«
А
лыс туыстан жақын көршің
артық»
Көрші − қонысы ортақ, емен-жарқын араласып,
күнделікті жүзбе жүз кездесіп, аман саулық сұрасып
жүретін кісілеріміз. Қазақ халқы: «Көршіні Құдай
қосады», – дейді. Жаңа орынға көшіп келісімен,
ерулік беріп, қоныс тойын жасаудағы ең әуелгі ниет
−
көрші қолаңмен танысып, білісу болған. «Адамның
күні – адаммен» демекші, күнделікті өмірде әркім-ақ
көршіні қажетсінеді. Себебі, қиын жағдай бола қалса,
қол ұшын беретін, қыруар жұмысың болса, асарла-
тып көмектесетін, қажетіңе жараса, сұрағаныңды
беретін де көршілер. Көршімен сыйластық − елдің
сыйластығын, көршімен татулық − қоғамның татулығын
ұқтыратындықтан, Ислам діні көршімен жарасымды
сыйластықта болуға шақырады.
Көршімен жақсы тұру – Аллаһ тағаланың әмірі.
Бұл туралы қасиетті Құранда:
«Аллаһға құлшылық қылыңдар. Оған ешкімді серік
қоспаңдар. Әке шешеге, туыстарға, жетімдерге, кедей-
кепшіктерге, жақын көршіге, алыс көршіге, жаныңдағы
жолдасыңа, қаражаты таусылған жолаушыларға,
77
Адами мінез – арға сын
қолдарыңа қарағандарға (қызметшілерге) жақсылық
жасаңдар. Аллаһ дандайсыған тәкаппарларды жақсы
көрмейді», – делінген
117
.
Байқасаңыздар, аятта құлшылық, ата -ана мен
туыстарға жақсылық жасау секілді исі мұсылман бала-
сына тиесілі жоғарғы міндеттердің қатарында көршінің
де аталуы тегін емес. Бұл көрші ақысына көңіл бөлудің
дінімізде үлкен рөл атқаратынын ұқтыруда.
Аяттағы «көрші» (арабшасы − жар) ұғымына
кімдер жататындығына орай, көршілер төмендегідей
жіктеледі:
Үй іргесі тым тақау көрші басқаларға қарағанда
анағұрлым жақын болып есептелген. Туыстығы бар
немесе үйлері бір біріне жақындар «жақын көрші» деп
аталған. Үйлері бір біріне жақын да, алыс та емес, өзге
діндегілер «алыс көршіге» жатқызылған.
Айша анамыз (р. анһа.) төңіректегі қырық үйлік
арақашықтықтағы үй иелері көрші болып есептелетінін
айтқан. Көрші ақысы осы қашықтыққа тән екенін
білдірген. Ал Али (р.а.) адамның дауысы жететін
жердегілердің бәрі көрші болып саналатындығын
білдірген.
Исламда көршілер өздеріндегі ақыларына қарай
үш түрге бөлінеді:
Үш түрлі ақысы бар көршілер: әрі туыс, әрі
мұсылман кісілер. Бұлардың көршілік, туыстық және
мұсылмандықтан туатын үш түрлі ақысы бар.
Екі ақысы бар көршілер: туыстығы жоқ
мұсылмандар. Олардың көршілік әрі мұсылмандықтан
туатын екі түрлі көршілік ақысы бар.
117
«Ниса» сүресі, 36-аят.
78
Ислам және өнеге
Бір ғана ақысы бар көршілер: не туыс, не мұсылман
еместер. Олар өзге дінге жататындар. Олардың
көршіліктен туатын бір ғана ақысы бар
118
.
Демек, көрші ұғымына мұсылман, еврей, христиан
секілді наным-сенімі, ұлты, асылында, түсінік-танымы
әр түрлі кісілердің бәрі жатады.
Қамшының сабындай қысқа ғұмырда елмен
тәту-тәтті тіршілік кешіп, жақсы көрші бола білудің
өзі үлкен сын. Өйткені, ол – иманның беріктігі мен
ізгі мұсылманшылықтан туады. Бұл турасында жет-
кен мазмұнды хадистер көп. Солардың бірінде
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Көрші туралы Жәбірейіл
періштенің кеңесті үйіп-төккені сонша – мен апыр-
ай көршіні көршіге мұрагер етпес пе екен деген ойға
қалдым», – деген
119
. Осы мазмұндас «Көршілеріңмен
көршілігіңді жақсарт, шынайы мұсылман боласың»
120
,
«Екі көршің бір уақытқа шақырған болса, алдымен ең
жақынына бар. Ал екі түрлі уақытқа шақырылсаң, онда
бірінші болып шақырған көршіңе бар» деген хадистер,
өзгелермен тілегі мен жүрегі бір ізгі мұсылман болуға,
көршімен жақсы тығыз қарым-қатынаста болуға
үндейді
121
.
Жақсы көрші бола білудің жарқын мысалын имам
ағзам Әбу Ханифаның өмірінде кездескен мына бір
оқиғаны айта кеткенді жөн көрдік.
Имам ағзам Әбу Ханифаның маскүнем бір
көршісі бар еді. Күнде дабырлап сөйлеп, жанұясында
жанжал шығарып, түнімен ұйықтамай ел-жұрттың
118
Хилиятул-әулия. 5т. 201б.
119
Бұхари, Әдаб, 28
120
Ибн Мажа, Зүһд, 24, ІІ, 1410.
121
Әбу Дәуіт, Әтғима, 9, IV, 134.
|