Issn 2226 1176 индекс 75756



Pdf көрінісі
бет12/54
Дата10.12.2023
өлшемі2,59 Mb.
#136038
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   54
ТРеНеР. кОУЧ. МеНТОР
TRAINER. COACH. MENTOR
ӘОЖ 37:372.8
деҢГеЙлІк кУРС ТРеНеРІНІҢ СеРТиФикаТТалҒаН 
МҰҒалІМдеРМеН ЖҮРГІЗеТІН даМыТУ ЖҰМыСы 
а.Ш. Оракова, Т.Б. корнилова, Ж.а. Жартынова
«Өрлеу» ҰБАО» АҚ филиалы Қазақстан Республикасы Білім беру жүйесінің басшы және 
ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын 
республикалық институты, Алматы, Қазақстан
Түйіндеме. 
Мақалада тренердің сертификатталған мұғалімдердің алған білімдерін 
өз тәжірибесінде жаңа жағдайларда қолдану біліктілігін, ізденімпаз, шығармашыл тұлға 
қалыптастырудың бірден-бір жолы – тәжірибенің өзгеруі және білімнің жинақталуын жүйелеу 
әдістемесін енгізудің тиімділігі туралы айтылған.
Түйінді сөздер: 
топтық жұмыс, ынтымақтастық орта, әдіс-тәсіл.
Екінші деңгей бағдарламасы бойынша 
сертификатталған мұғалімдер оқушыларға 
қалай 
оқу 
керектігін 
үйреніп, 
соның 
нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел-уәждерін 
нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни 
пікір-көзқарастары жүйелі дамыған, сандық 
технологияларда құзырлылық танытатын 
оқушы болып қалыптасуға көмектеседі [2].
Тренердің жүргізетін дамыту жұмысы 
бойынша мұғалім жүргізетін жұмыс басқаларды 
серіктестікке тартып, рефлексия мен өзін-
өзі бағалауға қатыстыратын тапсырмаларды 
қамтиды. Мұндай іс-шаралар жиі өткізіліп 
тұруы мүмкін, мысалы: әріптестер арасындағы 
пікірталастар, желіде орналастырылған есепті 
оқу, өздерінің іс-тәжірибелері туралы пікірлерін 
жинау, әріптестерімен іс-тәжірибе алмасу 
мақсатында сертификатталған мұғалімдердің 
сабақтарына қатысу. 
Сертификатталған мұғалiмдердің дамыту 
жұмыстарын жүргізу барысында рефлексия, 
жоспар құру, кеңес беруді біртіндеп жүзеге 
асыруына тренер қолдау көрсетеді. Тренердің 
алғашқы қадамы – әрбір сертификатталған 
мұғалімдер үшін маңызды шешімді талап ететін 
құндылықтар мен мәселелерді анықтау. Келесі 
қадамы – өзгеріс енгізу жөнінде кеңестер беру. 
Атқарылған жұмыстардан соң тренерлердің 
орталығында мәжiлiсте қаралып, мақұлдануы 
мүмкін. Мақұлданған соң сертификатталған 
мұғалім өзінің мәселесі бойынша нақты жоспар 
құра бастайды. Бұл жоспар жүзеге асатындай 
және оның құрамына кіретін әрбір әлеуетті 
қатысушы оны талқылай алатындай болу керек. 
Егер бұл келісу мен кеңесу үдерісі тиімді өтсе, 
онда дамыту жұмысы да жоспар бойынша жүзеге 
асырылады. Дегенмен мұндай жұмыс тәжірибелі 
мұғалімдер тарапынан ұйымдастырылып, 
қолдау көрсетілгені маңызды. Бізге олардың 
мектеп құрылымы мен дамыту басымдықтары 
туралы пікірі қажет, себебі олардың кеңесі мен 
жетекшілігі өте құнды.
Мұғалімді дамыту жұмысы мектепте 
жаңа білімді қалыптастырады, ал мектептен 
тыс жерде алынған жаңа білімдерді беру де 
сертификатталған мұғалімнің өз мектебіне 
орасан зор пайдасын тигізеді.
Тәжірибенің 
өзгеруі 
мен 
білімнің 
жинақталуын мұғалiм жүргізетін дамыту 
жұмысының әсері жоба аяқталған соң емес, 
оның барысында сезiлуі керек. Сапалы даму 
жұмысына жаңа әдіс-тәсілдерді сынап көру, 


БІЛІМ БЕРУДЕГІ МЕНЕДЖМЕНТ № 2, 2015 ж. 
МЕНЕДЖМЕНТ В ОБРАЗОВАНИИ № 2, 2015 г. 
29
эвалюция, рефлексия және тексеру жатады. 
Олардың барлығының өзгертушілік әсерi 
болады. Нәтижелері әрдайым тәжірибелік 
бағытта болады, оқытудың үздік тәсілі және 
оқудың үздік тәсілі бола отырып, оқыту мен оқу 
тәжірибесін жетілдіреді немесе оны өзгертеді. 
Сонымен қатар ол кәсіби білімнің молаюына 
ықпал ете алады. 
Көптеген мұғалімдер өз тәжірибесін 
жетілдіру жұмысы жақсы бастама деп санайды, 
егер жоба басынан нәтижелі болып, әріптестерін 
қызықтыра алса, онда бұл өзгерістер мектепте 
кеңінен қолдау тауып, мектептен өзінің 
лайықты орнын алуы мүмкін. Басқаша айтқанда, 
мектеп басқаша жұмыс істеуге үйренеді. Сол 
себепті әріптестерді қызықтырып, оларды 
бірлесе жұмыс істеуге шақыру қажет. Білім 
жинақтаудың сыртқы ауқымы оқыту мен 
оқу туралы идеяларды жай ғана тарату емес, 
сонымен бірге ол осы идеяларды өңдеу және 
оларды ары қарай дамыту болып табылады. 
Дәл осы жерде қоғамдастық маңызды рөл 
атқарады. Осы бағытта қоғамдастық арқылы біз 
идеяларымызбен бөлісіп, оны ары қарай дамыта 
аламыз. Сонымен бірге біз жаңа идеяларды 
тауып, олармен жұмыс істей аламыз.
С
ертификатталған мұғалімдерге курстан 
кейін қолдау көрсету тренерлердің тәжірибелік 
әрекеті болып табылады. Тиімді қарым-қатынас 
орнату мақсатында деңгейлік бағдарламалар 
орталығының 
тренерлері 
мұғалімдермен 
үздіксіз байланыс жүргізіп келеді. Курсты 
аяқтағаннан 
кейін 
сертификатталған 
мұғалімдер екінші жылдан бастап төрт 
жыл бойына сертификаттың жарамдығын 
дәлелдейтін шынайы ақпараттарды жинап, оған 
талдау жасап порталға жүктеулері тиіс. Порталға 
жүктелетін ақпаратқа мұғалім тәжірибесінің 
өзгергенін 
дәлелдейтін 
материалдарға 
жоспарлау, оқыту, бағалау және рефлексиялар 
жатады. Сертификатталған мұғалімдерінің 
материалдарын шілде – қыркүйекте «Коучинг 
және тәлімгерлік және тізбектелген сабақ 
жоспарлары», қазан – желтоқсанда «Бір 
коучинг сессиясының бағалау сапасын жүзеге 
асыратын материалдар», қаңтар-наурызда 
«Тәлімгерлік үдерістің бағалау сапасын жүзеге 
асыратын материалдар» және сәуір – маусымда 
«Мұғалімнің оқыту іс-әрекеттеріне қатысу 
материалдары» порталға енгізулері тиіс. 
2012-2014 жыл аралығында ББЖҚБАРИ 
базасында ІІ (негізгі) деңгейлік курстан өткен 
сертификатталған мұғалімдерге деңгейлік 
бағдарламалар 
орталығының 
тренерлері 
қолдау көрсетті. Барлық тренерлердің алғашқы 
кездесуінде 
байқағандары 
мұғалімдердің 
барлығы зор ынта жігермен келгені. Алғашқы 
семинарды сертификатталған мұғалімдердің 
қажеттіліктерін анықтау мақсатында деңгейлік 
бағдарламалар 
орталығының 
тренерлері 
дайындаған 
«Деңгейлік 
бағдарламалар 
курсынан өткен тыңдаушыларға қолдау 
көрсету бойынша мониторингтік талдау жасау 
сауалнамасын» жүргізуден бастадық.
Сауалнаманың нәтижесінде сертификат-
талған мұғалімдердің тәжірибесінде кездесіп 
жатқан өзекті мәселелердің бірі олардың 
жасап жатқан жұмыстарының материалдарын 
порталға жүктеу. Білім порталына қалай 
тіркелеміз? Мектеп тәжірибесіндегі жүргізіліп 
жатқан қандай жұмыстарды порталға енгіземіз? 
– деген сауалдар қойды.
Сертификатталған 
мұғалімдердің 
қажеттіліктерін 
анықтағаннан 
кейін 


БІЛІМ БЕРУДЕГІ МЕНЕДЖМЕНТ № 2, 2015 ж. 
МЕНЕДЖМЕНТ В ОБРАЗОВАНИИ № 2, 2015 г. 
30
мұғалімдерді 
курстан 
кейін 
оларға 
сертификаттың жарамдылығына қойылатын 
талаптармен таныстырдық. Таныстырылым 
барысында жиі қойылған сұрақтар:
Сертификатталған 
мұғалімдердің 
сұраныстары бойынша тренерлермен қол 
үзбей қолдау көрсету үшін cpm.kz сайтынан 
«ББЖҚБАРИ базасында курстан өткен ОҚО ІІ 
деңгей мұғалімдері» атты қауымдастық құрдық. 
Бұл қауымдастыққа кез-келген тренермен 
сертификатталған мұғалімдер кіріп, біздің 
жұмыстарымызбен танысып, өз пікірлерін қоса 
алады.
Тренердің сертификатталған мұғалімдермен әлеуметтік сайт-
тар мен порталдан жұмысының көрінісі
Сертификатталған 
мұғалімдерге 
педагогикалық 
шеберлер 
орталығының 
білім порталына деңгейлік бағдарламалар 
орталығының 
тренерлері 
дайындаған 
жұмыс жасау алгоритмін ұсындық. Білім 
порталында мұғалімдердің әрбір әрекеттері 
есепке алынып рейтинг жинайды. Бұл тренер 
мен сертификатталған мұғалім арасындағы 
байланысты үзбеудің бір жолы және 
педагогикалық өлшемдер орталығы жүргізетін 
ресертификацияға дайындықтың бастамасы. 
Тренерлер 
сертификатталған 
мұғалімдермен тек білім портал арқылы 
байланысты жүзеге асырмайды, сонымен бірге 
әлеуметтік сайттарды да тиімді қолданады. 
Жыл бойына әр кварталдың соңында 


БІЛІМ БЕРУДЕГІ МЕНЕДЖМЕНТ № 2, 2015 ж. 
МЕНЕДЖМЕНТ В ОБРАЗОВАНИИ № 2, 2015 г. 
31
сертификатталған мұғалімдердің порталға 
салынатын материалының нұсқасын ұсынып 
отырмыз.
Нәтижесінде 
сертификатталған 
мұғалімдерге қолдау көрсету барысында: 

сертификатталған мұғалімдерге курстан 
кейінгі қолдау көрсетудің механизмін жасадық; 

шынайы мектеп жағдайында коучинг 
пен тәлімгерлікті сапалы жүргізуге қолдау 
көрсеттік; 

белгілі бір тақырып бойынша мұғалімдер 
тобына кеңес бердік; 

оқыту жəне оқуды жақсарту мақсатында 
жеке тəжірибеге зерттеу жүргізу əдісіне оқыту 
үшін іс-əрекеттегі зерттеу жүргізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет