Ислам және өнеге


« Н әпсің – көкжал бөрідей, иманың –



Pdf көрінісі
бет29/71
Дата31.12.2021
өлшемі1,62 Mb.
#21968
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   71
Байланысты:
2 5467766300094762707

«
Н
әпсің – көкжал бөрідей, иманың – 
бағлан қозыдай»
Адамның  екі  жағы  болады:  шайтани  яки 
періштелік  немесе  нәпсілік  және  ұждандық.  Ар-ұят, 
кішіпейілдік  пен  қарапайымдылық,  жанашырлық  пен 
жақсылыққұмарлық, сыпайылық пен кісілік секілді то-
лып  жатқан  адамның  рухани-адамгершілік  не  күнгей 
жағын «ұждан», ал екінші тәнқұмарлық, ашу ыза, кек, 
қырсықтық, паңдық, өркөкіректік, даңғойлық пен жек 
көру секілді белгілі бір хикметпен берілген жағымсыз 
қасиеттерден құралған көлеңкелі жағын «нәпсілік» деп 
атаған жөн. Бұл екеуі үнемі бір-бірімен тайталас үстінде. 
Бір қызығы, адамның ар-ұждандық салмағы артқанда, 
нәпсілік жағы да барынша жұмсарып, адамның рухани 
өсуіне ықпал ете бастайды. 
 Адамның ар-ұжданға көп көңіл бөлмей, тек нәпсілік 
жағын  ғана  күйттеп  кетуі  оны  түрлі  азғындықтарға 
итермелейді.  Мақал-мәтелдерінде  ата-бабаларымыз 
«Нәпсі арды айыртқызбайды», «Айдай ажарыңды иттей 
нәпсі тоздырады», «Аспандағы құсты жердегі жем ұятқа 
қалдырады»  деп  қоймай,  парақорлық,  жалақорлық, 
мансапқорлық, жемқорлық, дүниеқорлық, зинақорлық 
секілді  жеті  қорлықтың  қатарында  нәпсіқорлықты 
қоса  атауы  тегін  емес.  Өйткені,  нәпсі  үнемі  тек 
қана  жамандықты,  жалқаулықты,  тәнқұмарлықты, 
азғындықты қалап тұрады. Қасиетті Құранның «Юсуф» 
сүресінің 53-аятында 


85
Адами мінез – арға сын
«Расында, нәпсі тек қана жамандықты қалайды» 
деп нақты айтылғаны – сөзіміздің бірден-бір дәлелі. 
О баста нәпсіні жаратқанда, Аллаһ тағала оны сы-
нау үшін: «Мен кіммін? Сен кімсің?» деп сұраса керек. 
Сонда  нәпсі  өзінің  тоңмойындығын  білдіріп:  «Мен 
менмін,  Сен  сенсің»  деп  қырсығып  жауап  қатыпты. 
Оны  сынамақ  болып  сол  сұрақты  қайта  қойғанда, 
нәпсі жаңағы қитұрқылығынан танбапты. Ең соңында 
нәпсіні  қатты  ашықтырып  барып  тілге  келтіргенде 
ғана ол: «Сен менің Ұлы Жаратушы Иемсің, мен сенің 
әлсіз, әлзуаз құлың екенмін», – деп тәубесіне түссе ке-
рек.  Осыдан-ақ  нәпсінің  Жаратушыны  мойындағысы 
келмейтін,  құлшылық  атқаруға  селқос,  адамды  іштей 
жамандыққа  азғыратын  табиғатын  байқаймыз.  Осы 
себепті  болар  Тәбүк  соғысынан  қайтып  келе  жатқан 
Пайғамбарымыз  (с.а.с.)  сахабаларына  қарап:  «Сіздер 
кіші жиһадтан (күрестен) үлкен жиһадқа (күреске) енді 
беттеп келесіздер», – деген болатын. Жан алысып, жан 
беріскен үлкен шайқастан қайтып келе жатқан сахаба-
лар бұған таңғалыса: «Уа, Аллаһтың елшісі! Біз сонда 
ең  үлкен  күрестен  қайтып  келе  жатқан  жоқпыз  ба?» 
–  деп  сұрағанда,  ол:  «Жоқ,  ең  үлкен  күрес  –  өзіңнің 
нәпсіңмен күрес», – деп ескерткен еді
130

Расында  да  іштегі  нәпсімен  күреске  жетер  күрес 
жоқ. Өйткені сіз нәпсіңіздің сізді қалай алдап соғарын, 
қалай алып ұрарын болжап болмайсыз. Үнемі қатердесіз. 
Осы  себепті  Пайғамбарымыз  (с.а.с.)  нәпсінің  қаупін 
меңзеп: «Сенің ең үлкен дұшпаның – нәпсің», – деген-
ді
131

130
  Рази, ХХІІ, 72; Байдауи, ІІ, 97.
131
  Ажлуни, І, 143.


86
Ислам және өнеге
Өзі де үнемі нәпсінің жамандығынан сақтанып: «Я, 
Аллаһ! Үрейі жоқ жүректен, қабыл болмайтын тілектен, 
тойым  білмейтін  нәпсіден,  пайдасы  жоқ  ғылымнан 
сақта!
132
»,  «Мені  көзді  ашып-жұмғанша  нәпсіммен 
оңаша қалдырма, жетегіне ергізбе», – 
133
 деген дұғасын 
тастамаған. 
Тағы бірде Ақиық елші (с.а.с.): «Сендердің түйені 
болдыртқандарыңдай,  расында,  шынайы  мүмин  де 
(нәпсісін ауыздықтау арқылы) шайтанын дәл солай бол-
дыртады», – деген еді
134
. Әз Пайғамбардың өз өміріне 
қарасақ, тірлікте тоя тамақ жемегенін, өте аз ұйықтап, 
өте аз күлгенін, дүниені көзіне ілмегендігін, азға қанағат 
етіп, жұпыны ғана тірлік кешкеніне куә боламыз. 
Бірде өзін іздеп келген хазірет Омар (р.а.) сәл жатып 
көз шырымын алған Пайғамбарымыздың (с.а.с.) жүзіне 
төсеніш еткен шидің шиыр-шиыр ізі түскенін байқап, 
еріксіз  көңілі  босап  жылаған  күйі:  «Уа,  Аллаһтың 
сүйікті  елшісі!  Өзге  елдердің  патшалары  құс  жастық, 
мамық  төсекте  жатқанда,  сіздің  мына  қатты  шиді 
төсеніш етіп жүргеніңіз қалай? Біз сізге жайлырақ төсек 
алғызайықшы», – деп өтінгеніне, сол байсалды қалпын 
сақтаған  күйі:  –  «Мен  бұл  өткінші  дүниенің  рақатын 
көргім  келмейді.  Бұл  дүниеде  мәңгі  қалмаймын.  Мен 
тек  ыстық  күні  жолға  шыққан  және  ағаш  түбінде  бір 
сәт  дем  алып,  сапарын  қайта  жалғастырған  жолау-
шы  секілдімін»,  –  деп  жауап  бергені  де  жан  рақатын 
қалап  тұратын  нәпсіге  оның  титтей  де  иілмегендігін 
көрсеткендей
135

132
  Ибн Мажа, Сүнән, Дуа, 3837.
133
  Ибн Ханбал, 5/42.
134
  Ахмәд ибн ХанбәлМүснәд, 2/380
135
  Хайсами, Мәжмауз-зауаид, 10/587 (18299)


87


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет