Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры имани гүЛ Қайрат ж о л ды ба й ұ л ы


Жер бетіне келіп-кеткен барлық адам



Pdf көрінісі
бет11/24
Дата03.03.2017
өлшемі8,77 Mb.
#6782
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   24

Жер бетіне келіп-кеткен барлық адам 
баласын бір уакы гта қайта тірілту 
калай жүзеге асады?
Алла  Тағала  үшін  барлык  адам  баласын,  тіпті 
күллі  жаратылыс  атаулыны  кайта  тірілту  —  бір  адам­
ды  тірілтумен  бірдей.  Оның  шексіз  кұдірсті  үшін  шы- 
бын  сиякты  кішкентай  жаратылысты  жарату  мен  аспан 
элеміндегі  миллиондаған  галактикаларды,  ондағы  сан-
156

ИМАНИ ГҮЛ
сыз  жүлдыздарды  жарату  -   оңайлық  жағынан  парапар. 
Негізінде,  Алла  үшін  оңай,  қиын  деген  үгым  жоқ.  Ол 
үшін барлық нэрсе оңай. Оның «бол!» деген эмірі арқылы 
барлық нәрсе бір сәтте бар болып, тіршілік элемінде көзін 
ашады. Қиямет күні Исрафил періштенің сырнайға екінші 
рет үрлеуінен кейін Алла Тағала барлық адамды бір сәтте 
мэнгілік  өмір  үшін қайта тірілтеді.  Қыскы  өлімнен  кейін 
шіріген  сүйек  тэріздес  жер  бетіндегі  барлык  ағаштарды, 
сансыз  гүл-бэйшешектерді,  жалпы  өсімдік  атауын  еш 
жаңылыспастан  әп-сәтте,  бір  мезгілде  оп-оңай  тірілткен 
құдіреті шексіз ¥лы  Жаратушымыз үшін Адам атадан бері 
жер бетіне келіп-кеткен күллі  адам баласын бір мезгілде, 
көзді  ашып-жүмғанша  қайта  тіріліу  еш  қиын  емес.  Әр 
нәрсесімен  шектеулі  әлсіз  адам  баласы  бір  ғана  нүктеге 
басу  аркылы  көзді  ашып-жүмғанша  үлкен  бір  калаға 
жарық  беріп,  нұрға бөлеп  жатканда,  қүдіреті  шексіз  Хақ 
Тағала  үшін  барлык  өлілерге  бір  мезгілде  жан  беріп, 
әпсәгге қайта тірілтуі неліктен мүмкін болмасын?!
«Лұкман»
  сүресінде:  «Сендердің  ж аратылуларын 
да,  қайтад ан  тірілтілулерің де бір  кісінің ж аратылып, 
тірілтілуіндей-ақ (онай). Күмәнсіз Алла Тағала барлы қ 
нәрсені т о л ы қ  естуші эрі көруші»70, - делінген.
И браһим нің қиссасы
Ибраһим  (а.с.)  бір  күні  теңіз  жағасында  жаткан 
бір  жануардың  өлексесін  көрді.  Жағаға  ұрған  теңіз 
толқынымен  ілесе  келген  балықгар  бұл  өлексені  жүлып- 
жүлып жеп, кетіп жатты. Толкын кетісімен төбедегі күстар 
келіп  шоқып-шоқып  жей  бастады.  Осылайша  өлексенің 
бір  бөлігі  балыктардың,  калган  бір  бөлігі  кұстардын 
күрсағында  кетіп  жатты.  Осы  көріністі  тамашалаған
70  Лүкман сүресі/28
157

И М А Н И ГҮЛ
Ибраһим (а.с.) енді ¥ л ы  Жаратушысының осы бөлік-бөлік 
боп, ұстағанның колында, тістегеннің аузында кеткен жа- 
нуарды калай тірілтетінін көргісі келіп,  Раббысына:  «Уа, 
Ғаббым, өлілерді қалай тірілтетініцді маған көрсетші»,
-  деп  өтініш  жасады.  Шынтуайтында  Ибраһимнін 
(а.с.)  тірілтуді  көргісі  кеягені  ¥ л ы   Жаратушысының 
кұдіретіне  деген  күмзннан  туындамағаи  еді.  Тек  ¥лы  
Жаратушысыньщ  калай  тірілтетінін  көріп,  тамаша  етіп, 
шеберлігіне  таң  калып,  шексіз  қүдіретін  көрген  жүрегі 
жай  тауып,  ¥лы   Жаратушысына  мадак  айтып,  бас  игісі 
келген-ді.  Бір нәрсеге сену басқа, көру басқа.  Сондықтан 
Ол: 
«Раббым  өлілерді тірілте аласын ба?» деп сүраған 
жок, 
«Уа,  Раббым  маған өлілерді калам  тірілтетінінді 
керсетші», -  деді.
Алла  Тағала  Ибраһимге  (а.с.): 
«Жок,  әлде  сенбедін 
бе?»,  -   деді.  Негізінде  Алла  Тағала  оның  акыретке 
күмәнсіз сенегінін білетін  еді.  Ал,  Ибраһимге былай деп 
сүрак коюуының себебі -  кейін келетін адамдардың ол ту­
ралы қате түсінікке бармаулары ұшін еді.
Ибраһим  (а.с.)  өтінішіндегі  мақсатын  былай  деп 
түсіндірді: 
«Әрине,  (өлілераі  қайта  тірілтетініңе) 
сенемін.  Бірақ  (қалай  тірілткеніңді  көріп,  әр  нэрсені 
квргісі келетін) ясүрегім жай тапсын деп едім».
Осыдан  кейін  Алла Тағала Ибраһим  күльша: 
«Торт 
тал  кус  ал.  Сосын,  оларды  өзіңе обдсн  үйреншікті  ет. 
(Сосын,  тортеуін  де  сойып  бір-бірімен  араластырып) 
оларды  (араласкан  еттерді)  ар  таудық  басына  бөліп- 
боліп  қой. Сөйтіп  олардыц әрқайсысының  атыи  атап 
шақыр;  олар  саған  жугірген  куйде  келеді.  Алланын 
(әр  иэрсеге  күші жететін)  Азиз  әрі  (ар  нәрсені  орын- 
орыііды істейтін) Хаким екендігін біл деді».
Ибраһим (а.с.) берілген эмірді бүлжытпай орындады. 
Күстарды  тауып,  сосын  оларды  әбден  өзіне  үйретті.  Co-
158

ИМАНИ ГҮЛ
сын оларды  сойып,  жүндерін жүлып,  еггерін  бір-бірімен 
араластырды. Араласкан егтерді төртке бөліп, төрт таудың 
басына апарып тастады. Сөйтіп қүстардың әрқайсысының 
атын атап шақырғаны сол еді, бэрінің тіріліп, үшқан бойда 
жанына келгенін көріп  ¥лы   Жаратушысының қүдіретіне 
таң-тамаша болып, жүрегі жай тапты.
159

ӨЛГЕННЕН КЕЙІН ҚАЙТА ТІРІЛУГЕ 
ИМАННЫҢ ПАЙДАЛАРЫ
1. 
Өлімнен  кейін  кайта  тірілуге  толық  иланған  кез 
келген  адамның  қоғамдағы  ең  сенімді  тріғаға  айналары 
сөзсіз.  Себебі  оның  сенімі  бойынша,  ¥ л ы   жаратушы- 
сы  өзінің істеген  эрбір ісін  көріп тұр.  Бұған  қоса барлық 
қимыл-эрекеттері  екі  жағындағы  періштелер  тарапынан 
үнемі  жазылып,  есепке  алынуда.  «Зилзала»  сүресінде 
айтылғандай:  «Кімде-кім  тозаңдай  ж а қ с ы л ы к   істесе, 
ж ақсы л ы ғы н ы ң  қ ар ы м ы н   созсіз  алады . Ал  кімде-кім 
тозавдай  ж ам ан ш ы л ы қ  істесе,  оны ц  ж азасы н  тарта- 
ды».
Істеген  эрбір  ісінің,  басқан  эрбір  қадамының, 
сөйлеген әрбір сөзінің ертең ана дүниеде есебін беретінін 
ойлап,  жүрегімен  бек  сенген  адам  жаманшылык  атау- 
лыдан,  жалпы  күнэдан  алыс  жүреді.  Өйткені  иманды 
адам  істеген  қиянатгарының  жазасынан  бұл  дүниеде 
қртылғанымен,  ана  дүниеде  кұтылмайтьшын  ойлап, 
күнэларының  есеп  кұні  алдынан 
«қайдасың»
  деп  аттан 
салып,  жағасынан  алып,  масқара  ететініне  кэміл  сенеді. 
Бутан коса ана дүниеде қайта тірілетініне сенген кез кел­
ген  адам өзін жаратқан ¥ л ы  Иесінің ризашылығын алып, 
жэннатында  сый-сыяпатқа  кенелуі  үшін  барлық  өмірін 
ізгі істермен өрнектеп, жақсы амалдармен кестелеуге ты- 
рысып бағады.  Мұндай  сенімге ие  болған жеке тр ғад ан  
да,  коғамнан да жаманшылық күтудің  өзі орынсыз.  Жеке 
тұлганың,  отбасының,  кез келген  қогамның,  тіпті  жалпы 
дүниенің  бейбітшілікті  ту етіп,  бакытты гұмыр  кешуінің 
жалғыз  жолы  -   ақыретке,  өлгеннен  кейін  қайта  тірілуге
160

ИМАНИ ГҮЛ
деген  шынайы  сенім.  Жалпы  әлемдегі  істелініп  жатқан 
зүлымдыққа,  бейкүнә  жандардың  бостан-босқа  төгілген 
қанына,  әділетсіздікке,  барлық  жаманшылық  атаулыға 
«Ж етер  енді,  тоқта!»
  деп,  тосқауьш  бола  алатын 
жалғыз  күш  -   кайта тірілуге  деген  осы  сенім.  Өйткені 
бүл  сенім  эр  түлғаның  ар-ұжданықца,  жүрегінде  әрбір 
ісін  қадағалап  түратын  ең  эділ  күзетші  іспетті.  Ақиқат 
тек  күште  деп  саналатын  жэне  әділетсіздікке,  үрлык- 
карлыққа, жемқорлыққа, паракорлыққа толы қазіргі мына 
дүниеде  бүл  сенімнін  қаншалыкіы  кажет  екені  айтпаса 
да  түсінікті.  Қазақ  атамның 
«Қүдайдан  цорыцпаганнан 
цорьщ»
 деуі де бекер емес.
2. 
Акыретке  кэміл  сенген  адам  ешқашан  өлімнен 
корықпайды. Өдім -  ол үшін жоқ болып, шіріген сүйекке 
айналып, мэдгілікке көз жүму емес. Керісінше, екінші бір 
мэңгілік өмірге көшу, жалған дүниеден баки негізгі дүние- 
ге қоныс аудару.  Өлім иүбылысы -  ақырет сенімін толық 
кабылдаған  адам  үшін  мэңгілік  өмірдің,  шексіз  бақыт- 
тың басы болмақ. Кезіндегі  ең  күшті мемпекеттердіц бірі 
Иранды женіп, тізе бүктірген Сагд ибн Әби Уаккас езінің 
жетістігінің  себебін  былай  деп  түсіндіреді: 
«Мұсылман 
зскерпер  шейіт  болып,  мэцгілік  бацытца  ңауышу  үшін 
ешнәрседен  цоръщпастан  өлімге  жүгіреді.  Ал  жаудың 
әскерлері болса,  керісінше,  влімнен цашып, эрбір цадамын 
өлімге дегеп уреймен басады».
Иә, 
ақыретке 
сенбеген 
адам 
үшін 
өлімнен 
корқынышты  еш  нэрсе  жоқ.  Өйткені  олар  үшін  өлім  -  
жоқ  болып,  тіршілік  бетілен  мәңгілікке  өшу  деген  сөз. 
Мүндай  жандар  өлімді  ойлап  кетсе,  үйкылары  қашып, 
өне-бойлары суып, мазалары кетеді. Әсіресе, өмірлерінін. 
соңына  таяп  қалған  акыретке  сенімі  жоқ  карттар  мен 
айықпас  ауруға  шалдыққан  жандар  үшін  елім  өте 
қорқынышты.  Қалған  аз  ғана  өмірлері  де  олар  үшін
161

ИМАНИ ГҮЛ
бейне  бір  тас  караңғы  зындандай  көрініп,  тіршіліктен 
түңіліп,  үмітсіз  күй  кешеді.  Оларды  осы  қараңғы  зын- 
даннан  жарық  нұрға,  үміт  толы  өмірге  алып  шығатын 
жалғыз куш, дара медет -  ақыретке, кайта тірілуге деген 
берік сенім.
3.  Ақыретке  сенген  адам  өзінің 
ку 
қара  басын 
ғана  ойлайтын  өзімшілдіктен  кұтылады.  Акыретте 
жүзінін жарқын  болып,  ¥ л ы   Жаратушы  алдында  сүйікті 
құлдарының катарынан табылу үшін эрқашан баскаларға 
жаксылық жасап, көмектеседі. Жалпы айтканда, Алланың 
қүлдарына пайдалы болуға тырысады. Мүндай жақсылык 
жасауды  өмірлерінің  түп  мақсаты  еткен  адал  жандардан 
қүралған коғам -  жер бетіндегі ең бақытты қоғам.
4. 
Ақыретке 
деген 
сенім 
-  
бүл 
дүниеде 
залымдардың зүлымдығына үшырап,  адам  бейнесіндегі 
жыртқыштардың  қанды  аузында  ақысы  кеткен  элсіз 
жандар  үшін  үлкен  жубаныш.  Бүл  сенімге  ие  эрбір 
жан  ертең  есеп  күні  ¥ л ы   Жаратушының  алдында  осы 
дүниеде  залымдарға  қолды  болған  ақысын,  мүддесін 
қайтарып  алатынына  кэміл  сенгендіктен,  өз-өзін  жеп, 
уайым-қайғыға  салынып,  ішкі  дүниесін  ызаға,  кек- 
ке,  дүшпандыққа  булықтырмайды.  Керісінше,  сабыр 
сактап, 
«ертең-аң  залы мдар  Алланың  алдында  сазайын 
т артады»
  деп,  бойындағы  иманның  сиқырлы  күшініқ 
аркасында ештеңе болмағандай өмірдің нұрлы жолында 
багытын өзгертіп, кадамын бәсеңдетпестен жүре береді.
5.  Жазылмайтын  ауруларға,  сал  сияқты  дертгерге 
шалдығып, эр түрлі себептермен мүгедектікке тап болған 
жандарға жүбаныш болатын жалғыз нэрсе -  осы ақыретке 
деген сенім. ¥ л ы  Жаратушыларынан келген киын сынақка 
сабыр  етіп,  сүрінбей  өткен  жағдайда  мэңгілік  ғүмырда 
бақьпты  болатындарын  ойлап,  жандары  жай  тауып,
162

И М АН И ГҮ Л
бойларына  ерекше  күш  кіріп,  жаралы  жүрекгеріне  үміт 
канаты бітеді.
6. 
Ақ  жаулыкты  ана  мен  асқар  таудай  экенің,  ешкім 
орнын толтыра алмайтын бауырдыц жэне басқа да сүйікті 
адамдардың  бұл  дүниеден  кайтуы  кез  келген  адамнын, 
әсіресе,  жас  бүлдіршіндердің 
ііэзік
 
жүрегінде  оларға 
деген  үлкен  сағыныш  сазын  калдырады.  Иэ,  өмірдегі 
тірегіңнен,  қысқа  айтканда,  соккан  жүрегіңнен,  қимас 
адамыңнан  айырылу  -   адамнын 
ііэзік
 
болмысына  ауыр 
соккы,  жүрегіне  үлкен  айықпас  жара.  Мұндай  ауыр 
соккыньщ,  айыкпас  жаранын  орнын тек қана  сол  сүйікті 
адамдарыңмен  кайта  кауышуға,  акыретке,  кайта тірілуге 
деген иман ғана толтырады. Ақыретге бұл дүниеден өткен 
сүйікті адамдарымен кайта табысып, қайта кауышатынына 
иланған кез келген адамның жүрегі орнына түсіп,  солған 
гүлі  кайта  тіріледі.  Иманы  кэміл  жандар  бұл  дүниедегі 
қимасының  кайтканын  еетіген  сэтте 
«Күмәнсіз,  біз  ¥лы 
Ж аратушъшыздан  келдік,  эрі  ¥лы  Жаратушымызга 
қайта қайтамыз»
 мағынасындағы аятты көкейінде түйіп, 
Құраида  мақталған 
«сабыр»
  нэрін  журегіне  корек  етіп, 
кимасына  деген  ыстық  сезімі  мен  сағынышын  ертеңгі 
ақырет күніндегі кауышуға, мэңгілік өмірге аманаттайды. 
Қысқасы,  өлім хабарын естіген сэтте нманнан нәсібін ала 
алмаған  жандар  не  істерін  білмей  абдырап  калган  сэтте 
иманды  адам  эрқашан сабыр  сақтап,  байсалдылык таны- 
тады.
Ақ киім
Асқармен жолда кездескенімде азан шакырылып жа- 
тыр еді.
-Бүгін  жүма,  білесің  ғой.  Сені  мешітке  апарайын,  -  
дедім.
Бүдан  бұрын да  бірнеше  рет  өтінішімді  кабылдама- 
ған болатын. Сондыктан ол:
163

ИМАНИ ГҮЛ
-М енің  мешітке  бармайтынымды  білесін  ғой,  -  деп 
асыға-үсіге жауап берді.
-Білемін, бірақ бармауыңның себебін білгім келеді.
-  Қайдан білейін, әйтеуір барғым келмейді де түрады. 
Қысқасы,  ол  жаққа тартпайды.  Бэлкім,  араласып жүрген 
айналамдағы  адамдардың  да  әсері  бар  шығар.  Оның 
үстіне шалбарымның қыры бүзылып, тізесі шыға ма деп 
қорқам.
Мен болсам таң қалған бойда:
-   Қалжыңцап  түрған  шығарсың?  Шалбарымның 
қыры бұзылады деп мешітті тастауға бола ма?
-  Шынымен айтып түрмын, -  деді. Киімдеріме катгы 
көңіл бөлем әсіресе  ак түсті  киімді каіты  үнататынымды 
білесің ғой.
Шынымен солай еді. Үнемі шырттай киініп жүретін. 
Қашан көрсең де киген киімдері ак түсті, кыры пышактьщ 
қырындай болатын.
-  Жарайды,  өміріңде  бір  рет  болса  да  мешітке  бар- 
дың ба?
-  Бала кезімде атаммен бір-екі рет ілесіп барғанмын. 
Бірак  му-нан  кейін  мүлде  бармайтын  шығармын,  -   деп 
жауапберді.
Айтқан  жауабынан  қатты  шошындым.  Тіпті  бүл 
тақырыпты  қозғағаныма  өкіндім.  Сөйтіп,  бір-бірімізбен 
кол қысысқап бойда өз шаруамызбен кете бардык-
Осы  кездесуімізден  екі  айдан  кейін,  оның  бүгін 
мешітке  келгенін  естіп,  катты  таң  қалдым.  Дереу  апыл- 
гүпыл мен де мешітке келіп жетгім. Тіпті, мешітке мүлде 
бармайтыя  шығармын  деген  жолдасым  мешіт  сыртын- 
дағы намаз қатарларыньщ ең алдынан орын алыпты. Міне, 
бүгін де үстінде сол баяғы үйреншікті ақ киімі. Тіпті, бүгін 
мүлдем ерекше.
Акырьшдап  касына  жакындадым  да,  сыбырлаған 
бойда:
164

ИМАНИ ГҮЛ
-Қ ане, мешітке мүлде бармайтын шығармын деп едің 
ғой, — дедім.
Еш  жауап  катпады.  Өйгкені  ол  табыттың  үстінде 
ақ  кебінге  оранған  күйде  жатқан-ды.  Жүрт  жаназасын 
шығаруға жиналыпты71.
А қы р ет әлемі
Ақырет  сөзі  сөздікге  «бір  нәрсеніц  соңы,  ацыры, 
кейіннен  болган  нэрсе»  деген  мағыналарды  қамтиды.  Ал 
шариғаттағы  терминдік  мағынасы  жаратылыстағы  жал- 
пы  жүйенің  ¥лы   Жаратушының  бұйрығымен  быт-шыт 
болып  бүзылып,  күл-талқан  болғаннан  кейін  басталатын 
жаңа мэңгілік өмірге айтылады. Бүл күн қиямет-кайымнан 
кейін басталуына байланысты «киямет күні» деп те атала- 
ды.
Қүранда  ақырет  күніне:  мүсылмандардың  Алла- 
мен  қауышып,  жүздесетін  күні  болуына  орай  «қауышу 
күні»72;  адамдар  бір  жерге  шогырланып,  жиналатын 
уақыт  болғандықтан  «махшар  -   жиналу  күиі»73;  кайта 
тірілгеннен  кейін  адамдардың  бэрі  қабірден  кайта 
шығатындықтан  «ш ы гу  күні»74;  мына  дүниеде  Алла 
Тағалаға  иман  етіп,  бұйрыктары  мен  тыйымдарына 
құлак  салмағандардың  алданып  калғандықтарының 
белгілі болатын күні болуына орай «алдану куні»75 жэне 
кэпірлердің бүл дүниеде істеген істерінің босқа кеткенін 
көрген  кезде  қатты  өкініп,  мына  дүниеге  қайта  кайтып, 
иман келтіріп, жақсы амал жасагысы келгенімен бүл ар- 
мандары  орындалмайтын  болғандықтан  «касірет  куні,
71  Хайатын ишинден, Гунейд Суави
73  М үмин сүресі, 40/15.
73  Тағабун сүресі, 64/9.
74
  Каф сүрссі, 50/34.
75
  Тағабун суресі, 64/9.
165

ИМ А НИ ГҮЛ
өкіиіш  күні»76;  дүниеде  істелінген  ізгі  немесе  жаман 
істердің қарымының, есебінің берілетін күні болғандықган 
«есеп күні»77; мына өткінші жалған дүниеден кейін мэңгі 
шынайы өмір болуына байланысты «ш ы н ай ы  өмір»78 деп 
те аталды.
Исрафил періштенің сырнайды екінші рет үрлеуінен 
кейін  барлық  адамдар  қаііта  тіріліп  Үлы  Алла  алдын- 
да  есепке  тарггылады.  Сосын  дүниедегі  иман  жэне  іс- 
әрекеттеріне карай жұмаққа, яки тозақка барады.
Қ абір немесе Б а р за х  әлем і
Өлімнен  кейін  қайтадан  тірілуге  дейін  жалғасатын 
өмір -  кабір немесе барзах әлемі деп аталады.
Кез  келген  адам  өлгеннен  кейін  топыраққа  көмілсе 
де,  яки  көмілмей  суга  батып  балықтарға  жем  болып  не­
месе отқа жанып күл болып кетсе де, міндетті түрде қайта 
тірілгенге  дейін  қабір,  яғни,  барзах  өмірін  бастарынан 
өткізеді. Өйткені рух сол бөлек-бөлек боп шашылып кет­
кен  денемен  байланыс  кұра  алатындай  қабілетге.  Мы- 
салы,  бір  жерден  жіберілген  радио  толқындар  дүниедегі 
миллиондаған  радиолармен  байланыс  курып,  бір  хабар- 
ды  элемдегі  миллиардтаган  адамга  таратып  жатканда, 
рухтар  нелікген  өз  денесінің  бөлшекгерімен  белгілі  бір 
байланыста  бола  алмасын?  Негізінде  өлген  адамдардың 
денелерінің кабірге жерленуіне байланысты барзах өмірі
-   кабір  өмірі  делінген.  Өйткені  рух  қабірдегі  денесімен 
белігілі бір байланыста болады.
Қабір,  барзах  әлемі  ерекше  бір  элем  болғандықтан, 
өзіне  тэн  зандылыкгары  мен  өлшемдері  де  болуға  тиіс. 
Сондыктан барзах элемінде болатын азапты яки рахатты,
76  Марям сүрссі,  19/40.
77  Фатиха сүресі,  1/4.
7*  Анкабуг суресі, 29/64.
166

И М А Н И ГҮЛ
адамдардың иманына қарай кабірдің қысуы мен  қараңғы 
болуын  немесе  керісінше  кең  және  жарық  болуын  бұл 
дүниеге  тэн  заңдылықгармен  түсіну,  эсте,  мүмкін  емес. 
Оны  түсінуге  біздің  шектеулі  акылымыздық  да,  мына 
дүниедегі  физикалық  зандылықгарының  да  өлшемі  сай 
келе бермейді.
Адам  баласы  қабірге  жерленгеннен  кейін  Мункэр 
жэне Нәкир деп аталатын екі періште келіп оған: «Раббьщ 
кім?  Пайгамбарың  кім?  Дінің  не?»
 
сияқты  сұрактарды 
қояды.  Сұрақтарға  жауап  берген  иманды  жандар  дүние 
өмірінен де тамаша, жүмак өміріне жақын дэрежеде, ракат 
жэне  лэззат  ішінде  болады.  Ал,  сүрақтарға  жауап  бере 
алмаған  имансыз яки  күнэһар  жандар  дүние  өмірінен  де 
бетер, тозаққа жақын кейіптегі азап ішінде ғұмыр кешеді. 
Демек,  қабір  адамдардың  дәрежелеріне  карай  жұмақ 
бақшаларынан  бір  бақша  яки  тозақтың  шүнкырларынан 
бір  шұңкьтрга айналады.  Бір  хадисте:  «Кісі жан тэсілім 
еткен уаңытта  таңертең  және кешкісін  отн  отыра- 
тьт жері кврсетыедй Егер жэннаттьщ болса, жәннат, 
тозацтьщ  болса  тозақ  корсетіледі.  Сосын  оган,  міне, 
Алла сені қиямет куні қайта тірілткенге дейін отыра- 
тын жерің осы делінеді»79.
Дүниеде  мүсылман  күлдардың  басына  келетін  эр 
түрлі  аурулар  мен  киыншылықгар  дүниеде  істелген 
кішігірім  күнэлардың  кейбіреулеріне  кэффарат  болып, 
сол  күнэлардың тазалануына себеп болса, дүниеде де та- 
заланбайтындай  кейбір  күнэларға  қабір  азабы  кэффарат 
болмақ.  Қабірде  де  тазаланбайтындай  үлкен  күнэлар 
ақыретке,  үлкен  есеп  күніне  аманатталады.  Бір  хадисте: 
«Қабір ақырет аялдамаларының алгашқысы, кімде-кш 
осы аялдамадан аман-есен отсе, кейінгі аялдамалардан 
да  оңай  өтеді,  ал  өте  алмаса  кейінгілерді вту одан  да
74  Әл-Бухари, Жэпайз/1379.
167

ИМ АНИГҮЛ
қиын болады», - делінеді. Басқа бір хадисте: «Мушріктер 
(Аллага  серік  қосқандар)  қабірперінде  цатты  азапқа 
душар  болуда.  Олардыц  (іиыңгыргші)  дауыстарын  тек 
қана  жануарлар  естиді»м,  -  деп  қабір  азабының  ауыр 
екендігін білдірілген.
Қайтыс  болған  кісі  үшін  артында  калған  адамдар 
көбірек дұға жасап,  күнэларының кешірілуін тілеу керек. 
Пайғамбарымыз  (с.а.у.)  адамды  жерлеп  болғанная  кейін 
кэбірдін,  жанына  тұрып  былай  дейтін:  «Бауырларыңыз 
үшін Алладан кешірім тілеп (иманында) түрақты етуі 
үшін  дуга  етіңдер.  Еш  кумянсіз  ол  қазір  сураққа тар- 
тылып жатыр»*'.
Мына дүниеде окыған құранымыз бен түнде  оқыған 
тэһажжуд  намазымыз  тар  орнымызды  кеңейтіп,  қараңғы 
қабірімізді ерекше нұрға бөлейді.
Қабір азабына себеп болатын 
кейбір күнәлар
Қабір  азабына  күнәлардың  барлық  түрі  себеп  бола 
апады. Хадистерде айтылған қабір азабына себеп болатын 
күнэлар мыналар:
•  Ғайбат,  өсек  айту,  біреудің  сөзін  екінші  біреуге 
жеткізу.  Кез  келген  адамның  артынан  оның  көңіліне 
келетін эрі ренжитін сөздер айту кабір азабына себеп бо­
лады.
• Кіші двретті сындырғаннан кейін тазаланбау.
•  Мойнында  қарызы  болған  күйде  жан  тапсыру. 
Пайғамбарымыздың (с.а.у.) «Муминнің рухымойньтдагы 
борышы  өтелгенге  дейін  сол  борышымен  байлаулы» 
хадисінен мойнында қарызы  бар борыштының кабір  аза- 
бын  тартаітынын  аңғарамыз.  Пайғамбарымыз  (с.а.у.)  бо-
80  М усиәд, 6/362 
*'  Әбу Даауд, Ж әнаіһ 73.
168

И М АН ИГҮ Л
рышты  кісінің  қарызы  өтелгеннен  кейін  ғана  жаназа  на- 
мазын оқыған.
• 
Жалған  сөйлеу,  Қүранды  біле  түра  ішіндегі 
айтылғандарға  теріс  эрекет  ету,  зина  жасау,  пайыздық 
өсім жеу.
Адамдарды 
алдау, 
жетімдердің 
ақысын 
жеу, 
мұсылмандардьщ  кателерін,  кемшіліктерін  іздеу,  туған- 
туыстардан  қатынасты  үзу,  жалған  куәгер  болу,  жан- 
жануар,  жәндіктерге  зұлымдык  жасау,  үрлық  жасау,  ар- 
намысты  пэк  эйелге  жала  жабу,  нәсібіңе  разы  болмау 
сияқты күнәлар да қабір азабына себеп болады.
Қиямет күні
Қиямет  деп  Исрафил  атгы  періштенің  сырнайға 
алгаш  рет  үрлеуінен  кейін  жалпы  жаратьшыстын,  жан- 
жағымыздағы жүйенің күл-талқан болып қирауын, барлық 
жан  иелерінің  елім  күигуын  айтады.  Қияметгің  болуы 
ақыл қабылдай алмайтындай теріс күбылыс емес. Өйткені 
барлық  жарагьшысты  жаратып,  күллі  болмыс  атаулыдан 
үйлесімді  таңғажайып  жүйе  кұрған  ¥лы   Жаратушымыз 
бүл  жүйені  бұзамын  десе  кім  кедергі?  Кім  алдын  орап 
«жоқ» деп айта алады? Кез келген жұлдыздын орбитасы- 
нан шығып кетіп Жер шарына соғылуы кияметгің болуы­
на  себеп  емес  пе?  Қияметгің  қашан  болатыны  Қүранда 
яки хадисте білдірілмегендікген, накты уакыты бір Аллаға 
ғана мэлім. Құранда: «Олар сенен қияметтің қаш ан бо- 
л аты н ы н  сүрап ж аты р. Оларга айт: Оның қаш ан бола­
ты н ы   ж айлы   мәлімет тек кана  Раббымнын жанында 
ғаиа.  О ны ң  уақы ты н  Одан  баска  ешкім  білдіре  ал- 
майды . Қ иям ет көкіегіге де, жердегіге де (киындыгы , 
ко р қы н ы ш ты л ы ғы   соншалық)  ауыр  келеді.  Қиямет 
сендерге  кенеттен  келеді.  Сен  оны  білетіндей  олар 
сенен  (қаш ан  болатынын)  сурастырады.  О ларға  бы-
169

ИМАНИ ГҮЛ

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет