Ислам дәуіріндегі әдеби ескерткіштердің зерттелуі. Түркі халықтары әдебиеті тарихында ислам дәуірі (X-XII ғасырлар) ерекше орын алады. «Ислам дәуірі әдебиеті»


АЛТЫН ОРДА ДӘУІРІ ӘДЕБИЕТІ (XIII - XV ғасырлар)



бет12/97
Дата21.12.2023
өлшемі303,2 Kb.
#142156
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   97
Байланысты:
хандықт

АЛТЫН ОРДА ДӘУІРІ ӘДЕБИЕТІ (XIII - XV ғасырлар)
Дешті Қыпшақта негізі қаланған Түркі мемлекеті - Алтын Ордада XIII-XV ғасырларда ғылым, мәдениет және әдебиет едәуір дамып, бүкіл әлемге таныла бастаған еді. Әсіресе, XIV ғасырдың бірінші жартысында Алтын Орда мемлекетінің Еділ бойындағы астанасы Сарай (Берке-Сарай) қаласы дүние жүзіне мәшһүр мәдени орталықтардың біріне айналды. Мұнда қысқа мерзімішінде әлемнің әр түкпіріненатақ тығалымдар, ақындар, өнер қайраткерлері, сәулетшілер, т. б. жиналды деуге болады.
Берке, Өзбек және Жәнібек хандардың тұсында Алтын Орда астанасы Сарай шаһарында ислам әлемінің ең атақты ғалымдары (Құтбад-Динар-Рази, Садад-Динат-Тафтазани, Хафизад-Динал-Баззави, т. б.) мен ақын-жазушылары өмір сүріп, еңбек етті. Бұл кезде олар Дешті Қыпшақты Батыс пен Шығысқа танытқан өздерінің ғылыми, әдеби туындыларын қыпшақ тілінде жазды. Рас, Алтын Орда халқы өздерінің этникалық құрамы жағынан әр түрлі еді. Соған қарамай, Алтын Орданың мемлекеттік тілі – қыпшақ тілі болды. Әйтсе де «қыпшақ тілі» дегенде мынадай бір жайтты мықтап ескерген жөн сияқты. Ұлан-ғайыр өлкелерді өз ішіне қамтып, әрі іштей ұсақ-түйек ұлыстарға, тайпаларға, рулық құрылымдарға бөлініп жатқан Алтын Орда сияқты үлкен мемлекетте қыпшақ тілінің түрлі диалектілері бар еді. Алайда мұндай диалектілердің бір-бірінен айтарлықтай айырмашылығы жоқ болатын. Дәлірек айтсақ, біріншіден, «XIII ғасырда қалыптасып, мәмлүктік Египетте мейлінше дами түскен көне түрікмен әдеби тілі; екіншіден, оғыз-қыпшақ әдеби тілі; үшіншіден, Сырдарияның төменгі ағысында қалыптасып, кейінірек мәмлүк-тер билігіндегі Египетте дами түскен қыпшақ-оғыз әдеби тілі; төртін- шіден, Еділдің төменгі ағысы мен Солтүстік Хорезмде өмірге келген оғыз-түрікмен әдеби тілі; бесіншіден, Орта Азияда кең өріс алған көне өзбек тілі» болғанын ескергеніміз жөн.*
: Сайф Сараи
«Гүлістан бит-түрки»
(«Түркі тіліндегі Гүлістан»)
Сайф Сараи - Алтын Орда әдебиетінің аса көрнекті өкілдерінің бірі. Оллирик және эпик ақын, жазушы және аудармашы ретінде түркі тектес халықтар әдебиеті мен тілінің өзінен кейінгі кезеңдерде дами түсуіне мол үлес қосып, едәуір ықпалеткен қаламгер. Ақынның өмірі мен шығармашылығы жайында көп мәлімет сақ- талмаған. С. Сараидың бізге жеткен жалғыз көлемді еңбегі бар. Ол - «Гүлістан бит-түрки» («Түркі тіліндегі Гүлістан») депаталады.Ақын бұл еңбегін Сырдария бойында бастап, Египеттегі Ніл өзені жағасында жазып бітірген екен. Бұл өзі парсы-тәжік әдебиетінің классигі Сағди Ширазидің «Гүлістан» атты шығармасының еркін аудармасы. Ал Сайф Сараи осы «Гүлістанды» қашан қыпшақ тіліне аударып біткені жайында өз кітабының соңында мынадай мәлімет береді:
Биз насыхат шартын ош қылдук байан
Ким иетмиш болса биза не зийан.
…Муддати хежрат йеди йуз тоқсан уч
Иыл еди ким азалды калмади куч
Ол шаввал еди ким, ей азиз
Хатм олди бу «Гулистан» намамиз. (150, 61)
Жолма-жол аудармасы:
Біз баян еттік сіздерге насихат сөзін,
Жетпістің жетегіне ерген кезім.
Хижра бойынша жеті жүз тоқсан үш
Бойдан қуат қашып, азайды күш.
О, қадірлім, тамылжыған тамыз еді,
«Гүлістан» жырын жазып, бітірдік іс.
Бұл мәліметтерге қарағанда, Сайф Сараи хижра жыл санауы бойынша, 793 жылдың тамыз (шаввал) айында «Гүлістанды» аударма жасап бітірген. Бұл - жаңаша жыл санау есебі бойынша, 1391 жылдың тамыз айы. Ақын «Гүлістанды» жетпіс жасыымда аударып біттім деп отыр. Демек, Сайф Сараи 1321 жылы туған екен. Бұл кезде Алтын Орданы Өзбек хан билеп тұр еді. Сонымен, Сайф Сараи Алтын Орда мемлекетінің күш-қуаты нығайып, ел іші бейбіт, тыныш кезінде Сараи қаласында тұрады. Ал кейінірек хан ұрпақтары арасында тақ үшін таластар басталып, Дешті Қыпшақта аласапыран заман туған кезде ақын туған жерден алысқа кетуге мәжбүр болады. Олқалған өмірін Мысыр (Египет) елінде өткізіп, 1396 жылы сонда дүние салады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет