіттің
Тегеурініндей Бөгенбай! –
деп, Қанжығалы қарт Бөгенбайдың ерлік тұлғасын асқақта жырлап, батырды қорғасынға, тегеурінді бүркітке теңейді. Үмбетей жырау «Бөгенбай өлімін Абылай ханға естірту» толғауында:
Аруағыңа болысқан,
Қашпаған қандай ұрыстан
Керейде батыр Жәнібек,
Қаз дауысты Қазыбек,
Қу дауысты Құттыбай,
Қаракерей Қабанбай,
Қанжығалы Бөгенбай, –
деп ел қорғаны болған батырларды дәріптеп, қайратты ерлерді ұрпағына өнеге еткен. Баянауыл, Қызылтау, Абыралы, Шыңғыстауды – бүкіл Сарыарқа атырабын – қазақ жерін – атамекенді жаудан қорғап қалған Бөгенбай батырдың ерлігін жырлай келе, халық ауыз әдебиетіндегі естірту үлгісін пайдалана отырып, оның өлімін Абылай ханға:
Жасыңда болған сырласың,
Үлкен де болса құрдасың.
Сексеннен аса бергенде,
Қайырылмас қаза келгенде
Батырың өлді – Бөгенбай! –
деп естіртеді де:
Бөгенбай сынды батырдың
Береке берсін артына-ай,
Сабыр берсін халқына-ай
Жасаған ие жар болып,
Бейіште нұры шалқығай! –
деген жолдармен батырдың қазасына ортақтасып, ел қорғаны болған батырынан айырылған еліне көңіл айтады.
Жыраудың «Бәкеге», «Жауқашарға», «Бекболат биге» деген толғаулары – жаман қылықтан сақтандырып, жақсылыққа, адамгершілікке үндейтін дидактикалық сарындағы шығармалар. Үмбетей жыраудың «Бәкеге», «Жауқашарға», «Бекболат биге», «Бөгенбай өліміне», «Бөгенбай өлімін Абылай ханға естірту» деген толғаулары бар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет