Ислам дәуіріндегі әдеби ескерткіштердің зерттелуі. Түркі халықтары әдебиеті тарихында ислам дәуірі (X-XII ғасырлар) ерекше орын алады. «Ислам дәуірі әдебиеті»



бет10/97
Дата21.12.2023
өлшемі303,2 Kb.
#142156
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   97
Байланысты:
хандықт

Қожа Ахмет Йассауи (XII ғасыр)
«Диуани хикмет» («Ақылкітабы»)
Қожа Ахмет Йассауи - сопылық дүниетанымның негізін қалаушылардың бірі, есімі ислам мен қызметі әлеміне мәшһүр ойшыл қайраткер, аса көрнекті ақын. Ақынның толық аты-жөні: Хазірет Сұлтан Шейх-ул Ислам Қожа Ахмет Йассауи. Ол қазіргі Оңтүстік Қазақстандағы Сайрам (оны кезінде Испиджап, Ақсу, Ақшаһар, Ақтұрбат деп те атаған) қаласында өмірге келген. Ақынның туған жылы ғылымда анық емес, ал 1166 жылы қайтыс болғаны туралы нақты жазба деректер бар. Әкесі Шейх Ибрахим - түркі тектес тайпалардан шыққан өз дәуірінің көрнекті дін қайраткері болған. Ақынның анасы Айша (қазақтар оны Қарашаш-ана деген) - Мұса деген атақты шейхтың қызы болған. Ахмет Йассауиді туған ауылында оқытып, сауатын ашқан, оған ислам дінінен алғаш сабақ берген ұстазы - Бахаул-дин Испиджаби деген ғұлама болған. Болашақ ақын жас кезінде Түркістан (ол кезде Йассы деп атаған) қаласына келіп тұрған Ұлы Жібек жолының тоғысқан торабына орналасып, бүкіл әлеммен қарым-қатынас жасап тұрған. Йассы шаһары бұл кезде Шығыстағы өркениет орталықтарының біріне айналған еді. Мұнда келіп Ахмет Йассауи атақты Арыстан Баб және Жүсіп Хамадани сияқты ғұламалардан дәріс алады. Бұл туралы Ахмет Йассауи:
Жетіде Арыстан Бабқа арнап келдім,
Мұстафа өсиетіне қанбақ болдым.
Сол шақта мың бір зікір сарнап бердім,
Алаңсыз аллаға бет бұрдым міне, - дейді (63, 38).
Ақынның «Диуани хикмет», «Мират-ул идеялық мазмұны Қулуб» және «Пақыр-наме» депаталатын шығармалары Ахмет Йассауидің сопылықілімінің, дүниетанымы мен философиясының теориялық негізі болып табылады. Ахмет Йассауи дүниетанымының жалпы желісін екіге бөліп қарастырған жөн. Біріншісі - моральдық-этикалық (парасаттылық), ал екіншісі - сопылық хикметтер деп атауға болар еді. Ахмет Йассауи ілімінің моральдық-этикалық бөлімі адамның бойындағы адамгершілік қасиеттердің мәртебесін арттыра түсуді көздеп, «инсони камал» («кемелденген адам») дәрежесіне жетуді мақсат етеді. Ал «кемелдік» дәрежесіне жету үшін адам сан алуанілім-ғылым түрлерін игеруі қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет