70
Ислам және өнеге
ұстаздық жасаған кісіге құрмет көрсетуді өзіме міндет
деп білемін», − деген жауап айтқан.
Бұқара ғалымдарының бірі медреседе сабақ
беріп отырып қайта-қайта орнынан тұрады. Себебін
сұрағанда, «Ашық тұрған есіктен ұстазымның ойнап
жүрген баласы әлсін-әлсін бой көрсетіп қала берді.
Ұстазыма құрмет ретінде әр көрінген сайын мен ор-
нымнан тұрдым» деп, ұстаздың жақындары мен бала-
шағасын да
құрметтейтіндігін көрсеткен
97
.
Бұл мысалдар мұсылмандардың ілім үйретушіні
қаншалықты бағалап, ұстазға қаншалықты зор құр-
метпен қарағанын көрсетеді.
Ұстаздық – жауаптылығы зор, қадірлі мамандық
болғандықтан, Ислам дінінде осы қадірлі мамандықтың
иесіне бірқатар талаптар да қойылған. Мақсат – ұстаздың
абыройын
кір шалдырмай, беделін биіктету.
Ең бірінші талап етілетін нәрсе, ұстаздың сөзі мен
ісінің бір жерден шығуы. Яғни шәкіртін адамгершілікке
баулитын ұстаздың өзі де тәрбиелі, әдепті болуы тиіс.
Имам Ғазали бұл туралы: «Қисық ағаштың көлеңкесі
де қисық», –
деп мысал берген
98
.
Құранда бұл жайлы
«Сендер халықты жақсылыққа шақырып, өздеріңді
ұмытасыңдар ма?»
99
, – делінген. Араб шайырларының
бірінің «Әй, елге сабақ үйретуші! Осы айтқан тәліміңді
алдымен өзің істесең қайтеді?! Өйткені сен басқаларға
емделудің жолын айтқанмен өзі науқас адам сияқтысың.
Әуелі өзіңді емде. Сонда барып айтқан тағылымың
97
Имам Шағрани,
Тәнбихул мұғтариин.
98
Ғазали,
Ихия, 1/1.
99
«Бақара» сүресі, 44-аят.
71
Адами мінез – арға сын
елдің көкейіне қонады»
100
дегені де тегін емес. Расын-
да, жүріс-тұрысы, тәрбиесі нашар адам «ұстаз» деген
қадірлі атқа лайық емес. Ондай адам шәкірттеріне
сөз тыңдата алмай, қор болады, келекеге ұшырайды.
Ал ұстаздың сөзі қашанда тыңдалуы қажет. Ол үшін
айтқан сөз бен жасап жүрген істің қабысып тұруына,
әдептіліктен мін жібермеуге қатты көңіл бөлу керек.
Екінші талап етілетін нәрсе, шәкіртін өзіне жақын
туыс, бауыр деп қабылдауы. Аллаһ
тағаланың
Достарыңызбен бөлісу: