67
Адами мінез – арға сын
«Садақаның ең жақсысы – ілім үйреніп, оны
басқаларға үйрету»
93
;
«Адам қайтыс болғанда, амал дәптері жабылады.
Мына үш кісінің ғана сауабы жалғаса береді: артынан
дұға жолдайтын игі ұрпақ қалдырған, ел игілігіне жа-
райтын дүние салдырған, артына ілім қалдырған адам»
94
– деп, ілім үйретушінің сауабы екі дүниеде де тоқтаусыз
екендігін білдіріп, ғалымдарды сыйлауға, ұстаздарға
құрметпен қарауға шақырған.
Анығында «ұстаз» деген кім? Ұстаз − шәкіртін
өмірге баулушы, оған өмірлік азық боларлық пайда-
лы білім мен жанына ізгіліктің нәрін егуші, жақсы
мен жаманды, обал мен сауапты үйретіп, адамгершілік
қасиеттерді сіңіруші, өзінің тәжірибесімен бөлісетін
жанашыры әрі ақылшысы. Бір сөзбен айтқанда,
бүгінгі қоғамды ертең алға сүйрейтін озық ойлы адам
тәрбиелеуші, өз уақытын аямай, өзгенің бақытын ая-
лаушы.
«Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан» (Абай)
демекші, тарихта ақыл-парасаты мол тұлғалардың
көпшілігі ұстазына ерекше құрметпен қарап, әрдайым
сондай бір ізетпен еске алған. Айталық, Ескендір
Зұлқарнайын − Аристотельді, Абылай хан − Төле биді,
Шәкәрім − Абайды, Бердақ − Күнқожаны, Жамбыл –
Сүйінбайды өзіне ақылшы әрі ұстаз тұтқан. «Ұстазы
жақсының – ұстамы жақсы» дегендей, олар өздерінің
өмірде бағындырған зор асуларына ұстаздарының
сіңірген еңбегі көп екенін жақсы түсінген. Мәселен,
Ескендір Зұлқарнайын өз ұстазын: «Мен ұстазыма
әкемнен кем қарыздар емеспін. Әкемнен өмірді алсам,
93
Тирмизи,
Илм, 7.
94
Ибн Мажа,
Сүнән.
68
Ислам және өнеге
ал Аристотельден сол өмірге керектінің бәрін алдым»,
– деп еске алатын болған.
Расында, ұстазға құрмет – шәкіртке сын.
Ежелгі Үндістанның әдептілік кодексі − «Ману
баптарында»: «Шәкірт өзінің ұстазына төсекте жа-
тып, тамақ ішіп отырып немесе одан алыста тұрып яки
жүзін басқа жаққа бұрып жауап бермеуі, әңгімелеспеуі
тиіс. Егер ұстаз түрегеліп тұрса, ол да тік тұрып, иба
білдіруге тиіс»
95
, – деуі ой саларлық.
Ертеректе мұсылман әлемінде ғалымдарға, ұстазға
деген сый-құрмет жоғары болған. Ұзақ жыл білім
жинаудың, білгенін басқаларға үйретудің, кітап жазу
секілді оқу-ағарту ісімен айналысудың беделі биік
тұрған. Өйткені ұстаздар бұл іске сауап тұрғысынан
көбірек мән беріп, қоғам тәрбиесіне өздерінің жау-
апты екенін терең сезінген. Пәнді үйретумен ғана
шектелмей, шәкірттеріне өмірлік дұрыс ақыл-кеңес
беріп, адамгершілік пен имандылыққа қатар баулыған,
жүріс-тұрыс, мінезімен жақсы үлгі-өнеге көрсеткен.
Қажет кезінде шәкіртінің дәрістен тыс жағдайларына
да алаңдаушылық таныту арқылы шын жанашырлық
танытқан. Оқу, білім, ғылым, мәдениет, адамгершілік,
әдеп, тәрбие – бәрін ұстаздан үйренген шәкірт ұстазды
өз ата-анасынан кем қадірлемеген. Ұстазының алғысын
алмаса, алған ілімінің берекесін көре алмайтындығына
сенген. Тіпті ұстазды қатты құрметтегені сонша –
есігін қағудың өзін әдепсіздікке балап, сыртта тұрып,
шыққанын күткен. Шәкірт ұстазына ғана емес, оның
жақындарына да құрметпен қараған. Ұстазының үй
жағына аяқ созып жатудың өзін тәрбиесіздік деп
95
Ұ.Асылов, Ж. Нұсқабайұлы.
Әдептану. Мектеп баспасы,
2003. Б.82.