Ислам және өнеге



Pdf көрінісі
бет22/71
Дата31.12.2021
өлшемі1,62 Mb.
#21968
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   71
«Күлесіңдер,  бірақ  жыламайсыңдар,  тым 
қаперсізсіңдер»
80
 деген аяты көкірегі ояу жандарға ой 
салғандай.  Ал  сәт  сайын  сынаптай  сырғыған  сынақ 
өмірдегі  адамның  өзін  қаперсіз  күйге  салатындай 
әрекеттерге баруы жараспайтын қылық. Оның жүрегін 
үнемі  үрей  мен  үміт  билеп  тұрады.  Өзін:  өлім,  қабір, 
қайта  тірілу,  есеп  беру,  қылкөпір  секілді  алда  қандай 
78
  Хайсами, VIII, 279-280.
79
  Тирмизи, Қиямет, 42/2485.
80
  «Нәжім» сүресі, 60-61 аяттар.


61
Адами мінез – арға сын
қиындықтар күтіп тұрғанын білетін рухани сауаты бар 
жан  қарқылдап  күлуді  дөрекілікке  балап,  еренсіздік 
не  ғапылдық  ретінде  өзіне  ар  санайды.  Осы  себепті 
өмірінің көбі қайғырумен өткен шерлі Пайғамбарымыз: 
«Менің білгенімді білсеңіздер, аз күліп, көп жылайтын 
едіңіздер»
81
,  –  деген  еді.  «Күйдірген  соң  шыдатпай, 
қоя  ма  екен  жылатпай»  деп  Абай  атамыз  айтпақшы, 
ардақты  Пайғамбарымыздың  кеудесін  күйдірген 
жайт  –  халықтың  ертеңгі  күннен  ғапылсыздығы, 
нәпсіқұмарлықтан  бас  алмауы,  ақыретті  ұмытқан 
қамсыздығы,  мейлінше  жайбарақаттығы,  бұл  дүниеде 
күліп  күнә  істегеннің  о  дүниеде  жылап  тозаққа 
түсетінін  білмеуі,  осыларды  ойлап  көңілі  толқып, 
көзіне жас алудың орнына қайта қарқылдап күлуі еді. 
Оларға жанашырлықпен түсіндірген сайын, өзін келе-
междеп,  мазақ  етуі,  жақсылықтың  сауабы  ұшан-теңіз 
екенін айтқан сайын, қасарысып күнәға белден батуы 
Ақиық  елшінің  (с.а.с.)  арқасына  тікендей  батып,  жы-
лаудан  көз  аштырмады.  Өзі  де  осыны  меңзеп,  бірде: 
«Мен  күйіп  қалатынын  білмей  отқа  жүгірген  көзсіз 
көбелектерді  жасқап  әлек  болған  адам  секілдімін»,  – 
деп,  тозаққа  күйесің  деп  күнәдан  аластатпақ  болған 
сайын, адамзаттың қайта соған ентелей түсетінін ойлап 
қатты қамығып, іштей күйзелген еді
82

Иә, сыпайы күлкі адамның ажарына ажар, мінезіне 
салмақ  қосса,  ырқыл-жырқылға  беріліп,  күлегештене 
беру кісіні сырт көзге тым жеңілтек көрсетеді. Бұл жай-
ында хазірет Омардың (р.а.) айтқан мына бір сөзі ойға 
оралады: 
81
  Бұхари, Тәфсир, 5/12.
82
  Мүслим, Фәдаил, 19.


62
Ислам және өнеге
«Күлкісі  көбейгеннің  –  сұсы  азаяды.  Көп 
қалжыңдасатын  адам  –  келекеге  ұшырайды.  Кім  нені 
көп  істесе,  сонысымен  танылады.  Көп  сөйлеген  адам 
– көп қателік жібереді. Қателікті көп істейтін адамның 
– ұяты азаяды. Ұяты азайған адам – күнәлі нәрселерге 
үйірсек келеді, ондай адамның жүрегі өледі»
83

Расында  да  күлегеш  адамды  салмақты,  байсал-
ды  мінезді  деп  айту  қиын.  Мұның  ақыры  сол,  ондай 
адамның көп күлуден бара-бара жүрегі қарайып, ішкі 
сезім түйсіктері әлсірей түседі. Пайғамбарымыз (с.а.с.) 
осыны меңзеп Әбу Хұрайраға берген кеңесінде: «Көп 
күлуден  сақ  бол,  көп  күлу  жүректі  өлтіреді»,  –  деп 
ескерткен еді
84

Күлкінің  ішінде  де  Аллаһқа  ұнайтыны  әрі 
ұнамайтыны бар екенін де хадистерден үйренеміз. Бір 
хадисінде Пайғамбарымыз былай дейді: «Күлкінің екі 
түрі бар: Аллаһтың жақтыратыны әрі жақтырмайтыны. 
Аллаһқа  ұнайтын  күлкі  –  бір  мұсылманның  екінші 
бір  мұсылманды  жолықтырғанда,  қуанғанын  білдіріп 
жүзіне  күліп  қарауы.  Ал  Аллаһтың  жақтамайтын 
күлкісі – біреуді-біреу мазаққа айналдырып, келемеж-
деп күлуі»
85

Бос күлкі адамның шикілігін, көкірегінің бос екенін 
аңғартатын тәрізді. Оны терең ойлы жандарға жарасты-
ру қиын. Мұқағали ағамыздың:
Ақылына айырбаста күлкіңді, 
Қайтесің сол күлкі деген шіркінді?!
Бейқам күліп өспеген соң өз басым
83
  Ғазали, Ихия-у-улумуддин, ІІІ, 288.
84
  Тәнбихул-ғафилин, Бустанул-арифин, Б. 225.
85
  Мұхтарул-ахадисин нәбәуия, №727-хадис, Б. 398-399.


63


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет