Ислам және өнеге


« А таң болса анаңмен...»



Pdf көрінісі
бет19/71
Дата31.12.2021
өлшемі1,62 Mb.
#21968
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   71
«
А
таң болса анаңмен...»
Қашаған  жырауша  айтсақ,  «дүниеге  бізді 
шығарып,  перзентті  болып  қуанып»  есі  кеткен,  сәби 
біткен  «періште  көңіл  пәктікпен,  ақ  сүтін  сорып 
жұбанып» өскен ата-ана – әркімнің ең қимас асылы. 
Олар қалай асылың болмасын, «талай бөлдік ұйқысын, 
бесікте жылап мазалап; мәпелеп бізді өсірді, тәрбиелеп, 
тазалап»,  «және  де  көңілі  шат  болды,  көтеріп  алып 
сүйгенге,  апыл-тапыл  алдында,  аяқ  басып  жүргенге. 
Шақырып еді балым деп, сүйіп еді жаным деп, жылы 
шырай күлгенде!» 
Ата-ананы құрметтеу – ең үлкен әдептілік. 
Қазақылықты бойына сіңіріп, мұсылмандық тәрбие 
көрген  адамның  ата-анасының  көңілін  қалдырып, 
ренжітуі,  оларға  қол  көтеруі  мүмкін  емес.  Өйткені 
Құранда Аллаһ тағала былай дейді: 
«Жаратушы  иелерің  тек  өзіне  құлшылық  етуді, 
әке-шешеге  жақсылық  жасауды  бұйырды.  Олардың 
(әке-шешелеріңнің) біреуі не екеуі де қолыңда қартайса, 
оларға  ешқашан  «түһ»  деп  кейіс  білдіруші  болма, 


52
Ислам және өнеге
оларға  ұрыспа!  Үнемі  жақсы  сөздеріңді  жаудыр, 
жанашырлықпен оларға құшағыңды жай, жұмсақтық 
таныт. «Уа, раббым! Олар мені кішкене кезімде қалай 
мәпелеп  өсірсе,  сен  де  оларға  мейірімділік  таныта 
гөр!» – деп дұға ет!»
63
.
Байқасаңыздар, ата-ананы ренжіту былай тұрсын, 
Құранда  оларға  «түһ»  деп  кейіс  білдірудің  де  жөн 
еместігі ескертілуде. Мұхаммед пайғамбарымыз (с.а.с.) 
тұл жетім өссе де, өзін кішкене кезінде емізген сүт анасы 
Халиманы көрген кезде, әрдайым құрмет көрсетіп, ша-
панын төсеп төріне отырғызған. «Әке-шешемнің екеуі 
бірдей,  не  біреуі  қазір  қасымда  тірі  болып,  егер  мен 
түнгі  намазда  «Фатиха»  сүресін  оқып  тұрғанда,  олар 
«Мұхаммед!»  деп  дауыстап  шақырса,  «Иә,  құлағым 
сіздерде» деп дереу жандарынан табылар едім», – де-
ген  Аллаһ  елшісінің  өнегелі  өміріне  көз  жіберсек, 
үнемі қасындағы серіктерін, сахабаларын да ата-ананы 
құрметтеуге тәрбиелегенін көреміз
64

Бірде бір кісі келіп, қартайған шешесінің мінезінен 
мезі  болғанын  айтып  шағымданды.  Пайғамбарымыз 
(с.а.с.)  оған:  «Бірақ  сені  шешең  тоғыз  ай  көтергенде, 
мінезі жаман болмаған шығар», – деді. Әлгі кісі: «Рас, 
айтам, мінезі шатақ», – деп айтқанынан қайтар болма-
ды. 
Пайғамбарымыз (с.а.с.) оған: «Сені бауырына са-
лып екі жыл емізгенде мінезі шатақ болмаған шығар», 
– деді. Ол тағы да райынан қайтпады. Пайғамбарымыз 
(с.а.с.):  –  Сен  үшін  қанша  түнді  ұйқысыз  өткізгенде 
мінезі жаман болмаған шығар? Әлгі кісі оның сауалы-
нан кейін: «Мен оның борышын әлдеқашан өтегем, – деп 
63
  «Исра» сүресі, 24-аят.
64
  әл-Байхақи, Шуабул-иман, 6/195


53
Адами мінез – арға сын
қабағын кіржитті. Таңырқаған Пайғамбарымыз (с.а.с.): 
«Анаңның ақысын қалай өтедің?» – деп сұрағанда, әлгі 
бейбақ «Арқама салып қажылығын жасаттым», – деді. 
Сонда Ақиық елші (с.а.с.): «Сен оның бір толғағын да 
өтей алмапсың», – деген еді
65

Хадистерінде:  «Жұмақ  –  аналардың  табаны 
астында»
66
, «Кімде-кім ата-анасының жүзіне мейіріммен 
қараса,  қабыл  болған  қажылықтың  сауабын  алады»
67

«Аллаһтың  разылығы  –  ата-ананың  разылығында, 
Аллаһтың ашуы – ата-ананың ашуында»
68
, – деп ескерт-
кен Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Қартайған ата-анасы бола 
тұра. Жаннатқа кіре алмағанның халі қандай өкінішті!» 
– деп шегелей түседі
69

Пайғамбар тәрбиесін көрген сахабалар да ата-анаға 
ерекше  құрметпен  қарап,  оны  бір-біріне  насихаттап 
отырған. Оны мына бір оқиғадан анық байқауға бола-
ды. 
Бірде хазірет Әбу Хұрайра жолда кетіп бара жатып 
Әбу Ғассанды жолықтырады. Әбу Ғассанның соңынан 
бір кісі еріп келеді екен. Әбу Хұрайра арт жақта келе 
жатқанның кім екенін сұрайды. Әбу Ғассан ол кісінің 
әкесі екенін білдіргенде, Әбу Хұрайра оған дереу былай 
деді: «Бұл ісің жөн емес, Пайғамбарымыздың сүннетін 
ескермегенсің. Жүргенде әкеңнің алдында жүру – ерсі 
қылық. Әкеңнің не артынан жүр, не оң жағында жүр. 
Астың дәмдісін әуелі әкеңнің алдына тарт. Тамаққа ал-
дымен әкең қол созсын. Қабағыңмен болса да жасқап, 
65
  Ибраһим Рефик, Гүллерин ефендиси, Б. 32. 
66
  Табарани, әл-Мұғжамул-кәбир, 2/289.
67
  әл-Мүнауи, Файзул-қадир, 5/483
68
  әл-Байхақи, Шуабул-иман, 6/177.
69
  Мүслим, Бирр, 8.


54


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет