ӘОЖ 372.52 045 Бүркітбаев Т.С. п.ғ.к., аға оқытушы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті
Айтбекова А.Б. магистр аға оқытушы Аймақтық әлеуметтік инновациялық университеті
Жорабеков С.Қ. ҚР Мәдениет қайраткері, аға оқытушы Аймақтық әлеуметтік инновациялық университеті
Шилдерханов А.К. аға оқытушы Аймақтық әлеуметтік инновациялық университеті Шымкент, Қазақстан
БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДАҒЫ КӨРКЕМ ЕҢБЕК САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ КӨРКЕМ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ Түйін. Мақалада жалпы білім беретін орта мектептерде көркем еңбек сабақтарында оқушылардың көркем ойлау қабілеттерін дамыту мәселелері қарастырылады. Тірек сөздер: көркем еңбек, ойлау процесі, көркем өнер, абстракция, бейнелеу өнері Резюме. В статье рассматриваются вопросы развития художественного мышления школьников на уро- ках художественного труда в средних школах. Ключевые слова: художественный труд, процесс мышления, художественное искусство, абстракция, изобразительное искусство Summary. Options examines the development of artistic thinking In the article Shkolnikova lessons artistic work in secondary schools. Keywords: artistic work, thinking process, artistic art, abstraction, visual art Тұңғыш Президентіміз Н.Назарбаевтың «Ұлы Даланың жеті қыры» атты мақаласына
халқымыздың мәдени құндылықтарын, өнерін насихаттап, жастарға рухани тәрбие беруді арттыра
түсу үшін жас ұрпақты ұлттық дәстүрлерден нәр алдыра отырып, халқымыздың байырғы мәдениеті
мен өнерін жандандыру міндеттері қойылды. «Ұлы Тұран даласы- Қазақстан күллі түркі әлемінің
қасиетті мекені, қара шаңырағы. Бүгінгі қазақтың сайын даласынан әлемнің әр түкпіріне тараған түркі
тектес тайпалар мен халықтар басқа елдер мен өңірлердің тарихи үдерістеріне елеулі үлес қосты»,-
деп өз мақаласында түркі мәдениетіндегі қазақ елінің де рухани жаңғырудағы маңыздылығын өзіндік
қосар үлесі барын айқындап көрсетті [1].
Еліміздегі оқу-тәрбие жұмысына байланысты болып жатқан жаңалықтар, жаңатылған білім
бағдарламасына көшу, тәрбие мен білім беру жұмысын жандандыруды міндеттейді. Білім беру
жүйесінде жеке тұлғамен тәрбие жұмысын дамыту басты мақсат болып отыр. Бәсекеге қабілетті тұлға
тәрбиелеу ісі оған қажетті алғы шарттар мен жан-жақты тәрбиелеу құралдарына тікелей байланысты
екендігі анық. Адамгершілік жоғары талаптарға, ізгілікке және әсем талғамға тәрбиелеу құралдарының
бірі – көркем өнер болып табылады. Бейнелеу өнерінің жас ұрпақтың қалыптасуына, тәрбиесі мен
білімін жетілдіруде,көркемдік білім мен эстетикалық тәрбие берудегі әсері шексіз. Келтірілген
мәселелерге қатысты зерттеулер, оларды талдау мәселелері Б.М.Неменский, Л.С.Выготский,
Т.Я.Шпикалова, Н.Н.Ростовцев, С.Герасимов, С.Қасиманов, Қ.Ералин, А.Қамақ, Қ.Болатбаев,
Қ.Әмірғазин, Ж.Балкенов, Е.Әуелбеков, К.Құдабаева т.б. еңбектерінде қарастырылады, және бұл
тәжірибелер көркемдік білім беруде кеңінен қолданылуда. Бейнелеу өнері – оқушының бейнелеу
дағдыларын, танымдық, шығармашылық ойларымен бірге көркем ойлау мүмкіндіктерін де арттыру
мүмкіндігі болып табылады.
Ойлау процесі адам мен қоршаған ортаның өзара әрекетінің нәтижесі болып табылады. Қазіргі пси-
хологияда ойлау ұғымына әр түрлі түсінік беріледі, ойлау дегеніміз – әлеуметтік жағдаймен ұштасқан,
тілмен тығыз байланысты психикалық процесс, сол арқылы болмыстың, дүниедегі нәрселердің жал-
пы және жанама бейнеленуі. Бұл бейнелену адам ойының талдау және біріктіру әрекеттері арқылы
154
Наука и жизнь Казахстана. №3 2020
155
танылады. Ойлау – сыртқы дүниедегі болмыстың жалпы жанама жолмен біздің санамыздағы ең биік
сатыдағы бейнесі. Ойлау адамның өмір тәжірибесі мен практикалық іс – әрекеттері нәтижесінде пайда
болып, тікелей сезім процесінің шеңберінен әлдеқайда асып түседі. Ойлауды дамыту – оның мазмұны
мен формасын өзгерту болып табылады. Психологияда ойлаудың үш түрі қарастырылады.