Ислам және өнеге



Pdf көрінісі
бет30/71
Дата31.12.2021
өлшемі1,62 Mb.
#21968
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   71
Байланысты:
2 5467766300094762707

Адами мінез – арға сын
Мұхаммедтік  тәрбие,  тектілік  өнегесін  көрген 
сахабалардың  қай-қайсысы  да  осы  үрдістен,  хазірет 
Мұхаммед  (с.а.с.)  салған  сара  жолдан  таймады,  осы 
қасиетті  өлшемді  берік  ұстанып,  нәпсіге  ерік  бермей 
өтті.  Бір  ғана  мысал,  мақтаулы  Елшіні  адалдығымен 
тәнті еткен ет-жақын досы, мұраттас серігі хазірет Әбу 
Бәкір нәпсіге беріктігімен тақуа ғұмыр кешіп: «Аллаһ 
разылығы  жолында  нәпсісін  титықтатқанды  –  Хақ 
тағала азаптан сақтайды», – десе, сол тұнықтан сусын-
дап  өткен  хазірет  Омар  да:  «Өлмей  тұрып  өздеріңді 
(ішкі нәпсілеріңді) есепке тартып көріңдер!» –деп ар-
тына өлмейтін, өшпейтін мәнді сөз қалдырған еді
136
.
Біле  білгенге  нәпсі  ақиқатты  бүркемелейді. 
Сопылық ілімнің көрнекті өкілі Жәлаладдин Руми (ХІІІ 
ғ.) шығармасында («Астарлы мән туралы поэма») бір 
шебердің көзі қыли баланы құмыраға жұмсайтындығы 
әңгімеленген.  Жалғыз  құмыраны  екеу  ғып  көрген 
бала: «Екі құмыра көрдім қайсысын әкелейін?» – деп 
сұрайды. «Біреуін сындыр да, екіншісін әкел», – дейді 
шебер.  Ол  біреуін  сындырғанда,  екіншісі  жоғалып 
кетеді.  Нәпсі  мен  ақиқатты  осыған  ұқсатады.  Нәпсі 
анық  бой  көтерген  жерде,  ақиқат  тұмшалана  береді 
деп түсіндіреді. Яғни нәпсі күшейген жерде ар-ұждан 
әлсірей түседі деуге болады. 
Нәпсіні  билей  білудің,  өзін-өзі  алып  жүрудің 
артықшылығын дана Абайдың мына бір оқиғасынан да 
ұғына түсеміз. 
Тобықты  елімен  көршілес  Төлеңгіт  руынан 
шыққан Меңаяқ би қайтыс болғанда, Абай аза тұтып, 
дұға  оқиды.  Артынан  жиналған  елге:  «Меңаяқ  өзінің 
136
   Әли әл-Мұттақи, Кәнзул-Ұммал, 2/162


88
Ислам және өнеге
басының атын өзі алып жүре алатын адам еді», – дейді. 
Азалы елдің бір үлкен адамы:
–  Абай-ау, ол не дегенің?! Меңаяқ өз атының ғана 
басы емес, рулы елді билеген адам емес пе?! – дейді. 
Оған Абай:
–  Елді  билеуден  адамның  өзін-өзі  билеу  қиын. 
Жағдайы келгенге бақ көтеріп, таққа отыру бола береді. 
Бірақ  соның  буымен  өзін-өзі  ұстай  алмай,  абыройын 
ашатындар көп. Меңаяқ сонан аулақ жан еді. Оның зор 
адамдығының өзі сонда еді, – деп жауап береді
137
.
Шынында  да,  өмірде  байлық  пен  биліктің  буы-
на мастанбай, «жаман адам» кездегі өрім-өрім, қырық 
шоқпыт шапанын би болған шағында керегесіне ілдіріп, 
«Аяз  әліңді  біл,  құмырсқа  жолыңды  біл»  деп  әркез 
тәубаға түсіп отыратын, қай кезде де нәпсіге ие болып, 
адамшылықтан алыстап кетпейтіндер некен-саяқ. 
Алматыда біраз уақыт жүріп, ауылға бірге қайтқан 
кезінде Ноғайбай шешеннің қуақыланып:
–  Кебеке,  сіз  Әселді,  мен  Былғары  жеңгейді 
түнде барып бір сынасақ қайтеді, – дегеніне, Кебекбай 
ақынның байсалдылықпен:
–  Қой, Ноғайбай, 
Нәпсі деген пәледүр,
Жанған отқа саладүр. 
Өз нәпсің қандай болса
Кісі  нәпсісі  де  сондай,  –  деп  тыйым  айтқаны  да 
«Нәпсіге ерік берме, име бойыңды, Ләззаты – мұң, тілегі 
–  құр  ойынды»  деген  Жүсіп  Баласағұн  бабамыздың 
сөзін  қуаттап,  нәпсінің  адамды  соңы  өкінішті  істерге 
соқтыратын  пәле  екендігін,  ол  жамандыққа  тартқан 
137
  А. Машани. Әл-Фараби және Абай. А.,-1994. Б.126.


89
Адами мінез – арға сын
сайын  алды-артын  бажайлап,  үлкен  сабырлылықпен 
тоқтамға келе білу керектігін білдіргендей
138

Расында 
да 
нәпсінің 
жетегінде 
кету, 
нәпсіқұмарлыққа  салыну  аса  қауіпті  жайт.  Оны  ата-
бабаларымыздың  ел  арасында  насихаттаған  өсиет, 
нақылдарынан да көреміз. Мәселен, Ахмет Яссауи ба-
бамыз:
Нәпсі жолына кірген кісі рәсуа болар, 
Жолдан азып-тозар, жұртта қалар. 
Жатса-тұрса, шайтанменен бірге болар
Нәпсіні теп, нәпсіні теп, ей, пәтшағар! 
Нәпсі сені ақырында торға салар, 
Діннен қуып, жақсылықтан ада қылар. 
Өлер кезде иманыңнан жұрдай қылар
Ақылға  ерсең  ит  нәпсіден  безер  болғай,  –  деп, 
нәпсіге салынған кісінің түбі рәсуа болатындығын, тіпті 
ажал алқымына жармасқан сәтте имансыз кетуі мүмкін 
екенін айтып зар илесе, Асан қайғы бабамыз:
Адам әзіз айтар деп, 
Көңіліңді салмағыл. 
Нәпсі алдаушы дұспанның 
Насихатын алмағыл, – деп, жоғарыда біз атап 
өткен Пайғамбарымыздың (с.а.с.) нәпсіні адамның ең 
үлкен дұшпанына балаған хадисін еске түсіреді.
Бұқар  жыраудың  мына  бір  өлеңі  де  адамдағы 
нәпсінің  тоғышар  әрі  қомағай  екендігін,  өмірден 
қанша  қызық  көрсе  де  тойым  білмейтіндігін  жақсы 
ұғындырады. 
Әлемді түгел көрсе де, 
Алтын үйге кірсе де, 
Аспанда жұлдыз аралап, 
138
  Ж. Қарабасов. Тура биде туған жоқ. А., - 2006. Б.99.


90
Ислам және өнеге
Ай нұрын ұстап мінсе де, 
Қызыққа тоймас адамзат! 
Ол  тіпті  Мұхаммед  пайғамбарымыздың  (с.а.с.) 
«Адам  баласына  бір  тау  алтын  берілсе,  тағы  бер-
се  деп  тілеп  тұрар  еді»  деген  хадисінің  ақиқаттығын 
сездіргендей. 
Нәпсіқорлық  адамды  бұл  дүниеде  рәсуалап 
қана  қоймайды,  о  дүниеде  де  сол  істегендеріне  жаза 
тартқызады.  Бұл  дүниеде  қызыққан  нәрсесіне  қол 
жеткізгенше, әркімнің бабын табам деп сілікпесі шықса, 
о дүниеде сол қол жеткізген нәрселерінің есебін бере ал-
май, қара терге түседі. Сол себепті бұл дүниеде нәпсіге 
тыйым сала білген жандар ғана о дүниедегі тозақ от-
ынан  аман  қалатындығын  Қабан  жыраудың  мына  бір 
өлеңінен көреміз:
Артынан қу нәпсінің жүгіре берсең, 
Қу нәпсі жүгірістен танған емес. 
Нәпсіге тоқтау салған бәндесіне,
Тозақтың оты кеулеп жанған емес! 
 Абай атамыз да нәпсінің түрлі құбылмалы жақтарын 
бірқатар  өлеңдерінде  тамаша  сипаттаған.  Бірде: 
«Лапылдақ,  көрсеқызар  нәпсіге  ерме»,  –  деп  нәпсінің 
көрсеқызар, лапылдақ сипатын көзімізге елестетсе, енді 
бірде  «Күзетсең  көптің  аузын  күн  көрмейсің;  Өзіңді-
өзің түзет, кел, шырағым», – деу арқылы нәпсі тәрбиесі 
әр  адамның  жеке  өзіне  қатыстылығын  алға  тартады. 
Ғұлама  әрі  ойшыл  бабамыз  «Ескендір»  поэмасында: 
«Мықтымын 
деп 
мақтанба, 
ақыл 
білсең, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет