Использование



бет11/13
Дата23.10.2023
өлшемі7,51 Mb.
#120641
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

Сипаттамасы

  • Балалар оқыту барысында қиындықты сезінеді. Шаршаған жағдайда баланың жауабы ойланбай берілген, кездейсоқ болады, жазбаша жұмыстардағы қателері көбейеді. Балалардың көңіл күйлері ерекше көңіл бөлушілікке бейім болады. Балаларда өздерінде кездескен қиыншылықтарға, жетістікке қол жеткізе алмауына сыни қарауы байқалады, олар өздерін терең зақымдайтын мектептегі сәйтсіздіктерді сезінеді және уайымдайды. Балада невротикалық реакциялар оңай пайда болады. Атап айтсақ, кіші мектеп жасында – тартылулар, тұтығу, энурез. Жоғары мектеп жасында – қарсылық реакциясы формасындағы ауытқымалы мінез-құлық түрінде (қызметтен, мектепке барудан бас тарту).

Оқытудағы ұсынымдар

  • Псхикалық дамуы тежелген оқушыларды дамыту ерекшеліктері, олардың мектептік оқуға дайындығының төмендігі оқу жоспарларын, бағдарламаларды түрлендіруді, оқу материалын қайта бөлуді және оны өту қарқынын өзгертуді қажет етеді. Псхикалық дамуы тежелген оқушыларды оқыту арнайы Үлгілік оқу жоспарларына, бастауыш білім беру деңгейіне арналған арнайы бағдарламаларға, түзету пәндері бағдарламаларына сәйкес, арнайы сынып жағдайында іске асады.

Оқытудағы ұсынымдар

  • Негізгі мектепте оқыту мерзімінің 1 жылға артуына байланысты жалпы білім беретін бағдарламалар мазмұны оқушылардың ерекшелігі ескеріле отырып, қайта бөлінеді және бейімделеді. Оқу процесінде жалпы білім беру оқулықтары, сонымен қатар, арнайы әзірленген дидактикалық материалдар (жұмыс дәптерлері), АКТ және оқушылардың танымдық мүмкіндігі ескерілген т.б. материалдар қолданылады.

Оқытудағы ұсынымдар

  • Псхикалық дамуы тежелген оқушылармен жұмыста оқу материалын оқытуда практикалық және ақыл-ес әрекетін алгоритмдеу әдісін қолдану арқылы үлкен табысқа қол жеткізуге болады. Сонымен қатар, ескертпелер, пиктограммалар, технологиялық карталар және т.б. қолдану да пайдалы. Жоғары оқу уәждемесін қолдау үшін оқушыларда өзіне деген сенімділік және барабар өзін-өзі бағалау қалыптастыруда педагог оқыту процесінде әр баланы табысты жағдаймен қамтамасыз етуі қажет. Оқуға тұрақты уәждемені қалыптастыру балалар жетістігін ерекше түрде ұйымдасқан бағалауға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет