Литература
1 http://www.gtmarket.ru/ratings /lega
tum-
prosperity-index/info
2 www.akorda.kz
3 http://www.gtmarket.ru/ratings/ legatum-
prosperity-index/info
4 Мынбай Д. Законы истории //www.
neonomad.kz
5 http://www.prosperity.com/rankings.aspx
6 Велитченко С. Культурно-коммуникатив-
ные функции СМИ // Вестник КазНУ, серия жур-
налистика. – № 2. – 2011.
7 Назарбаев Н.А. Казахстан в посткризис-
ном мире: интеллектуальный прорыв в будущее//
Лекция в КазНУ им. аль-Фараби. – Алматы, 13
октября 2009 г.
Статья подготовлена по материалам вы-
полненных работ в рамках проекта гранто-
вого финансирования научных исследований
Министерства образования и науки РК на
2012-2014 гг. № РК «От интеллектуальной
нации – к интеллектуальному потенциалу:
разработка технологии информационно-ком-
муникативных воздействий на массы».
С.Н. Велитченко
15
ISSN 1563-0242 KazNU Bulletin. Journalism series. №2 (32). 2012
С.Н. Велитченко
Интеллектуалды ұлт – мемлекеттің инновациялық өркендеуінің негізі
Қазақстан Республикасы Президентінің бастамасымен құрылған интеллектуалды ұлт қалыптастыру бағдарламасына
арналып жазылған мақалада арнайы зерттеулер жəне интеллектуалды ұлт қалыптастырудың негізгі бағыттары көрсетілген.
Жаңа экономиканың негізін əлеуметтік-экономикалық қазіргі қоғамның интеллектуалды потенциалы құрайды. Мақала ҚР
Білім жəне ғылым министрлігінің 2012-2014 жж. арналған арнайы грантты ғылыми зерттеу жобасына «Интеллектуалды
ұлттан – интеллектуалды əлеуетке: бұқараға ақпараттық-коммуникативтік ықпал ету технологияларын əзірлеу» тақырыбына
арналып жазылған.
Түйін сөздер: интеллектуалды ұлт, интеллектуалды потенциал, білімдер экономикасы.
S. Velitchenko
Intelligent Nation as a basis of innovative development of the country
The analysis of the opportunities and conditions for the formation of an intellectual nation of Kazakhstan on the basis of the state
program, initiated by the President of Kazakhstan. The basis of the new economy of intellectual potential, which dominated the social
and economic development of modern society. The article was prepared on the work performed as part of the grant funding for research
of the Ministry of Education and Science of Kazakhstan for 2012-2014. “From an intellectual nation – to the intellectual potential: the
development of information and communication technology impacts on the masses”.
Keywords: intellectual nation, intellectual potential, economy of knowledge.
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ə. Назарбаевтың сындарлы саясаты ...
16
ҚазҰУ хабаршысы. Журналистика сериясы. №2 (32). 2012
ƏОЖ 070
Р.С. Жақсылықбаева
Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.
E-mail: jak-rimma@mail.ru
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ə. Назарбаевтың сындарлы саясаты
жəне бұқаралық ақпарат құралдары
Аңдатпа. Автор мақаласында Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ə. Назарбаевтың сындарлы
саясатындағы бүгінгі қоғам мен мемлекеттің дамуын, олардың бұқаралық ақпарат құралдарындағы
көрінісін айқындайды. Елбасы саясатындағы өзіндік ұстанымы мен негізгі бағыты туралы БАҚ-
тағы жарияланымдар сараланады. Сондай-ақ мақала авторы ҚР Президенті Н.Ə. Назарбаевтың
журналистер мəселесіне қатысты өзіндік пікірі мен ойын бере отырып, елбасы саясатындағы негізгі
мəселелерді де қамти кетеді.
Түйін сөздер: бұқаралық ақпарат құралдары, бас редактор, Қазақстан Республикасының Президенті,
журналистер ақпараты.
Елдің елдігін, халықтың халықтығын та-
нытар тұста бой көтеріп, ой танытып, айналаға
сергек те сезімтал көзбен қарауға да табандылық
керек. Үлкен жүректі тұлғаның тəй-тəй басқан
əже құшағынан көргені мен тергені, он алты
жасынан белі қайысып металлург мамандығын
таңдап, Теміртауға аттануы, одан кейінгі өсу
баспалдақтарына қаланған кірпіштер болды.
Журналистер қауымының назарына Елба-
сы ның алғаш ілінген сəті оның Теміртау метал-
лургия комбинатының партком хатшысы болған
тұстан бастау алады. Бұл тұрғыда белгілі пу-
блицист-журналист Сарбас Ақтаев былай деп
жазады: «Жетпісінші жылдардың орта шені,
редактордың бірінші орынбасары Балғабек
Қыдырбекұлының кабинетіне барсам, онда ашаң
өңді, кең маңдайлы, мойылдай қара шашын оң
қағына қайырған, аққұба ажарлы жігіт отыр.
– Танысыңыздар, ауызға жиі алынып жүр-
ген Қазақстан Магниткасының партком хатшы-
сы Нұрсұлтан Назарбаев осы жігіт.
– Қара шаңыраққа кіріп, ағаларға сəлем
беріп қайту борыш қой. Ал, көріскенше күн
жақсы», – деп ол уақытының тығыздығын ай-
тып, жымия қоштасып, іле шығып кетті.
– Өзі бір болайын деп тұрған жігіт. Түбінде
осы өсіп, ел басқарады, көр де отыр, – деді сұлу
кескінді сұңғақ жігітті көзімен ұзатып сала оты-
рып Бəкең» [1].
1970-80 жылдары Қазақ теледидары күн
сайын болмаса да, ай сайын Қазақстан Маг -
ниткасының еңбек тынысынан, онда жұ-
мыс істейтін жұмысшылар мен инженер-
техниктердің өмірінен түсірілген сюжеттер мен
көлемі 20-30 минуттық арнайы бағдарламаларды
көрсетіп тұрды. Сол жылдары теледидардың
қоғамдық-саяси хабарлар Бас редакциясында
арнайы «Өндіріс» бөлімі болды. Кезінде осы
бөлімнің аға редакторы болған Ж. Базарбаев тың
«Магнитканың өркенді істері» атты телеочеркі
1976 жылдың 19 ақпаны күні эфирден өткен
екен. Автор алып Магнитканың күнделікті еңбек
ырғағын, ондағы мартен цехының жұмыста рын
көрсете келіп, комбинаттың партком хат шысы
Нұрсұлтан Назарбаевпен арадағы əңгімені бы-
лайша өрбіткен:
Сұрақ:
– Партия саясаты, еңбекшілерді жоспарды
орын дауға жұмылдыру. Өзіңіз бұрын осы орта-
да от-жалында қақталып, осы дəрежеге дейін
жеттіңіз. Сізге мартенші болу ма, əлде үлкен
коллективтің басшысы ауыр ма?
Жауап:
– 1958
жылдан Днепроджерзинскіден бас-
Р.С. Жақсылықбаева 17
ISSN 1563-0242 KazNU Bulletin. Journalism series. №2 (32). 2012
та ған еңбек жолымның жалғасып, күні бүгінге
де йін үзіп алмай, олардың сеніміне ие бола оты-
рып, осындай дəрежеге жеттім. Мен де ыс тығы
бет қаратпайтын жалынның аузында бү гінгі
əріптестеріммен қатарласа тұрып, болат қорыттым.
Қиындықтар да болды, əйтсе де оны бірлесе,
ұйымдаса жеңе білдік. Бүгінде үл кен ұйымның
хатшылығына сенім білдіргесін басқарып отыр-
мын. Егер шынымды айтсам, кейде сол мартен
пешін, оның ыстығын аңсаймын... [2].
Осы ауыр міндеттің салмағын жүктеп 1991
жылы 1 желтоқсанда болған жалпыхалықтық
сайлау Н.Ə. Назарбаевты Республика Президенті
етіп сайлады. 1991 жылы 10 желтоқсанда Қазақ
КСР-інің атауы Қазақстан Республикасы бо-
лып өзгертілді. 16 желтоқсанда Республика
Парламентінің «Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік тəуелсіздігі туралы» Заңды қабыл-
дауы қазақ халқының тəуелсіздік жо лындағы
ұзақ жылдарға созылған күресінің заңды
қорытындысы болды. Сөйтіп, республика өзін
өз аумағының толық шегінде билік құратын
тəуелсіз, демократиялық əрі құқықтық мемлекет
деп жариялады.
Кез келген демократиялық қоғамның даму
деңгейі оның бұқаралық ақпарат құралдарына
деген көзқарасымен де, мемлекет пен бұқаралық
ақпарат құралдары арасында қалыптасқан өзара
қарым-қатынас жүйесімен де анықталатыны
белгілі. Жариялылықты өмірде жүзеге асыруға,
оны тереңдетіп дамытуға БАҚ-тың рөлі зор. Ол
үшін нағыз шындық халыққа дер кезінде дəл сол
болмысымен жетіп тұруға тиіс. Сонда ғана қалың
бұқара белгілі билік орындарының, лауазым-
ды тұлғалардың қызметін бақылай алады. Дəл
осындай бақылау күшейсе, оны БАҚ қамтамасыз
ете алса, онда елде сыбайлас-жемқорлыққа
айтарлықтай тосқауыл қойылады. Журналистің
міндеті – халықаралық қатынас барысында
жəне ақпарат саласында демократияландыруға
ықпал ету. Əсіресе мелекеттер мен халықтар
арасындағы бейбіт жəне достық қарым-
қатынастардың нығаюына көмектесу болмақ.
«Хабар» агенттігі арнасының «Жеті күн»,
«Жаңалықтар» ақпаратынан да Елбасының рес-
публикалар арасындағы дау-дамайын шешу-
ге барынша араласып жүргенін білеміз. ТМД
шеңберінде Ашғабат, Алматы, Минск, Ташкент,
Бішкек, Киевтегі кездесулерде экономикалық
ауыс-түйіс,
мемлекет
арасындағы
бірлік,
ынтымақ, шекара жайлы Назарбаев ұсынысын
мақұлдаған, пəтуа бас изескен қаншама хаттарға
қол қойылды.
«Хабар» агенттігі арнасының «Жеті күн»
сараптау бағдарламасынан 2001 жылдың 25
қарашасында Елбасының тыныштық пен
тұрақтылыққа байланысты пікірі берілді.
Онда «Тыныштық пен тұрақтылықты көздің
қарашығындай сақтау – міндетіміз. Бұл – менің
Президенттік сертім, ел тілеуін арқалаған
тұмарым. Мұны сақтау жолында қателесуге де,
жаңылуға да болмайды. Бұл жаңылыс халықты
қанға, қатерге алып баруы, қан мен қатердің
арты қайда апарып, неге ұрындыратыны
белгілі. Саясаттағы менмендіктен, ұлттық тар
шеңберден шыға алмаушылықтан өрескел ауыр
нəрсе жоқ. Бұл – кіші ұлт таңдап жатпайтын
қатерлі дерт. Жүзімізді жерге қаратпай, тура
айтар бір шындығымыз діни наным-сенімі бар
елде тұрақтылық пен тыныштық қаймағының
бұзылмай келе жатқаны. Бұл – біздің тəубамыз.
Бұл– менің тəубам!» [3].
Шындығында да бүгінде Қазақстан – əлемдік
өркениет дамуының құрамдас бір бөлігі болып
отыр. Əсіресе Қазақстан өзінің тəуелсіздігін
алғаннан кейін егемен мемлекет ретінде
халықаралық байланыс жасауға, өзінің сыртқы
саясатына айрықша көңіл бөле бастады. Оны
Президент Н.Ə. Назарбаевтың 1997 жылдың
қазанындағы «Қазақстан – 2030» бағдарламасы
еліміздің
қауіпсіздігін
қамтамасыз
етуге,
тəуелсіздік тұғырын биіктете түсуге ықпал етті.
Тəуелсіздік алған уақыт ішінде Қазақстанды
дүниежүзінің 117 мемлекеті мойындап, 105
елмен дипломатиялық қатынастар орнатты.
Бүгінде Қазақстан əлемдегі 215 елдің 171-імен
сауда-саттық қатынаста, 45 миллиард доллар-
дан астам көлемде олармен тауар айналымы бар.
Қазақстан шетелдерде 26 дипломатиялық жəне
консулдық өкілдіктер ашты. Алматыда 40-тан
астам шетелдік елшілік пен миссия, халықаралық
жəне ұлттық ұйымдардың 16 өкілдігі жұмыс
істейді [4].
Қазақстан Президенті Н.Ə. Назарбаев: «Ха-
лық аралық байланыстарымызды дамыту үшін
бірнеше мəселені қатар шешуге тура келді,
атап айтқанда, Қазақстанды халықаралық
дəрежеде мойындатып, оның қауіпсіздігі мен
экономикалық байланыстарына белсене ара-
ласу қажет болды», – деп атап көрсетті. Бұл
аса қиын да күрделі міндеттерді орындау үшін
дүниежүзі мемлекеті басшыларымен, жетекші
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ə. Назарбаевтың сындарлы саясаты ...
18
ҚазҰУ хабаршысы. Журналистика сериясы. №2 (32). 2012
экономикалық
алыптармен,
халықаралық
ұйым дармен келіссөздер жүргізілді, шетелдер
жəне халықаралық ұйымдармен 800-ден аса
құжаттарға қол қойылды.
Америкалық ғалым Джордж Сакстың
пікірінше: «...қандай да бір ел болмасын оның
экономикалық тұрғыдан ірі жетістіктерге жетуі
көбіне-көп сыртқы сауда-саттықты дұрыс жүргізе
білуіне тікелей байланысты. Дүниежүзілік эко-
номикалық байланыстар шеңберіне тартыл-
майынша ешбір ел оқшау қалып жөні түзу
экономикалық құрылым жасақтай алмайды».
Сондықтан да Қазақстанның кез келген мем-
лекетпен саяси, экономикалық, сауда-саттық,
ғылым, білім беру, мəдениет салаларында тығыз
байланыстар орнықтыруы қуантады.
Елбасының шетелдерге шыққан сапарының
əрбір кезеңі теледидар таспасына түсіріліп,
баспасөз беттерінде жарық көріп жатады. Ел-
басымен сапарларда бірге болған журналистер
қатарына Шерхан Мұртаза, Сауытбек Абдрах-
манов, Уəлихан Қалижан, Қайнар Олжай, Зейін
Əліпбек т.с.с. журналистерді атап өтуімізге
болады. Олардың жолсапар очерктері мен
телесюжеттері əрбір кездесудің Қазақстан үшін
саяси мəні бар екендігін ұғындыра түседі.
2003 жылдың 23-24 қыркүйегінде Астана-
да тұңғыш рет əлемдік жəне дəстүрлі діндер
басшылары съезінің өтуі тек біздің елімізде
ғана емес, дүниенің шартарабына мəшһүр
оқиға болып, мемлекетіміздің дүниежүзілік
қоғамдастығындағы беделін нығайтып, тұрақ-
тандыруға зор ықпал етті.
Қазақстан небары 14 млн 250 мың тұрғын
халқымен əлемде 50-орынды алса, көлемі
жағынан 2 млн.725 мың шаршы километр жерді
алып жатқан ол дүниежүзінде 9-орында. Қазба
байлықтарының қоры жағынан мемлекетіміз
ешкімге есесін жібермейді, əлемдегі алдыңғы
қатарлы 10 елдің тізімінде. Міне, осындай бай
елге қызыққан əлемдік алпауыт державалардың
көбі Орталық Азия елдері, əсіресе Қазақстанды
көздеген нысана – саяси ойындарының
ала ңы на айналдыруға құштарлық танытып
жүр. Əр бір қадамымызды қалт жібермей қада-
ғалауды əдетке айналдырғаны соншалық,
нарық тық экономиканың, олардың өздері қа-
лып тастырған ережелері мен тəртіптерін ұлт-
тық, мемлекеттік ерекшеліктерді ескеріп,
сəл өзгертіп пайдаланғандарға байбаламдап,
бақан ала жүгіруден тайынбайды. Осындайда
сыртқы саясатта сындарлылық, мың өлшеп, бір
кесетін көрегенділік қажет. Француз жазушысы
əрі саясаткері Моррис Баррестің: «Саясаткер
дегеніміз – даршы. Ол бірдеңені жар салып
айтып, соған қарама-қарсы əрекет жасауы
арқасында тепе-теңдікті сақтайды», – деген
сөзін мақұлдауға болады.
Ішкі саяси тұрақтылықты қалыптастыру –
мемлекет қауіпсіздігінің кепілі. Оның көп фак-
торлары бар. Белгілі бір аймақта əлеуметтік
мəселені шешумен қатар адамдардың рухани
сұранысын қанағаттандыру – кезек күттірмес
маңызды шаралардың бірі. Бұл тұрғыда бұ қа-
ралық ақпарат құралдарының алар орны ерек-
ше. Еліміздің Конституциясында: «бұқара-
лық ақпарат құралдары əрбір азаматқа өзінің
құқықтары мен мүдделеріне қатысты құжат-
тармен, шешімдермен жəне ақпарат көздерімен
танысу мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті»
деп атап көрсетілсе, Қазақстан Республикасының
«Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңында
оның «...мерзімді баспасөз басылымы, радио
жəне теледидар бағдарламасы, киноқұжат тама,
дыбыс бейне жазбасы жəне бұқаралық ақпа ратты
мерзімді немесе үздіксіз жария таратудың бас қа
да нысаны» болып табылатыны айқындалады.
Қазақстан Республикасы өз тəуелсіздігін
жа риялаған, сəттен бері бұқаралық ақпарат
құралдары қоғамдық пікір қалыптастырудың
қуатты қаруына айналып келеді. Ал нақтылай
айтсақ, ел егемендігі мен тəуелсіздігі жолындағы
саяси күресте, əсіресе қазақ басылымдарының
тарихи рөлі ерекше. Осы мəселеге айрықша
көңіл бөлген Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев: «... біздің бұқаралық
ақпарат құралдарының республика мүдделерін
қорғай білуі, дүниежүзілік саяси аренада өзінің
ақпараттық кеңістігін құруды үйренулері қажет.
Республикадан тыс жерлерде оқырманға жол
табуы керек. Оның үстіне бізде өзіміздің ішкі
жəне сыртқы саяси қадамдарымызды айшықты
көрсетер негіздер жеткілікті», – деп атап айтқаны
белгілі. Жетпіс жылдан астам уақыт бойына
дара идеологияның құрсауында болған халыққа
жаңа тұрпатты мемлекет құрудың өзектілігі мен
қажеттілігі турасында насихат айту, иландыру
жұмысын жүргізу, айтуға ғана жеңіл болғанымен,
іс жүзінде оңай шаруа емес еді.
Міне,
осынау
тарихи
жүкті
атқару
республиканың бұқаралық ақпарат құралдарына
тапсырылды.
Оны
жүзеге
асыру
үшін,
Р.С. Жақсылықбаева 19
ISSN 1563-0242 KazNU Bulletin. Journalism series. №2 (32). 2012
оқырмандар аудиториясын еліктіру үшін саяси
əдіс-тəсілдерді ұтқырлықпен қолдану қажет-
тігі сөзсіз еді. Қоғамдық ой-сана үдерісінде
əділ айтылып жүргендей, бұқаралық ақпарат
құралдары шын мəнінде «төртінші билік»
тұтқасына айнала бастағаны жасырын емес.
Себебі бүгінгі таңда бұқаралық ақпарат
құралдары адамдардың санасына, қоғамның
саяси жүйесіне ықпал етудің аса күшті құралы
екені мəлім.
Бұрынғы кеңестік дəуірде баспасөз үгітші,
насихатшы құрал ретінде қарастырылды. Ол
кездегі баспасөз шектен тыс идеологияға тəуелді
болып, қоғамда өріс алып жатқан оқиғалардың
бет-бейнесін шынайы ашып бере алмады,
сол кездегі идеологияға қызмет етті. Бүгінгі
демократиялық елімізде баспасөздің қоғамдағы
рөлі елеулі өзгеріске ұшырады. Ол бұрынғыдай
насихатшы ғана емес, сонымен бірге қоғамдық
ой-санамыздың сараптаушысы жəне қоғамдық
ой-пікірді қалыптастырушы да болып отыр.
Қазіргі таңда дүниежүзілік ақпарат əле мін-
дегі ірі өзгерістерден, жаһандану үдерістерден
ешбір елдің саяси өмірі мен БАҚ-ы тыс тұра
алмай тын күрделі кезеңмен бетпе-бет жүздесіп
отырмыз. Əлемдік ақпарат құ ралдарында
«ақпараттың еркін ағымы» деген теория
дəуірлеп тұр. Ол қағиданың мəні мынаған келіп
саяды: адам баласы – жарық дүниенің иесі. Ол
əлемдегі жаңалық атаулыдан хабардар болуы
керек. Сондықтан ақпаратқа шекара қойылмауы
тиіс. Ақпарат – сол мемлекеттің идеялық ай-
насы. Ұстанған бағыт, бағдар, саяси ауқым,
экономикалық тұрақтылық алдымен ақпарат
көздері арқылы жалпақ əлемге тарайды. Осы
ретте қазақ баспасөзі бірінші беделге ие болуы
тиіс.
Бүгінгі қазақ баспасөзінің ішінде қоғамдық
пікірдің ұйытқысына айналып жүрген «Еге-
мен Қазақстан», «Ана тілі», «Қазақ əдебиеті»,
«Айқын», «Жас қазақ» газеттерінде əлеуметтік
маңызы бар тақырыптар жиі көтеріледі, терең
жазылады. Сонымен қатар елдік мүдде, жерді
қорғау, теңсіздікті болдырмау, ұлттық тарих,
əдебиет пен мəдениет, салт-дəстүрге жаңа
ұлттық сипаттағы көзқарасты қалыптастыру
тəрізді мəселелерде өзіндік өрнек-нақышымен
көзге түсіп, бедері бар басылымға айналып
отырғандығы қуантады.
Мемлекет басшысы 2009 жылы «Арна Ме-
диа» холдингінің бұқаралық ақпарат құралдары
басшыларының сұрақтарына жауап қайтарды.
Кезекті бір сұрақтың жауабына Президент
Н.Ə. Назарбаев: «Қазіргі бəсекелестік жағда-
йында газеттің сапасы мен көркемдігін
жақсарту, халықтың ойы мен тілегінен шығу ке-
рек. Осының жолын өздеріңіз қарастырыңыздар.
Көптеген азаматтарымыз, зиялы қауым өкілдері
осы газет арқылы ой-пікірлерін халыққа
жеткізіп жатыр. Бұл өте жақсы. Менің айтайын
дегенім, бұқаралық ақпарат құралдары күннен
күнге өзгеріп жатқан қазіргі алмағайып заман-
да халықты үйрету мəселесіне көбірек көңіл
бөлгендері жөн бе деймін. Себебі жаһандану
үдерістері əкеле жатқан құбылыстардың бəрін
халықтың бəрі бірдей əлі ұғынып болған
жоқ. Қалай өмір сүру керек, қандай тіршілік
жүргізген дұрыс, мына өмірде не болып жатыр,
бизнесті қалай ашып, қалай жүргізуге болады
деген сұрақтар көп адамдарды толғандыратыны
айқын. Бір ғана тақырып – саламатты өмір
салтының мəнін ашып берудің, осыны халыққа
жеткізіп айтудың өзі неге тұрады. Яғни халыққа
керекті мəселелерге көбірек көңіл бөлген дұрыс.
Қазіргі Батыстың газеттері мен журнал-
дары электрондық формаға қарай көшіп жа-
тыр. Түбінде бізге де солай қарай бейімделген
дұрыс деп санаймын», – деп өте орынды жауап
қайтарды [5].
Президент мойнына жүктелген аманаттар-
дың бірі – шешуге тұрарлық тіл мəселесі. Жетпіс
жыл бойына діліміз де, дініміз де екінші орында
болып келген тұста тіл мəселесін шешу теңізге
түбі тесік қайықты салып жіберумен бірдей еді.
Президентіміз Н.Ə. Назарбаев «Қазақстанның
болашағы – қоғамның идеялық бірлігінде» де-
ген еңбегінде мемлекеттік қазақ тілінің рөлі
туралы былай дейді: «Идеялық бірігудің сын-
дарлы жұмысы арасында қоғамда жоғары тіл
мəдениетінің орнығуы мəселесі де болуға тиіс.
Мемлекеттік тілді оқшаулау, оны басқаларға
қарсы қою тұрғысынан емес, қайта керісінше,
оның біріктірушілік рөлі тұрғысынан қарау ке-
рек. Ол барлық ұлттар мен ұлыстарға қазақ
халқының мəдениетін, дəстүрін, əдет-ғұрпын,
тұрмыс-тіршілігін танып-білудің негізгі жəне
мемлекеттік тілмен қатар қазір Еуропа, шығыс
тілдерін де үйрену үшін қажетті жағдай жасауға
міндетті» [6].
Қазіргі таңда Қазақстан халықтарының 13
тілінде 218 газет жəне журнал шығады. Қазақ
радиосының «Евразия» халықтарының арнасын-
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ə. Назарбаевтың сындарлы саясаты ...
20
ҚазҰУ хабаршысы. Журналистика сериясы. №2 (32). 2012
да – орыс, неміс, ұйғыр, кəріс, татар, əзірбайжан
тілдерінде бағдарлама жұмыс істейді. Сенбі жəне
жексенбі күндері «Қазақстан халықтарының əні
мен музыкасы» айдарымен ұлттық тілдерінде
концерттер берілуде. Украин, поляк, ағылшын,
неміс, кəріс, ұйғыр, түрік, дүнген, өзбек, татар
жəне басқа тілдерде 7 радиостанция хабар тара-
тады. Төрт ұлттық газет – «Дойче альгемайне»,
«Коре ильбо», «Украински новини», «Уйгур ава-
зи» мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылады.
Бүгінгі мемлекеттік тіл саясатының басты
бағыттарының бірі – мемлекеттік тілді барлық
азаматтардың арнайы белгіленген көлемде
меңгеруі үшін жағдай туғызу.
Қорыта келгенде, белгілі саясаткер, Фран-
цияның дара азаматы, генерал Де Гольдің
кеңесшісі болған Алекс Московичтің: «...тіпті
зер сала зерттелмей-ақ Президенттей адам
бұйырмағанда, анығын айтсам, Қазақстанның
өзі де болмас еді», – деп баға беріп өтеді.
Шындығында да мемлекет қайраткері ретінде
Нұрсұлтан Назарбаев тарихта елеулі із қал-
дырды. Ол елді тұрғызып, 20 жыл ішінде
күшті жасампаз мемлекет етті. Ел басқаруды
өте күрделі жағдайда тұрған кезде өз мойнына
алды.
Достарыңызбен бөлісу: |