Ислам және өнеге


  Әбу Дәуіт, Әдеп, 119.. 58 «



Pdf көрінісі
бет21/71
Дата31.12.2021
өлшемі1,62 Mb.
#21968
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   71
Байланысты:
2 5467766300094762707

 
74
  Әбу Дәуіт, Әдеп, 119..


58
«
А
ртық күлкі жиреніш қоздырады»
Қазақ  үш  арсыздың  бірі  –  күлкі  деп  біледі. 
Оны  төмендегідей  бірқатар  мақал-мәтелдерден 
де  байқаймыз:  «Малсызға  малға  балап  ұйқы  берер, 
арсызға арға балап күлкі берер», «Дарақының күлкісі 
қанбас,  жалқаудың  ұйқысы  қанбас»,  «Санасы  жоқ 
–  ұйқышыл,  ақылы  жоқ  –  күлкішіл»,  «Ит  мезі  болса 
үреді, кісі мезі болса күледі», «Орынсыз күлкі – ұрыс 
шақырар», «Артық байлық адамды аздырады, артық 
күлкі жиреніш қоздырады». 
Сондай-ақ  оның  түрлері  де  көп:  қарқылдап  күлу, 
тарқылдап  күлу,  сақылдап  күлу,  жырқылдап  күлу, 
кеңкілдеп күлу, селкілдеп күлу, сықылықтап күлу, жы-
миып күлу, кекесінмен күлу, миығынан күлу, мысқылдап 
күлу, мырс-мырс күлу, өтірік күлу, жылмиып күлу, сы-
пайы күлу, ішек-сілесі қатып күлу, мазақтап күлу және 
бос күлкі, бояма күлкі, орынсыз күлкі немесе адамдыққа 
сай мәнді-мағыналы күлкі т.б. 
Біз  осының  ішінде  орнымен  болатын  мәнді-
мағыналы күлкіге, яғни әр істе үмбетіне үлгі көрсеткен 
сүйікті  пайғамбарымыз  Мұхаммедтің  (саллаллаһу 
алайһи уә сәлләм) өнегелі өлшемдеріне тоқталмақпыз. 
Өмірінде  күлмейтін  адам  бола  ма?  Оған  жау-
ап  беру  қиын  шығар,  дегенмен  өмірдің  ащысы  мен 
тұщысын татып, қанша құқай көрсе де, барлығын шын 
ризашылығымен  қабылдап,  мұң-қайғысын  жүрегіне 
жасырып,  сырт  адамға  еш  нәрсе  білдірмей,  жүзінен 
жылылықтың табы кетпейтін, қай кезде де жылы жы-
миыстан танбаған ғажап тұлғалар болған. «Дін жолын-


59
Адами мінез – арға сын
да  ешкім  бастан  кешіп  көрмеген  небір  қиындықтарға 
ұшырадым»
75
деген Пайғамбарымызды ешкім ешқашан 
қабағы қатулы, мұздай мінез, маңайына ызғар шашатын 
кейіпте көрмеген. Қайта қай кезде де Пайғамбарымыздың 
мерейлі жүзінен нұр тамып, маңайына жылы шуақ ша-
шып тұратын. Күлсе, езу тартып әдемі ғана жымиып, 
бойындағы  тұнып  тұрған  иманның  әсемдігінен  сыр 
ұқтыратын. Үнемі Хақ тағаламен бірге болудың тілмен 
жеткізгісіз  қуанышы  мен  ләззатынан  болар,  қашанда 
жүзі  күлімсіреп,  жан  дүниесінің  күллі  жаратылыс 
атаулыға  деген  махаббат  пен  сүйіспеншілікке  толы 
екенін сездіретін. Әрине, ондағы бұл керемет мінез са-
хабаларына да әсер етпей қоймады. Олар да жылы ғана 
жымиып қоюды өздеріне әдет ете бастады. 
Бұл  жайында  Үммү  Дәрда  (р.а.)  былай  деуде: 
«Күйеуім  Әбу  Дәрда  бір  нәрсе  айтпақ  болса,  сөзін 
күлімсіреп барып бастайтын. Бір күні мен оған: «Сенің 
мына қылығыңды көрген ел не ойлайды?» – дегенімде, 
ол:  «Аллаһ  елшісі  сөйлемекші  болғанда  үнемі 
күлімсірейтін», –деп жауап берген еді»
76

Кісі жүзіне жылы жүзбен күлімдеп қарауды садақаға, 
сауапты  амалға  жатқызған  Пайғамбарымыздың  қалай 
күлгендігі жайлы жары Айша анамыз былай дейді: «Мен 
ол  кісінің  таңдайы  көрінетіндей  дауыстап  күлгенін 
көрген емеспін. Ол тек күлімсіреп қана қоятын»
77

Иә,  Пайғамбарымыз  ешқашан  жөн-жосықсыз, 
қатты дауыстап күлмеген, қуанышты кездерінде іштей 
сүйсіне  көзін  жұмып,  күлімсірейтін.  Сахабалардың 
айтуынша,  ол  мінезі  жібектей,  ең  кішіпейіл  жан  еді. 
75
  Тирмизи, Қиямет, 34/2472.
76
  Ахмад, V, 198,199.
77
  Бұхари, Әдәб, 68.


60
Ислам және өнеге
Күлгенінен күлімсіреуі басым түсіп, жүзінен нұр есіп 
тұратын. 
Бұл жайында Әбу Құрсафа былай деуде: «Мен, ше-
шем және туыс әпкем серт беру үшін Аллаһ елшісіне 
(саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)
  бардық.  Қоштасып  сыртқа 
шыққанымызда,  шешем  мен  әпкем  маған:  «Балам, 
жүзі  осыншалықты  жылы,  киімі  осыншалықты  таза, 
сөзі  соншалықты  жұмсақ  мұндай  кісіні  өмірі  көрген 
емеспіз. Мүбәрак аузынан нұр төгілгендей екен», – деп 
таңғалысын жасырмады
78

Еврей  ғалымдарынан  Абдуллаһ  ибн  Сәлам  да 
Пайғамбарымызды  алғаш  көргенде,  қасиетті  жүзіне 
барлай  қарап  тұрып:  «Мынадай  келбетті  адамның 
жалған  сөйлеуі  мүмкін  емес»,  –  деп,  сол  мезетте-ақ 
мұсылмандықты қабылдаған еді
79
.
 
Иә, кісілік келбеттің қалыптасуында адамның әрбір 
іс-әрекетінің,  соның  ішінде,  ең  қарапайымы  –  күле 
білудің де өз жөні бар. Алаңсыз бейғам қарқылдап күлу 
адамның  парықсыздығын  аңғартып,  оны  ойсыздық 
пен ғапылдыққа жетелеуі мүмкін, ол уайым-қайғысыз 
жүрген пендеге ғана тән. Бұл жөнінде Құранның 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет