ӘОЖ 82.3
Жаппаркулова А.Б.
ф.ғ.к.,аға оқытушы, Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті,
Шымкент, Қазақстан
Айткулова Г.А.
магистр оқытушы, Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті,
Шымкент, Қазақстан
Балқыбекова Ы.
ф.ғ.к., аға оқытушы, Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті,
Шымкент, Қазақстан
Акылбаева Г.И.
ф.ғ.к., аға оқытушы, Silkway университеті, Шымкент, Қазақстан
ТӘУЕЛСІЗДІК КЕЗЕҢІНДЕГІ ҚАЗАҚ ПРОЗАСЫНДАҒЫ ПОВЕСТЬ,
ХИКАЯТТАРДАҒЫ ЗАМАНА ШЫНДЫҒЫ
Түйін: Бұл мақалада тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ прозасының оның ішінде повесть, хикаялардағы
дәуір шындығы қай деңгейде сипатталатыны айтылады. Сонымен қатар, тәуелсіздік дәуірі тудырған қазақ
прозасының замана шындығы мен дәстүр жалғастығы кеңінен сипатталады.
Кілт сөздер: Қазақ әдебиетінің жанрлары, повесть, проза, поэма, тәуелсіздік, заманауи, кемеңгер ақын,
Парасат майданы.
Резюме. В данной статье рассматривается в каком уровне описывается казахская проза в период не-
зависимости. Кроме того, широко характеризуются художественные особенности казахской прозы в период
независимости.
Ключевые слова: жанры казахской литературы, повесть, проза, поэма, независимость, современный,
мудрый поэт, фронт здравомысли.
Summary. This article discusses the level at which Kazakh prose is described in the period of independence. In
addition, the artistic features of Kazakh prose in the period of independence are widely characterize.
Keywords: genres of Kazakh literature, novel, prose, poem, independence, modern, wise poet, common sense.
М.Әуезовтың «Абай жолын» оқып алып, француз сыншысы Бержерон: «Осыншама ұлылықпен,
осынша махаббатпен, оның үстіне Әуезовтың даусындай дауыспен жырланған халық-көсегесі шын
көгерген халық қой» [1,62] деп қатты таңданған екен. Бұл өткен ғасырдың үлесіне тиесілі класик жазу-
шымыз М.Әуезовтың өн бойына бүкіл қазақтың болмысын сидырған қазақ халқымен мәңгі жасайтын
құнды әдеби дүниесі. Ал, табалдырығымызды аттағалы отырған XXI ғасырдағы ұлттық әдебиеттану
ғылымында Әуезов сынды халықтың асыл мұрасына айналардай сарқылмас қазына іспетті шығарма
жазар заңғар жазушылар қатары қаңдай деңгейде?
Тәуелсіз Қазақстанның еркін көсіле білетін жазушылары қарапайым халықтың айтар ойын, мұң-
мұқтажын, асыл армандарын қыл қаламның ұшына салып, оқырман қауымға жеткізе білді ме? Міне
бұл еңбегіміздің зерттеу объектісі осындай мәселелерді, қазақ әдебиетінің тәуелсіздік алғаннан кейінгі
жылдардағы прозасының жанрлық сипаттамасы мен суреткерлік ізденістеріне, негізгі даму бағыты
мен ерекшеліктеріне арналмақ. Қазіргі еркін тынысты қазақ әдебиетінде сөз өнерін ардың ісі деп
білетін, халқының жүрегіне сәуле болып ұялап, өшпес шамын жаға білген Абай, Мағжан, Жамбылдың
ізбасарлары шүкір баршылық. Тәуелсіздіктің ақ таңы талай жылдан бері азаттықты аңсаған өр
қазағымның маңдайына тағы да әдебиетімізде мәңгілік мұра болып сақталар роман, повесть, хикая,
әңгімелелерді алып келді
Тәуелсіздік кезеңі тудырған повесть жанрының кеңестік дәуірге өзін қарсы қоятын санамен
қалыптасып, жанаша пайымдау, еркін ойлап, ойлағанынды ашық жаза білу дәрежесіне жетті. Ең алғаш
қолымызға түскені Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығы, Қазақ ПЕН-клубының Мұхтар
246
Наука и жизнь Казахстана. №3 2020
247
Әуезов атындағы халықаралық сыйлығы берілген Төлен Әбдіковтың «Парасат майданы» атты
повесі.
2001 жылы оқырманға жолдау алған шағын жанрлы повестің бір адамның бойында екі түрлі
бейненің өмір сүру заңдылығын күллі адамзатқа қауіпті дерт есебінде суреттейді. Төлен Әбдіковтің
кесек туындыларының бірі «Парасат майданы» зұлымдық пен мейірімділік, жақсылық пен жамандық,
әділеттілік пен әділетсіздік сияқты қасиеттерінің қалай алмасып кеткендігі туралы сыр шертетін көркем
проза. Повесте адам бойындағы қос тұлғалықты «психикалық паталогия» деп түсіндіреді. Кейіпкер –
күнделік иесі жындыханаға түскен. Араға үш-төрт күн салып күнделік иесі басқа бір адам бейтаныс
құрбы болып шыға келеді. Хикаяттағы сюжет осы екі адамның арасындағы тартыспен бейнеленеді.
Повестің кіріспесіне Роберт Пенн Уорннің мына сөзін эпиграф етіп алуында да үлкен мән барды [2,13].
Сен жақсылықты жамандықтан
Жасауың керек, үйткені оны
Жасайтын басқа ештене жоқ.
Ия расында да мына дүниені жақсылық атаулысы мекендемесе, бәрімізде құрдымға кетіп тынар
едік ау. Адамның жігері мен ақыл-парасатына қарсы бағытталған рухани терроризмге қарсы аянбай
күресу керек, дейді Әбдіков романы.
Қытай философиясындағы «Ян» мен «Инь»-нің арақатынасы бірін бірінсіз тұра алмайтындай
екі кереағар күштің алма кезек дүниеге бірде ізгілікті бірде зұлымдықты шашатын егіз құбылыс деп
білетін Бейтаныс құрбының және ізгіліктің көлемі зұлымдықпен ешқашанда өлшенбейтіндігін алға
тартатын Күнделік иесінің арсындағы парасат майданы ақыры өз өмірінді құрбан етсен де жамандыққа
жол бермеумен пайымдалады.
Хикаятта осы екі кейіпкер мен жындыхана дәрігерлерінің арасындағы қарым-қатынасқа ғана
негізделген күрделі сюжеттерден басқа оқылымды қамтамасыз ететін шытырмандар жоқ. Солай бола
тұра әу дегеннен-ақ роман оқиғасына қызығушылық билеген оқырман санасына көптеген философтар
мен ғұламалардың аталы сөздері білмекке құмарлық сезімін тудырады. «Бостандық деген ар-ұяттың
тазалығы» дейді әлемдегі жеті дананың бірі Периандр Коринфский. Сондай-ақ Бальзак, Ницше, Со-
крат, Фрейд, Абай, Мағжандай ірі ойшылдарыдың айтқандарын басшылыққа ала отырып, рухани ке-
мелдену арқылы шын бостандыққа жете алатындығы және ізгілікті адам санасына берік орнату керек
деген қорытындығы келеді.
Адам баласының бойындағы өзімшіл «Менін» соқыр сезім патшалығынан аса алмай қашан
«Бізге» айналмайынша адамгершілік қағидаларын іске асыру мүмкін емес деген пікірді алға тарта-
ды. «Адамның рухани түлеп, жаңа биікке көтерілуіне кедергі болып отырған қатыгездік, күншілдік,
қызғаншақтық, менмендік, астамшылдық, сараңдық, ақшақұмарлық, араққұмарлық, әйелқұмарлық,
атаққұмарлық секілді кеселді кесапат қасиеттердің қай-қайсысының да түп-тамырында «өзім, өзім
ғана» деп емінген «Меннің» жатқаны ешкімге де құпия емес.
Тарихита іргелі мемлекеттердің құлауына негізінен басқарушылар арасындағы алауыздық се-
беп болған. Ал, алауыздықты бас-басына би болған, бірігуге жандары қас «Мендердің» өзімшілдігі
тудырады. От басынан бақ тайып, ерлі-зайыптылар ажырасып жатса, оған да біреуінің ия екеуінің
бойындағы өзінен басқаны ойламайтын өзімшілдік кінәлі. Ағайынды екі адам немесе қанды көйлек
достар араздасып жатса, ол да өңмендеген өзімшілдіктің кесірі екені даусыз. «Меннің» өлермендігі
тұрған жерде жарасымды махаббат та, риясыз достық та, береке-бірлік те болуы мүмкін емес. «Мен»
қашан да тойымсыз – бәрінен артық, бәрінен биік, бәрінен ықпалды болғысы келеді де тұрады. Оның
бас сұқпайтын,бүлдірмейтін жері жоқ»
Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жаңа өмір мен нарық нақыштарын, сондай-ақ өміріміздің айнасын
суреттей білген автор шеберлігінің көркемдік сапасы жоғары дәрежеде кеніне дай жоқ. Көркемдік сапа
туралы айту – көркемдік кеңістік пен күрделі сюжет тұрғысынан көркемдік өлшемдерді ұстанып сөйлеу.
Осы тұрғыдан келгенде Әбдіков повесі қазақ әдебиеті атты киелі дүниенің қастерлеп көтеріп келе
жатқаны рухани жүгінің басым бөлігі – ел тағдыры мен ұлт болмысын шынайы келбетін жасай білуімен
еррекшеленеді. Повестегі Күнделік иесіне дәрігердің ертең басқа адам болып оянатын естігеннен кейін
дегбірі қашып оған жол бермеудің амалына кіріскенше асығады. «Парасат майданының» көркемдік
идеясы алмағайып мына заманда өз өмірінді құрбан етсеңде зұлымдық пен жамандыққа тосқауыл бо-
лумен ұштасады. Повесть соңы Мұқағали Мақатаевтың өлеңімен аяқталыпты:
Қазақстанның ғылымы мен өмірі. №3 2020
248
«Бүкіл дүние жамандықтарын
Артыңдар маған көтерем!
Қарызым болсын өтеген,
Жауыздық біткен менімен ғана бірге өлсе,
Бүгін-ақ өліп кетер-ем».
Ішіндегі екінші тұлғаның мына өмірді былғап, жамандықты жан-жағына таратып, өзімшілдігіне
салынуына жол бергісі келмеген күнделік иесінің осы бір ерлігіне тәнті боласын. Шынайы өнер
шындықпен шеберленгенде ғана шыңға жететінің ескерсек, тәуелсіздік алғаннан кейінгі дәуір мен
нарық нақыштырын шынайы суреттеген осындый повестер сөз жоқ қазақ әдебиетін жаңа бір шыңға
шығаратыны хақ.
«Өр Алтай, мен қайтейін биігінді,
Мерген боп бір атпадым киігінді.
Жас өмір өтіп жатыр өксуменен,
Кім түсінер іштегі күйігімді....»
Ендігі әңгімеміз осынау өлеңдегі өр Алтайдың етегінде тұрып жатқан ауылдың тұрмыс тіршілігі
мен тағдыр-талайы болмақ. Дәлірек айтсақ тәуелсіздігімізді алғаннан кейінгі кесек туындыларының
бірі Әлібек Асқаровтың « Өр Алтай мен қайтейін биігіңді» атты повесі туралы болмақ. Оқырманды
шытырман сюжеттермен және қызықты юмор, уытты әзілімен баурап алатын повестің жазылу стилі
де өзгеше. Ең алған бүл шығармаға өзінің оң бағасын берген жазушы Шерхан Мұртаза. «Романға
бергісіз повесть» атты 26.01.2001 жылы «Қазақ әдебиеті» газетінде : «Әлібектің сөз кестесі зерлі
жіппен өрнектелген. Оның прозасынан алтайлық Қалихан мен Оралханның өрнегі сезіледі. Бірақ олар-
ды қайталау жоқ. Мүлде басқа суреттер. Астанадағы үйлердің терезелеріне қазір түнгі қырық градус
аязда қыраудан суреттер салынады. Терезе шыналы бірдей болса да, ою-өрнектері әр түрлі [3,13].
Сол өзі салған ою-өрнек арқылы Әлібек сені күйдіреді де жылатады да. Тұнып тұрған әдемі юмор.
Сөйте тұра азынаған азап пен қасіреттен жүрегін сыздайды. Әдемі әзіл, жеңіл юмор арқылы ауыр тре-
гедиямызды ашып көрсетіпті автор. Әлібек повесі заңғар жазушымыз Ш. Мұртазаның өз аузынан әділ
бағасын алып үлгерді. Ал, мұны оқыған ауыл азаматтары осы хикаяттан аңқау да аңғал өз бейнелерін
көрері хақ. Хикаят үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде «Төртінші бригада» атанған төрдегі ауыл
адамдарының бейнесі жасалған. Кейінен осы «Төртінші бригада» тарап кетеді де, жетімсіреп жеті-ақ
үй қалады ауылда. Осы жеті үйде сегіз отбасы – мұғалім Мәлс, балташы Байғоныс, орыс Метрей шал,
Қабден мен Кәрім ақсақал, Қасиман, пошташы қыз Сәлима, моторист Сәрсен. Әлібек Асқаров осы
үйелмелі жеті үйдің адамдарының басынан өткен талай шытырман оқиғаларды қызықты сюжеттермен
әңгімелей отырып сан алуан ауыл адамдарының түрлі характерлерін жасап шығарған.
Бастауыш мектептің мұғалімі Мелстің бейнесі тура жүріп адал қызмет етудің, ауылды жанданды-
руды мақсат тұтқан еңбекші қазақтың суретіндей. Мектеп жабылғаннан кейін Мелс мұғалім жұмыссыз
қалсада ауылды тастап кетуге ар намысы жібермейді. Ауылды қайта жандандыру үшін ауылдастарына
дача салуды ұсынады, түсіндіріп, әдемі үлгісін ұсынғанымен ауыл адамдары бұл тірлікті бос әурешілік
деп түсінеді. Етектегі Мұқырға жұмыс сұрап барғанда совхоз директоры Ақшоқының сатысына келе-
шекте марал кіргізбек ойы барын және қарауылдық жұмысты ұсынған басшыға: «Біз қаңдай жұмыс
болса да тартынбаймыз!» деген жауабын естиміз. Құрғақ уәдемен шығарып салған дирактордың
ұсынысын жігерлі, еңбекқор мұғалім ыждахаттықпен күткенмен онысынан түк шықпайды. Әйелі За-
йра қанша көшейік деп үгіттесе де ауылдастарының артқан үмітін ақтауым керек деп көшуден біржола
бас тартады.
Хикаяттың композициялық құрылымы бастан аяқ бір адамның тағдырын суреттеуге емес,
сан қилы ауыл адамдарының характерін ашуға бағытталған. Хикаяттағы аянышты тағдырлардың
бірі Сәрсен мен Әлипаның отбасындағы жағдайы. Кішкентайлы болған екеуінің көп ұзамай балала-
ры шетінеп кетеді. Бұдан кейін Әлипа құрсақ көтеріп, отбасын қуанышқа бөлей қоймайды. Бедеулік
өмірдің қазақ отбасына берер қайғы қасіретінен асқан азап дүние жоқ шығар қазаққа. Кезінде екі
жастың махаббатына бүкіл ауыл қызыққан екен. Әлипа МТМ-да су жылутышы болып жұмыс істеп
жүргенде танысады. Танысқан күннің ертеңіне Әлипаның туылған күніне бас қосады жастар. Осы
жерде қазақтың бала туғанда туылған күнін шатастыратын әдеті жарқ етіп көрініс береді. Әлипаның
туылған күні төлқұжатта көрсетілгендей 16 апрель емес, 28 августь болып шыға келеді. Кешіктіріп
алған төлқұжаттың есебінен қазақтың бейғамдығы мен бүгінгі тындырар ісін әрдайым ертеңге
Наука и жизнь Казахстана. №3 2020
249
қалдырар әдеті әшкереленеді. «Шаруашылығында аздаған бұғы-маралмен айналысқаны болмаса,
Мұқырдың басқа ауылдардан айырмасы шамалы» деп басталған хикаяттың екінші бөлімі түгелдей
осы ауылдың адамдарының тұрмыс-тіршілігін суреттейді. Төртінші ауылдан біраз үй осы жерге көшіп
келген беті екен. Біршамасы бұл жердің де жағдайы мәз емес екенін көріп бұл жерге де аялдамай
одан әрмен көшіп кеитеді. Төртінші ауылдан көшіп келген біреуді шала қазақ Лексей дегена уылдағы
жалғыз орыс бірінші болып үйіне қонаққа шақырады. Әлгі қазақ Лексейдің әйелі Ольганың капуста
көжесіне тойып алып:
«Буынғаным беліме кемер белдік,
Қоңыр салқын Айдардан неге келдік?
Сапырған сары қымыз ішпес басым,
Шөп-шаламды ас қылған елге келдік,»
деген төр шумақ өлең шығарыпты. Бүкіл ауыл осы әңгімені аузынан тастамай айтып жүргенде
Лексей «осы қазақты қонақ қылсаң да бәлеге қаласың, шақырмасаң тағы да бәлеге қаласың» деп
таңданған екен. Ауылдағы әр оқиғаны уытты әзілмен шытырман сюжеттермен ауыр азапты ауыл
адамдарының тағдырын астарлап, шеберлікпен жасай білген Ә. Асқаровтың «Өр Алтай мен қайтейін
биігіңді» атты повесінде 42 адамның өмірі сөз болады. Осы аталған адамдардың өмірі бейнелі сюжет-
термен және астарлы ойдың шеберлігімен оқырман жүрегін бірден баурап алады.
Қазақтың жүзге бөліну деген трайболизмдік ауруының нағыз пісіп жетілген дерті сөз болады
осы хикаятта. Тып-тыныш берекесі ұйып отырған ауыл адамдары Мұқырдағы жалғыз мектепке ат
қою керектігі көтерілген тұста қақ жарылып екіге бөлінеді. Екі жақ Қамай мен Қарғалдақ рулары
бір-бірімен ашықтан ашық айтысқа түседі. Ақыры күншіл қазаққа екі жақтың ұсынған өз адамдары
да жақпай мектепке ара ағайынның Калинин деген атына бірауыздан келісе кетеді. Таласқанға таста
жоқтың кейпін киген ауыл адамдырының осы рушылдық деген сүйекке сіңіп кеткен ауруынан жаңа
ғасырда да қазақтың соры өзінен екенін тағы да көзімізді жеткіздік.
Қуанышынан қайғысы әлдеқайда басым өр Алтай тұрғындарының ашық-жарқын бейнесі арқылы
Ә. Асқаров қазіргі ауыл жағдайының жадау суретін жасап берді. Ауыл біздің алтын бесігіміз. Ауыл
біздің алтын діңгегіміз. Хикаятта ауылдың жаңа трагедиясы – жастардың туған еліне оралмайтындығы
көтеріледі. Пошташы Сәлима Алматыдағы Қабден шалдың баласынан хат әкеледі. Хатта балсы оқуға
түсе алмай құрылыста істейтінін жазыпты. Мұндағы барлық ауыл тұрғындарының басындағы ауыр
жағдай осындай кейіпте. Байғоныс шалдың баласы да Өскеменде ал, Метрейдің баласы аттай он үш
жыл бопты хабарласпағанына. Ия, құйқанды шымырлататын шындық деген осы емес пе. Автор осын-
дай ауылға тән трагедияның жаңа заман дәуірінде алдын алу керек екеніндігін ескертеді.
Хикаяттың соңындағы Қанапия қарттың: «Бодан елдің бұғаулы бұзауы болған мына бізден не
күтіп едіңіз? Төрелер болса, ат ойнатып ел басқарды, қаралар атойлаумен ғұмыр кешті. Кең дүниені
кеуделеумен тірлік құрып едік, кейдеміз қуыс болып шықты. Өміріміз біреулер көкіп жүргендей зая да
болмаған шығар. Дегенмен арбалған санамен алданған ғұмыр кешкен аға ұрпақ еніміз рас... Олай бол-
са ондай ұрпақ қарға тірлік тышқаншыламай қайтпек керек...» деген сөздері хикаяттың финалындағы
соңғы азапты ойдың кезекті нүктесін қойғандай. Осы ретте орыстың жазышысы Василий Шукшиннің:
«Шебер болғың келсе, қаламыңды шындыққа суар. Басқа ешнәрсемен таңдандыра алмайсың» деген
сөзінің жаны бар екенін мойындаймыз. Халықтық суреткерлерге тән ерекшелік – халықтың қуаныш-
қайғысымен бірге өмір сүру қасиетін Ә. Асқаровтың бойынан да табуға болады. Егер осындай қаситтен
автор жұрдай болғанда осындай әдемі туындыны жазып шығармасына кім кепіл. Ауылдың бұрыңғысы
мен келешегіне алаңдаған шын суреткердің қырық шақты адам өмірін бірін-бірімен қиюластыра бей-
нелеу арқылы ұлттық болмысымыздың нағыз көрінісін жасап шығарғаны мұнымен ғана шектелмесе
екен деген көңілімізде тілегіміз бар. Нарық заманының алғашқы он жылында әдебиеттегі сатиралық
шығармалардың да бір легі пайда болды. Оның бірі Жүсіпбек Қорғасбектің «Премьер-Министр»
атты сатиралық повесі. Жүсіпбек повесінің бас кейіпкері – Премьер-Министр мен оның министрлер
кабинеті. Басыбайлы ешкімнің аты аталмайды тек лауазымдарымен айтылады.
Зілді күлкі мен ащы тілін жазушы нарық заманындағы саясат әлеміндегі олқылықтарды сати-
ра жолымен әбден әшкерелейді. Қолдан жасап алған қуыршақ Премьер-министрдің тіпті киімдері
де «киім екеш киіміне дейін кілең бастықтың табанын жалағыш жарамсақ газеттен» тіктіртетіні
де әжуа етіледі. Сатиралық не түрлі тәсілдерді шебер пайдалана отырып, «сыбайлас жемқорлыққа
қарсы» күрестің түбінде шикілік барын, балық басынан ширідіге теліп үкімет басындағылардың ретін
Қазақстанның ғылымы мен өмірі. №3 2020
250
келтіріп, шетелдегі алып үйлері иен миллион долларлап ақшасы бар екенін, премьерден бастап барлық
лауазымдардың пара алатындығын өз ауыздарымен айтқызады.
Саясаттан басқа қоғамдағы өзге жандардың да жетісіп тұрғаны шамалы екендігі байқалады
сатиралық хикаяттың «Қал» және «Дуалы ауыз» бөлімдерінде. Сәуегей мен көріпкел бейнесінің тым
жұтаңқы көрінісі қылаң береді осы тұста. Сәуегейлік көріпкелдің «жеті жылдан соң оң жамбасында
қалы бар адам Президент болады» деген сөзіне жан иманындай сеніп, ақыры моншадан сондай адамды
іздеп жүргенде ойда-жоқта өз жамбасындағы үлкен қалды байқап, шынымен мазазасы қашады. Дереу
дәрігерге барып, қалын алдырып тастайды. Дәрігердің ретсіз қойылған сұрағына әлгі сәуегей: «Бір
мықты көріпкел теледидардан айтыпты. Оң жамбасындағы қалы бар біреу таққа таласады-мыс депті.
Ойбай-ау, шағыстырыуға бола ма, мен президенттімізге адал берілген адаммын ғой. Аш құлақтан
тиыш құлақ деген, әкеліңізші жаңағы сылып тасталған теріні, отқа жағып жіберейін» деген сөздері
шынымен-ақ қоғамдағы адамдардың нарықтық заманға лайық бет-бердесін ашып тұрғандай.
Ал, Дуалы ауыз бір-екі тіске жұмсақты өлтіре сынап, бастық атаулыны өлтіре мақтағанымен
атағы шыққан кісі. Бұл күндері кәріліктің құрсауындағы дуалы ауыз шалдың жиналысқа тербетіле
әрең жеткен жағдайына қарамастан Төрағадан бастап барлық бастықсымақтар басын иіп сәлемдесіп
жатыр. Сөйлеуге шамасы келмеген дуалы ауыздың жаттанды көпірме сөздерін төрағаның өзі зуылдап
оқи жөнелді. «Біз бүгін әр салада үлкен жетістіктерімізге маңдай тіредік. Жан-жағымыздағы көрші
елдеге қарағанда тым жақсымыз деуге болады. Біздегідей жетістіктерге жетсе, олардың бақыттан басы
айналып, шаттықтан милары шайқалар еді. Осыған қарап біз өз қадірімізді өзіміз білмей отырмыз ба
деп қаламын. Біз осы бастықтарымзды келістіріп мақтай алмай жүрміз ба деп қауіптенемін»
Осылайша мақтап көлгөрсуден жаңылмайтын Дуалы ауыз кейіпкердің сиқы осындай. Келесі
«Оппозиция» деген әңгіменің кейіпкері – сабалақ жүнді ит. Басқа төрт аяқтылардан айырмашылығы
«ғарп-ғарп» үреді. Нан берсең ішіне у қосып бермеді ме екен де бірінші құсқа шоқытып барып жейді.
Повестегі әңгіме кейіпкері осы итпен тағы кездесе қалғанда кеше нана бергем енді мені қаппайды деген
ойынана адыра қалады. Арсаландап келген ит кейіпкер балағын жұлқи өтіп, «ғарп-ғарпіне» неше түрлі
дыбыстар қосып молайтып жібереді. Кездесе кеткен көріпкел иттің ит болып қапқым келеді, бірақ ит
болып қалғым келмейді» деп тұрғанын болжайды. Сонда әңгіме иесі: «Пәлі бұл ит үлкен үйді сынағым
келеді, бірақ үлкен үйдің сыртында қалғым келмейді»,-дейтін біздің кейбір оппозицияшыларымзға
қатты ұқсайды екен»- деп ит пен оппозиция өкілдерін ұқсата келемеждейді. Сатираның негізгі мақсаты
өмірдегі келеңсіздіктерді уытты әжуасына сала отырып, тұра алмайтындай етіп сынау арқылы осындай
жағдаяттарды болдырмау. Жүсіпбек Қорғасбек өз туындысы арқылы қоғам келеңсіздіктерін жіктеп,
топтап, типтендіруге тырысады. Сатираның әдетті тәсілдеріне жүгіне отырып, қоғамның епетейсіз,
оғаш құбылыстарына келемеж сипаттама беруге тырысады. Жазушы тұтас бір топтың яғни билік
басындағы атқамінерлердің образын тұтас типтеп, қазақ әдебиетіне жаңа «адамшарлар» деген образ
енгізді. Повесть соңындағы «Мұңлы эпилог» бөлімі ««Премьер-министр» нағыз көркем шығарма, бір
қызығы бұл шығармада ұлттық колорит жоқ» деген пафоспен аяқталады. Десек те Жүсіпбек Қорғасбек
повесі біздің қаңдай қоғамда өмір сүріп отырғанымызды ашып көрсетеді. Сатираның уытты тілі өз
діттеген мақсатын жетті деп ойлаймыз.
«Әдебиет – негізінен, өз дәуіріндегі жағдаятты бейнелеп, суреттейтін сөз өнері. Олар сөз
құдыретімен қағазға түсіп, көркем шығарманың кейіпкерлеріне айналса, сол типтер де жасайтын
болады. Солар арқылы кейінгі ұрпақ өткен заманның тыныс-тіршілігін аңңғарады» [4,20] деп Әбіш
Кекілбаев айтқандай әдебиеттегі әр жанрдың апйтылар ойына қарай оқырман кешегі мен бүгінгісін
бағамдай алатынына көзіміз жетіп отыр.
Әр дәуірдің өз шындығы бар іспетті әр дәуірдің қоғамдық шындығын айқындайтын әдеби
шығармадағы шыңға шыққан бейне, үлкен талант қолынан туған типтер жаңа дәуір әдебиетінің
қорын ептеп толтыруда. Әдебиетте күрделі баяндау, көлемді хикая, дәлірек айтқанда ұзақ әңгіме де-
ген көзқарас қалыптасқан повестердің айтар ойы мен мазмұн тереңдігі жаңаша түрмен қордаланып,
көркем шығарма мен өмірлік шындықтың арасындағы көпірді бекемдей түсті. Әдебиеттің беделі – елдің
беделі деп түсінетін қазақ жазушылары лайым осы жанрда көптеп еңбектене берсін деген тілеуімізбен
повестерге жасаған саяхатымызды осымен тәмәмдаймыз. Сонымен тәуелсіздік кезеңі тудырған по-
вестер тақырыптық, мазмұндық тұрғыдан да, жанрлық формалары жөнінде де, авторлық құрамымен
де ұлттық өнеріміздің маңызды, өнімді жемісті саласының бірі екендігіне шүбә келтіруге болмайды.
Наука и жизнь Казахстана. №3 2020
251
Достарыңызбен бөлісу: |