Ислам және өнеге



Pdf көрінісі
бет28/71
Дата31.12.2021
өлшемі1,62 Mb.
#21968
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   71
Байланысты:
2 5467766300094762707

Адами мінез – арға сын
да,  имамның  да  мазасын  алатын.  Сол  көршісі  бірде 
абақтыға қамалады. Имам болған мән жайға қаныққан 
соң,  қаланың  әкіміне  жолығып,  көршісін  босатып 
алыпты. Екеуі бірге қайтып келе жатқанда, өзінің бұл 
қылығына ұялған жігіт: «Өзіңізге жамандығы болмаса, 
жақсылығы жоқ адамды неге босатып әурелендіңіз?» – 
деп сұрапты. Сонда Имам Ағзам: «Жігітім, сен қандай 
адам болсаң да, менің көршімсің. Көршіге жақсылық жа-
сау − мұсылмандардың міндеті. Мен өз міндетімді ғана 
орындадым.  Қайта  кешірек  естіп,  кештеу  қамдандым 
ба деп өкініп келемін», – деп жауап беріпті. 
Кейіннен әлгі жігіт тәубаға келіп, имамның шәкірті 
болған деседі
122

Иә,  мұсылман  адам  өмірде  көршімен  арадағы 
сыйластығына қатты мән беруі тиіс. «Адал көршісі бар 
алаңсыз ұйықтайды», «Көршім саңырау деме, құлағына 
шалынар», «Көршінің итін ұрғаның өзін ұрғанмен тең» 
демекші,  көршісіне  адал  болуға,  оны  ренжітпеуге, 
сыртынан жамандамауға, көңіліне келетін іс әрекеттер 
жасамауға,  жамандығын  емес  жақсылығын  көрсетуге 
ұмтылғаны абзал. 
Әбу  Хұрайра  риуаят  еткен  бір  хадисте  Пай-
ғамбарымыз  (с.а.с.):  «Уаллаһи,  мүмин  емес,  уаллаһи, 
мүмин  емес,  уаллаһи  мүмин  емес»,  –  деп  кейиді.  Са-
хабалар  «Уа,  Аллаһ  елшісі,  «мүмин  емес»  деп  кімді 
айттыңыз?» – деп сұрағанда, «Көршісіне залал тигізетін 
адам», – деген екен
123

Тағы бір хадисте «Аллаһға, қиямет күніне сендім 
деген адам көршісін сыйласын», – деп өсиет етілген
124
.
122
  Мәкки, Мәнақиби Әбу Ханифа, 170; Пилавоғлы, Бүйук имам 
Әбу Ханифа, 46.б.
123
  Бухари, Әдаб, 29.
124
  Бухари, Әдаб, 31, VII, 79.


80
Ислам және өнеге
Жақсы көрші бола білу көңілдің әрін, тіршіліктің 
нәрін,  өмірдің  сәнін  келтіріп,  адам  жанына  шуақты 
сезім  ұялатады.  Айналадағы  ел-жұртпен  жарасымды 
сыйластық  –  өмір  сүруге  деген  құштарлықты  артты-
рады.  Көп  жағдайда  жақсы  көрші  туыстан  да  артық 
саналған. Ата бабаларымыз бұны «Алыс туыстан жақын 
көршің  артық»  деп  білдірген.  «Жолға  шықпай  тұрып 
досыңды  сайла,  Үй  алмай  тұрып  көршіңді  сайла»  – 
деп, өмірлік тәжірибелерінде үй алмай тұрып, кіммен 
көрші болатынына мән берген. Дәл осы тұста: «Жақсы 
көршіге қандай адам жатады?» – деген сұрақ туындауы 
мүмкін.  Оның  жауабы  көршілердің  бір -біріне  деген 
ыстық ықыласы мен көршілік ақысында. Жақсы көрші 
осы құқықтарға көңіл бөлген адам деуге болады. 
Бұл  тұрғыда  Пайғамбарымыз  (с.а.с.):  «Аллаһ 
есебінде достардың ең жақсысы – досына ең қайырлы, 
пайдалы  болғаны.  Аллаһ  есебінде  көршілердің  ең 
жақсысы  –  көршілеріне  ең  қайырлы  болғаны»,  –  де-
ген
125
. Осы себепті халқымыз: «Көрші ақысы − тәңірі 
ақысы», – деп, оған аса мұқият қарауға тырысқан. Ірі 
мұсылман ғалымы Имам Ғазали бұл жайлы: 
«Көрші ақысы көршіге жамандық жасамаумен ғана 
шектелмейді. Бұған қоса, көршіге әрдайым жақсылық 
жасау  да  осының  аясына  кіреді.  Мұсылмандықта 
көршіге сыпайы мінез таныту, көршімен кездесе қалса, 
жылы  шырай  танытып  сәлемдесу,  ауырғанда  қалын 
сұрау,  қайғысын  бөлісу,  қуанышына  ортақтасу,  жо-
лаушылап кеткенде үй-ішіне бас-көз болу, балаларына 
жақсы қарау, айыбын әшкерелемеу, дінге не күнделікті 
тіршілікке  қатысты  ақыл  сұраған  істерде  дұрыс  жөн 
125
  Ахмәд, Тирмизи, Хаким (Ибн Омардан) 250, Н. 151.


81
Адами мінез – арға сын
сілтеп, бағыт-бағдар беру – бәрі де көрші ақысына жа-
тады», – дейді
126
.
Әбу Зәрдан жеткен хадисте Пайғамбарымыз оған: 
«Әй,  Әбу  Зәр!  Сорпа  қайнатсаң,  суын  көбірек  қос, 
сөйтіп жағдайы нашар көршілеріңе де сорпаңнан беріп, 
жақсылық жаса», – деген
127
. Бұл өз жағдайыңды қалай 
ойласаң, көршіңнің де жағдайын дәл солай ойлауға ты-
рыс. Өйткені, «көршің аштықтан бұратылып жатқанда, 
сенің  тоқ  жатуың  мұсылмандыққа  лайық  іс  емес» 
дегенді меңзейді. 
Көрші  –  адамның  күнделікті  өміріне,  елмен 
араластығына,  жақсы-жаман  істеріне,  пейіліне,  адам-
гершілігіне  т.б.  бірден-бір  куә  адамдар.  Көршілердің 
куәгерлігі  ақырет  үшін  де  аса  маңызды  болып 
есептеледі. Бір хадисте: «Бір мұсылман қайтыс болғанда, 
көршілерінен үш кісі ол жайлы жақсы куә болса, Аллаһ 
тағала  былай  дейді:  «Осы  білгендерін  құлдарыма 
куә  ретінде  қабыл  алдым».  Немесе  «Бұл  құлымның 
Өзім білетін күнәларын кештім», – деп бұйырады», – 
делінген
128

Әбу  Хұрайраның  айтуынша,  бір  жолы  бір 
кісі  келіп,  ең  жақсы  амалдың  не  екенін  сұрағанда, 
Пайғамбарымыз  оған:  «Жақсы  адам  бол»,  –  деді.  Ол: 
«Жақсы  болғанымды  қайдан  білем?»  –  деген  кезде, 
«Көршілеріңнен сұра, егер олар сенің жақсы екеніңді 
айтса, жақсы болғаның. Жаман екеніңді айтса, жаман 
адам болғаның», – деді. 
Демек,  жақсы-жаман  екендігіміздің  өлшемі 
көршілерімізден  белгілі  болатынын  ескерудің  мәні 
зор. 
126
  Ғазали, Ихияуулумуддин, ІІ, 271-272, Каир, 1386.
127
   Мүслим, Бирр, 143, ІІІ, 2025.
128
   Ахмед, ІІ, 291, VI, 159.


82
Ислам және өнеге
Тарих қатпарларына үңілсек, кеңестік сұрқай сая-
сат  бүлдіргенге  дейін,  қазақта  ізін  суытпай  ғасырлар 
бойы жалғасын тауып келген көршілік дәстүр былайша 
суреттелген:
«Кезінде халқымыздың терең мәнді, келісті, әдемі 
салт-дәстүрі бар еді. Көршілер күнде ертемен бір-бірінің 
тықырын естіп, төбесін көрісімен, дауыстап сәлемдесіп, 
қол берісіп амандасатын еді. Кешқұрым да күндізгі ша-
руаларын  жайғастырған  соң,  үлкендер  ауыл  сыртын-
да  бас  қосып,  жаңалықтарын  айтысып,  осы  күнгіше 
айтқанда, «ақпарат алмасып», бір-біріне, тұтас ауылға 
қатысты  ертеңгі  істерін  келісетін  еді,  аз  уақыттық 
болса  да,  әңгіме-дүкен,  әзіл-қалжыңдарына  бір  жасап 
қалатын еді. Кішкентай балалар да үлкендердің осы бір 
шүйіркелесулерін мерекедей көріп, мәз болып, арала-
рында жүретін еді, көршіліктің жан марқайтар рухын 
жүректеріне  дарытып,  кейін  үлкейгенде,  соны  өздері 
айнытпай қайталайтын еді. 
Алыстан ағайын, құда-жекжат, құрметті қонақ келе 
қалғанда немесе үй иелерінің бірі сапардан оралғанда, 
көршісі  сәлем  беріп  шығатын  еді,  отағасының 
өтінішімен  қонақтармен  бірге  отырып,  әңгімелесіп, 
өткен-кеткенді  сөз  етіп,  кейде  оны  ән-жыр,  терме, 
дастандарға,  күйге  ұластыратын  еді.  Осының  бәрі 
балаларға ел өмірі, тіл-өнер туралы сабақ, дәстүр-салт, 
тарих  мектебі,  әдеб-инабат  тағылымы  болып  санала-
ды.  Олар  –  зорлаусыз,  міндеттеусіз,  сұраусыз,  бірақ 
жас баланың жан дүниесін баурап алып, ақыл-ес және 
көркемдік-сезімдік  зердесінде  өшпестей  болып  жазы-
латын дәрістер болған.
Ауырып-сырқап  қалғанда,  көңіл  сұрау,  той-
томалақ,  өлім-жітімді  атқарысу  өз  алдына,  үлкендері 
жолаушы кеткен көршінің отбасына қарайласып, бас-


83
Адами мінез – арға сын
көз  болып,  шаруасын,  мал-жанын  түгендеп,  ақыл-
кеңес беріп, шамасы жетпей, қолынан келмей жатқан 
жерлерін  жөндеп  жіберетін  еді.  Момын,  әлсіз,  ауру, 
жас немесе кәрі көршінің біреуде кеткен есесін іздеп, 
қуысатын  еді.  Соғымға  сойылған  малдың  басына 
шақырысып, әйелдер жағы дәмді, әуес тағамдарын бір-
біріне  аяқ-табақпен  балаларынан  беріп  жіберетін  еді. 
Ауық-ауық бір-біріне дәм татқызар еді. Мұның бәрі ара 
дәнекер, ынтымақ, ауызбірлік ұйытқысы, сенім кепілі 
рөлін атқаратын, нақты мәнге ие болатын»
129

Иә, қазақ көршімен сыйластық негіздерін Ислам-
нан алған. Өйткені, бұл Ислам ғалымдарының хадистер 
негізінде  жоғарыда  атап  көрсеткен  көршімен  арадағы 
сыйластықтың жалпы әдептерімен толық сәйкеседі. 
Қорыта  келгенде,  қоғамның  бейбіт  өмірін 
жақтайтын  Ислам  діні  жоғарыдағы  аят-хадистер 
негізінде  мұсылмандарды  көршімен  тату-тәтті  тұруға 
шақырған.  Көршімен  татулық  мұсылмандардың  бір-
бірімен татулығы мен сыйластығын, бауырмашылдығы 
мен  ағайынгершілігін  сақтайды.  Біле-білгенге  ол  да 
өмірдегі сынақтардың бірі. 
Аллаһ тағала бұл дүниеде де жақсы көршілер нәсіп 
етіп,  ақыретте  де  сүйікті  пайғамбарымыз  Мұхаммед 
Мұстафамен  (с.а.с.)  көрші  болуды  баршамызға  нәсіп 
еткей!
129
  Ұ. Асылов. Ж. Нұсқабайұлы. Әдептану «Мектеп» баспасы. 
1998. Б. 175-176.


84


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет