СЫР ӚҢІРІНДЕ СУАРМАЛЫ ЖЕРДІ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТҤЙТКІЛДІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
А.М.НҦРҒЫЗАРЫНОВ, ауылшаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
Сыр ӛңірінде суармалы жердің экология-мелиоративтік азғындауы ӛткен ғасырдың 70-ші
жылдарынан бастау алады. Сол тұста Сырдария ӛзенінің бойында суармалы егіншіліктің
қарқынды дамуына байланысты ӛзеннің тӛменгі ағысына келетін су тіпті азайып кетті. Бұл жағдай
ӛзеннің атыраулық аймағында табиғатты даму бағытына жаңа сипат берді. Қабаттағы су тереңдеп,
топырақтың жоғарғы қабаты құрғады, ылғалды жерлер қатты кеуіп, қуаңдану қатарымен дамыды,
бұрынғы сортаң телімдер қара сораң ӛсетін қабыршақты және борпылдақ сорларға айналды.
Бұрын ӛзен ағысы мол кезде арнадан асып жайылатын судың әсерінен топырақ профиліндегі тұз
жоғары-тӛмен жылжитын маусымдық қайтымды тұз режиміне айналды, сӛйтіп, қабаттағы тұз
топырақ бетіне шоғырланды. Оған ӛзен суының минералдығы кӛтерілуі, ауаның құрғақтығы
күшеюінен қабаттағы ащы судың күшті булануы және Арал теңізінің құрғаған орнынан желмен
тарайтын тұзды шаң қосылып, ӛңірде жердің қайта сорлануын күшейтіп отыр. Бұрын сол жерлер
бедердің ойлау телімдерінде тараған болса, қазір бедердің барлық элементтерінде кездеседі.
Осындай жағдайда ығалды (гидроморф) жерлердегі ӛсімдік қауымдастығы күшті ӛзгеріске түсіп,
оны ксеро-галофилдік және гало-ксерофилдік ащы шӛптер ауыстырды. Бұл соңғылары
топырақтың сорлануын күшейте түсуде.
Кесте 1 - Сыр ӛңіріндегі суармалы жерлердің мелиоративтік күйі (%)
жыл
Зерт-
телген
жер, га
тұздануы
қабаттағы судың деңгейі, м
қабаттағы судың минералдануы, г/л
тұ
зда
нб
ағ
ан
жең
іл
тұ
зда
нған
Ор
таша т
ұз
да
нған
Кү
ш
ті
тұ
зда
нған
0-1
1,0-
1,5
1,5-
2,0
2,0-
3,0
3,0-
5,0
5,0-тен
жоғары
1,0
1,0-
3,0
3,0-
5,0
5,0-
10,0
10,0-
ден
жоғар
ы
2008 217852
-
39
34
27
-
0,1
6
69
16
9
1
38
26
19
16
2009 217913
-
34
36
30
-
0,1
12
60
24
4
-
36
30
18
16
2010 218823
-
34
39
27
-
0,1
13
63
21
2
-
37
24
29
10
Тҥсініктеме: Жердің тұздануы, қабаттағы судың деңгейі, қабаттағы судың минералдану
режимі зерттелген жер кӛлемінен пайыз есебімен берілді
Сыр бойында жердің экология-мелиоративтік күйін топырақтағы тұздың қоры мен оның
сапалық құрамы және ағзаның ығалдығы анықтайды. Тұздың концентрациясы топырақтың
мелиоративтік күйіне және ондағы тиімді құнарлықты құрайтын элементтердің жиналуына кедергі
келтіреді. Яғни, ӛңірде суармалы жердің мелиоративтік азғындауы дегенде топырақтың қайта
саралануы айтылады. Қазір бұл процес экология-экономикалық тұрғыдан қатерлі құбылысқа
140
айналып отыр. Соңғы кезде осы жағымсыз процес етек алып кеткені соншалық Сыр ӛңірінде
(Қызылорда облысы) сорланбаған жер қалмады деуге болады. Мұнда егіншілікке жарайтын
жерлердің кӛпшілігіне суға бастырып, күріш дақылы егіледі. Ал жер қандай шұрайлы болса да
оған бір-екі жыл күріш еккенде топырақ құнарынан айырылады және мелиоративтік азғындаған
күйге түседі. Оны осы ӛңірде жарты ғасырлық күріш егу тәжірибесі кӛрсетіп отыр. Соңғы
жылдары Сыр ӛңірінде суармалы жерлердің мелиоративтік жағдайы жылдан жылға ауырлап бара
жатқаны байқалады. Оны Қызылорда облыстық мелиоративтік-гидрогеологиялық, экспедицияның
мәліметтерінен кӛруге болады.
Мәліметтерге қарағанда (1-кесте), жеңіл тұзданған жер кӛлемі жылдан жылға азайып бара
жатқаны кӛзге түседі. 2008 жылы ондай жер кӛлемі 39 пайыз болса, онан кейінгі екі жылда оның
кӛлемі 34 пайызға дейін азайды. Оның есесіне орташа тұзданған жер кӛлемі кейінгі екі жылда
тиісінше 2 және 5 пайызға кӛбейгені байқалады. Сондай-ақ аталмыш мерзімде күшті тұзданған
жердің кӛлемі едәуір ұлғайған, мысалы, 2009 жылы ол 3 пайызға кӛбейгені белгілі болып отыр.
Егер орташа және күшті тұзданған жерлердің кӛлемдерін қосса, онда егістік жердің үштен екі (2/3)
кӛлемінің мелиоративтік күйі нашар екені кӛзге түседі. Әрине ондай жерлердің құнары тӛмен. Сол
себепті, егіннің қай түрі болса да күткендей ӛнім бермейді.
Суармалы жердің тұздануына (сорлануы) тікелей ықпал ететін қабаттағы судың деңгейі оны
зерттегенде вегетациядан тыс кезеңде қабаттағы судың деңгейі 2-3 м тереңдікте жатқан жер
кӛлемі 60-тан 69 пайызға дейін болды, ал қабаттағы су деңгейі 3-тен 5 м-ге дейінгі тӛмендеген
жердің үлесіне 16-дан 24 пайызға дейін тиеді екен. Кей алқаптарда қабаттағы су 5 м-ден де тӛмен
түскені байқалады. Ондай жер кӛлемі онша кӛп емес, 2-9 пайыз шамасында. Сонымен бірге
суармалы жердің сорланып, мелиоративтік күйі азғындануына себеп болатын фактордың бірі
қабаттағы судың минералдығы екені белгілі. Біздің мәліметтерімізде, қабаттағы судың
минералдығы 1-3 г/литр болатын жердің кӛлемі 36-39 пайыз болса, 3-5 г/л болатын жерлер 24-30
пайызды құрады. Қабаттағы судың минералдығы 5-10 г/л жерлердің кӛлемі 18-29 пайыз, ал
қабаттағы суының минералдығы ӛте жоғары, яғни, 10 г/л-ден де артық болатын жерлер бар. Ондай
жерлердің кӛлемі 10-16 пайыз. Бұл аз емес, әсіресе, егіндік жерлерде. Осы кӛрсеткіш бойынша,
қабаттағы судың минералдығы 3-тен 10 г/л-ге дейін, аздай онан да жоғары болатын жерлердің
үлесіне 62-64 пайыз тиеді екен.
Бұл мәліметтер Сыр ӛңірінде суармалы жерлердің мелиоративтік күйі онша мәз еместігінен
хабардар етеді. Демек, қабаттағы судың деңгейі 2-3 метр тереңдікте жатқанның ӛзінде ол капилляр
арқылы кӛтеріліп, топырақтың айдау қабатына тұз массасын тасымалдауға үлкен үлес қосады.
Қабаттағы судың мұндай күйі суармалы жердің мелиоративтік күйін, топырақтың қайта
сорлануына едәуір әсерін тигізеді. Осындай себептерден Қызылорда облысындағы 277,7 мың
гектар суармалы жердің 170 мың гектары ортадан жоғары дәрежеде сорлануға бейім немесе
сорланған, ал 58,5 мың гектары шаруашылық айналымынан шығып қалған, яғни, тастанды жердің
санатында. Оның негізгі себебі, қолданыстағы егіншілік жүйесі қазіргі экологиялық жағдайға
бейім емес, сонан тиімділігі тӛмендігінде болып тұр. Бұл жүйе жоспарлы экономиканың кезінде
негізінен күріш ӛндіруге бейімдеп жасалған болатын. Бұл жүйе бойынша ауыспалы егістің
құрылымында күріш дақылының кӛлемі ретсіз кӛбейтіліп, суармалы егіншіліктің кӛп салалы
ұстанымы бұзылып отыр. Жер-су, қаржы-қаражат ең алдымен күрішке бӛлінеді. Күріш егісінің
кӛлемі кӛбейген сайын жер күтіміде нашарлай беретінін тәжірибе кӛрсетіп жүр. Оған ӛңірде
табиғаттың жалпы азғындауы, қуаңшылықтың күшеюі, ӛзен суының азаюы және минералдығы
кӛтерілуі сияқты жағымсыз процестер қосылып, егістік жердің жалпы экология-мелиоративтік
жағдайын ӛте қиындатып жіберді.
Бұл тығырықтан шығу үшін ӛңірде егіншілік жүйесін қайта қарап, күріш дақылының егіс
кӛлемін ықшамдау арқылы іркіп суаратын дақылдардың егіс кӛлемін кӛбейту қажет. Қазіргі
экологиялық дамудың бағыты Сыр бойының егіншілік жүйесіне ӛзгеріс енгізуге итермелейді. Бұл
объективті шындық. Бұл жағдайда суармалы жердің күтімін күшейтіп, топырақты биологиялық
белсенділігі жоғары ортаға айналдыруға болады. Ол үшін оны органикалық затпен байыту қажет.
-
Сыр ӛңірінде қолданыстағы егіншілік жүйесіне ӛзгеріс енгізіп, күріштің егіс кӛлемін
ықшамдау арқылы іркіп суаратын дақылдардың (бидай, арпа, жүгері, кӛп жылдық шӛп т.б.) егіс
кӛлемін кӛбейту суармалы жердің мелиоративтік күйін сауықтыруға және егіншілік жүйесін
экологиялық жағдайға бейімдеп жүргізуге мүмкіндік береді;
141
-
Суармалы жердің құнарын тек биологиялық жолмен кӛтеру тәуір нәтиже береді. Сонда
топырақ биологиялық белсенділігі жоғары ортаға айналады, егіннің ӛнімі кӛтеріледі, сапасы
жақсарады, сӛйтіп, суармалы жерді пайдаланудың тиімділігі артады;
-
Қазіргі экологиялық қиын жағдайда суармалы жердің күтімін бақылаудан шығармай
басқару елдің экономикалық потенциалына қосылған үлес болады.
Әдебиеттер:
1.
Саданов А.Қ., Нұрғызарынов А.М. Арал ӛңірінде орнықты дамудың ғылыми негізі. - Астана, 2008. -
103-115 бб.
2.
Нұрғызарынов А.М., Шапшанов Қ.Ш. Арал ӛңірінде ӛндірісті экологияландыру (Қызылорда
облысы). - Алматы, 2001. - 31-55 б.
3.
Нұрғызарынов А.М., Елеуова Э.Ш. Арал ӛңірінің қуаңдануына байланысты суармалы топырақ
құнарының қалыптасу ерекшеліктері. // «Жаршы» журналы. - Алматы, 2010. - №1.
4.
Сыр ӛңірі суармалы егіс алқаптарының экологиялық, мелиоративтік жағдайларын жақсарту
мәселелері. Ғылыми семинар. - Қызылорда, 2011.
Резюме
В статье рассмотрено мелиоративное состояние орошаемых земель в низовьях реки Сырдарьи.
Показано, что действующая система земледелия, разработанная в годы плановой экономики для увеличения
производства риса, оказалась неэффективной в трудных экологических условиях. Считается, что для выхода
из этой ситуации необходимо сократить посевы риса и увеличить посевы суходольных культур. При этом
будет достигнуто улучшение мелиоративного состояния орошаемых земель.
Summary
The land-improvement condition of land irrigation in the lower part of Syrdariya river is studied in this
article. It is shown that the functioning system of agriculture culture in the year of planned economy to increase the
rice production turned out to be inefficient in the difficult ecological conditions and they do not favour the efficiency
promotion of land usage. It is considered that in order to get out of this situation it is necessary to shorten the rice
sowing and increase the sowing of plants that need less water. After it the land improvement condition of land
irrigation will be better.
ӘОЖ 631.11: (631.8+631.5)
АРАЛ ӚҢІРІ ЖАҒДАЙЫНДА ДӘНДІ ДАҚЫЛ ӚНІМІНЕ ӘСЕР ЕТУШІ
АГРОЭКОЛОГИЯЛЫҚ ФАКТОРЛАР
Ә.М.ТОҚТАМЫСОВ, ауылшаруашылығы ғылымдарының докторы
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
Жерді мелиорациялау нәтижесінде Арал ӛңірі егіншілігі интенсивті дамыған ӛлкеге
айналды. Күріш және дәнді дақылдарды ӛсіру мен жинаудың барлық процестерін
механикаландыруға мүмкіндік беретін инженерлік жүйелер жасалынды. Ал бидай негізінен осы
күріш ауыспалы егісінде ӛсіріледі. Ӛсіру технологиясын қатаң сақтаған жағдайда бидайдан
жоғары (30-35ц/га) ӛнім алуға болады,
Бидайдан жоғары ӛнім алу - аймаққа келіп түсетін фотосинтетикалық белсенді радиация
(ФБР) мӛлшеріне, қолайлы ауа райына, оптимальды дозада берілген минеральды тыңайтқыштар
мӛлшеріне, қолайлы агротехникада ӛсірілген бидай сорттарының биологиялық ӛнімділігіне
байланысты (1 сурет).
Зерттеу нәтижелеріне қарағанда, бидай дәнінде жинақталған крахмал мен белок дақылдың
масақтану фазасынан кейінгі фотосинтез процесінде пайда болған органикалық заттар. Осыған
сәйкес бидайдың гүлдену фазасынан кейінгі фотосинтездеуші жүйені екі бӛлікке бӛлуге болады:
Синтездеуші (ассимиляттардың пайда болу кӛзі) және қорға жинаушы жүйелер.
Синтездеуші
жҥйеге бидай жапырақтары, хлорофилі бар жасыл түсті басқа мүшелері
(сабақ буынаралықтары, жапырақ қынабы, масақ, оның қылтығы) жатады. Тыңайтқыштар
оптимальды мӛлшерде болып, оны бӛлшектеп берген жағдайдағы
агроценозда (егістікте) ӛнімді
142
(масақты) сабақтар саны кӛбейеді, әрбір сабақта жоғарғы (бірінші), екінші буынаралықтары
ұзарып, жапырақ алаңы ұлғаяды. Нәтижесінде фотосинтездеуші потенциал мӛлшері артады.
Бидайдың органикалық заттарды қорға жинаушы органы – бұл дән. Жоғары ӛнім құрауда
әрбір дәннің қоректік заттарды сіңіргіш (аттракциялаушы) қасиетінің ролі үлкен. Аталған екі
жүйенің жӛне ӛнім мӛлшерін анықтаушы басқа да физиологиялық процестердің агроэкологиялық
факторлармен ӛзара тығыз байланысы нәтижесінде мол әрі сапалы ӛнім қалыптасады (1 сурет).
Жаздық бидайдың ӛсу дәуірінің әртүрлі фазаларында дақыл белгілі бір
морфофизиологиялық касиеттерімен ерекшеленеді. Сондықтан бидай дақылы бір фазадан екінші
кезеңге ауысқанда, жылуға, жарыққа, ылғалға, минералды қоректену жағдайына және басқа да
агроэкологиялық факторларга талабы ӛзгереді.
Осыған сәйкес, ӛз зерттеу нәтижелеріміздің ғылыми-зерттеу мекемелері мен озат тәжірибе
жетістіктерін тұжырымдау негізінде бидайдың жоғары әрі сапалы дән ӛнімін қалыптастырушы
агроэкологиялық, технологиялық факторлары мен морфофизиологиялық ерекшеліктері анықталды
(1 кесте). Бидай топырақ құнарына талғампаз дақыл. Бірақ, күріш ӛсіруші аймақтарда топырақ
құнарлығын арттыру негізгі проблеманың бірі. Шаруашылықтарда бұл проблеманы шешу
ауыспалы егісті игеру барысында іс жүзіне асады.
Ӛйткені, ауыспалы егіс танаптарында ӛсірілетін кӛпжылдық шӛптер (жоңышқа,
түйежоңышқа) кӛп мӛлшерде (12-18 т/га) тамыр, сабақ, жапырақ (яғни аңыздық) қалдықтарын
қалдырып, топырақты органикалық заттармен байытады.
Жаздық бидай ауыспалы егісте күріштен кейін орналастырылады. Ӛйткені, күріш
аңызындағы ылғал қоры бидайдың ӛсіп дамуының алғашқы ксзендсріне толық жетеді.
Сурет 1 - Жаздық бидайдың дән ӛнімінің қалыптасуы барысындағы негізгі физиологиялық
процестер мен агроэкологиялық факторлардың ӛзара байланысы.
Фенотип,
сорт, оның
архитектоникасы
Фотосинтездің таза
ӛнімділігі, Ф.т.ӛ.
Масақтағы дән саны
және салмағы
Жапырақ, сабақ,
тамырдағы
физиологиялық
процестер
Масақтағы барлық
дәндердің сіңіргіш
(аттрактивті) қасиеті
Бидайдың ӛсіп дамуы
Бір дәннің қоректік
заттардағы сіңіргіш
(аттрактивті) қасиеті
Жоғары әрі сапалы
ӛнім, ц/га
Масақтар ӛнімділігі
Фотосинтетикалық
белсенді радиацияны
(ФБР) сіңіру және
бидай агроценозындағы
фотосинтез процесі
Экологиялық
факторлар:
температура, топырақ
түрлері,
құнарлылығы,
тұздылығы, т.б.
Агроэкологиялық
факторлар: NРК, тұқым
себу нормасы, егістегі
ӛсімдік тығыздылығы,
суару режимі, т.б.
143
Кесте 1 - Жаздық бидайдың жоғары әрі сапалы ӛнімін қалыптастырушы негізгі агроэкологиялық,
технологиялық және морфофизиологиялық факторлары
Агроклиматтық факторлар
Ӛсу дәуірі кезіндегі ауа райы
Топырақ-мелиоративтік жағдайлар
Топырақ түрлері, құнарлылығы, тұздылығы,
қоректік заттар мӛлшері
Сорттар, фенотиптер
Жоғары ӛнімді, ӛзгерген экологиялық жағдайға
бейімделген, тұздылыққа тӛзімді
Агротехникалық факторлар
Ауыспалы егістегі орны, алғы дақылдар
Топырақ ӛңдеу
Тыңайтқыштар мӛлшерін, енгізу мерзімі,
тәсілдерін оптимизациялау
Суару режимін жетілдіру
Себу мерзімі, мӛлшері, тереңдігі, тәсілдері
Егісті күтіп-баптау, үстеп қоректендіру,
арамшӛптермен күресу
Жоғары ӛнімді егістің
(агроценоздың) параметрлері мен
сипаттамалары
Кӛктеп шыққан ӛсімдіктер саны 260-280 дана/м
2
Ору алдындағы ӛсімдіктер саны 240-260 дана/м
2
Масақты сабақтар саны 600-650 дана/м
2
Түптенуі 2,50-2,64 ӛсімдік/дана
Әрбір масақтағы дән саны 20,8-28,5 дана/м
2
Әрбір масақтағы түскен дән салмағы 0,85-1,08г.
Мың дән салмағы 33,4-40,8г.
Дән ӛнімі 35,6-39,8 ц/га
Белок 12,5-12,8%
Клейковина 22,0-28,0%
Бидай егісі ӛнімі – ӛсімдік генотипіне әсер етуші топырақ - мелиоративтік,
агротехникалық, инженерлі-техникалық, ұйымдастыру және экономикалық жағдайлар мен
экологиялық факторлардың тығыз байланысы негізінде құралады (1-сурет, 1-кесте). Ал,
агротехникалық факторлар ішінде бидай тұқымының жаппай кӛктеп шығуына, жақсы ӛсіп
дамуына топырақты мұқият ӛндеудің әсері үлкен.
Күріш егісін жинап алғаннан кейін (қыркүйектің екінші онкүндігі) 25-27 см терендікте топырақ
жыртылады. Содан кейін кӛктемде тоң кесектер майдаланылады, топырақ қопсытылып,
шашылған тыңайтқыштар топыраққа мұқият енгізіледі, атыз беті тегістелінеді.
Тегістелінген атыз бетіне шашылған минералды тыңайтқыштарды сіңіру үшін топырақ 16-
18см тереңдікте отвалсыз соқамен айдалады немесе БДТ-7 дискелерімен дискіленеді немесе
аудармалы жабдықтары бар культиватор-чизельмен (КЧН-4,0) ӛңделеді. Сосын рельсті тырмамен
тырмаланады, әрі тегістелінеді, тоң кесектер майдаланылады.
Минералды тыңайтқыштар мӛлшеріне бидай сезімтал, қайтарымы мол дақыл. Бұл
дақылдың жоғары ӛнімділігін анықтаушы негізгі факторлар: сорт – NPK – гидротермиялық
коэффициент (ГТК) және олардың ӛзара байланысы.
Күріш ауыспалы егісінің танаптарында ӛсірілген бидай егістігіне себу алдында N
90
P
90
кг/га
дозасында тыңайтқыштар енгізу және азот тыңайтқышымен N
30
кг/га мӛлшерінде үстеп
қоректендіру дақылдың түптеуін күшейтеді, пайда болған жанама сабақтардың түбінде қосалқы
тамырлар пайда болып, олардың жақсы ӛсіп, бас сабақтан қалыспай синхронды дамуына жағдай
жасалынады. Егістіктегі бидай дақылының масақтар сабақтар саны артады, олардың буынаралығы
ұзарып, әрбір сабақтағы жапырақтар кӛлемі үлкейеді. Ал, бұл жоғары сапалы ӛнім құраудағы
негізгі фактор.
Масақтану фазасында, яғни кеш берілген азот N
30
тыңайтқышымен үстеп қоректендіру
бидай егісі ӛнімін арттырмайды, бірақ дәннің жақсы толысуына әсері бар. Тұқымды себудің ең
тиімді әдістемесі – тарқатарлы және қарама-қарсы себу тәсілдері.
Күріш ауыспалы егісі жағдайында жаздық бидайдан жоғары ӛнім масақты (ӛнімді)
сабақтар саны 600-650 дана/м
2
болғанда алынады (1 кесте). Ӛндірістік жағдайда мұндай агроценоз
144
(егіс) 4-5 млн. дана/га шығымды тұқым себіліп, N
90
P
90
+N30
кг/га тыңайтқыш берілгенде
қалыптасады.
Әдебиеттер:
1.
Полимбетова Ф.А., Мамонов Л.К. Физиология яровой пшеницы в Казахстане. – Алма-Ата:
Наука, 1980. –288 с.
2.
Турбин Н.В. Биология и сельское хозяйство. // Новое в жизни, науке и технике. Серия
биология.– 1978. - 64 с.
3.
Жайлыбай К.Н., Тоқтамысов А.М., Шермағанбетов К., Сағындықова А.С.
Морфофизиологические основы формирования урожая яровой пшеницы в условиях Приаралья. //
Вестник науки Акмолинского аграрного университета им. С.Сейфуллина. -2001. - Т.III. - №1. -
С.65-69.
4.
Жайлыбай К.Н., Тоқтамысов А.М., Сағындықова А.С., Баймбетова К.С. Особенности
формирования урожая яровой пщеницы в рисовом севеобороте. // Материалы Международн.
Научно-прак. конф. «Валихановские чтения-8». - Кӛкшетау, 2003. - Т. 7. – С.2-30.
5.
Жайлыбай К.Н., Тоқтамысов А.М., Шермағанбетов К. Зерновые культуры. // Система
сельскохозяйственного производства Кызылординской области (Рекомендации) – Алматы: Бастау,
2002. – С. 123-149.
6.
Завалин А.А., Пасынкова А.В., Пасынкова Е.Н. Влияние условий азотного питания на
урожайность и качество зерна различных сортов ядровой пшеницы. // Агрохимия. – 2000. - №7.
С.27-34.
7.
Купанова Л.К., Кидралина А.И. Влияние элементов сортовой агротехники на качество
зерна яровой твердой пшеницы. // Вестник с.х. науки Казахстана. – 2001. -№ 6. – С.25-28.
Резюме
На основе обобщения собственных исследований автора, материалов научно-
исследовательских учреждений и передового опыта определены агроэкологические,
технологические и морфофизиологические факторы, оказывающие влияние на формирование
высокого и качественного урожая пшеницы. Определены параметры и характеристики
высокопродуктивных посевов пшеницы, формирующие максимальный урожай на засоленных
почвах рисового севооборота в условиях Казахстанского Приаралья.
Summary
The introduction and cultivation of spring wheat in the rice, cotton, vegetable and fodder crop
rotations on the engineering-ready irrigated lands of the PrcAral area because of diversification of plant
breeding increases the efficiency of irrigated lands, enlarges the gross capacity of grain out of crop
rotations; irrigating water is used efficiently.
145
МАЗМҰНЫ
1.
Бисенов Қ.А. Ғылымды және инновацияны дамыту мамандар даярлау
сапасын арттырудың негізгі жолы
1
ТАРИХ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ҒЫЛЫМДАР
2.
Абенов Е.М. Қазақстан Республикасы қауіпсіздік стратегияларының
басым бағыттары
5
3.
Қожақұлы Ӛ. Қоқан хандығындағы халық толқулары мен кӛтерілістері
және Орыс-қоқан қарым-қатынастары
8
4.
Сәтбай Д. О.Сүлейменов: Қазақстанның заманауи тарихы хақында
13
ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ
5.
Абасилов А. Тілдің құқықтық мәртебелері және тіл саясаты
21
6.
Ажиев К.О., Досмаханова Р.А. Инновационные методы изучения
лирики
23
7.
Жалелова Г.Ж. Миф и реальность в романе А.Кекильбаева «Конец
легенды»
27
8.
Жұмағұлова М.Ш. Аудармадағы мәтін және дискурс мәселелері
31
9.
Кизатова Г.Ж. Пути развития Центральноазиатской историко-
документальной романистики
36
10.
Нурахметов Е.Н. К проблеме развития навыков говорения
40
11.
Сәдуақасұлы Ж. Етістік баяндауыштағы 3-жақтық тұлғалардың
қатысымдық қызметтері
45
12.
Шумейко Н.Е. Характерные особенности широкозначного именного
слова
48
Достарыңызбен бөлісу: |