Issn 1607-2782 Республикалық



Pdf көрінісі
бет19/21
Дата06.03.2017
өлшемі2,95 Mb.
#7958
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21

 
Түйіндеме 
Бұл жұмыста тозған автомобиль шиналары мен пластмасса қалдықтарын қайта ӛңдеу  
арқылы моторлы отын алуда гидрогенизациялану процесі үшін жаңа катализаторлар мен 
каталитикалық жүйелер берілген. 
 
Summary 
In the present work new catalysts and catalytic systems are developed for process of hydrogenation 
processing of the worn out automobile tires and a waste of plastic in motor fuel. 
 

 
133 
ӘОЖ 633.853.494 
 
КҤРІШ АУЫСПАЛ ЕГІСІНДЕГІ ӘРТАРАПТАНДЫРУ ДАҚЫЛДАРЫ- РАПС, 
ҚЫТАЙБҦРШАҚ ЖӘНЕ АРПАНЫ ЖАЛҒА ЕГІП ӚСІРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ӘЗІРЛЕУ 
 
Б.Қ.БӘКІРҦЛЫ, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы 
Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты, 
Б.Қ.КЕНБАЕВ, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, доцент, 
А.ДЕМЕСІНОВА, магистрант,  
Б.ЕСІРКЕСІНҚЫЗЫ, магистрант 
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті 
 
Қазақстандық Арал ӛңіріндегі ӛсімдік шаруашылығының дамуын талдау, оның келешекте 
су  ресурстарының  тапшылығы  жағдайында  жүретінін  кӛрсетіп  отыр.  Сондықтан  аумақтың 
агроӛнеркәсіп кешенінің даму тұғырнамасы жер және су ресурстарын пайдалануда ауыртпалықты 
облыстағы негізгі дақыл күріштен басқа, бәселкелестікке қабілетті әртараптандыру дақылдарына 
қарай ығыстыру бағытында болуы тиіс [1,4 бет]. 
Қызылорда  облысы  жағдайында  күріш  ауыспалы  егісінде  негізінен  жоңышқа, 
түйежоңышқа  және  бүркеме  дақыл  ретінде  бидай  егіледі.  Ал  күріш  егісі  кӛлемінің  қысқаруына 
байланысты дәнді дақылдардың жалпы ӛнімінде сақтандыру дақылдары ретінде тары, сұлы, арпа, 
жүгері,  сорго  секілді  дақылдардың  да  маңызы  зор.  Майлы  дақылдар  және  әртараптандыру 
дақылдары ретінде қытайбұршақ, рапс, мақсары секілді дақылдар да назар аударлық дақылдарға 
жатады.  Мысалы, кейінгі 20 жыл кӛлемінде әлемдегі рапс дақылының кӛлемі екі есеге кӛбейіп, 8-
ден  18,6  млн  гектарға  жетіп  отыр.  Рапс  Еуропада,  Канадада,  Қытайда  және  Индияда  жетекші 
дақылдардың  бірі  болып  саналады.    Рапсты    негізінен  бағалы  майлы  дақыл  ретінде  қолданады. 
Оның  дәндерінде  40-50%-ға  дейін  май,  21%-ға  дейін  ақуыз  болады.  Рапсты  малға  жем  ретінде 
және дизель жанар майын, биоотын алуда кеңінен қолдана бастады [2,1-3 бет]. 
Экологиялық  бейімділік,  ерте  піскіштік,  кӛп  орымдық,  мал  азығындық  және  дәндік 
ӛнімділігі секілді кешенді қасиеттеріне байланысты рапс дақылын Қызылорда облысындағы ауыл 
шаруашылық  дақылдары  құрылымында,  оның  ішінде  күріш  ауыспалы  егісінде  қолдануға  әбден 
болады.  Қытайбұршақ  дақылы  ең  бағалы  бұршақ  тұқымдас  дақылдардың  біріне  жатады.  Оның 
дәндерінде 39%-дан 42%-ға дейін белок, 19-23% май, кӛптеген минералды тұздар мен витаминдер 
бар [3, 2 бет]. Қытайбұршақтың ақуызы ӛсімдіктен алынатын ақуыздардың ішінде ӛзінің құрамы 
бойынша  толыққанды  жалғыз  белок  болып  табылады.  Қытайбұршақ  азықтық,  техникалық  және 
мал азығындық дақыл бола тұрып, ӛзінің пайдаланылуы бойынша әртүрлілігі және әмбебаптығы 
жӛнінен басқа ауылшаруашылығы дақылдары ішінде теңдесі жоқ дақыл. Оның дәнінен 1000-нан 
аса  тағамдар:  қытай  бұршақ  сүті  мен  етінен  бастап  жоғары  концентрациялы  белоктарға  дейін 
ӛнімдер жасалады. 
Қазақстанда  қытайбұршақ  егісін  1,5  млн.  гектарға  дейін  жеткізуге  болады.  Қытайбұршақ 
әсіресе  республикамыздың  оңтүстік  және  оңтүстік-шығыс  аймақтарының  суармалы  жерлерінде 
тұрақты  және  мол  ӛнім  береді.  Ал  күріш  ауыспалы  егісінде  дәнді  дақылдардың  ішінде  арпа 
дақылының алатын орны ерекше. Оны жарма ретінде, сыра ӛндірісінде, спирт ӛндіруде және мал 
азығындық  дақыл  ретінде  пайдалануға  болады.  Арпаны  таза  егіс  етіп  немесе  кӛпжылдық 
ӛсімдіктермен  бірге  бүркеме  дақыл  ретінде  де  пайдаланады  [4,  3-7  бет].  Алайда,  Қазақстандық 
Арал  ӛңірі  жағдайында  бұл  дақылдардың  жаңа  әдістерді  қолданып  ӛсіру  технологиялары  осы 
кезге дейін толық зерттелмеген.  
Қазіргі таңда аумақта егілетін ақ дақылдардың кӛпшілігі күріш егісі жүйелерінде ӛсіріліп, 
инженерлік  жүйеге  келтірілген  жерлерді  тиімді  пайдалануға  мүмкіндік  туғызады.  Мәдени 
дақылдар  күріштен  кейін  негізінен  жаппай  су  жіберу  тәсілімен  суарылады.  Бұл  жағдайда 
минералданған жер асты сулары кӛтерілуіне байланысты топырақ бетінде қабыршақ пайда болып, 
ӛсімдіктердің  ӛліп  қалуына  әкеліп  соғады.  Бұдан  құтылуда  қолданатын  тиімді  әдістердің  біріне 
күріш  ӛсіруде  зерттеліп,  тиімділігі  дәлелденген  және  Қазақстан  мен  Орта  Азия 
рсепубликаларында ақ дақылдарды ӛсіруде кеңінен зерттелген жалға жүйектеп егу технологиясын 
қолдануға  болады  [5,  98-100  бет,  6,8-18  бет].  Сол  себепті  2009  жылдан  бастап  біз  рапс, 
қытайбұршақ және арпа әртараптандыру дақылдарының күріш ауыспалы егісінде жалға егіп ӛсіру 
АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ
  
ҒЫЛЫМДАРЫ
 
 

 
134 
технологиясын әзірлеу және ӛндіріске енгізу жұмыстарымен айналыстық.  
Зерттеу  жұмыстары  бойынша  тәжірибелер  «Қазақ  күріш  шаруашылығы  ғылыми-зерттеу 
институты»  ЖШС-нің  Қарауылтӛбе  тірек  пунктіндегі  тәжірибе  учаскесінде  жүргізілді. 
Тәжірибелер екі-үш жылдық күріштіктен кейін немесе бірнеше жыл бос жатқан, дақылдар егілген 
жылы айналасындағы атыздарға күріш егілген атызға орналастырылды. 
Егістік  жерге  күзде  сүдігер  жыртылып,  кӛктемде  күріштік  жерге  жүргізілетін  барлық 
операциялар  жасалды.  Дақылдар  егіліп  болғаннан  кейін  атыздың  ішкі  периметрі  бойынша  және 
ұзынынан  бір  рет,  енінен  екі  жерден  суаруға  және  ыза  суды  қашыртқылауға  арналған  арықтар 
тартылды. Суару режимі атыз топырағының ылғалдылығына байланысты жүргізілді. 
Дақылдарды ені 0,7 м, биіктігі 16-18 см жалға қатар аралығы 20-25 см етіп себу Үндістанда 
шығарылған  әмбебап  сепкішпен  Т-150  немесе  МТЗ-82  тракторларына  тіркеліп  жүргізілді. 
Дақылдар тұқымы үш түрлі нормамен 2-4 см тереңдікке сіңіріліп, кӛлемі 200-500 м
2
 мӛлтектерге 3 
рет қайталанып жүйелі әдіспен орналастырылды және оңтайлы мерзімде (20-25 сәуірде) себілді. 
Ӛсу дәуірінде фенологиялық бақылаулар, дақылдар мен арамшӛптер ӛсімдіктерінің санын 
анықтау жұмыстары жүргізілді. Арпаның кӛгі 3-5 мамырда, қытайбұршақ пен рапстың кӛгі – 8-10 
мамырда пайда болды. 
Ӛсімдіктер  жиілігін  анықтау  нәтижелері  бойынша  барлық  дақылдар  бойынша  кӛлем 
бірлігіндегі ең кӛп ӛсімдік саны жоғары нормалы нұсқаларда байқалды. Мысалы, рапс пен арпада 
себу нормасын 2 есеге кӛбейткенде ӛскіндер саны тиісінше 2,3 және 2,1 есеге, ал қытай бұршақ  
дақылында – 1,5 есеге кӛбейді (1-кесте). 
Кесте 1 - Рапс, қытайбұршақ және арпа дақылдары мен арамшӛптердің жалға егіп ӛсіргенде себу 
нормасына байланысты ӛсімдік жиілігі 
Тәжірибе нұсқасы 
Ӛсімдіктер саны, дана/м

дақыл 
тұқымды 
 себу  
нормасы, 
 кг/га 
негізгі 
дақылдың 
арамшӛптердің, оның ішінде 
қамыстың 
қоғаның 
басқа арам-
шӛптердің 
барлық арам-
шӛптердің 
Рапс  
3,0 
43 


13 
29 
4,5 
68 

10 
13 
30 
6,0 
101 
12 

11 
31 
Қытайбұршақ 
60 
16 


13 
24 
90 
21 


15 
29 
120 
24 


13 
26 
Арпа  
60 
40 

10 
27 
41 
90 
64 

12 
20 
36 
120 
85 


16 
29 
Дақылдар  егістігіндегі  негізгі  арамшӛптер  санын  анықтау  нәтижелері  дақылдың  себу 
нормасы  мен  арамшӛптер  ӛсімдіктерінің  жиілігі  арасында  айтарлықтай  заңдылық  ӛзгерістер 
жоқтығын  кӛрсетті.  Тек  қана  арпа  дақылының  тӛменгі  нормалармен  (60-90  кг/га)  себілген 
нұсқаларында (41-36 дана/м
2
) жалпы арамшӛптер саны 120 дана/га нұсқасымен салыстырғанда 7-
12 дана/м
2
 кӛбірек болды. 
Тәжірибелік егістіктерден жинау алдында ӛсімдік тығыздығы анықталып, ӛнім құрылымы 
элементтеріне  биометриялық  талдау  жүргізу  мақсатында  әр  мӛлтектен  20  ӛсімдіктен  үлгілер 
алынды,  және  олар  зертханалық  талдаудан  ӛткізілді.  Нұсқалардағы  дақыл  ӛнімділігі  әр  мӛлтекті 
жеке орып бастыру арқылы анықталды. 
Ӛнімді жинау алдында рапс ӛсімдіктерінің тығыздығы себу нормасына байланысты 35-80 
дана/м
2
 аралығында болды (2-кесте). 
Кесте 2 – Жалға егіп ӛсіргенде рапстың ӛнім құрылымының тұқымды себу 
 нормасына байланысты ӛзгеруі 
Себу 
нормасы, 
кг/га 
Ӛсімдіктер 
саны, 
дана/м
2
 
Ӛсімдік 
биіктігі,  
см 
Саны, дана/ӛсімдік 
1000 дәнінің 
массасы, г 
Ӛнімділігі, 
ц/га 
тармағы 
бұршақ-
қыны 
3,0 
35 
88 
6,2 
36,0 
3,45 
9,5 
4,5 
54 
91 
5,8 
35,5 
3,40 
12,2 
6,0 
80 
92 
5,4 
34,9 
3,35 
16,4 
 
ҚМУ ХАБАРШЫСЫ 1 (33) 2012
 
 

 
135 
Биометриялық  талдау  бойынша  ӛсімдік  биіктігінің  кӛрсеткіші  себу  нормасы  кӛтерілген 
сайын  1-3  см  жоғарылап  отырды.  Бір  ӛсімдіктегі  тармақ  саны  бойынша  жоғары  кӛрсеткіш  –  6,2 
дана/ӛсімдік  3,0  кг/га  нормасында  байқалды,  ал  басқа  нұсқаларда  бұл  кӛрсеткіш  5,8  және  5,4 
дана/ӛсімдік құрады. 
Осыған  ұқсас  жағдай  бір  ӛсімдіктегі  бұршаққын  саны  бойынша  да  байқалды  (36,0;  35,5; 
34,9  дана).  1000  дәннің  массасы  бойынша  да  3,0  кг/га  нормалы  нұсқа  ерекшеленді.  Ал  6,0  кг/га 
нормалы  нұсқаның  ӛсімдік  саны  мен  биіктігі  бойынша  кӛрсеткіштерден  басқа  кӛрсеткіштері 
алдыңғы екі нұсқадан тӛмен болды. Алайда аталған нұсқаның ӛнімділігі басқалардан 4,2-6,9 ц/га 
жоғары болып, 16,4 ц/га құрады. Себебі бұл нұсқадағы ӛсімдік жиілігі жоғары болды. 
Жинар алдында арпа ӛсімдіктерінің жиілігі себу нормасына байланысты, әр шаршы метрде 
31-ден 51-ге дейін құрады (3-кесте). 
Кесте  3 - Арпа дақылының жалға егіп ӛсіргенде себу нормасына байланысты  
ӛнім құрылымының ӛзгеруі 
 
С
еб
у 
норм
ас
ы, 
кг

а 
Ӛ
сі
мд
ік
тер 
са
ны

да
на/
м
2
 
Ӛ
сі
мд
ік
 би
ік
ті
гі
, см
 
Бас масағы 
1 ӛсімдік 
ӛнімі 
1000 
дәнінің 
массасы, 
г 
Ӛнімділігі, 
ӛнімд
і 
түп
тенуі, д
ан
а 
ұз
ынды
ғы, с
м
 
дә
н сан
ы, д
ан
а 
дә
н м
ас
са
сы, г
 
дә
н сан
ы, д
ан
а 
дә
н м
ас
са
сы, г
 
60 
31 
50 
3,2 
7,2 
18 
0,83 
54 
2,48 
40,8 
24,5 
90 
38 
47 
3,1 
6,5 
17 
0,78 
49 
2,26 
39,0 
28,6 
120 
51 
42 
2,9 
6,3 
16 
0,74 
46 
2,18 
37,8 
35,0 
Биометриялық талдау нәтижесі бойынша ең жоғарғы ӛсімдік биіктігі (50 см) себу нормасы 
60  кг/га  нұсқасында  байқалды.  Бұл  нұсқа  басқа  да  сандық  белгілері  бойынша  кӛзге  түсті.  Тек 
ӛсімдік  жиілігінің  басқа  нұсқалардан  тӛмендігіне  (7-20  дана/м  дейін)  байланысты  бұл  нұсқаның 
ӛнімділігі де (24,5 ц/га) 4,1 және 10,5 ц/га тӛмен болды. Барлық сандық белгілері бойынша 90 кг/га 
нормалы  нұсқа  орташа  кӛрсеткіштерге  ие  болды.  Ал  жоғары  нормалы  (120  кг/га)  нұсқада 
ӛсімдіктер санының кӛптігіне байланысты басқа нұсқалардан 6,4-10,5 ц/га жоғары ӛнім алынды. 
Жинар  алдында  жүргізілген  есептеу  нәтижесі  бойынша,  соя  дақылының  ӛсімдік  жиілігі, 
себу нормасына байланысты 14,0-20,0 дана/м
2
 құрады (4-кесте). 
Кесте 4 – Қытайбұршақ дақылын жалға егіп ӛсіргенде себу нормасына байланысты ӛнім 
құрылымының ӛзгеруі 
Себу 
нормасы, 
кг/га 
Ӛсімдіктер 
саны, 
дана/м
2
 
Ӛсімдік 
биіктігі,  
см 
1 ӛсімдік ӛнімі 
1000 
дәнінің 
массасы, 
 г 
Ӛнімділігі, 
ц/га 
саны, дана 
бұршақбас 
ондағы 
дәндер 
60 
14 
34 
3,4 
4,4 
162,0 
18,5 
90 
18 
45 
3,2 
4,2 
155,0 
25,0 
120 
20 
47 
3,0 
4,1 
147,0 
26,2 
Биометриялық  талдау  нәтижесі  ӛсімдік  биіктігі  бойынша  да  аталған  нұсқа  кӛрсеткіші 
жоғары болды (47 см). 
Әр ӛсімдіктегі бұршақбас пен ондағы дәндер саны және 1000 дәнінің салмағы бойынша 60 
кг/га нормалы нұсқаның кӛрсеткіштері басқа нұсқаларға қарағанда біршама жоғары болды. Ал дән 
ӛнімділігі  бойынша  аталған  нұсқа  90  кг/га  (25,0  ц/га)  мен  120  кг/га  (26,2  ц/га)    нормалы 
нұсқалардан  тиісінше  6,5  және  7,7  ц/га  тӛмен  болды.  Бұл  кӛрсеткіш  әр  шаршы  метрдегі  ӛсімдік 
жиілігіне байланысты болғаны даусыз. 
Жоғарыда  келтірілген  деректер  күріш  ауыспалы  егісіндегі  рапс,  арпа  және  қытайбұршақ 
әртараптандыру дақылдарын жалға егу технологиясын қолданып ӛсіргенде қанағаттанарлық ӛнім 
алуға  болатынын  және  аталған  технология  бойынша  суаруға  жұмсалатын  су  40-50%-ға  кем 
жұмсалатынын,  ал  тұқымдық  дән  арпада  –  80  кг/га,  қытайбұршақта  –  40  кг/га,  рапста  –  2  есеге 
дейін үнемделетінін кӛрсетті. 
Зерттеу нәтижелері біздің облыс жағдайында бұрын егілмеген рапс дақылының болашағы 

 
136 
зор  екенін  байқатты.  Ӛйткені  бұл  дақыл  күріш  ауыспалы  егісінде  алғы  дақыл  ретінде,  жоғары 
сапалы  май  алынатын  майлы  (45-50%-ға  дейін)  дақыл,  мал  азығындық  және  бензин  сапасын 
жоғарылататын биоотын алатын дақыл ретінде де пайдалануға болатын ӛте бағалы дақыл болып 
саналады. 
Әдебиеттер: 
1.
 
Ӛмірзақов  С.Ы.,  Бәкірұлы  Қ.,  Шермағамбетов  К.  т.б.  Қызылорда  облысының  күріш 
шаруашылығында  топырақты  минималды  ӛңдеу  әдісін  және  жалға  егу  технологиясын  қолдану  жӛнінде 
ұсынымдар. - Қызылорда, 2009.-30 б. 
2.
 
Двуреченский  В.И.,  Гринец  А.И.,  Астафьев  В.Л.  и  др.  Возделывыание  ярового  рапса  на  корм  и 
маслосемена  в  условиях  Северного  Казахстана  (Практическое  руководство  для  хозяйств  различных  форм 
собственности). Северо-Западный НПЦ с/х-ва п. Заречный. 2005.-30 с. 
3.
 
Бойко  А.Т.,  Карягин  Ю.Н.  Соя  высокобелковая  культура.  //Рекомендации  по  выращиванию  сои 
ОАО «VITA». – Алматы, 2003.-21 с. 
4.
 
Тохетова  Л.А.,  Сариев  Б.С.,  Шермагамбетов  К.,  Кожабаев  Ж.  Диверсификационные  культуры  в 
условиях рисовых систем Казахстанского Приаралья (Монография). – Алматы, 2008.-С. 3-7. 
5.
 
Бакирулы  К.,  Ертуов  К.  Изучение  гребневого  метода  возделывания  риса.  //Материалы  X-ой 
Международной  конференции  «Проблемы  экологии  АПК  и  охраны  окружающей  среды».  –Кызылорда, 
2008.-С. 98-100. 
6.
 
Оспанбаев  К.  Гребневой  способ  возделывания  пшеницы  на  юге  и  юго-востоке  Казахстана. 
//Материалы  регионального  семинара  «Гребневая  технология  для  производства  семян  и  товарного  зерна 
пшеницы в Центральной Азии» (2-3 октября 2003). –Алматы,  2003.-С. 8-18. 
 
Резюме 
В 
статье 
излагаются 
результаты 
изучения 
гребневой 
технологии 
возделывания 
диверсификационных  культур  рисового  севооборота  –  рапса,  сои  и  ячменя.  Показаны  преимущества 
гребневого  посева  этих  культур,  который  позволяет  сэкономить  значительно  посевной  материал  этих 
культур,  уменьшить  затраты  поливной  воды.  Установлена  перспективность  возделывания  новой  для 
Казахстанской области масличной культуры – рапса. 
 
Summary 
In article results of studying  are stated to technology of cultivation cultures of a rice crop rotation – a rape, 
a soya and barley. Advantages гребневого crops of these cultures which allow to save a sowing material of a rape in 
1,5-2,0  time,  a  soya  –  on  40  kg/hectares,  barley  –  on  80  kg/hectares  are  shown,  to  reduce  expenses  of  irrigation 
water for 40-50 %. It is established, perspectivity of cultivation of olive culture new to the Kazakhstan area – a rape. 
 
 
 
ӘОЖ: 626/627.007.2(574.54) 
 
СУ МАМАНДАРЫНЫҢ СЫР ӚҢІРІНДЕГІ ОРНЫ 
 
С.И.ҚОШҚАРОВ, техника ғылымдарының докторы, профессор  
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті 
 
Сыр  аймағындағыдай  табиғи  жағдай  еліміздің  ӛзге  ӛңірінде жоқ  деуге  болады.  Себебі  осы 
ӛлкені оңтүстіктен солтүстікке бойлай қасиетті Сырдария ӛтіп жатыр. Сондықтан, кешегіге дейін 
облыс халқының бүкіл ӛмірі осы ӛзенмен бірге бітісіп, қайнап жатты. Бүгіннің ӛзінде облыстың 
ауылда тұратын  350 мыңдай азаматтары аталған ӛзен  еркіне сеніп,  сүйенуде, үміт артуда. Себебі  
дәриядан нәр алатын  инженерлік жүйедегі егістік ауыл адамдары тірлігінің кӛзі, күнкӛріс негізі. 
Сонымен қатар бұл суармалы жер  ӛңір халқын азық-түлікпен қамтамасыз етеді. 
 Соңғы  жылдары  елімізде  егіншаруашылығына  биік  талаптар  қойылып    жатқаны  белгілі. 
Жалпы  бұл  салада  суармалы  егіншілікті  дамытудың  орны  бӛлек.  Осы  орайда  егіншілік  саласы 
түгелімен суармалы жүйеге негізделген Қызылорда облысының мәні ерекше. 
Ӛткен  ғасыр  аяғында  Сыр  ӛңірінде  225  мың  гектар  инженерлік  жүйедегі  суармалы  жер 
болған. Бұл қазына алдыңғы ұрпақтың қыруар еңбегі арқасында келгені белгілі. Осының негізінде 
облыс  республиканың  күріш  ӛндіру  орталығына  айналды.  Екі  мәрте  Социалистік  Еңбек  Ері 
Ыбырай  Жақаев  бастаған  майталман  диқандар  егіннен  жыл  сайын  тұрақты  да  мол  ӛнім  алудың 
үлгісін кӛрсете білді. 

 
137 
 Алайда,  бүгінгі  күні  суармалы  алқаптың  шамамен  175  мың  гектары  ғана  пайдаланыста. 
Сӛйтіп, 50 мың гектар егістік жарамсыз күйге жеткен.  Мұның бірнеше  себептері бар. Біріншіден, 
уақыт ӛте келе суармалы жүйенің құрамдас бӛліктерінің негізгі кӛрсеткіштері күрделі ӛзгерістерге 
ұшырады.  Екіншіден,  егіс  алқаптарының  топырақ-мелиоративтік  және  гидрогеологиялық 
жағдайлары  да  күрделенді.  Үшіншіден,  дақылдарды  суару  технологиясы    болып  жатқан 
ӛзгерістерге  ылайықты  болмауда.  Дегенмен,  осы  себептер  қатарына  суармалы  егістің  түрлі 
жағдайын  жасап,  қажеті  болғанда  оның  күтімін  қадағалап,  бақылап,  ұйымдастырып  отыратын 
мамандар қызметінің орны ерекше.    
«Қызылорда  су  шаруашылығы»  мемлекеттік  мекемесінің  мәліметінше  облыстың 
егіншілікпен  айналысатын  шаруашылықтарында    2011  жылы  ауылшаруашылық  тауарын 
ӛндірушілерге  тиесілі  175  мың  гектар  суармалы  егістік  жер  болған,  оның  71,6  мың  гектарында 
күріш  дақылы  ӛсірілді.  Осы  шаруашылықтарда  дақылдың  суару  режимін  қадағалауды,  түрлі 
арналардан  алынған  суды  реттеп,  пайдалануды  небәрі  20  су  маманы    атқарып  келді,  олардың 
үшеуі  инженер-гидротехник,  қалғанының  орта  арнаулы  білімі  ғана  бар.  Жоғарыда  кӛрсеткендей 
ӛңірде  175  мың  гектар  суармалы  егістік  бар.  Жер  күтімін  тиімді  ұйымдастыру  үшін  әрбір  500 
гектар  егісті  бір  су  маманы  бақылауы  тиіс.  Сонда  шаруашылықтардағы  су  мамандары  350  дей 
болуы керек. Демек, сұраныс пен қолда бар мамандар санының арасындағы алшақтық 17 есе. 
2011жылдың  14  ақпанында  Парламент  Мәжілісінде  «Қазақстан  Республикасы  Президенті 
Нұрсұлтан Назарбаевтың 2011 жылдың 28 қаңтарында  Қазақстан халқына арнаған Жолдауынан 
туындайтын  Қазақстан  Респуликасының  жер  ресурстарын  пайдалану  мәселелері  туралы»  деген 
тақырыпта Үкімет сағаты ӛтті. Осыған сәйкес  бұрын пайдаланыстан шығып қалған жерлерді ел 
мүддесіне  қайтару  жӛнінде  алдағы  уақытта  үлкен  істер  іске  аса  бастайды.  Сондықтан  алдағы 
уақытта Сыр ӛңірінде пайдаланыстан шығып қалған инженерлік жүйедегі 50 мың гектар суармалы 
егістікті  қайтадан  іске  қосу  мәселесі  туындауы  да  мүмкін.  Сол  уақытта  осы  үлкен  жұмыстарды 
атқару үшін су саласының білікті мамандары ӛте қажет болатыны анық. 
Суармалы  жер  Қызылорда  облысын  келешекте  ӛзге  ӛлкеге  ұқсамайтын,  ерекше  маңызды 
аймақ  ретінде  айғақтайтын,  алдағы  ұрпақтар  үшін  ӛңір  салмағын  еселей  түсетін  ӛте  бағалы 
қазына.  Басқа  ӛндіріс  түрлері  табиғи  негізі  мен  қоры  азаюына  немесе  таусылуына  байланысты 
бәсеңсіп,  болмаса  тоқтап  қалуы  да  мүмкін.  Мұндай  жағдай  суармалы  егіншілік  саласында  орын 
алмайды.  Алдыңғы  ұрпақ  мол  еңбек  сіңіріп,    қалдырған  инженерлік  жүйедегі  суармалы  жерлер, 
жақсы күтімі болса, казіргі және кейінгі  ұрпақтарға мәңгілік жемісін  береді.  
Инженерлік  жүйедегі  егістік  -    күрделі  құрылым.  Оның  жобасын  жасаушы,  құрылысын 
жүргізуші де негізінен су маманы. Сондықтан, мұны сауатты түрде пайдалану жұмысы да міндетті 
түрде білікті су маманының бақылау  - басқаруымен іске асуы тиіс. Су маманы  егістіктің басты  
жан ашыры,  оның барлық бӛліктері мен тетіктерінің тілін түбегейлі білетін, оларды дер кезінде 
жӛндеп, іске қоса алатын азамат. Әдетте 500 гектар күріш егістігінде 200-ге жуық атыз болады. Су 
маманы арнайы жорналда сол екі жүз атыздың әрқайсысына ондағы топырақ түрі, тұздар  құрамы 
мен мӛлшері, атыз бетінің тегістігі, ыза су деңгейінің тереңдігі мен  минералдануы туралы тағы 
басқа да деректерді жинақтайды. Сол кӛрсеткіштер жыл  сайын анықталып, жаңартылып жатады. 
Су  маманы  осы  бағалы  мәліметтерді  талдай  отыра  әрбір  егінші  мен  сушыға  қажетті    нұсқаулар 
мен  кеңес  беріп  отырады.  Сондықтан,  суармалы  жерді  пайдаланудың    басы-қасында  су  маманы 
жүрмесе  егістік  алқап  күйзеліске  ұшырайды.  Бүгінгі  күні  50  мың  гектар  суармалы  егістің 
пайдаланбауы осының дәлелі. 
 2008  –  2010  жылдары  Қорқыт  Ата  атындағы  Қызылорда  мемлекеттік  университетін  62  су 
шаруашылығы  маманы  тәмамдаған  болса,  олардың  тӛртеуі  ғана  ӛңірдің  ауылшаруашылығы 
мекемелеріне  жұмысқа  орналасқан.    Бұдан  жастар  арасында  кәсіби  бағдар  беретін  жұмыстар 
толыққанды  орындалмағаны  байқалады.  Ӛйткені  сол  кезеңде  осы  мамандықтарға  түскен 
талапкерлермен  тыңғылықты  да  терең  үгіт  жүргізілмеген.  Содан  оқуға  түсушілердің  басым 
кӛпшілігі  қалада  тұратын  отбасылардан  болған.  Ал  қалада  ӛскен  жастардың  жоғары  оқу  орнын 
аяқтағасын ауылға барып тұрақтауға ыстық ықылас білдірмейтіні  бұрыннан белгілі. 
 
Сондықтан қазіргі  күннің  талабы  –  ол қысқа  мерзімде  облыс  шаруашылықтарын білікті  су 
мамандарымен  қамтамасыз  ету.  Бұл  мамандарды  еліміздің  тӛрт  қаласында  орын  тепкен  жоғары 
оқу  орындары  дайындайды.  Алайда,  сайып  келгенде  бұл  маңызды  істі  Қорқыт  Ата  атындағы 
Қызылорда мемлекеттік университеті атқара алады. Ӛйткені, республиканың ӛзге қалаларында су 
саласы  мамандықтарын  игерген  жастар  Қызылорда  облысы  шаруашылықтарына  келіп,  осында 

 
138 
тұрақтайды деп айту қиын. 
2011  жылы  «Жерді  мелиорациялау,  баптау  және  қорғау»,  «Су  ресурстары  және  суды 
пайдалану» мамандықтарына республика бойынша  235 грант бӛлінген. Бір қарағанда бұл аз емес. 
Алайда,  Сыр  ӛңірінен  ӛзге  аймақтарда  туып  ӛсіп,  осы  мамандықтар  бойынша  грантқа  ие болған 
талапкерлер    алдымен  Алматы,  Тараз  сосын  Шымкент  қалаларын  таңдайды.  Сондықтан  оқу 
бітіргесін олардың ішінен  Сыр ӛңіріне келетін азаматтар шығады деп айту күмәнді. 
 Суармалы егістік негізінен еліміздің оңтүстік аймақтарында ғана шоғырланған. Қызылорда 
облысы егіншаруашылығын алатын болса ол толығымен суармалы жүйеге арқа сүйеп, негізделген. 
Осыған  байланысты  Сыр  ӛңіріндегі  суармалы  алқаптардың  экологиялық  жағдайын  жақсарту 
мақсатында  осы  ӛңірге  арнайы  атаулы  грант  бӛлу  қажеттілігі  айқын  кӛрініп  тұрғандай.  Солай 
болғанда облыс шаруашылықтарында оншақты жыл кӛлемінде су мамандарына деген сұранысты 
бірсыпыра қанағаттандыруға жол ашылар еді. Сондықтан,  ӛңірдегі су мамандарының ӛте аздығын 
және Қызылорда облысының бүкіл ел үшін күріш ӛндірудің орталығы екенін ойға ала отыра және 
шаруашылықтарда  білікті  су  мамандарының  жеткілікті    болуы  жалпы  экологиялық  ахуалды 
тұрақтандыру  мен  жақсартудың  негізі  және  кепілі  екенін  ескеріп  Қорқыт  Ата  атындағы 
Қызылорда мемлекеттік университетіне жыл сайын «Жерді мелиорациялау, баптау және қорғау» 
және  «Су    ресурстары  және  суды  пайдалану»  мамандықтарына  кем  дегенде  атаулы  50  грант 
бӛлінуі қажет деп санаймыз.  
Егіс  алқаптарында  гидрогеологиялық,  топырақ-мелиоративтік  жағдайлар  ӛзгеріске  кезігіп 
жатады. Осыған сәйкес дақылдардың суару режимі мен тәсілдері де жаңарып, ерекшеленіп жатуы 
тиіс.  Шаруашылық  мамандары  осы  ережелерді  жақсы  меңгеріп,  оларды  іс  жүзінде  тиімді 
қолдануы  қажет.  Сондықтан,  мезгіл  сайын  мамандардың  кәсіби  біліктілігін  арттырып  отырудың 
орны  ерекше.  Солай  болғанда  дақылдарды  күтіп  баптау  жұмыстары,  оның  ішінде  суару 
технологиясын соңғы жетістіктерге сай ұйымдастыру мүмкін болады, сонымен қатар жылма жыл 
азайып бара жатқан су ресурстарын тиімді пайдалануға мүмкіншілік туады. 
Қызылорда  облысы  бойынша  су  мамандарының  біліктілігін    арттыру    ісін    Қорқыт  Ата 
атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Су шаруашылығы» кафедрасы атқара алады. 
Қазір  осы  кафедра  «Су  қорлары  және  суды  пайдалану»,  «Жерді  мелиорациялау,  баптау  және 
қорғау» мамандықтары  бойынша бакалаврлар мен магистрлер дайындайды. Кафедраның ғылыми 
әлеуеті  жоғары:  5  ғылым  докторлары,  профессорлар,  10  ғылым  кандидаттары,  доценттер  және 
білікті мамандардан тұратын оқытушылар ұстаздық жұмыс атқарады.  
  Ӛңір  ауылшаруашылығын  білікті  су  мамандарымен  қамтамасыз  етудің  бір  ұшы  кәсіби 
бағдар жұмыстарына тіреледі. Мұндағы басты мақсат ӛңір жастарының осы мамандықтарға деген 
қызығушылықтарын  барынша  арттыру,  оларға  ауылдың  келешегі  казір  қолданыста  бар 
инженерлік жүйедегі суармалы жермен тікелей байланысын кӛрсету. 
Ӛткен  оқу  жылында  осы  бағытта  кафедра  біршама  жұмыстар  атқарды.  Қызылорда  қаласы 
мен  ауылдарда орта мектепті бітірушілерімен   кездесулер ӛткізілді. Сырдария ауданына қарасты 
Асқар  Тоқмағамбетов  атындағы  шаруашылықтың  егіс  даласында  кафедра  ғалымдары  мен 
мамандарының  қатысуымен  күріш  дақылын  тиімді  суару  жӛнінде  ғылыми  семинар  ӛткізілді. 
Семинарға аталған ауыл орта мектебін бітірушілер мен ауданның ӛзге мектептерінен де оқушылар 
қатысып отырды. Семинардың басты мақсаты аудан жастарына су шаруашылығы мамандарының 
ӛңір экономикасын алға апарудағы іргелі орнын кӛрсету болды. 
Алдағы  уақытта  осы    жұмыс  барынша  кешенді  түрде  атқарылуы  тиіс.  Сондықтан,  кәсіби 
бағдар  беру ісі жоғары  ыждағаттылықпен орындалуы қажет. Осыған орай бұл маңызды жұмыс 
тӛмендегі  іс-шараларды  қамтуы  тиіс:  Қызылорда  қаласы  және  аудандар  мектептерінде  кафедра 
Күндерін  ӛткізу;  кафедра  Күндеріне  аудан  және  оңір  кӛлемінде  белгілі  мамандық  түлектерін 
қатыстыру;  әрбір  аудан  ауылшаруашылығында  осы  мамандықтарға  байланысты  жинақталып 
жатқан  мәселелерді  сол  ауданның  бұқаралық  ақпарат  құралдарында  кӛрсету;  кафедрада  оқып 
жатқан студенттерге сапалы білім беру олардың ауылдарында, бітірген орта мектептерінің жастар 
ортасында  мамандық  жӛнінде  ұнамды  үгіт-сӛз  айтуының  басты  кепілі  деп  түсіну;  бұқаралық 
ақпарат құралдарында кафедра түлектерін қатыстыра отыра осы саланың кӛкейкесті мәселелерін 
кӛрсетіп  айқындау,  олардың  алдағы  уақыттағы  қолайлы  шешімін  мамандар  дайындау  ісімен 
байланыстыру;  кафедра  түлектерімен  тығыз  байланыс  жасау,  оларды  кәсіби  бағдар  беру  ісіне 
барынша  тиімді  пайдалану;  ӛңірдің  сушаруашылық  мекемелері  және  ірі  шаруашылықтарымен 
ғылыми-ӛндірістік ынтымақтастық бағытында келісім - шартқа отыру. 

 
139 
 
Резюме 
В  статье  анализируется  использование  мелиоративных  кадров  в  Кызылординской  области.  
Показана  роль  гидротехников  в  деле  эффективного  функционирования  оросительной  системы  и 
поддержания  благоприятного  мелиоративного  состояния  орошаемых  массивов.  Предложены  меры  по 
повышению  обеспеченности  хозяйств  и  водохозяйственных  предприятий  гидротехниками.  Рассмотрены 
пути совершенствования  профориентационной работы выпускающей кафедры. 
 
Summary 
 
The  article  analyzed  the  using  of  reclamation  personnel  in  Kysylorda  region.  The  role  of  hydraulic 
engineering  in  the  effective  functioning  of  the  irrigation  system  and  maintenance  of  a  favorable  state  of  irrigated 
arrays was shown in this article. Proposed ways of provisioning of farms and water utilities by hydraulic engineer. 
Consider the ways to improve career guidance of issuing department. 
 
 
 
ӘОЖ 631.459:631.61 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет