Issn 1563-0242 Индекс 75869



Pdf көрінісі
бет23/28
Дата03.03.2017
өлшемі3,9 Mb.
#5513
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28

Литература
1  Книговедение.  Энциклопедический  сло-
варь. – М., 1982 – С.193.
2 Сто великих сокровищ / Н.А. Ионина. Ро-
зеттский камень. – М., 2007. – С. 19.
3 100 великих книг / Ю.А. Абрамов, В.Н. Де-
мин. – М., 2007. – С. 5.

Курс  
«Отечественное и зарубежное издательское дело»: материалы к лекциям  
186
Вестник КазНУ.  Серия журналистика. №2 (32). 2012
4 Редакторская подготовка изданий: учебник 
/ под ред. С.Г. Антоновой. – М.: Логос, 2004. – 
С. 33.
5  История  книги:  учебник / под  редакцией 
А.А. Говорова и Т.Г. Куприяновой. – М.: Инсти-
тут открытого образования МГУП, 2001.
Л.И. Мухамадиева
Баспа ісі бойынша білім беру пəндері жүйесіндегі «отандық жəне шетелдік баспа ісі» курсы
Мақала  отандық  жəне  шетелдік  баспа  ісіндегі  маңызды  мəселелерге  арналған.  Автор  баспа  жүйесіндегі  білім  беру 
пəндерінің құрамына кіретін  «Отандық жəне шетелдік баспа ісі» курсы бойынша баспа ісінің тарихын, қағидаларын,  қоғамда 
алатын орны мен кітап өндірісі технологиясының ерекшеліктері мен мəселелерін жəне пəннің болашақтағы мүмкіндіктерін 
талдайды.  
Түйін сөздер: баспагер, редактор, кітап шығару, басуға дейінгі үдеріс, баспа ісі, баспа.
L.I. Mukhamadiyeva
The course «Domestic and Foreign Publishing»: materials to lectures
The article is devoted to substantial problems of the course on domestic and foreign publishing. The author studies history, the 
principles of development, a place in society and feature of the production technology of the book, and also analyzes problems and 
perspective opportunities of the course "Domestic and Foreign Publishing" in system of publishing education.
Keywords: publisher, editor, book publishing, prepress book, publishing, publishing house.

М.Ж. Майлықұтова
187
ISSN 1563-0242                                                KazNU Bulletin. Journalism series. №2 (32). 2012                  
ƏОЖ 655.4
М.Ж. Майлықұтова
Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.
E-mail: MM1210@ mail.ru
Қазақстандағы салалық баспалар: кеше жəне бүгін 
Аңдатпа.  Мақалада  қазіргі  Қазақстан  кітап  басу  ісінің  негізгі  проблемаларының  бірі,  отандық 
салалық баспалардың ерекшелігі зерттеледі. Автор алғашқы салалық баспалардың қалыптасуы мен 
дамуының  тарихи  қырларын  қарастыра  келіп,    салалық  баспалардың  қазіргі  жағдайымен  даму 
бағыттарына тоқталады. Автор салалық басылымдарға деген сұраныстың өсуіне назар аударады.
Түйін cөздер: салалық баспа, мемлекеттік баспа, баспа өнімдері,  кітап басу ісі.
Салалық  баспалар – бүгінгі  кітап  басу  ісінің 
негізгі тұтқасы іспетті. Салалық баспа – білімнің 
жəне (немесе) іс жүзіндегі қызметтің белгілі бір 
саласына мазмұны жағынан катысты құжаттармен 
жұмыс  істейтін  баспа.  Жекелеген  баспалардың 
көбісі  бүгінгі  таңда  аса  қажетті  кітап  шығару 
жолында  салалық  кітап  шығару  ісімен  айналы-
сып келеді. Қазақстанда салалық баспалар өткен 
ғасырдан бері белгілі. Ал қазір де нарықтық эко-
номика қыспағына қарамастан, өскен, дамыған. 
ХІХ  ғасырдың  соңы  мен  ХХ  ғасырдың  ба-
сында  баспалар  акционерлік  қоғам  түрінде 
құрылып,  өз  ішінен  кітап,  газет-журнал  баспа-
ларына  жіктеле  бастады.  Бұл  кезеңде  баспа 
мен  баспахана  екеуі  біртұтас  болды.  Кітаптар 
баспахананың  өзінде  дайындалып,  басылып 
шықты. Қазақ тілінде кітап шығару ісінің тари-
хы 1800 жылы Қазан қаласында ашылған бірінші 
Азиялық баспаханадан басталады.
1809  жылы  Қазан  университетінде  баспа 
ашылады. XIX ғасырда  Қазан  қаласы  Орта 
Азия  жəне  Қазақстан  халықтарының  мəдени-
ғылыми  мұраларын  жинап,  зерттейтін,  жарыққа 
шығаратын  орталыққа  айналды.  Сонымен  қатар 
XIX  ғасырдың 2-жартысында  Орынбор,  Уфа, 
Ташкент,  Санкт-Петербург,  Троицк,  Астрахань 
қалаларында да қазақша кітаптар шығаратын бас-
палар құрылды. Бұлардың ішінде “Ағайынды Ка-
римовтар”, “Шарқ”, “Тұрмыш”, “Умид”, “Урнəк”, 
т.б.  баспалардың  рөлі  ерекше  болды.  Қазақ 
тіліндегі тұңғыш кітап – Қазан гимназиясы баспа-
ханасы шы ғарған “Сейфүл-мəлік” қиссасы (1807). 
1851  ж.  Қадырғали  Жалаиридің  “Джами-ат-
тауарих”,  Ы.  Алтынсариннің  “Қырғыз  хрес-
то матиясы” (1879), “Қамбар  туралы  поэ-
ма” (1882), “Мұхаммед  Ханафия” (1882), 
“Қыз  Жібек” (1894), “Қозы  Көрпеш  хисса-
сы” (1890), ХХ    ғасырдың  басында  “Хис-
са  Біржан  сал  мен  Сара  қыздың  айтысқаны” 
(1900), “Хисса  Алпамыш” (1901), 1909 жылы 
А.  Құнанбаевтың  өлеңдер  жинағы, “Қазақтың 
айнасы” (1910), “Қазақша  əліппе” (1910), 
С. Көбеевтің “Қалың малы” (1913), т.б. кітаптар 
осы баспалардан шыққан. 1917 жылға дейін қазақ 
тілінде 700-ге жуық кітап басылды [1].
Қазан  төңкерісінен  кейін  кітап  басу  ісі 
бірден  мемлекет  иелігіне  алынды.  1917 жылы  
желтоқсан айында “Мемлекеттік баспа туралы” 
декрет    қабылданып,  баспа  ісін  қайта  құруға 
қажет  материалдық-техникалық  база  мен  кітап 
қорлары мемлекет пен халық меншігіне берілді. 
1917 жылдың аяғында БОАК-тың (Бүкілресей лік 
Орталық Атқару Комитетінің), Санкт-Петербург, 
Мəскеу  кеңестерінің  жанынан  Баспа  бөлімдері 
ашылды.  Ұлт  істері  жөніндегі  Халық  комис-
сариа ты (Ұлт халкомы) құрылды [2].
Оқу  халкомы  мен  Ұлт  халкомы  құрған 
Мұсылман  істері  жөніндегі  комиссариат 1918- 
1919  жылдары  баспа  жұмысын  басқарды.  Ұлт 
халкомында 11 бөлім мен комиссариаттар жұмыс 
істеді. 1918 жылы 12 мамырда  бұларға  қазақ 
бөлімі  қосылды. 1918 жылы  қараша  айында 

Қазақстандағы салалық баспалар: кеше жəне бүгін 
188
Вестник КазНУ.  Серия журналистика. №2 (32). 2012
өткен  мұсылман  коммунистердің  Бүкілресейлік 
І  сьезінде  мұсылмандық  ұйымдардың  Орталық 
бюросы сайланды. Бюро құрамына Қазақстаннан 
Сейтқали  Меңдешев  енгізілді.  Бюро  Орта 
Азия  мен  Қазақстан  халықтарының  тілдерінде 
əдебиеттер шығаруды қолға алды. Ол 1919 жылы 
күншығыс халықтары тілдерінде жеті млн жаңа 
газет,  кітапша  жəне  парақшалар  басып  тарат-
ты. 1924 жылға дейін Ұлт халкомы жанында екі 
бас па – батыс  жəне  шығыс  баспалары  жұмыс 
істеп  келді.  Шығыс  баспасын  Н.  Төреқұлов 
басқарды,  ал  осы  баспадағы  қазақ  тіліндегі 
əдебиеттер бөлімінің меңгерушісі Ə. Байділдин 
болды. 1924 жылы  мамырда  жоғарыдағы  екі 
баспаның  негізінде  КСРО  халықтарының 
Орталық  бас пасы  (Ортбас)  ұйымдастырылды. 
“КСРО  халықтарының  Орталық  баспасы  тура-
лы  Ереже” 1924 жылы 13 маусымда  бекітілді. 
Орталық баспамен қатар Түркістан мемлекеттік 
баспасы (Түркмембас) да қазақ тілінде кітаптар 
шығарып отырды. Ол 1920 жылы наурыз айын-
да Ташкентте құрылған болатын. “Түркмембас” 
Орта Азиядағы тұңғыш кітап баспасы еді. 1921 
жылы  осы  баспадан  қазақ  тілінде 680570 дана, 
өзбек  тілінде 2147850 дана,  түрікмен,  тəжік 
тілдерінде 233800 дана  кітап  басылып  шықты. 
Қазақстанда алғашқы кітап 1918 жылы басылып 
шықты. 1918 жылы қараша айында Ордада баспа 
жəне  аударма  бөлімдері  ашылды.  Бұл  бөлімдер 
“В.И.  Лениннің  Америка  жұмысшыларына  ха-
тын”, “РСФСР Конституциясын (Негізгі заңын)”, 
сол  жылы  Верныйда  (Алматыда)  РСДРП  (б) 
Жарғысы  мен  партия  бағдарламасын  шығарды. 
1920  жылы 3 қарашада  Қырғыз  (Қазақ)  АКСР 
ОАК-і  “Қазақ  мемлекеттік  баспасы  туралы  де-
крет” қабылдады. Сол жылғы 24 қарашада оның 
ережесі бекітілді. 1921 жылы тамызға дейін бұл 
баспа ОАК қарамағында болды. 1921 жылы 9 та-
мызда Оқу халкомы құрамында Мемлекеттік бас-
паны басқаратын Бас басқарма құрылды. Бұған 
қоса  осы  халкомда  арнаулы  ғылыми  бөлім – 
Академиялық орталық ұйымдастырылды. Орта-
лықтың  құрамында  ғылыми-əдеби  кеңес  бол-
ды, ол оқулықтар жасаумен, саяси əдебиеттерді 
тəржімалаумен айналысты [3].
Қазақстанда 1921-1922 жылдары 29 баспа-
хана, бір литография жұмыс істеді. Мемлекеттік 
баспа  (Госиздат)  бір  жылдың  ішінде  таралымы 
27  мың  дана 20 кітап  шығарды.  1931 жылы 
22  қазанда    Қазақ  өлкелік  партия  комитеті 
«Қазақстанда  баспа  ісін  қайта  құру  туралы» 
қаулысынан кейін мемлекеттік баспа “Қазақстан 
баспасы” (Казиздат)  болып  қайта  құрылды. 
Осы  жылдары  өз  алдына  Қазақ  техникалық 
баспасы  ұйымдастырылды. 1930 жылдан  Ре-
сей  Біріккен  мемлекеттік  баспасының  (ОГИЗ-
дің)  Өлкелік  бөлімшесі  өз  жұмысын  бастады. 
1931  жылғы 22 қазандағы  “Қазақстанда  баспа 
ісін  қайта  құру  туралы”  Қазақ  өлкелік  партия 
комитетінің  қаулысынан  кейін  Ресей  Біріккен 
мемлекеттік  баспасының  (ОГИЗ-дің)  Өлкелік 
бөлімшесі  жұмыс  істей  бастады. 1933 жылы 
«Қазақ  мемлекеттік  көркем  əдебиет  баспа-
сы  құрылып,  Қазақстан  Жазушылар  одағына 
қарады. 1941 ж. 26 қаңтарда  республикадағы 
барлық  кітап  баспалары  қосылып, «Қазақтың 
біріккен  мемлекеттік  баспасы»  құрылды. 1950 
жылы  қаңтарда  одан  «Қазақтың  мемлекеттік 
көркем əдебиет баспасы» бөлініп шығып, Қазақ 
ҚСР  Мəдениет  министірлігінің  қарамағына 
берілді.  Ол 1964 жылдан  «Жазушы»  баспасы 
аталып, Қазақ ҚСР Министірлер Кеңесінің баспа 
полиграфия жəне кітап саудасы істері жөніндегі 
мемлекеттік  комитетіне  қарады.  Құрамында 
проза мен поэзия, балалар мен жастар əдебиеті, 
музыка  мен  өнер  əдебиеті  бас  редакциялары 
болды. «Жазушы»  қазақ,  орыс,  ұйғыр,  корей, 
тілдерінде  көркем  əдебиет  шығармаларын, 
əдебиет зерттеулері мен көркем сын еңбектерін, 
музыка,  көркем  өнер  туындыларын,  альбом, 
буклет,  əдеби  календарь,  көремсуретті  открыт-
калар  жəне  «Жалын»  альманағын  шығарды. 
1971  жылдан  баспа  жоспарлаудың  жəне  эконо-
микалық  ынталандырудың  жаңа  тəртібіне 
көшіп,  жұмысты  шаруашылық  есеп  негізінде 
істеді.  Мысалы, 1971 жылы  бір  жыл  ішінде 
көлемі 3105 баспа табақ, жалпы таралымы 11,8 
млн-ға  жуық 362 кітап  басып  шығарды.  Баспа 
кітап басу ісіндегі зор жетістіктері үшін 1983 ж. 
«Халықтар достығы» орденімен марапатталады. 
Баспаға əр жылдары Ғ. Мүсірепов, Б. Кенжеба-
ев, І. Есенберлин, Ə. Жұмабаев, С. Мұратбеков, 
М.  Сқақбаев,  Қ.  Найманбаев,  Д.  Исабеков,  т.б. 
көрнекті  қаламгерлер  директор  болды. 1995 
жылдан бері баспаны белгілі ақын Е. Раушанов 
басқарады.  Баспа 1999 жылы  «Жауапкерші лігі 
шектеулі серіктестік» болып құрылды.
«Жазушы»  баспасы  қазақ  жəне  Қазақстан 
халықтарының əдебиеті мен өнерін насихат тауда, 
əдеби көркем шығармаларды жариялау мен тара-
туда  өлшеусіз  рөл  атқарады.  Классик  жазушы-
лар М. Əуезов, С. Мұқанов, Ғ. Мү сіреповтерден 
бастап  жас  ақын-жазушыларға  дейінгі  талантты 
есімдердің танылуы баспа атымен тікелей байла-

М.Ж. Майлықұтова
189
ISSN 1563-0242                                                KazNU Bulletin. Journalism series. №2 (32). 2012                  
нысты. Қазақ ауыз əдебиеті мен əлем халықтары 
əдебиетінің  ең  таңдаулы  үлгілері  жеке  кітаптар 
болып,  жоғары  полиграфиялық  сапамен  шығып 
тұрды. Осылайша, баспа жазушылардың шынайы 
шығармашылық ордасына айналды.
Ақын-жазушылар  кітаптар  жазып,  баспа 
авторы  болып  қана  қоймай,  көпшілігі  онда  ре-
дактор  болып  жұмыс  істеді.  Баспаның  қара 
шаңырағында  Қазақстан  баспагерлерінің  əл-
де неше  ұрпағы  өсіп-жетілді.  Ұзақ  жылдар 
Мемлекеттік  баспа  комитетінің  төрағасы  бо-
лып істеген Ш. Елеукеновтің сөзімен айтқанда: 
«Ол  кезде  көркем  баспалардың  редакторлық 
құрамы  негізінен  ақын,  жазушылар  тұратын. 
Редакция  портфеліндегі  жаңалықтарға  барын-
ша  түсінікпен  қарайтын  ынталы  баспагерлер 
тобы  өсіп  жетілді.  Əзірше  Кеңестік  кездегі 
кітап  жəне  кітап  ісі  тарихы  зерттеусіз  жатыр. 
Əйтпегенде, партиялық, цензорлық бақылаудың 
қатаң  құрсауына  тап  болса  да,  ақиқатын  айта-
тын қолжазбаны кітап етіп шығаруға батыл бел 
байлаған  ержүректілік  бұл  салада  ұшырасады» 
[3].  Бұл  айтылғандардың  «Жазушы»  баспасына 
тікелей  қатысы  бар.  Өйткені  дəл  сол  жылдары 
М.  Мағауин,  Қ.  Мырза  Əли,  Т.  Молдағалиев, 
С.  Жиенбаев,  Қ.  Жүмаділов,  С.  Иманасов, 
Ə. Са рай, О. Сəрсенбаев секілді жүздеген ақын, 
жазушылар  баспада  меңгеруші  редактор  болып 
қызмет етті.
Еліміздің  тəуелсіздік  алғаннан  кейін  баспа 
тарихының жаңа беті ашылды. 1995 жылдан бері 
баспаны белгілі ақын Е. Раушанов басқарды. Бас 
редакторы ақын Е. Дүйсенбайұлы. Бұрынғы 150 
адамның  жұмысын 25 адам, 50 редактордың 
жүгін 3 редактор қара нардай алға жылжытуда. 
Соған  қарамастан,  кітап  шығару  ісінің  сапасы 
мен  жауапкершілігі  байырғы,  дəстүрлі  қалпы-
нан  жоғарыламаса  кеміген  жоқ.  Отыз  адамдық 
ұжым  бір  ошақтың  айналасындағы  ынтымақты 
отбасындай,  берекелі  өмір  кешіп,  еңбек  ету-
де.  Соңғы  он  жылдан  бері  баспа  ұжымы  əдеби 
мұраларымызды насихаттап, жарыққа шығаруға 
ерекше  көңіл  бөліп  келеді.  Мəселен, «Халық 
ауыз  əдебиеті»  сериясымен  жоспарланған  жүз 
томдықтың  алғашқы 17 томы,  оның  ішінде 
алты  томдық  «Ертегілер»,  бес  томдық  «Халық 
əндері» шықты. Бұлардың бұрынғы кітаптардан 
артықшылығы – кеңестік  цензураның  қиып,  
қысқартып  тастаған  тұстары  түгелдей  қалпына 
келтірілуі. Сондай-ақ кеңестік дəуірде  шығаруға 
тыйым  салынған  Алаш  зиялыларының  кітап-
тары,  Кенесары  атына  байланысты  əдебиет-
тер, Нысанбай жырау, т.б. шығармалары жарық 
көрді. Мұнымен қатар Б. Майлин, І. Жансүгіров, 
С.  Сейфуллин,  т.б.  классиктеріміздің  көп 
томдық тарын  шығару  идеясын  алғашқы  болып 
көтерген де, сол игі істі бастап берген де «Жазу-
шы» баспасы болды.
Баспа  ұжымы  кəсіби  даярлығы  мол  шығар-
машылық  жəне  техникалық  топтардан  тұрады. 
Соңғы  бірнеше  жылдан  бері  қазақ,  орыс,  өзбек, 
ұйғыр, тəжік тілдерінде көркем əдебиетпен қатар 
оқулықтар  шығарумен  де  айналысады.  Олардың 
көркемдік,  танымдық,  ғылыми  мазмұны  мен 
жоғары  полиграфиялық  сапада  болуына  баса 
көңіл  бөлінеді.  Əйтсе  де  баспа  өзінің  атына  сай 
басты мақсаты – жаңа ғасырдағы əдеби үдерістің 
жанашыры  мен  ұйытқысы  болу,  əдебиетіміздің 
əлемдік деңгейдегі орнын биіктете түсуге талмай 
үлес қосу екенін жақсы ұғынып, осы жолда еңбек 
етіп келеді.
Біздің – жазушы  мен  баспагердің,  кітап 
таратушының  бірлесіп  атқарар  жұмысының 
діттейтін  мақсаты  талапшыл  оқырмандарымыз-
ға  идеялық-көркемдік  сапасы  биік,  əсем  поли-
графиялық  деңгейде  шығарылған  жаңашыл 
кітапты,  дос  пейілді  кітапты,  сыйлық  болар 
кітапты тарту етіп шығарып отыру болмақ.
Кейінгі жылдары баспа «Қазіргі қазақ проза-
сы», «Қазіргі қазақ поэзиясы», «Көркем əдебиет», 
т.б.  сериялармен  кітаптар  шығарып  келеді. 2005 
жылдан бастап «Мəдени мұра» бағдарламасымен 
жиырма томдық «Əлемдік философиялық мұра», 
он  томдық  «Əлемдік  мəдениеттану  ой-санасы» 
серияларының кітап тарын шығаруды қолға алып, 
алғашқы  өнімдерін  республика  кітапханалары-
ның қорына жөнелтіп те үлгерді.
Халықтың  ауыз  əдебиетінің  асыл  мұралары, 
жыраулық  əдебиеттің  үздік  үлгілері,  Абайдың, 
Жамбылдың  шығармалары  “Жазушы”  баспа-
сынан  сан  рет  басылып  шықты.  Əлем  əде-
биетінің  көптеген  классиктерінің  туындылары 
осы баспадан қазақ тіліне аударылып, рес публика 
оқырмандарының  рухани  қазынасына  айналды. 
Баспаның директоры болып əр жылдары Есенбер-
лин, Ə. Жұмабаев, Мұратбеков, М. Сқақбаев секілді 
өрнекті  жазушылар  қыз мет  істеді. 1976 жылы 
қаңтарда “Жазушы” баспасының балалар мен жа-
стар  əдебиеті  Бас  редакциясының  негізінде  жаңа 
əдеби бас па “Жалын” құрылды. “Жазушы” баспа-
сы 1999 жылы жауапкершілігі шектеулі серіктестік 
болып қайта құрылды.
Қазақ    баспа  ісінің  тарихында  салалық, 
оның  ішінде  анықтамалық-энциклопедиялық 
басылымдар шығарудың  маңызы зор екендігі 

Қазақстандағы салалық баспалар: кеше жəне бүгін 
190
Вестник КазНУ.  Серия журналистика. №2 (32). 2012
айтпаса  да  белгілі.  1968 жылы  “Қазақ  энци-
клопедиясы”  бас  редакциясы  аталатын  аса  ірі 
Баспа дүниеге келді. Өндірістік қуаты өте зор 
“Дəуір”  газет-журнал  баспасының  да  жұмыс 
қарқыны арта түсті.  «Қазақ энциклопедиясы» 
əмбебап  жəне  тақырыптық  (пəндік),  салалық 
энциклопедиялар, анықтамалықтар, сөздіктер, 
тілашарлар  шығарумен,  көне  қолжазбаларды, 
басылымдарды, ұлы ғұламалардың еңбектерін 
қайта басумен, күрделі ғылыми-зерттеулер жа-
риялаумен айналысады.
1968  жылы 1 қаңтарда  Қазақстан  Ком-
партиясы  Орталық  Комитеті  мен  Қазақ  Кеңес 
Социалистік  Республикасы  Министрлер  Кеңе-
сінің 1967 жылғы 13 қыркүйектегі  Қау лысына 
сəйкес Қазақстан Ғылым Академиясы жанынан 
«Қазақ  Кеңес  энциклопедиясының»  Бас  редак-
циясы болып құрылған. 
130  адамнан  тұратын  ұжымның  шығар-
машылық күші 11 ғылыми редакцияға топтасты-
рылды.  Қазақтың  тұңғыш  энциклопедиясының 
Бас редакциясы жанынан барлық ғылыми сала-
лары бойынша 29 ғылыми-салалық алқалар мен 
кеңесшілер  тобы  ұйымдастырылып,  оларға 313 
ғалым  мен  маман  тартылды.  Олардың  ішінде 
Қазақстан Ғылым Академиясының 27 академигі 
мен  корреспондент  мүшесі, 84 ғылыми  доктор, 
189 ғылыми кандидат болды.
«Құқықтық  реформа  жалпы  мемлекеттік 
маңызды  мемлекеттердің  бірі  болып  табылады, 
белгіленген  барлық  қоғамдық  жаңарулардың 
табысты  болуы  соның  қалай  шешілетіндігіне 
байланысты»  делінген  ҚР  Президентінің 1993 
жыл 16 маусымдағы «Қазақстан Республи касын-
да  құқықтық  реформаның  тиімділігін  арттыру 
жөніндегі  шаралар  туралы»  жарлығында.  Осы 
Жарлықты  орындау  үшін  заңдар  мен  өзге  де 
нормативтік-құқықтық  актілерді,  анықтамалық-
заңдық  материалдарды  ресми  түрде  жария-
лау,  оқулық,  заң  əдебиетін,  кодекстерді,  заң 
жинақтарын  басып  шығару,  заң  тəжірибесін 
тарату  мен  халықтың  ол  жөніндегі  білімін  арт-
тыру,  сондай-ақ  құқықтық  тақырып  бойынша 
көркем  əдебиет  шығару  мақсатында  Қазақстан 
Республикасының  Министрлер  кабинеті 1994 
жылдың 27 қаңтарында  республикалық  заң 
əдебиеті  баспасы  мен  апталық  заң  газетін  құру 
туралы №107 қаулысын қабылдады.
Бұрынғы  одақтас  республикалар  ішінен  тек 
біздің  елде  ғана  Президент  пен  Үкімет  құқық-
тық əдебиет шығаратын баспаның рөлін жоғары 
бағалады деуге болады. 
1994  жылдың  бірінші  маусымында  мем-
лекеттік  республикалық  заң  əдебиеттерін  шы-
ғара тын  «Жеті  жарғы»  баспасын  құру  туралы 
Қазақстан  Республикасының  Əділет  министрі 
Н.А.  Шайкеновтің  бұйрығы  шықты.  Бүгінде  
«Жеті жарғы»  – заң əдебиеттерін шығарып отыр-
ған  еліміздегі белді де беделді баспаның бірі. 
Тəуелсіздік  жылдарында    оннан  аса  салалық 
баспалар пайда болды. Əсіресе   балалар басы лым-
дарын  шығаратын  «Балауса», «Аруна», «Балалар 
əдебиеті»  сынды  баспалар  балдыр ған дарымызды  
тартымды басылымдары мен қуан тып жүр. Өнердің 
сан-саласын  қамтитын  өтімді  өнімдер  шығарып 
отырған «Өнер» баспасы да бүгінде нарық талап-
тарына  бейімделіп,  оқыр ман  сұранысына  сай  ба-
сылымдар шығаруды қолға алған.
Əдебиеттер
1 Жиреншин Ə. Қазақ кітаптары тарихынан. 
– Алматы: Қазақстан, 1977. – 180 б.
2  Бектемісов  Ə.  Жан  азығы. – Алматы: 
Қазақстан, 1991. – 144 б.
3  Қазақстан  баспагерлері  мен  полиграфис-
тері / құрастырушылар: Р. Мəженқызы, Қ. Қай-
рам бекова. – Алматы: Білім, 2005.
М.Ж. Майлыкутова
Отраслевые издательства в Казахстане: вчера и сегодня
В  статье  исследуется  одна  из  актуальных  тем  современного  казахстанского  книгоиздания – специфика  отечественных 
отраслевых издательств. Автор изучает исторические предпосылки возникновения отраслевых издательств, современное со-
стояние, основные проблемы и перспективные направления развития. Особое внимание уделяется проблеме востребованности 
отраслевой  литературы.
Ключевые слова: отраслевые издательства, государственное издательство, издательские продукции, книгоиздание.
M.D. Maylykutova
Branch publishing house in Kazakhstan: yesterday and today
In the article one of hot topics of modern Kazakhstan book publishing – specifi cs of domestic branch publishing houses – is 
investigated. The author studies historical preconditions of emergence of branch publishing houses, a current state, the main problems 
and perspective of development’s direction. The special attention is paid to the problem of a demand of branch literature.
Keywords: branch publishing houses, state publishing house, publishing production, book publishing.

Б.Ə. Омарова 191
ISSN 1563-0242                                                KazNU Bulletin. Journalism series. №2 (32). 2012                  
ƏОЖ 655.4
Б.Ə. Омарова 
Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.
E-mail: gulbahor1959@mail.ru
Полиграфия өндірісі жəне жаңа технологиялар
Аңдатпа.  Мақалада  баспа-полиграфиялық  өнімдерінің  нарыққа  бəсекелестік  қабілетін  арттыра 
түсу мақсатында, салалық кəсіпорындарға əлемдік ғылыми жəне озық тəжірибелердің жетістіктері 
негізінде  шығып  жатқан  жаңа  техникалар  мен  технологияларды  енгізу,  өндірістік  үдерістердің 
ұтымды  параметрлерін  таңдай  білу,  жұмысты  экономикалық  ұтымды  ұйымдастыру  мақсатында 
жүргізілетін дайындық жұмыстарының əдіс-тəсілдері мен кешенді сипаттамалары көрсетілді. 
Түйін  сөздер:  жаңа  технологиялар,  баспа-полиграфиялық  кəсіпорындары,  зерттеу,  жобалау, 
тəжірибелік сынақ.
Бүгінгі  таңда  баспа-полиграфиялық    кəсіп-
орындарды  жаңа  техника  жəне  технологиялар-
мен жабдықтау, өндірістік жұмыстарды ұтымды 
ұйымдастыру  арқылы  жарыққа  шығарылатын 
баспа өнімдерінің  жоғары сапалы, қанық түсті,  
көлемді  жəне    əртүрлі  таралымда  шығарылуын 
қамтамасыз етуге болады.
Жаңа  техникалар  мен  технологияларды 
баспа-полиграфиялық  кəсіпорындарға  енгізу 
үлкен  дайындықты  талап  етеді.  Бұл  дайындық 
жұмыстарының  нысандары,  мақсаты  мен 
кезеңдерінің маңызы өте зор.  Қойылған талап-
тарды  қамтамасыз  етіп,  іске  асыру  мəселелері  
кешенді жұмыстарды талап етеді. 
Полиграфиялық кəсіпорындардың жұмысын 
алға  жүргізіп,  шығаратын  өнімдерінің  нарық 
бəсекелестікке қабілеттігін арттыра түсу өндіріс 
мамандарының  міндеті.  Ол  үшін  осы  саланың 
заманауи  ғылыми  жетістіктері  мен  əлемдік 
озық  жұмыс  тəжірибелерінің  негізінде  шығып 
жатқан  жаңа  техникалар  мен  технологиялар-
ды  оқып  зерттеу  керек.  Таңдап  алынған  техни-
ка  мен  технологияларды  баспа-полиграфиялық 
кəсіпорындардың  өндірісіне  енгізу  мүмкіндігін 
анықтау  керек.  Егер  барлық  қойылған  талап-
тар  орындалып,  жаңа  техника  мен  технология-
лар  өндіріске  енгізілетін  болса,  еңбек  жəне 
қауіпсіздік  техникасын  ұйымдастыру,  жұмысты 
басқарудың  жаңа  тəсілдерін  қалыптастыру 
жаңа  сапалы  өнімдерді  басып  шығару  үдерісі 
басталады.  Өндірістік  техникалық  сипаттағы 
инновацияларға  жаңа  немесе  жаңартылған  тех-
никалар мен технологиялар, нарық сұранысымен 
пайда болған жаңа өнімдер жатады. 
Жаңа 
техникалар 
мен 
технологиялар 
жұмыс  істеп  тұрған  кəсіпорынның  техникалық 
ұйымдастыру жұмыстарына көптеген өзгерістер 
əкеледі.  Жоғарыда  келтірілген  объектілердің 
кез  келгенін  жұмыс  ағынына  енгізу  бары-
сында,  полиграфиялық  кəсіпорындағы  басқа 
технологиялық  үдерістерде  де  өзгеріс  пайда 
болады.  Бұл  полиграфиялық  кəсіпорындардың 
бірден бір ерекшелігіне жатады. Полиграфиялық 
кəсіпорынның  иелері  нарық  сұраныстарын 
ескеріп,  кəсіпорынның  полиграфиялық  қызмет 
көрсету  саласын  кеңейте  түсу  мақсатында, 
флексографиялық, 
трафареттік 
т.с.с. 
ар-
найы  басу  əдістерін  игеруді  қажет  деп  тапса, 
онда  да  арнайы  жабдықтарды  сатып  алулары 
қажет.  Ал  егер  кəсіпорында  өнімділігі  жоғары, 
автоматтандырылған жабдықтары іске қосылса, 
баспа-полиграфиялық  өнімдерді  дайындай-
тын  барлық  технологиялық  үдерістерге  түзету 
енгізіліп,  шығарылатын  өнімдердің  сапасы 
мен  түрлері  арта  түседі.  Орындалатын  кешенді 
дайындық  жұмыстары  мен  өндірістік  жəне 
ұйымдастырудағы  жаңа  енгізілімдерді  жылдам 
игеріп,  технологиялық  үдерістердің  ұтымды 

Полиграфия өндірісі жəне жаңа технологиялар
192
ҚазҰУ хабаршысы.  Журналистика сериясы. №2 (32). 2012
параметрлерін дұрыс таңдай білу, жоспарланған 
өндірістің экономикалық тиімділігін қамтамасыз 
етеді.  Бұл    баспа  полиграфиялық  өнімдердің 
саны  мен  сапасын  жəне  нарыққа  бəсекелестік 
қабілетін арттыра түседі. 
Нарықтық  экономика  бəсекелестік  өнімдерді 
шығаруды  талап  етеді.  Полиграфиялық  кəсіп-
орындарда  техника  мен  технологияларды  қайта 
жабдықтандырып,  жаңартылған  техника  мен 
технологияларды  енгізуде  басталатын  зерт-
теу  кезеңінде  жаңа  енгізілім  жабдықтарына 
қойылатын  талаптар  қалыптасады.  Жаңа  тех-
нология  бойынша  дайындалатын  өнімдердің 
қажеттілігі  мен  өнімдерінің  нарықтағы  сұ-
ранысы  зерттеледі,  яғни  маркетингілік  зерттеу-
лер  жүргізіледі.  Өндірісті  жобалау  кезінде  оның 
техника-экономикалық  тиімділігін  негіздеу    ке-
рек.  Əрі қарай жаңартуларды іске асыруға қажетті 
ақпараттық ізденістер мен зерттеулер жүргізіледі. 
Алдымен, полиграфиялық жабдықтар нарығында 
да 
маркетингілік 
зерттеулер 
жүргізіледі. 
Жабдықтың құрылымдық, технологиялық, пайда-
лану ерекшеліктері ескеріледі.
Полиграфиялық  жаңа  техниканы  таңдау 
барысында  мына    техникалық  көрсеткіштерді 
міндетті 
түрде 
қадағалау 
керек: 
басып 
шығарылатын өнімнің бəсекелестікке сай келуі; 
техникалардың сенімділігі; құжаттарының толық 
кешенділігі; 
құрылымының 
қолданылатын 
жағдайға  сəйкестілігі;  автоматтандырылу  дең-
гейі  мен  жылдамдық  режимдері;  беріктігі, 
қолдану мерзімі жəне еңбек қауіпсіздігі; метро-
логиялық  жабдықтау    шарттары;  материал-
дар  мен  құрылымының  эргономикалық  жəне 
экологиялық  көрсеткіштері;  жұмысшылардың 
жаңа  техникада  жұмыс  істеуге  дайындығы; 
жабдыққа  қызмет  көрсетудің  қарапайымдығы, 
жөндеуге  икемділіктері  мен  сервистік  қызмет 
көрсету жүйелерімен жұмыс істеу мүмкіндіктері; 
қолданылатын  материалдар  жəне  оларды  айыр-
бастау мүмкіндіктері.
Кейбір  жаңа  технологиялар  кешенді  жаңа 
жабдықтар мен материалдарды қажет етеді. Бұл 
жағдайда  жабдықтаушы  жақ  жаңа  техникалар-
ды  монтаждау,  іске  қосу,  қызмет  көрсетуімен 
қатар жұмысшыларды осы жабдықтарда жұмыс 
істеуге  үйрету  сияқты  кешенді  қызметтерді 
көрсетеді.  Жаңа  техника  мен  технологияларды  
полиграфиялық  кəсіпорынға  енгізудің  зерттеу 
кезеңінде  олардың  техникалық,  экологиялық 
жəне əлеуметтік маңызы зор. 
Өндірістік-техникалық  көрсеткіштерді  тех-
ника-экономикалық  есептеулер  арқылы  анық-
тап, артықшылықтары мен экономикалық ұтым-
дылығына аса үлкен мəн беріп, олардың маңызды 
көрсеткіш  екендігін  ұмытпау  керек.  Бұл  жаңа 
енгізулердың дұрыс шешім екендігін  көрсетеді. 
Полиграфиялық  кəсіпорынға  жаңа  техника  мен 
технологияларды  енгізуге  өндірісті даярлаудың 
жобалау  кезеңінде  ғылыми-зерттеулер  ба-
рысында  алынған  нəтижелерді,  техникалық 
құжаттарды,  жаңа  техникалардың  құрылымы, 
технологияларды,  өндірісті  ұйымдастыру  жəне 
басқару тəсілдерін іске  асыру жүргізіледі.
Тəжірибелік  сынақтан  өткізу  жұмыстарына 
жаңа  үлгілерді  даярлау  жəне  сынау,  олардың 
құрылымдық, технологиялық жəне ұйымдастыру 
жатады.  Жаңа  техника  мен  технологиялар-
ды  енгізуде  алғашқыда  кезінде  қалыптасқан 
экономикалық,  техникалық,  технологиялық, 
ұйым дастыру,  экологиялық  жəне  əлеуметтік  
шешімдер кешенді түрде іске асырылады. Кəсіп-
орынға жаңа техника мен технологияларды  енгізу 
кезеңінде  конструкторлық  жұмыстан  басқа, 
жабдықты іске қосудың барлық түрі жүргізіледі. 
Жабдықты  іске  қосудың  басты  мақсаты – жаңа 
техникалардың  паспорттарында  көрсетілген 
барлық  жұмыстар  мен  технологиялардың  тех-
никалық  нұсқауларындағы  техникалық  шарт-
тарға  сəйкес  жұмысты  ұйымдастырып,  сапалы 
өнімдерді шығаруды қамтамасыз ету. 
Экономикалық  дайындау  барысында  эконо-
микалық  жоспар  жасалып,  экономикалық 
қар жылар  есептеледі.  Өндірісті  дайындауда 
орындалатын  ұйымдастыру  жұмыстарының 
құрамына техникалық, жоспарлық жəне басқару 
жұмыстарын  ұйымдастыру  кіреді.  Оларға 
қызмет көрсету, жабдықтау, жөндеу, тасымалдау, 
еңбек  орнын  даярлау,  еңбек  жəне  материалдық 
қорлардың  нормативтік  құжаттарын  даяр-
лау  жəне  өндіріс  жұмысын  басқару  тəсілдерін 
жетілдіру жатады.

Б.Ə. Омарова 193
ISSN 1563-0242                                                KazNU Bulletin. Journalism series. №2 (32). 2012                  
Б.А. Омарова
Полиграфическое производство и новые технологии
В статье рассматриваются эффективные пути, этапы и принципы внедрения в издательско-полиграфическое производство 
инновационной техники и технологии с целью повышения качества и конкурентоспособности издательско-полиграфической 
продукции. Приведены методы, характеристики, этапы комплексной подготовки полиграфического производства для внедре-
ния инновационной техники и  экономически эффективных параметров организации труда и технологических процессов. 
Ключевые слова: новые технологии, издательско-полиграфические издательства, исследование, проектирование, практи-
ческое испытание.
B.A. Omarova
Printing production and new technologieS
The article deals with effective ways, stages and principles of implementation in publishing and printing industry of innovative 
techniques and technologies to improve the quality and competitiveness of the publishing and printing products. The methods, the 
characteristics of the stages of preparation of complex printing industry for the introduction of innovative technology and cost-effective 
options work organization and processes are specifi ed.
Keywords: new technologies, publishing and printing publishing houses, research, design, practical test.

© 2012  Al-Farabi Kazakh National University 
ƏОЖ 070
Ə. Айтқазина
Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.
E-mail: aika-zaika.08@mail.ru
 Ұлттық коммуникология: тарихы, даму үдерісі жəне келешегі
Аңдатпа.  Мақалада    постиндустриялық  қоғамның    ақпараттық  коммуникативтік  қоғамға  айна-
луы  ғылыми  тұрғыдан  зерделенеді.  Сонымен  қатар  автор  коммуникация  құбылысының  тіршілік 
реализімінің  барлық  саласына  дендей  енуін,  жаңа  тұрпаттағы  коммуникативті  құрылымдар  мен 
үдерістердің  дүниеге  келуін  жəне  ілгерілеуін,  сонымен  бірге  əлеуметтік  сұранысқа  лайықты  ком-
муникация  жаратылысын,  əлеуметтік-коммуникативтік  саладағы  заманауи  өзгерістерді,  қоғам 
дамуындағы коммуникацияның орны мен рөлін жан-жақты талдауға ұмтылады.
Түйін сөздер:   ұлттық коммуникология, жаңарту, постиндустрия.
7-бөлім
Жас ғалымдар 
мінбері
Section 7
Tribune for young 
scientists
Раздел 7
Трибуна для молодых 
ученых
Қарым-қатынас құбылысы –  адам тіршілігі-
нің,  əлеумет  өмірінің  ажырамас  бөлігі.  Қазіргі 
коммуникация саналы жанның  интеллектуалдық 
дамуы  мен  психологиясына,  дүниепайымының 
қалыптасуына,  тұлғаның  өзін-өзі  тануына  
тікелей  де  жанама  ықпал  етеді.  Сондықтан  ин-
дивидтер  арасындағы  коммуникацияны  түсіну, 
оның  кемелденуіне  не  кедергі  болатынын,  не 
жəрдемдесетінін ғылыми тұрғыдан ұғынуға тал-
пыну –  маңызды  əрі  орынды  мақсат.  Өйткені 
қарым-қатынас – жасампаздық  миссияға  ұмты-
латын  адам  қарекетінің  арқауы,  тұғыры  əрі 
өзегі.  Мұндай  талпыныс  қазіргі  кезде    «ше-
карасыз  ақпарат»  арқылы  халықтар,  тілдер, 
мəдениеттер  бұрын-соңды  болмаған  ауқымда 
араласып  бастаған  заманда  аса  маңызды.  Бей-
таныс,  таңсық  мəдениетке  деген  төзімділік  пен 
құрметті тəрбиелеу, оған деген қызығушылықты 
ояту,  өзінің  бойындағы  басқа  мəдениетті 
жақтырмаушылық сезімді жеңу мəселесі қазіргі 
таңда  күн  тəртібіне  қойылып  отыр.  Ал  төл 
мəдениетің  мен  менталитетіңді  бар  болмыс-
бітімімен халықаралық аренаға шығару пробле-
масы одан да өткір. Ұлттық коммуникологияның 
өзіне  тəн  мəселелерінің  қазіргі  таңда  зəрулене 
түсуінің себебі де осында.
Басқа  мəдениет  өкілдерінің  қоршаған  ор-
тасы,  адамдары,  өкілдері  жайлы  əр  халықтың, 
əр  ұлттың  өзіндік  түсінік-пайымы  орнығады. 
Қоғамда  өзі  туралы,  өзінің  мəдени-ұлттық 
кеңістігі 
ауқымындағы 
мінез-құлқы 
мен 
дəстүрлеріне  қатысты,  сондай-ақ  басқа  тілдік 
жəне мəдени-ұлттық кеңістік өкілдеріне тиесілі 
белгілі  бір  стереотиптер  қалыптасады.  Ұлттық 
коммуникация мен мінез-құлықта айқын көрініс 
табатын бұл стереотиптерді, əдетте ұлттық ком-
муникология  зерттейді.  Кең  мағынада  алғанда, 
«ұлттық  мінез»  жəне  «стереотип»  ұғымдары 
ұқсас категориялар екенін атап өткен жөн. Өйт-
кені бұл түсінік белгілі бір ұлттың мəдени жəне 
тарихи  ортасының  ықпалымен  қалыптасады. 
Э.А.  Баграмов  ұлттық  мінез-құлыққа  мынадай 
анықтамасын  береді: «Ұлттық  мінез  дегеніміз 
бұл – ұлт өкілдерінің психикасында сол ұлттың 
тіршілік етуінің өзіне тəн тарихи шарттарының 
көрініс  табуы,  оның  өкілдеріне  тəн  дəстүрлі 

Ə. Айтқазина
195
ISSN 1563-0242                                                KazNU Bulletin. Journalism series. №2 (32). 2012                  
мінез-құлық,  қоршаған  ортаны  түйсіну  фор-
маларынан  көрінетін  жəне  халықтың  рухани 
келбетінің кейбір ерекшеліктерінің мəдениеттің 
ұлттық  ерекшеліктерінде,  қоғамдық  өмірдің 
басқа  салаларында  сақталған  жиынтығы»
 
[1, 
18  б.].  Демек,  ұлттық  мінез – жеке  адамды  өз 
ұлтының  мəдениетімен  байланыстыратын  гене-
тикалық дүние. 
Адам  есейе  келе  саналы  немесе  санадан 
тыс  өз  ұлты  мəдениетінің  құндылықтарын, 
психологиялық  жəне  мінез-құлықтық  ерекше-
ліктерін,  сол  мəдениет  айналасына  топтасатын 
адамдарға  тəн  типтік  ерекшеліктерді  меңгере 
бастайды.  Əр  халықтың  этникалық  санасын-
да  белгілі  бір  ұлттың  типтік  өкілдері  туралы 
стереотиптік  формада  түсінік  қалыптасады. 
Мəселен,  қазақ – қонақжай,  ағылшындар – 
консервативті, немістер ұқыпты жəне еңбекқор, 
испандар намысқой жəне т.с.с.  Кəдімгі сананың 
да,  əлеуметтік  ғылымдардың  да  ой-түйініне 
астар    болатын  ұлттық  мінез  туралы  гипоте-
за,  болжам  əрдайым  көкейде  жүреді.  Мұны 
Г.Д. Гачев қанықтыра көрсетіп беруге ұмтылады. 
Оның  пайымдауынша, «халықтың,  ой-сана  мен 
əдебиеттің  ұлттық  мінезі – өте  «қиын»  жəне 
түсініксіз  «материя»».  Оның  бар  екенін  бүкіл 
болмысыңмен сезінесің, бірақ оған сөз жүзінде 
анықтама беруге тырыссаң, сағымдай бұлдырап, 
өзіңнің  қисынсыз,  қарабайыр  бірдеңелерді  ай-
тып кеткеніңді аңғарасың немесе оған ғана емес 
кез келгенге, барлық халықтарға тəн нəрселерді 
көресің.  Бұл қауіпті айналып өтуге болмайды, тек 
оны үнемі жадыңнан шығармай, онымен күресуге 
тырысуға  ғана  болады,  бірақ  жеңе  алмайсың» 
[2, 56-б.].  Бұдан  кеңірек  анықтаманы  профес-
сор  Ю.В.  Бромлей  береді: «Этнос  мүшелерінің 
мəдени  бірлігі  олардың  бойындағы  белгілі  бір 
жалпылама  психикалық  қасиеттердің  болуы-
мен  тығыз  байланысты.  Оларды  «этникалық» 
немесе  «ұлттық  мінез»  деп  атайды.  Психоло-
гияда    «мінез»  терминіне  адамның  негізгі,  ең 
тұрақты  психикалық  қасиеттерінің  жиынтығы 
ретінде  сипаттама  беріледі.  Сондықтан  ұлт-
тық  мінез – осы  этникалық  қауымға  тəн  əлеу-
меттік-психологиялық 
қасиеттер. 
Жекеле-
ген  тұлғалардың  психикасынан  тыс  мұндай 
қасиет тер табиғатта болмаса да, ұлттық мінезді 
бұл  тұлғалардың  психикалық  қасиеттерінің 
жиынтығына қосу дұрыс емес» [3, 96-б.]. 
Қазіргі  жағдайда  ұлттық  коммуникология-
ны  ғылым  ретінде  зерттеудің  көптеген  теория-
сы  мен  анықтамасы  бар,  олар  əдетте  түрлі 
тұжырымдамалық тəсілдер мен компоненттерге 
негізделген.  Ұлттық  коммуникологияны  зерт-
теуде  коммуникация  теоретиктерін  біріктіретін 
жəне  «жалпыға  ортақ  түсіністік»  пен  өзара 
толықтыруға [4, 598-б.]  қол жеткізетін жағдайды 
тудыратын  жалпытеориялық  парадигма  жоқ 
екенін ескерсек, бүгінгі күні «коммуникацияның 
салалық теориялары» түрлі пəндерде азды-көпті 
бой көрсетті. Мұның бəрі коммуникацияны жеке 
білім саласы ретінде, атап айтқанда, коммуника-
ция  туралы  ғылым – коммуникологияның  жаңа 
парадигмасы  мен  əдіснамасын  іздеу  қажеттігін 
дəлелдейді.  Жалпы  алғанда,  коммуникологияға 
қоғамдағы коммуникацияның орны мен рөлі ту-
ралы,  коммуникациялық  жүйелер,  құрылымдар 
мен  үдерістер,  олардың  даму  жəне  қызмет  ету 
заңдылықтары туралы ғылым ретінде анықтама 
беруге болады [4,  332-б.].
Қазіргі  əлемде  коммуникология – тамы-
ры  терең,  бай,  коммуникативті  жəне  муль-
ти пəндік  дəстүрлері  бар  болса  да,  өзінің 
қалыптасу  жəне  дамуының  бастапқы  кезеңінде 
тұрған,  енді  қалыптасып  келе  жатқан    ғылым. 
Коммуникологияның  ғылыми  əлеуеті  мульти-
пəндік коммуникативті теориялар түрінде емес, 
диалектикалық  бірлік,  коммуникология  мен 
мультипəндік  коммуникативті  теориялардың 
өзара  сабақтасуы  мен  бірін-бірі  толықтыруы 
негізінде  тиімдірек  жүзеге  аса  алады.  Ком-
муникология  мен  «коммуникация  теориясы» 
немесе  «метатеория»  коммуникация  туралы 
ғылым  ретінде      бір-бірімен  үйлеспейтін  кате-
го  риялар [5, 54-б.].  Кез  келген  ғылыми  тео-
рия – сол  ғылымның  құрамдас  бөліктерінің 
бірі  ғана.  Теория  құбылыстың  мəнін  ғылыми 
тұрғыдан түсіндірсе, ал ғылым құбылысты тану, 
түсіндірумен қатар адам қызметінде білім алуды 
жүзеге  асырудың  тетігін  ұсынуы  тиіс.  Ғылым 
құбылысты  сан  қырлы  тұрғыдан  түсіндіріп 
беретін бірнеше теориядан тұра алады.  Комму-
никация    ғылымы  ретінде  коммуникологияның 
негізгі проблемалары мыналар: 
1. Əлеуметтік нақтылықтың коммуникативті 
жаратылысын түсіндіру. 
2.  Түрлі  коммуникативті  жүйе,  құрылым, 
үдерістердегі  коммуникативті  байланыстардың, 
коммуникативті  өзара  əрекеттестіктің  тетігін 
анықтау. 
3. «Коммуникативті  жүйелердің»,  олардың 
өзіндік  ұйымдастырушылық,  реттеу  жəне 

 Ұлттық коммуникология: тарихы, даму үдерісі жəне келешегі
196
ҚазҰУ хабаршысы.  Журналистика сериясы. №2 (32). 2012
эволюциялық  тетігі  мен  заңдылықтарының 
мəнін анықтау. 
4.  Қоғамдағы  коммуникативті  жүйелерді 
құрылымдау мəселесі. 
5.  Коммуникацияның  қоғамдағы  орны  мен 
рөлін анықтау. 
6.  Коммуникациялардың  негізгі  даму  кезең-
дерінің анықтамасы мен сипаттамасы. 
7.  Коммуникациялардың  тұжырымдамалық 
тəсілдері, негізгі теориялары мен үлгілері. 
8.  Коммуникациялардың  формалары,  дең-
гейлері мен түрлері  [7, 129-б.].
«Коммуникология» ғылым ретінде түпкілікті 
орнығуы  үшін  қалыптасып  келе  жатқан  осы 
ғылымның əдісін анықтап алуды талап етеді. Кез 
келген ғылым сияқты коммуникология да өзінің 
зерттеулерін  тек  қисынды  əдіспен  шектей  ал-
майды.  Əлбетте,  енді  қалыптасып  келе  жатқан 
ғылым  шынайы  құбылыстарға  сараптамалық 
əдісті  де  қолданады, «оларды құрамдас бөлік-
терге жіктеу, мейлі заттың өзі болсын, құбылыс 
болсын  немесе  олар  туралы  білім  болсын, 
күрделі тұтас затты егжей-тегжейлі зерттеу, енді 
қалыптасып  келе  жатқан  ғылымға  тəн  ерекше-
лік» [2, 4-б.]. Коммуникология ғылымының даму 
тарихын талдай отырып, мынаны атап көрсеткен 
жөн – ол коммуникацияны нысан ретінде қарас-
тыратын ғылыми бағыттағы ғылымдар мен ком-
муникологиямен  «қиысатын»  ғылымдардың 
əдісі  мен  тілін  пайдаланады.  Коммуникология 
ком муникацияның  түрлері,  коммуникативті 
жүйе лер мен үлгілердің функциялары, сан алуан 
əлеуметтік саладағы (менеджмент, бизнес, білім 
саласы)  мəдениетаралық  коммуникацияның 
үдерісін  зерттеу  əдістерін  зерттейді [6, 265-
б.].  Коммуникология  коммуниканттар  мен 
олар   дың  жеке  тұлғалық  сипаттарының  этни-
калық,  ұлттық,  аумақтық,  əлеуметтік  тегін; 
мəдениет аралық  коммуникацияның  теорияла-
рын құ райтын лингвистикалық, психологиялық, 
психо  лингвистикалық,  семиотикалық,  семио-
социо  психологиялық  теорияларды  айналып  өте 
алмайды. 
Ұлттық  коммуникология – этнос  пен  ұлт 
ішіндегі  байланыстар  жүйесі.  Ұлттық  комму-
никология  этникалық  қауымдастықтың  өзіндік 
ерекшелігі бар ұлттық тілі, мəдениеті, психоло-
гиясы  мен  дəстүрлерінің  орнығуы  мен  дамуы-
на  қарай  қалыптасты.  Ұлттың  экономикалық,  
саяси-əлеуметтік  дамуы  барысында  туындаған 
байланыс орнату, мəдени жетістіктермен, еңбек 
өнімдері жəне нəтижелерімен бөлісу қажеттілігі 
ұлттық  коммуникологияның  объективті  негізі 
болып  табылады.  Ұлт  жəне  топ  ішіндегі 
ықпалдастық өскен сайын экономика мен мəде-
ниет тегі жетістіктер елеулене түседі, əлеуметтік-
саяси  жəне  топ  ішіндегі  байланыстар  мен 
адамдар арасындағы коммуникативті байланыс-
тар  қарқындырақ  дамиды [8, 343-б.].  Ұлттық 
коммуникологияның маңызды ерекшелігі – ұлт-
тық  коммуникологияның  лингвистикалық  ерек-
ше ліктерін  өзара  толықтыра  түсетін  ұлт аралық 
коммуникация.
Ұлтаралық  коммуникация – түрлі  ұлттық 
қауымдастық  өкілдерінің  арасында  бір  жақты 
немесе  екі  жақты  хабар,  ақпарат,  деректер  та-
рату.  Бұл,  сондай-ақ  тілдесу  арқылы,  тілдің  не-
месе  жазба,  дыбыстық,  таңбалық  жəне  басқа 
жүйелердің  көмегімен  ақпарат  тарату  үдерісі. 
Ол – түрлі  ұлт  адамдарының  тікелей  өзара 
əрекеттестігі  мен  қарым-қатынасы  барысын-
да 
туындайтын 
əлеуметтік-психологиялық 
құ  бы лыстар  жəне  процестердің  көрінісі [8, 
343-б.].  Əдетте    ұлтаралық  коммуникацияның 
үш  құрамдас  бөлігі  ажыратылады.  Біріншісі 
–  түрлі  этникалық  қауымдастық  өкілдерінің 
арасында  ақпарат  алмасу.  Ол  қарым-қатынас 
субъектілерінің  белсенділігіне,  олардың  ұлттық 
мақсат-мүддесіне,  парасаттылық  сипатына, 
халықтардың өмір салтына байланысты өрбиді. 
Мысалы,  арадағы  сенім/сенімсіздік  деңгейі 
қарым-қатынастың деңгейін белгілейді. Екіншісі 
– ұлтаралық коммуникацияның бөлігі түрлі ұлт 
өкілдерінің  бірін-бірі  қабылдауы,  түсінуі.  Ол 
көп жағдайда түрлі ұлт-этникалық топтарға жа-
татын  жеке  адамдардың  қарым-қатынасының 
заңдылықтары  мен  өзара  əрекеттестігінің  əлеу-
меттік-психологиялық  ерекшеліктеріне,  сон-
дай-ақ  этникалық  стереотиптердің  көрініс  табу 
ерекшелігіне тəуелді.   
Қарым-қатынастың  вербалды  емес  құрал-
дарының  кейбірін  пайдалануды  белгілі  бір 
халықтың ұлттық, мəдени жəне діни дəстүрлері 
қатаң шектейді. Егер адамның эмоциялық көңіл-
күйі  туралы  айқын  да  нақты  хабар  беретін 
ым-ишара  қимылы  ұлты  мен  мəдениетіне 
қарамастан  бірдей  түсіндірілсе,  ал  мұндай  вер-
балды емес жүріс-тұрыс, ишара, ара қашықтық 
немесе  жақындасу  межелері  сияқты  белгілер 
əр  халықта  əртүрлі.  Семантикалық  кедергілер 
сияқты  мəдени  айырмашылықтар  да  вербалды 
емес  ақпарат  алмасуда  түсінісуге  айтарлықтай 
кедергі болуы мүмкін.

Ə. Айтқазина
197
ISSN 1563-0242                                                KazNU Bulletin. Journalism series. №2 (32). 2012                  
«Ұлттық коммуникология» ғылымының тер-
миндік  аппаратын  құру  барысындағы  бірың ғай 
принцип.  Коммуникология  терминологиясын 
құрастыру  барысында  терминологиялық  тілді 
бір  жүйеге  келтіру  қажет.  Ешбір  ғылым  түсінік 
аппаратынсыз  қалыптаса  да  алмайды,  оның 
болашағы  болмайды. «Түсініктер  зерттеу  пəні 
болып  табылатын  дүниенің  нақты  бөлігіне  өте 
үйлеседі» [6, 155-б.].  Бүгінгі  күні  коммунико-
логия  терминологиясын  тіларалық,  пəнаралық 
жəне  пəнішілік  коммуникация  процестерін 
(Г.Б. Гутнер)
 
[2, 324-б.], оның қырларын, пайда-
ланылатын  технологияларды,  тұжырымдамалар 
мен үлгілерді, коммуникацияның даму тарихын 
(В.Б.  Кашкин) [2, 245-б.]
 
  жəне    оны  зерттеуді 
бекітетін  жаңа  элементтердің  үздіксіз  өндірісі 
ретінде  қарастыру  қажет.  Коммуникологияның 
теориясы  мен  тəжірибесі  саласында  термин-
дердің  үнемі  жаңару  процесі  қарқынды  жүріп 
жатады.  Терминдердің  синонимия,  полисе-
мия  жəне  омонимиясы  коммуникологияның 
терминологиялық 
аппаратын 
құрастыруға 
негізі бола алады. Коммуникативті межелер мен 
ақпарат  тарату  ережелерін  коммуникацияның 
түрлі  арналарының  өз  өзгешелігі  анықтайды. 
Баспасөзде  оларға  аса  шектеу  жоқ.  Өйткені  ви-
зуалды  арна  уақыт  жағынан  шектелмейді  де, 
оқырманның  қалауына  қарай  ақпарат  бірнеше 
мəрте  қайталанып  беріле  алады.  Баспасөздің 
функционалдық  стилі  қалып  стандартымен  көп 
шектелмейді  жəне  автордың  жеке  тұлғалық 
сипаттамасын  толық  қамтитындықтан,  ме-
желеуге  баса  назар  аудармайды.  Вербалды 
коммуникативтік  құралдардан  бөлек  бейнелеу 
құралдарын  (фотосуреттер,  карикатуралар,  кес-
те, сызбалар жəне т.с.с.) пайдалану баспасөздің 
жеке  адам  мен  бұқараға  ықпалын  едəуір  кү-
шейтеді.  Оқырман  таңдап-талғап  оқитын  ақ-
парат  еркіндігінің  психологиялық  алғы  шарты 
белгілі бір дəрежеде оң əсерін тигізеді. Бірақ бұл 
коммуникативтік межелерді ретке келтіру проб-
лемасын толық шешпейді. 
Қазіргі 
жағдайда 
коммуникация 
атты 
əлеу  меттік  феноменге  ерекше  назар    аудары-
лып  отыр.  Коммуникация  түрлі  деңгейдегі 
жəне  социологиялық,  кибернетикалық,  сая-
саттану,  социобиологиялық,  философиялық, 
психологиялық,  лингвистикалық,  мəдениеттану 
жəне  т.с.с.  түрлі  тұжырымдамадағы  зерттеу-
лердің  нысанына  айналып  келеді.  Бұл  əрі 
заңды,  əрі  қисынды.  Қазіргі  əлемде  постиндус-
триялық  қоғамның  жаһандық    сипаттағы  ақ-
парат тық-коммуникативтік 
қоғамға 
айна-
луы  коммуникацияның  қоғамның  барлық 
саласына  кірігуімен,  мүлде  жаңа  тұрпаттағы 
коммуникативті  құрылымдар  мен  процестердің 
пайда болу жəне дамуымен ғана емес, сонымен 
бірге əлеуметтік нақтылықтың коммуникативтік 
жаратылысын, əлеуметтік-коммуникативтік сала-
дағы  заманауи  өзгерістерді,  қоғам  дамуындағы 
коммуникацияның орны мен рөлін терең зерде-
леумен де байланысты. Бүгінгі күні Н. Луманның 
коммуникацияны  қоғамның  өзінің  болмыстық 
сипаты ретінде қарастыруы, оның «адами қарым-
қатынастар мен қоғамдық өмірдің өзі коммуни-
кациядан  тыс  болуы  мүмкін  емес» [4, 321-б.], 
«тек  коммуникация  ғана  коммуникацияны  іске 
асыра алады» [5, 63-б.] деген тұжырымдамалары 
жаңа  мəнге  ие  болып,  зерттеушілер  наза-
рын  аударып  отыр.  Бұл  тұрғыдан  алғанда, 
Ю. Хабермастың коммуникативті əрекет теория-
ларын,  Карл-Отто  Апельдің  коммуникативтік 
қауымдастығын заманауи тұрғыдан зерделеу де 
өзекті.  Өйткені  нақ  осы  арада  коммуникативті 
қауымның,  коммуникативті  кеңістіктің,  комму-
никативті  ортаның,  коммуникативті  əрекеттің, 
коммуникативті үдерістің  мəні ашылып, сөз жоқ, 
коммуникацияның  болмысы  мен  жаратылысын 
түсіну үшін ғана емес, сондай-ақ коммуникация 
туралы ғылымның қалыптасуы мен дамуы үшін 
де аса маңызды əдіснамалық мəні бар. 
Ұлттық  коммуникология  ғылымы  жайында 
сөз қозғағанда, коммуникациялық процестердің 
қарқынды  дамуы  мен  жаһандық  сипатына,  бұл 
мəселе  бойынша  жарияланған  материалдардың 
көбеюіне  қарамастан,  коммуникация  ғылымы 
белгілі  бір  ғылым  саласы  ретінде  əзірше 
тиянақталмағанын  мойындау  қажет.  Бұл  жайт-
тың  салдары  аталған  феноменнің  теориялық 
тұрғыдан біраз кенжелеп қалуына əкеліп соғады. 
Дегенмен  əлеуметтік  нақтылықты  зерттеуде 
коммуникативті бағыттың терең тамыры бар əрі 
қазіргі  кездегі  қолданыстағы  тұжырымдамалық 
тəсілдер,  зерттеу  парадигмалары  мен  ғылы-
ми  қоғамдастықтардың  теориялық  жəне  прак-
тикалық жетістіктері баршылық. 
Америка  мен  Батыс  Еуропа  университет-
терінде 30-жылдардың  аяғынан  бас тап  ком-
муникация  бойынша  курстар  өтеді, «com-
mu nications»,  «communications  manage ment», 
«communications studies», «mass com-
munications»  сияқты  мамандықтар  бойын-

 Ұлттық коммуникология: тарихы, даму үдерісі жəне келешегі
198
ҚазҰУ хабаршысы.  Журналистика сериясы. №2 (32). 2012
ша  МА, MS, Ph.D. дəрежелері  берілетіні 
белгілі [5, 234-б.].  Коммуникация  тақырыбына 
арналған  «Communication Research», «Journal 
on Communication Inquiry», «Communication 
Abstracts», «Management Communication 
Quarterly», «Written Communication», «Human 
Communication Research» сияқты  жиырма-
дан  астам  ғылыми  журнал  шығады [5, 135-б.].  
Қордаланған  білім  алуан  түрлі  анықтамалық, 
сөздік,  энциклопедияларда  қорытылады. 1200 
беттен тұратын «Ұлттық коммуникация бойын-
ша стандартты сөздік» 1999 жылы Нью-Йоркте 
қайта басылып шықты; бұдан біраз жыл бұрын 
əлеуметтік  коммуникацияны  ғылыми-зерттеу, 
практикасы  мен  оны  оқытудың  елу  жылдық 
тарихи  қорытындысы  ретінде  ұлттық  комму-
никация  бойынша  халықаралық  энциклопедия 
шықты.  Халықаралық  коммуникативтік  ассо-
циация;  АҚШ-тың  Ұлттық  коммуникативтік 
ассоциациясы,  Еуропаның  коммуникативтік 
конгресі (European Communication Congress) 
сияқты  кəсіби  қауымдастықтар  құрылды. 2000 
жылдың желтоқсанында Ресей коммуникативтік 
ассоциациясы  (РКА)  құрылды [5, 214 б.].  Бұл 
арада    Пятигорск  мемлекеттік  лингвистикалық 
университетінде  РКА  мен  АҚШ-тың  Ұлттық 
коммуникативті ассоциациясы бірлесіп өткізген 
«Коммуникация:  түрлі  əлеуметтік  контекстегі 
теория  мен  практика»  деген  екі  халықаралық 
конференцияны  ерекше  атап  өткен  орын-
ды.  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің 2010 
жылдың 29 қыркүйегіндегі  «Қазақстан  Респу-
бликасында ақпараттық жəне коммуникациялық 
технологияларды  дамытудың 2010-2014 жыл-
дарға  арналған  бағдарламасын  бекіту  туралы» 
Қаулысы  Қазақстандағы  коммуникацияның 
қалыптасу жəне даму ісінде үлкен рөл атқарады. 
Ғылыми  зерттеулермен  қатар  бұл  салада 
тиісті  мамандарды  дайындау  ісі  де  қарқынды 
жүріп жатыр. Алайда Ресейдің жоғары білім беру 
жүйесінде  коммуникация  мамандығы,  сондай-
ақ  «коммуникативті  зерттеулер»  деген  ғылыми 
бағыт  əзірше  кенже  қалып  келеді.  Ал  шетелде, 
əсіресе  Еуропа  мен  АҚШ  университеттерінде 
мұндай мамандарды даярлауда белгілі бір дəстүр 
қалыптасқан. Тұңғыш коммуникация кафедрасы 
АҚШ-та  осыдан  жарты  ғасыр  бұрын  ашылған. 
Қазіргі  уақытта  коммуникативтік  бағыттағы 
кафедралар  америкалық  жəне  еуропалық 
университеттердің барлығында дерлік ашылған. 
1970-шы  жылдардың  ортасынан  бастап 1990 
жылдардың  орта  шеніне  дейін  АҚШ-та  комму-
никация  мамандығын  алып  шыққан  универси-
тет  түлектерінің  саны  үш  есе  өсіп, 60 мың  ба-
калавр, 6 мың  магистрге  жетті,  жылына 500-ге 
жуық докторлық диссертация қорғалады. Соңғы 
жылдары Ресейде қолданбалы коммуникативтік 
мамандықтар (жұртшылықпен байланыс, жарна-
ма, лингвистика жəне мəдениетаралық коммуни-
кология), массмедиа саласындағы мамандықтар 
табысты  дамып  келеді.  Көптеген  ресейлік 
жоғары оқу орындарында коммуникативтік сала 
бойынша кафедралар ашылған [5, 78-б.].
Əлемдік  жəне  отандық  тəжірибені  еске-
ре  отырып,  қазіргі  уақытта  коммуникология 
ғылымының негізгі континуумы қалыптасқанын 
айтуға  болады.  Профессор  Д.Р.  Гавраның  əліп-
теуінше, ол мына пəндерді қамтиды:
 коммуникацияның жалпы теориясы;
 тұлғааралық жəне іскерлік коммуникация;
 коммуникацияның жалпы теориясы;
 ұйымдастырушылық коммуникация сының 
теориясы; 
 коммуникация менеджменті;
 коммуникация тарихы; 
 зерттеудің коммуникациялық əдістері;
 кросс-мəдени коммуникация теориясы; 
 вербалды (ауызша) коммуникация теория-
сы; 
 визуалды  (көзбен  шолу)  коммуникация 
тео риясы; 
 саяси экономия мен коммуникация эконо-
миясы; 
 коммуникативті зерттеулер;
 халықаралық  жəне  жаһандық  коммуника-
циялар; 
 виртуалды  коммуникациялар  теориясы 
жəне т.б.
Бұл  арада    «ерекше  ғылым  түрінде  ком-
муникациялық  үдерістер  туралы  білімнің  инте-
грациясының болмауы қисынға қайшы. Саланың 
нысаны,  пəні,  теориялары  бар  да,  ғылымның 
өзі  жоқ...» [3, 58-б.]  екенін  атап  көрсеткен 
И.П.  Яковлевтің  пікірімен  таласу  қиын. 
И.П.  Яковлевтің  пікірі  бойынша,  коммунико-
логия  «коммуникацияның  қоғамдағы  орны  мен 
рөлі,  дамуы,  құрылымы,  коммуникациялық 
процестер  мен  құралдар  туралы  ғылым  болуы 
тиіс».  Жалпы  коммуникология,  оның  ішінде 
ұлттық  коммуникологияны  қалыптастыруды 
комму никология  пəніне  түрлі  мазмұн  бере 
отырып  басқа  да  отандық  жəне  шетелдік 

Ə. Айтқазина
199
ISSN 1563-0242                                                KazNU Bulletin. Journalism series. №2 (32). 2012                  
ғалымдар  қолдайды.  Ал  Г.Е.  Третьяктің  пікірі 
бойынша, «коммуникацияның 
құрылымы, 
функция лары,  типологиясы,  құралдары  жəне 
жолдары  коммуникация  туралы    ғылымның 
зерттеу  пəні  болып  табылады» [7, 83-б.].  Ком-
муникация  туралы  ғылымның    жақтастары 
(ком му  никологтар, коммуникативистиктер) ком-
му никацияның  америкалық,  француздық,  кана  -
далық  теоретиктерінің  арасында  да  бар.  Рас, 
фран цуз  коммуникациялық  мектебінің  өкілдері 
«ақ параттық-коммуникативтік  ғылым»  тура-
лы  сөз  қозғағанды  жөн  санайды.  Бұл  ұстаным 
–  коммуникациялық  ғылымдардың  профессо-
ры  Б.  Мьеж,  Д.  Бунью,  Д.  Вольтон,  П.  Бурдье 
жəне басқалар сияқты ғалымдарға тəн.   Ұлттық 
коммуникологияның  жеке  білім  саласы  ретінде 
қалыптасуы мен дамуы отандық жəне шетелдік 
коммуникативтік зерттеулерде кең қолдау табуда. 
Алайда  бұл  қазіргі  коммуникацияны  зерттеудің 
тек бір бағыты ғана. 
Əлбетте,  ұлттық  коммуникологияның  атал-
ған  жəне  басқа  проблемаларын  ғылыми  тұр-
ғыдан  талдау  зерттеудің  əдіснамалық  жəне 
теориялық  арсеналын  «жаңартуды»  ұсынады. 
Бұл  арада,  атап  айтқанда,  адамдар  арасындағы 
өзара əрекеттестіктің негізгі типтері туралы ком-
муникациялық  жүйелердің  тұжырымдама лық 
қағидаларын қайта қарау маңызды  [6, 64-б.].
Біз  өмір  сүріп  жатқан  əлем  өзара  тығыз 
бай ланыста,  ол  шынымен  де, global village – 
көп  тілді  жəне  көп  мəдениетті  үлкен  ауылды 
елестетеді.  Осы  планетарлық  ауылда  қарым-
қатынас  орнату  жəне  тілдесу  ұлттық  түсіністік 
пен  өзара  əрекеттестік  негізінде  ғана  мүмкін 
болмақ.  Үшінші  мыңжылдықтағы  тұрақтылық 
пен береке-бірлік көп жағдайда жас ұрпақтың өз 
халқының ұлттық жəне мəдени құндылықтарын 
құрметтеу, сақтау қабілетіне байланысты болмақ.
Əдебиеттер
1  Арутюнов,  С.  А.,  Багдасаров,  А.Р.  и  др. 
Язык – культура – этнос. / С.  А.  Арутюнов,  
А.Р. Багдасаров. – М., 1994.
2  Буркхарт,  Ф.  Язык,  социальное  поведение 
и  культура // Образ  мира  в  слове    и  ритуале / 
Ф. Буркхарт. – М., 1992. 
 3 Прохоров,  Ю.  Е.  Национальные  социо-
культурные  стереотипы речевого общения и их 
роль при обучении русскому языку иностранцев. 
/ Ю.А. Прохоров. – М., 1996.
4 Луман Н. Что такое коммуникация? // Со-
циологический журнал. – 1995. – №5. 
5 Habermas J. The theory of Communicative 
Action. – Boston, 1984. 
6 Землянова Л.М. Зарубежная коммуникати-
вистика  в  преддверии  информационного  обще-
ства:  Толковый  словарь  терминов  и  концепций. 
– М., 1999.
4  Соколов  А.В.  Общая  теория  социальной 
коммуникации. – СПб., 2002 
8  Крысько  В.Г.  Этнопсихологический  сло-
варь. – М., 1999. – С. 343.
А. Айтказина
Национальная коммуникология: история, процесс развития и будущее
В  статье  исследуется  превращение  постиндустриального  общества  в  информационно-коммуникативное.  Также  автор 
стремится к всестороннему анализу вхождения коммуникации во все сферы реальной жизни, появления и продвижения ком-
муникативных структур и процессов нового типа, а также происхождения коммуникации, пригодной для социального спроса, 
современные изменения в социально-коммуникативной сфере, место и роль коммуникации в развитии общества.
Ключевые слова: национальная  коммуникология, обновление, постиндустрия.
A. Aitkazina
National communicology: history, process of development and future
The article studies from scientifi c positions transition of a post-industrial society to information and communication one. The 
author also seeks to thoroughly analyze the dashing entry of phenomenon of communication in all areas of real life, occurrence and 
promotion of communicative structures and processes of new type as well as occurrence of communication suitable for social demand, 
contemporary changes in social and communicative fi eld, place and role of communication in development of society.
Keywords: national kommunikologiya, updating, post-industry.

Социальная реклама в Казахстане
200
Вестник КазНУ.  Серия журналистика. №2 (32). 2012
УДК  070
Э. Алим
              Казахстанский национальный университет им. аль Фараби, г. Алматы
E-mail: Elmira.alim@gmail.com
Социальная реклама в Казахстане
Аннотация: В статье представлен опыт Республики Казахстан по развитию социальной рекламы. 
Проанализирована роль социальной рекламы в повышении качества жизни граждан. В статье про-
анализировано  отношение  к  использованию  социальной  рекламы  в  Казахстане.  Показано,  как  со-
циальная  реклама  помогает  бороться  с  социальными  проблемами  и  какая  помощь  оказывается  со 
стороны государства для ее развития.
Ключевые слова: Социальная реклама, Казахстан, Рекламный Совет США.
Около года назад, в 2011 году на сайте www.
otvet.mail.ru  был  вывешен  следующий  вопрос: 
Почему  в  Казахстане  не  развита  социальная  ре-
клама? Из 38 ответчиков 46,15% ответили, что у 
социальной  рекламы  нет  необходимой  государ-
ственной поддержки, 46,15% ответили, что созда-
ние социальной рекламы – это неинтересная для 
творчества область, и лишь 7,69% отметили, что 
социальная  реклама  в  Казахстане  все-таки  есть 
(otvet.mail.ru, n.d.). Эта  выборка  слишком  нере-
презентативна, чтобы делать какие-либо выводы. 
Но она позволяет сделать субъективный вывод о 
том, что казахстанская социальная реклама пока 
не вызывает интереса среди общества. 
По  мнению  представителей  неправитель-
ственных организаций и СМИ социальная рекла-
ма в Казахстане находится на начальном уровне. 
Имеющиеся социальные плакаты и телевизион-
ные ролики скорее вызывают раздражение, чем 
посыл  к  положительным  изменениям  в  себе  и 
в  других.  В  чем  же  кроется  проблема?  Почему 
существующая социальная реклама не действует 
так как должна? 
Обзор истории социальной рекламы
Социальная реклама по всему миру уже дав-
но используется как главное средство для лече-
ния  разных  социальных  «болезней  общества». 
В  США  социальная  реклама  используется  уже 
более 60 лет. Каждый год правительство Амери-
ки  выделяет  на  социальную  рекламу  огромные 
суммы.  Американцы  понимают,  что  проблему 
социального  характера  гораздо  проще  предот-
вратить, чем разбираться с ее последствиями, и 
что  эффективность  социальной  рекламы  неиз-
мерима. Ведь можно только надеяться на то, что 
регулярное присутствие теле- и радио-роликов в 
эфире  со  временем  приведет  к  положительным 
поведенческим изменениям. Поэтому многие со-
циальные кампании, особенно государственные, 
растягиваются на десятилетия. Среди таких ра-
бот числится кампания против загрязнения эко-
логии, в которой главным персонажем выступил 
«плачущий  индеец»  Коди  Стальной  Взор.  Кам-
пания продлилась с 1961 по 1991 годы (Ad Coun-
cil, n.d.). Среди долгоиграющих кампаний можно 
отметить кампанию по сокращению уровня пре-
ступности (1979 – настоящее время); кампанию 
по  сокращению  количество  пьяных  за  рулем 
(1983 – настоящее время), кампанию по предот-
вращению смертности в дорожно-транспортных 
происшествиях (1985 – настоящее  время) (Ad 
Council, n.d.). Все вышеперечисленные примеры 
показали свою эффективность со временем.
Социальная  реклама  в  странах  СНГ  появи-
лась намного позднее западных стран. В период 
Советской  власти  вся  социальная  реклама  име-
ла  явный  пропагандистский  подтекст.  Поэтому 

Э. Алим
201
ISSN 1563-0242                                                KazNU Bulletin. Journalism series. №2 (32). 2012                  
этот  вид  рекламы  в  своей  современной  форме 
впервые появился в России в начале 1990-х го-
дов  (Николайшвили, 2009). Одной  из  первых 
стала социальная рекламная кампания «Позвони 
родителям!» (Wikipedia, n.d.). Среди  последних 
кампаний  можно  отметить  широкомасштабную 
рекламную  кампанию  общественного  фонда 
«Наши дети» со слоганом: «Приемный ребенок 
может стать родным!» (adme.ru, n.d.). 
Представители СМИ отмечают, что хорошей 
социальной  рекламы  в  России  нет.  Журналист 
издания «Российская газета» А. Зарипова пишет: 
«Как  показывает  зарубежный  опыт,  потенциал 
социальной рекламы в решении острейших про-
блем  общества  огромен,  в  России  же  она  оста-
ется недоразвитой, непонятной как потенциаль-
ным создателям, так и потребителям» (Зарипова, 
2012).
Социальная реклама в Казахстане
Социальная  реклама  в  Казахстане  страдает 
от тех же проблем, что и в других постсоветских 
странах. Социальная реклама является социаль-
но значимой информацией, и главным ее заказ-
чиком  является  государство  (Минбалеев  А.В., 
n.d.).  Судя по реестру поставщиков социального 
заказа  Министерства  культуры  и  информации 
Республики  Казахстан  на 2012 год,  госзаказ  на 
социально  значимую  информацию  занимают 
следующие  тематики:  культурно-нравственное 
воспитание  детей  и  молодежи,  вопросы  без-
опасного  материнства,  охрана  здоровья  и  соци-
альная  реабилитация  людей  с  ограниченными 
возможностями,  вопросы  энергосбережения,  
профилактика  бытового  насилия,  наркомании, 
онкологических  заболеваний,  ВИЧ  и  табакоку-
рения (mk.gov.kz, 2012).
Бюджеты выделяемых на социальную рекла-
му средств растут с каждым годом. В 2012 году 
на  продвижение  социально  значимой  информа-
ции  в  государственном  бюджете  заложено 691 
млн. тенге (29,8% от общего бюджета) на инфор-
мационное сопровождение государственной по-
литики в сфере внутренней и внешней политики, 
социально-культурной жизни, освещение Посла-
ния  Главы  государства,  публикацию  норматив-
ных правовых актов (zakon.kz, 2012).
Однако  в  Казахстане  и  в  других  странах 
постсоветского  пространства    социальная  ре-
клама не обеспечена должной поддержкой госу-
дарства. Большая проблема состоит еще и в том, 
что  механизмы,  регулирующие  этот  вид  ком-
муникации, крайне не развиты. В современных 
условиях   социальная  реклама  представляется 
лишь  на  разного  рода  конкурсах  и  фестивалях, 
а до широкой аудитории не доходит в силу выше 
обозначенных причин.
Как  отмечает  руководитель  благотворитель-
ного фонда «Бауржан» Ж.Омарбекова: «В Казах-
стане  культура  социальной  рекламы  находится 
на начальной стадии. Ежегодно государство уве-
личивает средства на развитие НПО и граждан-
ского сектора. Также разыгрывается большое ко-
личество лотов на съемку социальных роликов. 
Их  тематика  достаточно  разнообразна – воспи-
тание  казахстанского  патриотизма,  сохранение 
экологии,  борьба  против  наркомании  и  т.д.  Но 
как часто мы видим конечный продукт в эфире 
центральных и местных телеканалов?» (lenta.kz, 
2010). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет