Referen
ces
1 United Nations Educational, Scientifi c and
Cultural Organization. “Public Service Broadcast-
ing. http://portal.unesco.org/ci/en/ev.php-URL_
ID=1525&URL_DO=DO_TOPIC&URL_SEC-
TION=201.html. Nov. 8, 2012.
2 Mutter, Alan D. “The incredible shrinking
newspaper audience”. Refl ec tions of a Newsosaur
(blog). http://newsosaur.blogspot.com/. Oct. 15,
2012.
3 Mutter, Alan D. “Print ads fell 25x faster
than digital grew.” Refl ections of a Newsosaur
(blog). http://newsosaur.blogspot.com/. Sept. 10,
2012.
4 Mutter, Alan D. “Newspaper job cuts surged
30% in 2011.” Refl ections of a Newsosaur (blog).
http://newsosaur.blogspot.com/. Dec. 19, 2011.
5 Downie, Leonard Jr. “The Future of Jour-
nalism.” http://youtu.be/JYtOKnk5fi w. July 10,
2009.
6 YouTube directories at http://www.youtube.
com/education?b=400 and at http://www.youtube.
Ken Harvey
167
ISSN 1563-0242 KazNU Bulletin. Journalism series. №2 (32). 2012
com/education_channels?level=higher_education.
Oct. 15, 2012.
7 Rose, David S.; Fisch, Karl; and McLeod,
Scott. “Did you know? 2011.” http://youtu.
be/0JaDiBiAnv8. Dec. 3, 2011.
8 “Wikipedia,” http://en.wikipedia.org/wiki/
Wikipedia. Nov. 3, 2012.
9 Wales, Jimmy. “Jimmy Wales on the birth
of Wikipedia.” http://www.ted.com/talks/jimmy_
wales_on_the_birth_of_wikipedia.html. July 2005.
10 Rogers TV. “Experience that lasts a life-
time.” http://www.rogerstv.com/page.aspx
?rid=-
16&lid=199. Nov. 3, 2012.
Кен Харви
Mемлекеттік телерадиохабарлардың экономикалық қиындықтарға ұшырауы
Көптеген елдердің мемлекеттік телевизиясы үкіметтік емес ұйымдар мен жеке телекөрермендердің көмек беруімен ғана
емес, сонымен қатар үкіметтік гранттардың жəне салықтардың нəтижесінде қаржыландырылады. Экономиканың құлдырауына
байланысты америкалық үкімет бұқараға қызмет көрсетуші теледидарды қысқарту жөнінде мəселе көтеруде. Осы мəселені
қалай шешуге болады? Автордың айтуы бойынша оның шешімі бар. Мақалада ол бұқараға қызмет көрсетуші өзінің веб-
сайтын көрсетеді.
Түйін сөздер: телевизиялық экономика, коммуналдық қызмет көрсетуші телевизия, интернет арқылы қаржыландырушы
- ақысыз бейне көрсетілім.
Кен Харви
Государственное телерадиовещание сталкивается с экономическими трудностями
Государственное телевидение финансируется во многих странах правительственными грантами и налогами, наряду с
пожертвованиями от НПО и отдельных зрителей. Но из-за экономического спада американское правительство рассматривает
устранение ТВ коммунального обслуживания. Есть ли решение? Статья подтверждает, что есть. Это Интернет, куда
коммерческие СМИ постепенно двигаются. Автор демонстрирует это собственным типовым веб-сайтом для видео
коммунального обслуживания.
Ключевые слова: телевизионная экономика, телевидение коммунального обслуживания, финансирующая интернет-
бесплатное видео.
Телевизиядағы кері байланыс процесі
168
ҚазҰУ хабаршысы. Журналистика сериясы. №2 (32). 2012
ƏОЖ 654.197
Қ.Ж. Тұрсын
Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.
E-mail: Kudaibergen51@mail.ru
Телевизиядағы кері байланыс процесі
Аңдатпа. Мақалада əлемдік ғалымдардың телевизиядағы кері байланыс процестері туралы
мəліметтері келтірілген. Автор осы ғылыми-зерттеуінде күні бүгінге дейін ғалымдар арасында талас
тудырып отырған коммуникациялық процестің кейбір қырларына тоқталып, осы бағыттағы өзінің
ой-пікірлерін ұсынады.
Түйін сөздер: байланыс процесі, идея, информация, коммуникатор.
Өркениетті əлемдегі техникалық əрі шығар-
ма шылық жетістіктің ертелі-кеш отандық
телеарналарға да жетері даусыз. Сол кезеңде қай
телекомпанияның, не арнаның хабарларының са-
пасы жоғары, не төмен деген пікір де айтылмай-
ды, баға да берілмейді. Нəтижені əлгі есептегіш
шешеді. Қай арнаны қанша уақыт көрсе, соған
тиесілі ақысын көрермен ай сайын төлейді.
Хабары көңілден шығып жатқан телекомпа-
ния соған лайық байып, қалтасы қалыңдаса,
ал ешкімнің назарын аудармағаны күнкөрістен
қағылып, амалсыздан жабылады, не болма-
са жаңа ізденіспен жұмыс сапасын жақсартуға
кіріседі.
Теледидар – бүгінгі өміріміздің, қоғамы-
мыздың айнасы. Алайда отандық теларналар-
дың көш басшысы болып отырған Қазақ теле-
дидары бүгінгі құбылысымызды өз бояуымен
көрсетіп отыр ма? Амал не, тек бетінен қалқып
ғана өте шығады. Күн сайын сан бағытта
көрсетіліп жатқан телехабарларға тереңдік,
байыптылық, жүйелілік жетіспейді. Саясат,
экономика жағы мүлдем ақсаулы, қоғамдық
қозғалыстар мен саяси партиялардың бүгінгі
тіршілікке, хал-ахуалға көзқарасы мен пікірлері
берілмейді. Ел аумағында бəрі де ойдағыдай,
бəрі де экономикалық дағдарыстан шығар жолды
тек үкіметтік бағдарлама деп түсінетіндей етіп
көрсетіп, сондай көзқарасты қалыптастырғысы
келетінін қайтерсіз?! Проблемалық деген
телехабарлардың өзегінде əлеуметтік зерт-
теу, саралап зерделеу жоқ. Демек, хабарларда
көрерменге жылтыр сөз бен жалаң көріністер
ғана көрсетіліп, жауырды жаба тоқу байқалуда.
Өзіндік бағыт-бағдары мен айтары бар эконо-
мистер, философтар, саясаттанушылар, депу-
таттар сөз алып, өз ойларын ашық ортаға салып
жатса, мұнан хабар ашылып, мəн-мазмұны да
байымас па еді? Баяғы тоталитарлық кездегідей
тақырыпты тарылтып көпке белгілі жайтты
қайталаудан əріге аспайтын сұхбат-əңгімелердің
кімге керегі бар?! Қалың көрерменді елең еткізіп
салиқалы ойға жетелер хабарлар аса сирек.
Демек, күн сайын сан-салалы бағыттағы
телеарналардағы сағаттап берілетін ақпараттар
ағынынан аларың шамалы. Бүгінгідей аса
қымбат уақыттың əр минуты табыс-бизнес-
ке айналып отырғанда соның бəрін ерінбей-
жалықпай көрер адам табыла қояр ма екен?! Қай
кезеңде де экрандағы хабар неғұрлым жедел əрі
қысқалығымен ұтады. Ол көрерменге оқиғаның
ізін ала жетіп жатса, қане?! Бұл орайда отандық
телеарналарға тағы да Ресей теледидарларының
жаңалықтарын еріксіз үлгі етуге тура келеді.
Қандай ғажап, əрі қысқа, əрі нұсқа. Хабарлары
тартымды əрі сонылығымен ғана емес, көптің
көкейіндегісін жеткізуімен де құнды.
Бүгінде елдегі демократияның өрістілігі мен
өміршеңдігін де ақпараттың сан алуандығы əрі
шыншылдығымен бағалайтын заман. Демек,
ақпарат неғұрлым мол əрі жан-жақты болған
сайын, демократияның өркен жаюы да жедел-
Қ.Ж. Тұрсын 169
ISSN 1563-0242 KazNU Bulletin. Journalism series. №2 (32). 2012
дей түседі. Бірақ ақпарат соншалықты көп
екен деп, оны елдің беделін түсіруге, ұлттар
арасындағы татулыққа сына қағуға, біреуді
орынсыз даттауға не асыра мақтауға, жөн-
жосықсыз насихат құралына айналдыруға тағы
да болмайды. Сондықтан бүгінгі таңда отандық
қай журналист болмасын еліміздегі қоғамдық
келісімнің бұзылмауын, саяси тұрақтылықтың
беки түскенін қалайды. Олардың əрбірі
тəуелсіздігіміздің қадір-қасиетін өскелең ұрпақ
санасына сіңірудің қаншалықты маңызды екенін
түсінеді. Елдегі əлеуметтік-экономикалық ре-
формалар барысын журналистер қауымы ба-
рынша талдап, күңгейі мен көлеңкелі жағын
қатар көрсетіп отырады. Соған орай қоғамдағы
əрбір өзгерісті қалт жібермей, ұдайы ортасында
жүретін журналистер белсенділігі биіктемесе,
еш уақыт төмендемек емес.
Бүгінгі таңда елімізде БАҚ-тың ырғақты
дамуын қамтамасыз етудің нақты қадамдары
қолға алынуда. Соның бір дəлелі – қосымша құн
салығы бойынша жеңілдіктің мерзімі ұзартылып,
мемлекеттік тапсырыстарды орындайтын БАҚ-
тың ел көлеміндегі таралу ауқымының кеңеюі.
Мемлекеттік тілде хабар тарататын теле-радио
компанияларын үкімет тарапынан қаржылай
қолдау жасау жаңа арнаға түсті.
Қай кезеңде де жаңа мыңжылдықтың
табалдырығын тəуелсіз елдің патриоттары
ретінде аттаған тележурналистердің иығына
үлкен жауапкершілік артылады. Бұл, алдымен,
мемлекеттің ішкі тұрақтылығын, сонан соң
ақпарат қауіпсіздігін сақтауға қатысты өрбиді.
Мұның қай-қайсысы да бір-бірінен бөле-жара
қарауға болмайтын маңызды мəселе екенін
журналистер жақсы біледі. Сол себептен де
еліміздегі мемлекеттік не тəуелсіз болсын, əр
БАҚ-тың алдында халықтың қоғам мен билікке,
баспасөз бен оның өкіліне сенімін қалыптастыра
отырып арттыру міндеті тұруы тиіс. Сенім жоқ
жерде ештеңе болуы мүмкін емес. Қытайдың
ұлы ойшылы Конфуций: ”Қолыңызда əскер,
азық-түлік, сенім үшеуі қатар тұрса, алдымен,
қайсысын алып тастар едіңіз?” деген сауалға
“Алдымен, əскерді, сонан соң азық-түлікті алып
тастар едім” депті. Ал сенімді сақтап қалатынын
айтқан. Бұдан ұлы ойшылдың не айтқысы
келгенін түсіну аса қиын емес.
Мемлекетіміз нығайып, шаңырағын көте-
ріп, аяғынан нық тұрып, дүниежүзілік қауым-
дас тыққа толық араласып отырған он алты
жылда Қазақстан БАҚ-ының ежелден келе
жатқан игі дəстүрлері осы кезең аралығында
тек сақталып ғана қалған жоқ, нығайды,
күшейді, өрістеді, дамыды. Сонымен бірге ол
жаңаша бағытта, жаңа бір сипат ала бастады.
Бостандыққа негізделген мемлекетіміздің жаңа
ақпараттық кеңістігі қалыптасты. Бірақ бұл бір
рет орнығып қозғалмай қалатын құбылыс емес.
Оның үнемі өзгеріп, дамып отыруы заңдылық.
Еркін ұрпақпен бірге, еркін сөз, еркін ой, пікір
айта алатын жүзі жарқын, сөзі батыл журналис-
тер легі қоғамға мейлінше араласа алса – ол да
тікелей сөз бостандығының нəтижесі.
Қазіргі таңда еліміздегі БАҚ демократиялық
қоғам кезеңіндегі жүрер жолын айқындаған
биік дəрежеге көтерілді. Шын мəнінде БАҚ
ресми емес “төртінші билік” деп танылады.
Əсіресе мемлекеттік емес, яғни тəуелсіз теле-
арналар мен басылымдар саны қазір Қазақстан
аумағында Орталық Азияның бізден басқа төрт
мемлекетіндегі
БАҚ-тарын
қосқандағыдан
əлдеқайда артып отыр. Қазақстан бұл бағытта
да тек көршілер емес, ТМД елдерінің ішінде
алғашқылардың бірі болып тəуелсіз БАҚ-қа
еркіндік, құқықтық жағдай туғызып, олардың
кең таралымдылығына мүмкіндік берді. 1992
жылдың қазан айында Алматыда ЮНЕСКО мен
Қазақстан Үкіметі бірлесіп өткізген тəуелсіз
баспасөз ақпарат құралдарының халықаралық
конференциясына дүниежүзінің елдерінен 160-
тан астам телерадиокомпаниялар мен əйгілі га-
зет-журналдар редакцияларының, баспалардың
өкілдері қатынасқан, Алматы Декларация-
сы қабылданды. Тəуелсіз БАҚ-тың ешқандай
шектеусіз, цензурасыз заң жүзінде тіркеліп,
баспасөз рыногына араласуы – демократиялық
мемлекеттің ең көрнекті көрсеткіші. Мемлекет
өз тарапынан бұл бағытта аз жұмыс жасаған
жоқ. Құрылтайшылардың құқықтары жеткілікті
БАҚ-тың өмір сүруін қамтамасыз ететін заңдар
да жұмыс істейді. БАҚ-тар кейде сол заңдардың
өзіне риза болмай жатады. Заң ешқашан белгілі
бір топ немесе саланың ғана мүддесін қорғау
үшін жасалмайды. Заң қашан да халықтың,
мемлекеттің мүддесін қорғауға міндетті.
Журналист мейлінше шыншыл жəне əділ
болу арқылы ғана жұртшылық сеніміне енеді.
БАҚ-тар мен журналистер өз материалдарының
кейіпкерлерін өзгелердің пікіріне төзімді болуға
Телевизиядағы кері байланыс процесі
170
ҚазҰУ хабаршысы. Журналистика сериясы. №2 (32). 2012
үйрете жəне талап ете отырып, бірінші кезек-
те өздері үлгі көрсетсе, БАҚ туралы заң тиісті
мемлекеттік органдар олармен санасып, сыни
материалдарға соған сəйкесті жауап қайтару
үшін құқықтық қатынасқа да ықпал ете алар
еді. Жазатын қауымның өзінің жауапкершілігі
басты кезектегі мəселе. Биліктің бірде-бір
тармағының, лауазым иесінің билікке моно-
полиялы құқығының болмайтыны тəрізді, ол
құқық бірде-бір олигарх бен бірде-бір сая-
си топта да болмауға тиіс. Журналистердің де
басылымның немесе эфир сөзін монополиялай
алмайтыны табиғи жайт. Біз сөз бостандығында
көп нəрсеге көз жеткіздік, ол жетістікті тек
дұрыс пайдалана білгенде ғана сөз бостандығын
сақтап қала аламыз. Саяси мəдениет пен əділ,
орынды сын болғанда ғана біз демократиялық
құндылықтарымызды одан əрі дамыта аламыз.
Жарты ғасырға жуық мерзім ішінде Қазақ
теледидарының қол жеткізген тамаша табыста-
ры да мол, олқы соғып, кем түсіп, жоғалтқандары
да жетерлік. Осы мерзім аралығында теледидар
елеулі өзгеріске түсіп, түрлі реңге еніп, көптеген
отандық, жақын шетелдің телекомпанияларына
көп жағынан үлгі бола білді. Егемендік елестен
шындыққа айналған кезеңде отандық теледи-
дар шын мəнінде плюралистік бағытқа қадам
баса түсті. Елімізде бүгінде мемлекеттік жəне
мемлекеттік емес спутник арқылы метрлік,
дециметрлік толқында хабарлар тарататын жүйе
бар.
Телехабарлар да түрлі формалар мен пішін-
дерге ене отырып, оларға деген монополиялық
позиция əлсіреп, мемлекет пен мемлекеттік
емес хабар тарату құрылымдарының өзі де
едəуір өзгеріске түсті. Осындай аумалы-төкпелі
ситуациялық жағдайда, көпшілігінде көрермен
ұтысқа шығып жатса да, алайда олардың
жоғалтатындары да аз болмайды. Бұған теле-
экраннан күн санап өтіп жатқан хабарлар легін
байқау, саралау барысында көз жеткізуге болады.
Алдымен, отандық теледидардың табыстары
мен жоғалтқандарына талдау жасап, баға беру
үшін теледидар төңірегіндегі бүгінгі таңдағы
шешімін табуға тиісті негізгі проблемаларға на-
зар аударған жөн болып табылады. Электронды
ақпарат құралдарына қысқа əрі нұсқа да болса,
дəл əрі орнықты пікірді ағылшын лорды, Би-би-
си компаниясының тұңғыш бас директоры Джон
Рейт берген еді. Ол хабар тарату саясатынан –
“хабарлау, ағарту, көңіл-көтеру” секілді үш негізгі
принципті бөліп алды əрі олар бүгінгі күні де
радио мен теледидарға айқындаушы əрі бағыт
беруші ретінде қалып отыр. Егер осы үш бағыт
жайлы айтқанда, соның ішіндегі хабарлау са-
ласында теледидардың қызғылықты, оперативті,
тартымды, көппланды, ауқымды бола түсіп,
оның көзқарас, пікірге кең жол ашқандағын атап
айтуға тиіспіз. Экраннан республика өмірінің
ішкі тыныс-тіршілігін беруде түбірлі өзгеріс
пайда болып, ол күнделікті жаңалықтардың ал-
тын арқауына айналды. Кеңестік заманда теле-
дидар тəжірибесінде ішкі саясат аз берілетін де,
оның орнына халықаралық өмірге орын молдау
беріліп əрі ол көпшілігінде біржақты позиция
ұстанып, капиталистік жүйені құбыжық етуге
бағытталатын.
Қазақ теледидарының ақпараттық палит-
радағы байлығын сөз жоқ, жетістік ретінде
бағалау лазым. Шын мəнінде, біздің отандық те-
ледидарлар əлемдік ақпарат кеңістігіне еніп, бір
мезгілде маңызды əлемдік жаңалықтарды өзге
елдердің телевизиялық орталықтарымен қатар
беруінде. Мұның өзі отандық теледидардың
ғаламдасу кезеңінде ақпараттарды бұрынғыдан
да ғөрі тиімді, қызғылықты əрі мəнерлі
жасауға ұмтылысынан танылады. Алыс жақын
шетелдердегі тілшілердің тірек пунктері ұл-
ға йып, олардың əлемдік Си-эн-эн, Би-би-
си жəне өзге де спутниктік арналарға еркін
түрде кірігулеріне жол ашылып отыр. Одан
бөлек, жеке жазылушылар үшін үйдегі антенна
арқылы спутниктік хабар таратуға шығуға да
мүмкіндік бар. Бүгінде республиканың көптеген
қалаларында спутниктік жəне кабельдік теледи-
дар арқылы əлденеше ондаған, жүздеген арнаны
көруге жағдай бар. Мұның өзі көрермендердің
өзіне
қажетті
түрлі
ақпараттарды
алу
мүмкіндігінің бар екендігін көрсетіп отыр. Əрі
əлемдік саясаткерлер мен қоғам қайраткерлерінің
сұқбаттары мен əңгімелерін тыңдап, көру де
əлемде не болып жатқанын тікелей бағамдап,
байқауға мүмкіндік береді.
Сонымен, бірлікте біздің ақпараттық қыз-
метіміз де халықаралық журналистикада үл-
кен қиындықтарға кезігіп отыр. Əлемдік жур-
налистикаға талдау мен баға беру дəрежесі де
өз мүмкіндігінен əлдеқайда төмен. Шолушылар
халықаралық тақырыпқа баға беру кезінде елеулі
қателіктер жіберіп жатады. Алайда осыған
қарамастан Қазақстан теледидары ақпарат
қызметі саласында елеулі табыстарға қол
Қ.Ж. Тұрсын 171
ISSN 1563-0242 KazNU Bulletin. Journalism series. №2 (32). 2012
жеткізді. Мəселен, теледидардағы екінші аспект
– көңіл-көтеру бағытындағы бағдарламаларды
алып қарайық. Бұл бағытта бағдарламалар
саны өсіп, олардың пішіндері недəуір өзгеріске
түсуде. Өткен он алты жыл көлемінде, негізінен,
шетелдік, алдымен, америкалық, бразилиялық,
мексикандық
сериалдарды
тамашаладық.
Егер көпшілік мəдениеттің өз классикасы
барын ескерсек, онда біз əлемге əйгілі лен-
талар мен эстрадалық бағдарламалармен
сусындағанымызды да атап өткеніміз жөн бо-
лып табылады. Бұл біздің əлемдік мəдениет
кеңістігінен
молынан
қанығуымызға
да
даңғыл жол ашты. Сонымен бір қатарда
көңіл-көтерушілік бағыттағы бағдарламалар
өз кемшіліктерімен келіп, төрімізден бір-
ақ шықты. Оған көркемдік дəрежесі төмен,
зорлық-зомбылық пен эротикалық бағыттағы
фильмдерді қосқан орынды. Көпшілік өнім, со-
лай етіп, өзінің əрі плюсі əрі минусымен қатар,
əрі қат-қабат бірлікте көрермен аудиториясына
ентелей келді.
Соңғы кезеңде көпшілік мəдениетте қазақ-
стандық үлгінің өзгеше көрініс беруі байқалуда.
Осы тенденция телевидение мен кинода да ашық
байқалуда. Табыстармен бірлікте аса мəнді
минус – көңіл-көтерушілік бағдарламаларда
тұр пайы лықтың пайда болғандығы. Ол көрер-
мендердің сана-сезімі мен олардың қа был-
дауларында əдепсіздік пен кейіпсіздікті туын-
датып отыр. Əрі оған Ресей арналарындағыдай
қарсы қоятын “Культура” секілді арнамыз тағы
жоқ. Егер осындай арна болған жағдайда, онда
отандық теледидар екі себеппен зор нəтижеге қол
жеткізген болар еді: біріншіден, көрермендерге
ұсынылатын бағдарламалар өнімінің дəрежесін
көтеруге, ал екіншіден, мемлекет есебінен осы
сынды бағдарламаларды жүйелі əрі қажетті
мөлшерде қаржыландыруға. Осы бағытта келе-
шекте ойланатын мəселе, ол қоғамдық немесе
қоғамдық-құқықтық стандартқа сай жаңа арна
құру мəселесі. Осы арнаның өмірге келуі екі
фактордың əсерімен күйреген жəне əлі де күйреп
жатқан: коммерциялық арналарда үстемдікке ие
болып отырған көпшілік мəдениет жəне жар-
наманы көркемдік тəрбие бағытында өнімді
жұмыс жасатуымызға аз да болса септігін тигізер
еді.
Кеңестік жүйе кезеңінде теледидарда ағар-
ту шылық, оқулық жəне ғылыми-көпшілік
бағыттағы бағдарламалар саны мол болатын
əрі олар теледидардан жүйелі түрде, үзбей
көрсетіліп тұратын. Бүгінде “Қазақстан ұлттық
арнасы” мен “Хабар” агенттігі не өзге арналар-
да ағартушылық бағыттағы бағдарламалар не-
кен саяқ, не жоққа тəн. Бүгінде ұрпақ пен қоғам
мəдени апаттың шегіне келді. Теледидардағы
осы зор шығынның орнын болашақта ешбір
нəрсемен де жабуға болмайтындығын бүгін
түсінбесек, ертең кеш болады. ХХІ ғасыр тарихқа
осы бағыттағы Қазақстан теледидарларының
ең бір қайғылы беттері болып жазылуы əбден
мүмкін. Сондықтан мол дəстүрі мен тəрбиеде
орасан зор арсеналы бар халық үшін “Еларна”
негізінде “Мəдениет жəне білім беру” арнасын
құрып, екіншіден “Хабар” агенттігінің негізінде
“Қоғамдық теледидар” құру мəселесін Парла-
мент алдына мəселе етіп қойған жөн болып та-
былады.
Табыстарымыз жайлы ауыз толтырып айт-
қанмен, уыстан шығарып алған не əлі де болса
қол жетпеген проблемалар теледидар саласында
жеткілікті. Егер біз телехабарларымызды өзге
дамыған индустриалдық елдердің хабарлары-
мен салыстырар болсақ, онда біздің көзімізге екі
аспектідегі кемшілік қатар түседі, ол кабельдік
жəне спутниктік тележүйе. Кабельдік телеви-
дение – бұл тұрғын үй массивтерін қамтитын,
əрі соларға қызмет көрсететін кабельдік жүйе.
Алайда бірде-бір кабельдік тележүйенің рес-
публика не облыстық деңгейдегі жүйелі
тақырыптық бағдарламасы бізде əлі күнге дейін
жоқ. Оған қосымша, бүгінде шетелдік телеха-
барлар таратудың негізгі үлес салмағы метрлік
əлде дециметрлік диапазондарға емес, негізінен
жаңалықтарды хабарлайтын Си-эн-эн не киноны
көрсететін Хоум Бокс Оффис əлде музыкалық
Эм-ти-ви секілді арналар бағдарламалары
кабельдік не спутниктік жүйе арқылы тара-
тылуда. Осы бағдарламалар көрермендердің
жеке талап-тілегіне сай көрсетілуде. Кабельдік
телехабар тарату жүйесі құрылымы жағынан
журналдық баспа өнімінің құрылымына сай кел-
се де, ол бізде күні бүгінге дейін тұрақтылыққа
айналған жоқ. Отандық инвесторлар болашақта
қайтарым беретін кабельдік телевидениеге
қаржыларын салудан тайсақтайды. Осыдан
келіп біздің əлемдік стандарттан техникалық
жəне программалық жағынан кейін қалуымыз
сезілуде. Біздің көрермендер: телевизиялық
қажеттілікте метрлік жəне дециметрлік диапа-
зонмен шектеліп əрі қаржының тапшылығынан
Телевизиядағы кері байланыс процесі
172
ҚазҰУ хабаршысы. Журналистика сериясы. №2 (32). 2012
да шетел арналарын көрсететін спутниктік
каналдарға еркін түрде қол жеткізе алмай отыр.
Біз жоғалтқандарымыз қатарында техника-
лық жəне қаржылық проблемаларды атап
көрсеткенмен, олардан əсте де кем емес
мəнді кезеңді атап айтуға тиістіміз. Бүгінде
Қазақстан теледидары егемендік лебімен
бірге аса саясиланған жəне түрлі өкіметтік
əрі корпоративтік құрылымдар ықпал ететін
жағдайға душар болған. Соған орай азаматтық
қоғамның ықпал ету аймағының азаюы өз
кезегінде дабылды шаққа жетіп отыр. Кезінде
саяси тапсырма кеңестік теледидарды құртуға
дейін алып келді.Телекиллерлер теледидарға
деген сенімді өлтіруге дейін алып келіп, сөз
бостандығы идеясының беделін түсіруде. Осы
кезеңде аудиторияның телекомпания басшылары-
нан əрі телевизиялық қауымдастықтан, кеңестік
кезеңнен қалған саясиландыруды жəне өкіметтік
құрылым мен корпоративтік құрылымдардың
жаңа бағыт алған қысымшылығын жеңуді талап
етулері орынды.
Өткен ғасырдың 80-жылдарының орта
шенінде қоғамда жариялылық пен қайта құру
басталды. Сол кезеңде телевизия қызмет-
керлерінің “бізге еркіндікті берді, алайда ол
бағытта не істеу керектігін айтқан жоқ…” де-
ген сөзінде үлкен мəн бар. Алайда теледидар
қай кезеңде де қоғам мен оның даму перспек-
тивасын өзінің күнделікті сюжеттері мен хабар-
ларында тайға таңба басқандай етіп көрсетпеп
пе еді? Сол кезеңнің өзінде де телевизиялық
бағдарламалар сан-саладан қоғамның даму
процесі мен кемшін тұстарын аяусыз сын тезіне
алып жатты. Алғашқы кезеңде отандық теле-
видение өзінің коммуникациялық табиғатына
сай орталықтандырылған жүйеде дамып,
ол процесс тар шеңбердегі партиялық талап
құқығынан шығып кете алмады. Тоталитарлық
мемлекетте субъективті қондырғылар қандай
да бір уақытқа сан жағынан өсу (аудитория
мен материалдық-техникалық база) жəне сапа
жағынан көрсеткішке (ұнамды бағдарламалар,
кəсіби шеберлікті жетілдіру) ыңғайласа білді.
Теледидар – қоғамдық жүйе, ол социум
заңымен өмір сүреді, сондықтан осы процесс
қай кезеңде де барлық қоғам үшін актуаль-
ды. Ал күнделікті өмір ағымын қалт жібермей
қадағалап, соған дер кезінде үн қосып отырған
отандық телеарналар үшін бұл қашан да
бұлжымас заң.
Достарыңызбен бөлісу: |