Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры имани гүЛ Қайрат ж о л ды ба й ұ л ы


Өлілерді кайта тірілту қүдіреті шексіз



Pdf көрінісі
бет10/24
Дата03.03.2017
өлшемі8,77 Mb.
#6782
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   24

Өлілерді кайта тірілту қүдіреті шексіз 
Алла үшін қиын емес
Еш  шаршамастан  жеті  қабат  аспанды  жаратып,  оны 
ғасырлар  бойы  еш  ақау-кемшіліксіз  басқарып  түргаи 
Жаппар иеміз Алла Тағаланың адамдарды өлгеннен кейін 
де кайта тірілтуге кұдіреті тольщ жетеді. Қүранда: «Күллі 
Аслан әлемі мен жерді ж ар атқан  эрі оларды  жараткан 
уак ы тга еш ш арш ап -ш алд ы қп аған  А лланы н, өлілерді 
к ай та тірілту ге күдірстініц то л ы қ  жететінін (Акыретке 
сенбейтіндер)  көрмейді  ме?  Иә,  О л  ор  нәрсеге  толык 
күдірсттЪ /5,  -  делінген. Баска бір аятта: «Кок әлемі мен 
жерді ж аратқан  А ллан ы ң   оларды н үқсасы н жаратуға 
қүдіреті  толы қ  жетеді  емес  пе?  Ә рине,  то л ы к  жетеді. 
Ол -  (эр нәрсені) то л ы қ  білетін ж аратуш ы »,66 -  деліисе, 
«Назиғат»  сүресінің  27-аятында:  «(Ей  к ай та  тірілуге 
сенбейтіндер!  О йлан ы п   а к ы л ғ а   салы ддар!)  Сендерді 
қайтадан жарату қи ы н  ба? Ж оқ әлде аспанды  ма? (көз 
салы п, қарацд арш ы ) А лла аспан әлемін қал ай  м ы кты  
етіп ж аратқан», -  деп төбеміздегі  мына бас айналдырар 
таңғажайып  уйлесімді  жүйемен  эрі  дэлме-дэл  есеппен 
істеп гүрған үшы-киыры жоқ аспан  әлемін, жымындаған
м  эл-Мутаффифун сүресі/13.
“   Ахқаф/33
66  И зсин сүресі
144

ИМАНИ ГҮЛ
жұлдыздарды жараткан Алла Тағала үшін өлгеннен кейін 
адам  баласын  қайта тірілтудің  еш  қиын  еместігіне  наза- 
рымызды  аударады.  Иэ,  осыншама  миллиардтаған  га- 
лактикалар  мен  ондағы  сансыз  жұлдыздарды  жаратып, 
оларды бір-бірімен қақтығыстырмай, белгілі бір жуйемен 
ғасырлар  бойы  ұстап  тұрған  Құдірсгтініи,  әлбетге,  адам 
баласын қайта тірілтіп, жан беруге кұдіреті толық жетеді.
Шіріген сүйектерді кім тірілтеді?
Ей, Адам!
Шірігенді кіи тірілтер деп адаспа!
Тірілтеді, Кім жаратса опы
 э
у  баста!
Қайта 
тірілуге 
сенбейтін 
бұрынғы 
адам- 
дар  мен  қазіргі  кейбір  замандастарымыздың  бұл 
тұрғыдағы  күмэндары  мен  келтіретін  дэлелдерінде  еш 
айырмашылық жок- Өйткені бэрінің кайта тірілуге деген 
көзқарасы біреу -  
«шіріп кеткен сүйекті кім тірілтеді?». 
Пайғамбарымыздың  (с.а.у.)  дэуірінде де  өлгеннен  кейін 
кайта тірілуге  сенбейтіндер  болатын.  Бір  күні  Убай  ибн 
Халаф  Алла  елшісінің  жанына  келіп,  колындағы  шіріп 
кеткен  бір  сүйекті  устап  т.үрып  келеке  еткен  сьщаймен 
былай деді:
-   Алла  Тағала  мына  сүйекке  жан  беріп,  кайта 
тірілтеді, солай ма?
Алла Расулы (с.а.у.):
-  Эрине,  оған  жан  беріп  тірілтеді,  эрі  сені тозағына 
с ал ад ы ,-  деп жауап берді.
Осы оқиғаға байланысты 
«Ясин»
 сүресінің төмендегі 
аяттары түсті: «Адам баласы  біздін оларды бір  тамш ы  
судан  ж аратқаны м ы зды   көрмей  ме?  Сейте  тура  ол 
бізге  а ш ы қ   дүш пан  болды.  (бір  там ш ы   судан)  Қалай 
ж араты лган ы н   үмы тын,  бізге  былай  деп  мысал
7— 1250
145

ИМАНИ ГҮЛ
келтірді:  «Ш іріген  сүйектерді  кім   тірілтеді?»  Оларға: 
«О ларды  әу баста кім  ж аратса, қай тад ан  тірілтетін де 
Сол  және  де  О л  барлы қ  ж ар аты л ы сты   то л ы қ   біледі 
де», -  деп кеше мен бүгіннің адамдарының кайта тірілуді 
жоққа  шығару  барысында  келтіргек  дәлелдері  мен 
күмәндарына  назарымызды  аударып,  олардьщ  келтірген 
айғактарыныц түкке түрғысыз екенін көрсетеді.
Осыдан бір ғасыр  бүрын  жер  бетінде  кайсымыз  бар 
едік?  Бэріміз  жоқ  емес  пе  едік?  Солай  бола  түра  адам 
баласы  өзінің  бір  тамшы  судан  жаратылғанын  үмытып, 
өзін  жоқтан  жаратқан  Раббысыньщ  қаЙта  тірілтетініне 
күмэндана карап,  өзінше даңдайсып 
«шіріген  сүйектерді 
кім  тірілтеді?»  -
  деп  мысал  келтіреді.  Иә,  өзін  жоктан 
жаратқан  Аллаға  иман  келтіре  отырып,  қайта  тірілтетін 
қүдіретіне  күмэн  келтіретіндердің  ойы  мүлде  түсініксіз, 
дэлелі тіпті кисынсыз, ақьшға теріс.
Қол сағатгы алғаш тауып, жасаған шебер адам бізге: 
«Мына  сағатты  қазір  бүзып,  қайтадан  жасауға  ілімім 
әрі  қабілетім  толық  жетеді»  десе,  еш  күмэнсіз  сенер 
едік.  Ал,  енді  біздерді  жоқган тіршілік  бетіне  шығарған 
¥ лы   Жаратушымыздың  бізді  өлтіргеннен  кейін  қайта 
тірілтетініне  күмэндана  қарап,  шексіз  қүдіретіне  шүбә 
келтіру орынды ма?
Рухымыз
Адам баласы -  тэн мен жаннан жаратылған ғажайып, 
сикырлы дүние.  Оның материалдық тэнінің жанында ру- 
хани  жағы,  яғни,  жаны  бар  екені  еш  талассыз  шьшдык. 
Егер  адам  баласы  ет,  сүйек,  каи  сияқты  нэрселерден 
түратын  тек  қана  материалдық  бір  жаратылыс  болатын 
болса, ғылымның шарықтап дамыған осы заманда керемет 
сонга үлгідегі күралдар арқылы ажалы жеткен жандардың
146

ИМАНИ ГҮЛ
өліміне араша түсіп кұтқарып калмас па едік?! Алайда та- 
рихта  осы  дүниеде мэнгіліккс қол  жеткізген  ешбір  тұлға 
жоқ. Жеткізуі де мүмкін емес. Өйткені тэнімізді басқарып 
түрған  жанымыз  ¥ л ы   Жаратушымыздың  әмірімен 
тэннен  шыкқаннан  кейін  оны  каГгга  әкеліп  косуға 
ғылымның да, басқаның да шамасы жетпек емес.
Иә,  денеде  рухтың  бар  екендігіне  карсы  дау  айтар 
ешкім жок.  Сондықтан оны дэлелдеп жатудың өзі  артық. 
Десек те, жан жок дейтіндерге эрбір адамнан табьшып жа- 
татын мына бір жауаптың мэнін жаза кетуді жөн көрдік.
Егер кез  келген адамға: Миыц, жүрегің, көзің, аузың, 
қол-аяғың,  барлық  дене  мүшелерің  кімдікі  делінсе? 
Менікі  дері  сөзсіз.  Ал  енді  барлық  дене  мүшесін  менікі 
деп тұргаіі «Мен» кім?  Оны деп тұргаи оның рухы,  яғни, 
жаны. Демек, 
«Мен»
 дегеніміз, ол- рухымыз, ал 
«Менікі» 
дегеніміз, ол -  денеміз.
Абай  атамыз  жанның өлмейтіндігін,  оның түрактап. 
мекен тебетін баска бір мэңгілік өмірдің бар екенін былай 
деп тілге тиек етеді:
«Өлсе өлер табиғат, адам өлмес,
Бірақ ол ойнап-күліп қайта келмес,
«Мені» мен «Менікінің» айырылғанын 
Өлді деп ат қойыпты өикей білмес».
Яғни,  рухымыз  өлмейді.  Ол  денеден  айырылғаннан 
кейін  өзінің  мэңгілік  мекеніне,  негізгі  отанына  сапар 
шегеді.
Қазақ халқы  жан  тәсілім  еткен  адамға өлді  демейді, 
«цайтыс»
  болды  дейді.  Бұл  сөздін  астарынан  жанның 
өлмейтіндігі, басқа бір мәңгі емірге қайта қайтатындығын 
түсінуге болады.
Алла  Тағала  адам  баласына  арғы  дүниеде  мэңгілік 
ғұмыр  сыйламақ.  Жаппар  иеміздің  мэнгілігі  -   ешкімге 
тәуелсіз  мэңгілік.  Ал  адамның  жұмақ яки  тозакга  мэңгі
147

ИМАНИ ГҮЛ
болуы  -   ¥ л ы   Жаратушымыздың  мэңгілігіне  тэуелді  эрі 
Оның  мәнгілігінің  дэлелі.  Міне,  адам  баласының  сол 
мэнгілік  ғүмыр  үшін  кайтатын  орнын  акырет,  жұмак, 
тозақ дейміз.
Рухымыздың мәңгілікті аңсауы
Кез  келген  адам  баласы  маіпакат,  беішетке  толы, 
найзағай  жылдамдығына  пара-пар  калай  зымырап  өтіп 
кеткені  түсініксіз  мына  камшының  сабындай  кысқа 
ғұмырға  канағатганбайды.  Оның  рухы,  жан  дуниесі 
мэцгілікті  ансайды.  Шексіз  өмір  мен  баки  дүниеге 
кұштарланып  т үрады.  Өзінің  бір  ғасырға  да  жетпейтін 
жалған,  шектеулі  емірін  ойлап,  бүгін  басып  жүрген 
кара  жерді  ертең  көрпе  етіп  жамыларын  сезінген  сэтте 
мэнгілікке қүштар жан-жүрегін кайда қоярын білмей, ұй- 
қысы  кашып,  шарасыздықтан  мазасыздана  түседі.  Адам 
баласыньщ рухын мэңгілікке күштар етіп, оған екінші ба­
ки өмірге деген ынтық сезім берген Алла Тағала, әлбетге, 
оған  аңсап,  армандаған  мэңгілік  екінші  өмірді  береді. 
Олай дейтініміз жер жүзін сан алуан дэм мен жүнар иісті 
эр түрлі жеміс-жидек пен тағамдарга толтырып,  адам ба- 
ласына соларды татып көретін дэм тату сезімін сыйлаған 
аса жомарт Жаппар  иеміз егер  адам үшін мэңгілік өмірді 
жаратпайтын болғанда, оның тупағак жүрегіне мэңгілікке 
деген  қүштарлык сезімін  де бермес  еді.  Яғни, мэңгілікке 
деген қүштарлықты  берген  Алла  мяцгілік  өмірді  де  бер- 
мек.  Мейірімі  шексіз  Алла  жаратылыстағы  эр  нэрсеге 
тілегенін  беріп,  сүраганын  жауапсыз  қалдырмауда.  Дұға 
етіп,  тілек  тілеу  үшін  жайылган  ешбір  алақанды  ¥лы  
Жаратушымыздың  жауапсыз  күр  кайтаруға  үялатыны 
жайлы көптеген хадистерде білдірілген67.
67 
U
Vy, 
ОІ 
.a  ^ -ь і 
j,
 
f j j S  
'J - 
{tj
 ii
148

И М АН И ГҮ Л
Асказанымыздьщ  аштық  арқылы  сұраган  дұға- 
тілегін жауапсыз қалдырмай аспаннан жаңбыр жауғызып, 
жерге әр түрлі жеміс-жидекті төгіп, жан-жануарды алды­
на  салып  берген  мейірім-рақымы  мол  ¥л ы   Жаратушы- 
мыз  сүйікті  қүлы,  жаратылыстың  маңызы -  жалпы  адам 
баласының  «мэңгілік,  мэңгілік»  деп  тулаған  жүрегінің 
тілегі  мен  дұғасын  қалай  ғана  жауапсыз  калдырып,  оны 
жоқ  етіп  тіршілік  бетінен  мүлде  келмеске  сызып  таста- 
сын?  Ол  үшін  ақырет  әлемін,  бақи  өмірді  жаратпасын? 
Адамды  өмір  сахнасынан  мүлдем  келмеске  жіберіп, 
Өзінің  шексіз  мейірімділігі  мен  рақымдылығын  қалай 
ғана  жоққа  шығарсын?  Өйткені  адамды  мэңгілік  өмірге 
кұштарландырып,  со сын  оған  қүштарланған  мэңгілік 
өмірін  бермеуі  -   Оның  шексіз  шапағат,  мейіріміне  теріс 
болмақ.
Егер  ақырет  болмаса,  бүл  ғүмырда  көрініс  тапкан 
¥ лы   Жаратушынын  махаббат  шуағының  еш  бір  мән- 
мағынасы  қалмай,  мейірімділік  зүлымдыкка,  махаббат 
дүпіпандықка,  лэззат  өкінішке  айналар  еді.  Себебі  адам 
бүл  дүниенің  пәни  ләззаттарымен,  өткінші  рахатымен, 
¥л ы  Жаратушысының мына дүниемен шектеулі уақытша 
махаббатымен  қанағаттанбайды.  Ол  мэңгілік  ғүмырды, 
шынайы бақытты, шексіз мейірімді қалайды.
Айналамызда болып жатқан қайта 
тірілудің үлгілері
¥ л ы  Жаратушымыз мына дүниеде-ак кайта тірілудің 
сансыз үлгілерін жаратып, сана иесі адам баласына кайта 
тірілтудің оңай екендігін көрсетуде. Иә, толғанып, ғибрат 
алмак  ниетпен  пікір  етсек,  эрбір  көктем  кайта  тірілудін 
дәлелі  емес  пе?  Кектем  кайта  тірілудің  сансыз  үлгісіне 
толы.  Жазда  жап-жасыл  болып  жайқалып,  күзде  жеміс-
149

ИМАНИ ГҮЛ
жидегін  шашу  етіп  шашқаннан  кейін  барлық  өсімдік 
әлемі  адамның  қартайған  шағындагы  шаштарының 
ағарғанындай  жапырақтары  солып,  сары  алтынға  боя- 
лып,  біртіндеп  төгіліп,  өздері  курай  бастайды.  Қыс  кел- 
генде,  бейне  бір  өлімге  үшырап,  аппақ  қардьщ  астында 
қалады.  Тіршілікгерініц  тынысы  байқалмайды.  Міне, 
өсімдіктердің қыстағы осы өлі қалпынан кейін сен оларды 
көктемде көр. Көктем келіп, күн нүрына малына бастаған 
шакта күллі өсімдік элемі  әп-сәтте бүршік атып, гүлдерін 
ашып,  жап-жасыл  болып  жайқала  түседі.  Қысқы  өлік 
көктеммен қайта тіріледі.
Абай атамыз:
«Жаз жіберіп, жан берген қара жерге
Рахметіне Алланың көңіл сенер.
Мал семірер, ак пенен ас көбейер
Адамзаттың көңлі есіп көтерілер
Қара тастан басқаның бэрі жадырап,
Бір сараңнан басқаньвд бейлі енер.
Тамашалап қарасаң Тэцрі ісіне
Бойың балқып, ериді іште жігер» -  деп жырлағандай 
кекгемде  айналаңа карасаң,  сен де  езіңді  қайта  тірілген- 
дей сезінесің. Өйткені айналандағы табиғат жаппай кайта 
тірілуге, жаңа өмірге, кайта келген вдстардьщ тамьшжыта 
сайраған  әсем  эніне  түнып  тұр.  Қыста  ызьщы  жоғалып, 
аты  өшкен  шыбын-шіркей  көктемде  қайта  пайда  болып, 
үсті-басыңа  қоиып  мазанды  алады.  Бірақ  сол  ызыңымен 
саған  қайта  тірілетінінді  меңзеп  түрғандай.  Иэ,  кысқы 
өлімнен кейін өсімдік элемін, адамнан канша есе көп жал­
пы  жэндіктерді  кайта жер  бетіне шығарған ¥ л ы  Жарату- 
шымыз адам баласын олім қысынан кейін қайта тірілтеді. 
Себебі  адам  есімдіктен де,  шыбын-шіркей, жэндікгерден 
де маңызды эрі мағыналы.
150

ИМ АН ИГҮ Л
Жеген қорегіміз де денемізде қайта тірілуде
Күзде 
«Өмірімніц 
соцыпа  таядым»
  дегендей, 
сарғайып тұрған егінді орып аламыз. Бүл -  жайкалып өсіп 
түрған бидай үшін бірінші өлім. Сосын диірменге тартып 
ұн жасаймыз. Бүл -  ол үшін екінші өлім. Сосын илеп ашы- 
тып,  қып-кызыл қызып түрған тандырға салып пісіреміз. 
Бүл -  бидай үшін тағы бір өлім.  Дастарханға келген нан- 
ды  аузымызға  салып,  тісімізбен  үгітіп,  асқазанымызға 
жібереміз.  Ол  жерде  эр түрлі  сөлдермен араласып,  басқа 
бір  өлімге  душар  болады.  Міне,  осылайша  нан  асқазан 
қабірінде  көмілген  болды.  Нан  осыншама  өлімнен  кейін 
асқазаннан он екі елі ішегімізге әтеді. Сол жерде асказанда 
өлген нан  бүрынғысынан да керемет түрде қайта тіріліп, 
денеміздегі  канымызға,  клеткаларымызға,  витаминдерге 
айналып, тэнімізде тіршілігін жалғастырады.
Ал  енді  Алла  Тагала  адам  баласын  өлгеннен  кейін 
жан  беріп,  қайта  тірілтпейді  дейтіндей,  бірнеше  өлімге 
куэ  болып,  адамның  тэнінде  қайта  тірілген  бидайдан  да 
томен, мағынасыз болғаны ма?
Күзде топыракқа тусіп көмілген эр түрлі дәндер мен 
дақылдарды  шіріді,  бітті,  өлді  деп  ойламаймыз.  Себебі 
ол  көкгемде  алғашқы  кейпінен  де  керемет  түрде  кайта 
тіріліп,  кара жерді  қақ жарып  шығып,  жайқала  өсіп,  жер 
бетін  жасыл  реңімен  бояп  тастайды.  Тіпті  біреу  болып 
өледі, бірнеше болып тіріледі.
Алла Тағала Құранда: «Онын (күдіретін корсететін) 
дэлелдерден бір дәлел мынау:
Сен  жерді  күрғап,  (Алладан  медет  сүрап  түрған 
адамдай)  басын  иген күйде коресіц. Б ірақ Біз жацбыр 
ж ауғы зган  сәтте  жер  беті  күлпырып,  көпси  түседі. 
M ine,  күрғақ   жерді  осылай  кім  тірілтсе,  олілерді  де 
Сол тірілтеді. Ө йткені Онын әр нэрсеге күдіреті толы к
151

И М АНИГҮЛ
жетеді»68 -  деп өлілерді тірілтетін шексіз қүціретіне наза- 

рымызды аударады.
Топырақ  астында  шіріген  дән-дакылды  көктемде 
қайта  тірілткен  Алла  Тагала,  өзінің  жер  бетіндегі  хали- 
фасы -  адам баласын да қабірде шірігеннен кейін көкгем 
тэріздес Хашыр күні қайта тірілтеді.
¥л ы  Патшаның әділдігі ақыретті талап етеді
«Кімде-кЫ тозаңдай жацсылыц істесе, 
жақсылыгыныц қарымын сөзсіз алады.
Лл кімде-кім тозаңдай 
жаманшылық жасаса, оныц 
жазасын тартады».
«Зшізала» сүресі
Алла  Тағала  -   күллі  элем  мен  жалпы  жаратылыс 
атауына  салтанатты  патшалығын  күрып,  эр  нәрсеге 
өзінің үкімін қабылдатып, билігін жүргізуші ¥ л ы  Патша. 
Жаратылыстағы  әр  нәрсе  Оның  ілімінен  тыс  қалмайды. 
Әрбір  іс  Оның рұқсатынсыз жүзеге  аспайды.  Күллі әлем 
Осы  ¥ л ы   Патшаның  мейірімінен  алған  нәрмен  тыныс 
алып, тіршілік бетінде калуда.  Оның  осы  шексіз  мейірім 
нұрынан  өзінін  нәсібін  алған  ақьшсыз  тауық та  өз  бала- 
панын корғау ушін жыртқыштардың аузына түсіп, жанын 
пида  етуде.  Осындай  мейірімнің  негізгі  кдйнар-бүлағы, 
К¥ДІреті  шексіз  ¥ л ы   Патша,  езінің  бұйрықгарына  қарсы 
шығып, ел ішіндегі әлсіздердің ақысын жеп, зұлымдықка 
белшесінен  батып,  тайраңдап  жүргендердің  тиісті  жаза­
сын  беріп,  олардан  әлсіздердің  ақысын  алып,  иелеріне 
кайтармауы,  элсіз  кұлдарының  мүддесін  қорғамауы 
мүмкін  бе?  Залымдардың  істеген  істерінен  есеп  алмас-
63  Ф уссилат сүресі/39
152

ИМАНИ ГҮЛ
тан,  оларды  жауапқа  тартпастан  жібере  салса,  бүл  ісі 
Оның  салтанатгы  патшалығы  мен  әділетті  билігіне  эрі 
шексіз қүдіретіие жарасар ма еді? Ал зұлымдык,  элсіздік 
сияқты нүқсан сипат -  мейірімі шексіз Үлы Жаратушыға 
жат  сипат.  Осылай  бола  түра,  мына  жалған  дүниеде 
залымдардың  тиісті  жазасы  мен  жақсылардың  ізгі 
істерінің қарымы лайық дэрежеде беріле бермейді. Демек, 
сынақ  үшін  жаратылған  мына  уақытша  дүниеден  кейін 
ақыретте үлкен сот болмақ.  Бүл соттың әділетті төрешісі 
¥ л ы  Жаратушымыздың өзі болып, сол жерде бэріне тиісті 
бағасы  берілмек.  Ендеше,  барлық  кемелдікгің  шынайы 
иесі,  патшалардың  патшасы  -   Алла  Тағала  жақсыларға 
сауабын  сыйлап,  жамандарға  азабын  беріп,  эділеггілігі 
мен  шексіз  құдіретін  паш  етуі  үшін  ақыретті  жаратып, 
үлкен  сот  құруга  тиіс.  Иә,  Алланың  шексіз  қүдіреті 
мен  қара  қылды  қақ жарар  эділегі  ақыретті,  үлкен  есеп 
күнінің жаратылуын қалайды.
¥ л ы   Жаратушымыз  Қүран  Кәрімде:  «Қиямет  күні 
әділдік  таразы сы н   қүрамы з.  Ол  жерде  ешбір  жан 
әділетсіздікке  үш ы рамайды.  Істелінген  іс  бір  қы ш а 
дәнінің  салм ағы ндай  болса  да,  оны  таразы ға  әкеліп 
тар там ы з.  Есеп  алуш ы  ретінде біз жеткіліктіміз»69,  -  
деп бүл дүниеде істеген әрбір ісіміздің ақыретте эділ тара- 
зымен тартылатындығын білдіреді.
Иә,  акырст  сияқты  екінші  бір  дүние  жаратьшмаса, 
мына  дүниедегі  көптеген  түйіні  қиын  сауалдар  жауап- 
сыз  қалмақ.  Мына  дүниеде  сезіліп,  байқалған  көптеген 
эсем  мағына  баянсыз  кетіп,  күллі  жаратылыс  бейне  бір 
мағынасы аяқсыз қапған түсініксіз кітап болмақ.
69  Әнбия сүресі/47
153

ИМАНИ ГҮЛ
Алланың көркем есімдері 
ақыретті талап етеді
Алланьщ  барша  көркем  есімдері  ақыретгің  болуын 
талап  етеді.  Мысалы,  Алла  Тағаланың 
«Аса  жомарт» 
деген  сипатын  негізге  алып  түсіндіріп  көрелік.  Жалпы 
элем  ¥ л ы   Жаратушының  терең  мейірім-шарапаты  мен 
шексіз  жомарттығына  тұііып  тү_р.  Жер  бетіндегі  ең  әлсіз 
саналатын  күрт-кұмырысқа  сияқты  жэндікгердің  оп- 
оңай  қорекгенуяеріне  куә  болудамыз.  Дүниедегі  ең  элсіз 
жаратылыстарға  да  уакыт-уақытымен  күтпеген  жер­
дей  жәрдем  келуде.  Ананың  қүрсағындағы  элсіз  сэби 
сол  караңғы,  тар  жерде  түишұқпастан  тамаша  тәсілмен 
қоректенеді.  Сэби дүниеге  келер-келмес  онын  нәзік  бол- 
мысына  арналған  арнайы  тамағы  әзір  тұрады.  Ананын 
омырауындағы  сүт  басқа уақытга  емес,  сәбидің  дүниеге 
қадам басуьша орай ытқылап аға түседі. Теңіздің түбіндегі 
балықіардьщ,  жеміс-жидектің 
ішіндегі 
қүрттардың, 
түрған  жерінен  қозғала  алмайтын  ағаштардың,  жаппы 
өсімдік  элемінің  тамаша  түрде  қоректенуі  -   Оның  ерек­
ше  жомартгығы  мен  теңдессіз  мейірімділігінің  айкын 
белгі-нышаны.  Жер  бетіндегі  ырыс-береке,  нығметтің 
молдығы, асып-тасуы -  ¥ л ы  Жаратушыньщтүгесілмейтін 
қазынасын  меңзеп  тұр.  Демек,  Алла  Тағала  -   тевдессіз 
дархандық пен аса жомартшқтьщ нағыз иесі. Ал Ондағы 
бүл  дархандық пен жомартгық мэңгі  бақи  беруді,  төгуді, 
рызыкіандыруды  калайды.  Міне,  сондықтан  Онын 
дархандығы  мен  жомаратгығынан  жаңбырдай  қүйыла 
төгілетін сый-сыяпатқа, ырыс-берекеге кенеліп, мәнгі баки 
рызыктанатын  жаратылыс  керек.  Ол  еш  шүбәсіз  мына 
дүниенің халифасы, ең мағыналы жаратылысы — адамның 
кайта тірілуі  арқылы  болмак.  Егер  мына  дүниеден  кейін
154

¥ л ы   Жаратушының  осы  аса  жомартгық  пен  дархандық 
сияқты сипатгарының көрініс табатын басқа екінші мэңгі 
өмір  болмаған  жағдайда,  бұл  сипаттары  осы  дүниемен 
шектеулі  қалмақ.  Ап  шектеулілік  ¥лы   Жаратушымызға 
тэн емес. Өйткені ¥лы  Жаратушымыз Алланың өзі қандай 
шексіз,  мэңгі  болса,  барлық көркем  сипаттары да сондай 
шексіз, мэңгі.  Сондықтан Алланың барлық көркем сипат­
тары ақыреттің болуын талап етеді.  Осы жерде  айтылған 
Алла Тағаланың жомарттық сипатына басқа да керкем си- 
патгарын салыстырып ойлан!
Адам өзін «бостан-босқа жаратылдым» 
деп ойлай ма?
Әлемдегі  кез  келген  нэрсе  белгілі  бір  мақсатпен, 
арнайы  хикметпен  жаратылған.  Әрбір  жаратылыстың 
өзіндік мэн-мағынасы, міндеті бар. Күллі жаратылыс ¥лы  
Жаратушының  барлығын,  бір  екендігін  білдіретін  улкен 
кітап  дедік.  ¥лы   Иеміз  бұл  алып  кітапты  адам  окысын, 
оқып Өзінің кұдіретіне, шеберлігіне таң калып, мақтау айт- 
сын,  қүлшылык жасасын деп  кудірет қаламымен жазған. 
Түсірілген Құраи да осы бір үлкен кітаптың түсіндірмесі, 
қорытындысы,  мазмүны  іспетгі.  Бүл  галам  атты  алып 
кітаптағы  эр  нәрсе -  мағыналы  бір сөз,  бір сөйлем, тіпті 
бір  кітап.  Әрі  ¥лы   Жаратушымыз  осы  алып  кітапты 
адамның  игілігіне,  қызметіне  берген.  Жерден  неше  есе 
үлкен Күн де, су да,  ну орман да, өсімдік те, жан-жануар 
да  бәрі-бәрі 
«ләббайк»
  деп  адам  баласына  кызмет  етуце. 
Жалпы элем адам үшін жаратылды десек артық емес. Осы 
элемнід  ішінде  адамның  орны  мүлдем  ерекше.  Өйткені 
жер бетіігдсгі жалғыз саналы тіршілік иесі -  адам. Ал епді 
¥ л ы   Жаратушымыздың  барлық  дүниені  адам  үшін  жа- 
ратып,  ал  адамды  бостан-босқа,  еш  максатсыз  жаратып,
______ __________________________  
ИМАНИ  ГҮЛ
155

И М ЛН ИГҮЛ
мэңгілікке  өлтіре  сапуы  мүмкін  бе? Кішкентей  араны да 
мағына,  мақсатпен  жаратқан  ¥ л ы   Жаратушы  -   Хаким 
Иеміздің адам баласын бостан-босқа максатсыз жаратып, 
мэңгілікке тіршілік бетінен келмеске жібере салуы мүлде 
мұмкін  емес.  Кұранда 
«Әл-Мүминун»
  сүресінде:  «Біз 
сендерді  бостан-боска  ж ар атты қ,  эрі  ездерің  де  Бізге 
кері қ ай тар ы  лм айм ы з деп ойлайсы ндар м а?» - делінсе, 
«Қиямәт»
 сүресінде:  «А дам б а л а с ы  (еш  сү р ақ  алы н - 
б астаи )  басы   бос  қ оя  берілем іи   деп   о й лай   м а?»  - 
делінеді.
О дүниеге біреу барып келіп пе?
Кез-келген  нәрсенін  бар  екендігіне  сену  үшін  ол 
нэрсені, алдымен,  міндетті түрде көзбен көріп келу шарт 
емес.  Ешбір  адам  анасының  құрсағында  жатып,  мына 
дүниені  көріп,  сосын  бүл  дүниеге  аяқ  басқан  жоқ  кой. 
Ананың  кұрсағындағы  сэби  өзінің  жаткан  тар,  караңғы 
мекенінен тыс  баска әлем жоқ деп пайымдаса, қаншалық 
қателескен болар еді. Тура сол сиякггы біздер де осы дүниені 
барлық  болмыс  әлемі  деп  танып,  бүдан  басқа  әлем  жок 
деп лайымдасақ, күрсақтағы баладай қателесеріміз анык. 
Өйткені  мына  элем  де  ақырет  әлемімен  салыстырғанда 
ананың құрсағындай ғана.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет