Issn 2306-7365 Ғылыми журнал 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады



Pdf көрінісі
бет39/40
Дата06.03.2017
өлшемі6,74 Mb.
#7648
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40

ЛИТЕРАТУРА 
1.
 
Назарбаев  Н.А.  Послание  Президента  Республики  Казахстан  –  Лидера  Нации  Народу 
Казахстана  «Стратегия  «Казахстан-2050»:  Новый  политический  курс  состоявшегося 
государства». //Казахстанская правда, 15 декабря, 2012.  
2.
 
Государственная  программа  по  форсированному  индустриально-инновационному 
развитию  Республики  Казахстан  на  2010-2014  годы,  утвержденная  Указом  Президента 
Республики Казахстан от 19 марта 2010 года №958 //Казахстанская правда, 20 март, 2010. 
3.
 
«О  внесении  изменений  и  дополнений  в  постановление  Правительства  Республики 
Казахстан  от  31  марта  2011  года  №316  «Об  утверждении  «Программы  занятости-2020» 
//Казахстанская правда, 22 май, 2012. 
4.
 
«Программа занятости - 2020». Утверждена постановлением Правительства Республики 
Казахстан от 31 марта 2011 года №316.  
http://www.gmprom.kz/site/gmprom/repository/file/Doki/Програ...
____
 
 
ТҮЙІНДЕМЕ 
Мақалада    Қазақстан  Республикасының  халқын  еңбекпен  қамтудың  белсенді  саясатын 
жүзеге асыру нәтижелері зерттелген. Себебі еңбекпен қамту - бұл халықты әлеуметтік қорғау 
мен    дамудың,  еңбекпен  камтамасыз  етуді  жүзеге  асыруының,  қоғамдық  байлықтың  және 
өмірдің ең маңызды шарты. 
(Аманова  Г.М.  Жедел  индустриалды-инновациялық  даму  бағдарламасын  жүзеге  асыру 
жағдайындағы халықты еңбекпен қамту саясаты) 
 
SUMMARY 
Problems and results of realization the active politics of employment of population the Republic 
of Kazakhstan are investigational in the article. Because providing of deserving employment is  basis 
of  social  defence  of  population,  major  condition  of  development  and  achieving  of  human  capitals, 
main means of height of public riches and upgrading  of life. 
(Amanova  G.M.  Politics  of  Employment  of  Population  in  the  Condition  of  Realization  the 
Program of the Force Industrially-Innovative Development) 
 
 
 
 
 
 

334 
 
   
АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №1, 2013 
 
ӘОЖ 911.3 (311.313)  
   
 
А.С.СНАСАПИНА  
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік  
университетінің магистранты 
 
ӘЙТЕКЕБИ АУДАНЫ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ДАМУ 
МҮМКІНДІКТЕРІ 
 
Бұл  мақалада  Ақтөбе  облысының  солтүстік-батысында  орналасқан 
Әйтекеби  ауданының  шаруашылығы  қаралады.  Әйтекеби  ауданында  өнеркәсіп 
жақсы  дамымаған.  Ауданның  табыс  көзі  негізінен  ауыл  шаруашылығы  болып 
табылады. Ақтөбе облысының АӨК-нің үлкен үлесі Әйтекеби ауданына тиесілі. 
Мақалада  ауданның  дамуы  үшін  шешімін  табу  керек  мәселелер  анықталып, 
тұжырымдамалар жасалынған. 
 
Кілт  сөздер:  инвестиция,  пайдалы  қазбалар,  өнеркәсіп,  статистика, 
ауылшаруашылық, әлеуметтік экономикалық. 
 
Әйтекеби  –  Ақтөбе  облысының  солтүстiк-шығыс  бөлігінде  орналасқан 
аудан. Бұрынғы Комсомол /1966-1997/, Қарабұтақ /1936-1997/ атанған екі аудан 
1997 жылы бірігіп, Әйтекеби ауданы аталды [1]. 
Аудан аймағы 36,9 мың шаршы шақырымды құрайтын 15 ауылдық округке 
қарасты  32  елді  мекеннен  тұрады.  Аудан  орталығы  Комсомол  ауылы  облыс 
орталығы  Ақтөбе  қаласынан  320  шақырым  жерде  орналасқан.  Аудан  аймағы 
арқылы  Астана  –  Ақтөбе  теміржол  сапар  желісі  өтеді.  Негізгі  автокөлік  жолы 
Қарабұтақ – Комсомол – Северный – Жайылма елді мекендер үстінен өтеді [2]. 
Өнеркәсіп  ауданда  әлсіз  дамыған.  Ол  бүгінгі  күнге  негізінен  жергілікті 
мағынада  ауыл  шаруашылық  өнімдерін  өңдеу  барысында  сипат  алып  отыр. 
Аудан  территориясында  өнеркәсіп  мағынасындағы  пайдалы  қазба  болып 
табылатын Теректі ақ мәрмәр, Қайрақты гранит, Союзный каолин саз балшығы, 
Бенқала  кобальтты-никельденген  жез  кендерінің  барланған  көздері  бар. 
Келешекте  «Союзный»  каолин  сазын  байытып  өндіру  барысында  «Көктас-
Ақтөбе»  АҚ  2013-2014  жылдары  барлығы  630  млн.теңге  инвестиция  салып, 
жылына  50  мың тонна  өндіруді жобаласа, Бенқала кобальтты-никельденген жез 
кенін  өндіру  жұмыстарын  жүргізуге  «Kaz-Kyper»  ЖШС  кіріскелі  отыр.  Одан 
басқа  кен  орындарын  игеру  барысында  жер  қойнауын  пайдалануға  Теректі  ақ 
мрамор  кен  орнына  –  «Ақтөбе  мәрмәр»  ЖШС-і,  Ақшакөл  гранит  кен  орнына  - 
«Гранит  2006»  ЖШС-і,  Бөгеткөл  кобальтты-никельденген  жез  кені  орнына  – 
«Диана Алия» ЖШС-тері иегерлік етеді [3]. 
Әйтекеби  ауданы  әлеуметтік-экономикалық  қарқында  даму  үшін 
төмендегідей өзекті мәселелерді шешу керек: 
 
аймақ бойынша ауыл шаруашылығында астық өндірісін дамыту
 
азық-түлік  қауіпсіздігі  және  саланы  қарқынды  даму  кепілі  бола  алатын 
агроөндірістік кешенді дамыту

335 
 
                               АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №1, 2013 
 
 
 
мал  шаруашылығын  серпінді  дамыту,  оның  ішінде:  ірі  қараны  дамыту, 
қой-ешкі санын көбейту; 
 
ауыл халқын толығымен сумен қамту мәселесі. 
Ауданның  негізгі  маманданған  саласы  ауыл  шаруашылығы  болып 
табылады.  Ауыл  шаруашылығы  өнімінің  30,5  %-ын  беріп  отырған  өсімдік 
шаруашылығы, 69,4 %-ы мал шаруашылығына келіп отыр [4].  
Агроөнеркәсіптік  кешен  аудан  экономикасында  ірі  әлеуметтік  маңызды 
секторлардың  бірі  болып  саналады.  Жалпы  аймақтық  өндірілген  өнімнің 
құрылымында  үлесі  3,5%-3,8%  болып,  оның  негізін  ауыл  шаруашылығы 
құрайды. 2009 жылы жалпы өндірілген өнімнің құны 9653,3 млн. теңгені құрады. 
2004  жылмен  салыстырғанда  пайдаланылған  егістік  жер  көлемі  34%-ға 
артқан. Ауыл  шаруашылық  жерлерінің  негізгі  бөлігін,  яғни  1931,6  гектар жерді 
жайылым  алып  жатыр,  бұл  ауданның  оңтүстік  бөлігіндегі  қыстың  ұзақтығы  3 
айдан аспайтын елді мекендерде мал шаруашылығының дамуының айғағы.  
Әйтекеби ауданында 2009 жылы 501 ауылшаруашылық құрылымдары, оның 
ішінде  469  шаруа  қожалығы,  5  өндірістік  кооператив,  26  жауапкершілігі 
шектеулі  серіктестік  және  1  акционерлік  қоғам  бар.  Ауданның  ауыл 
шаруашылық  құрылымдарының  санын  салыстыра  келе,  олардың  азайғандығын 
байқауға  болады,  бұл  ұсақ  шаруашылықтардың  ірі  шаруашылыққа 
айналдыруына  байланысты  туындап  отыр.  Өсімдік  шаруашылығында  аудан 
халқын  азық-түлікпен  қамтамасыз  ету  мақсатында,  егіс  алқабының  құрылымын 
ұлғайту жұмысы жалғастырылуда. 
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 2010 жылы 7702,6 млн теңгені құрады 
және  2009  жылмен  салыстырғанда  16,8  %-ға  төмендеді,  оның  ішінде  өсімдік 
шаруашылығы  өнімі  –  2345,8  млн  теңге  және  37,9  %-ға  төмендеді,  мал 
шаруашылығы – 5348,6 млн теңге және 3,6%-ға өсті (1-кесте) [5]. 
 
Кесте 1. Әйтекеби  ауданы  бойынша  ауыл  шаруашылығы  өнімдерінің  (қызметтерінің) 
шығарылымы [4]. 
Өнімдері , млн. теңге 
2006 
2007 
2008 
2009 
2010 
Барлығы 
3100,7 
5024,8 
7293,4 
9653,3 
7702,6 
Өсімдік шаруашылығы 
өнімдерінің шығарылымы 
555,9 
2250,3 
3733,9 
4812,4 
2345,8 
Мал шаруашылығы 
өнімдерінің шығарылымы  
2544,8 
2774,5 
3559,5 
4836,2 
5348,6 
Ауылшаруашылығы 
дақылдарын және 
жануарларды өсіру 
саласындағы қызметтің 
көмекші түрлері  



4,7 
8,2 
 
2010  жылғы  деректер  бойынша  ауыл  шаруашылық  өнімдерінің  6,9%-ын 
жұртшылық шаруашылығы, 5,3%-ын шаруа немесе фермер қожалықтары, 87,8%-
ын ауыл шаруашылық кәсіпорындары береді.  
Өсімдік  шаруашылығының  жалпы  жер  аумағы  2010  жылы  ауыл 
шаруашылығы кәсіпорындар иелігінде 519 мың га, шаруа қожалықтар иелігінде  

336 
 
   
АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №1, 2013 
395  мың  га  болды.  Егістік  алқабының  басым  бөлігі  ауылшаруашылығы 
кәсіпорындарының үлесіне тиеді. Жыл сайын егістік алқабы артып келеді. 2006 
жылы  ауылшаруашылығы  дақылдарының  анықталған  егістік  алқабы  171,4  мың 
га болды, ал 2010 жылы ол көрсеткіш 202 мың га тең болды (1-сурет). 
 
 
1-сурет 
2010 жылы дәнді және бұршақты дақылдардың алқабы 181,4 мың га, бидай 
175,6  мың  га  аумақты  алып  жатты.  Ауданының  дәнді  және  бұршақты 
дақылдарының,  бидайдың  анықталған  егістік  алқабы  түгелімен  дерлік  ауыл 
шаруашылығы  кәсіпорындары  мен  шаруа,  фермер  қожалықтарының  үлесіне 
тиеді.  Аудан  дәнді  және  дәнді-бұршақты  дақылдар,  бидай  өнімдерін  өндіруден 
облыс бойынша бірінші орын алады [4].  
Ауданда  өсімдік  шаруашылығының  өнімдерін  өңдеуге  арналған  45  адам 
жұмыс  істейтін  4  диірмен  «Құмкұдық»  ЖШС,  «Болашақ»  ЖШС,  «Щербаков» 
ЖШС, «Әсем-Наз» ӨК жұмыс істейді [3]. 
Басқа аудандармен салыстырғанда Әйтекеби ауданында ірі қара мал, сиыр, 
жылқы  саны  басым  келеді.  Жыл  өткен  сайын  малдың  саны  артып  отыр.  2008 
жылы 49 мың ірі қара, 22 мың сиыр, 75 мың қой мен ешкі, 5,7 мың шошқа, 7,4 
мың жылқы, 62 мың құс болса, 2010 жылы 52 мың ірі қара мал, 22,2 мың сиыр, 
80 мың қой мен ешкі, 6 мың шошқа, 8 мың жылқы, 65 мың құс болды. Ауданда 
қой мен ешкі, құс, ірі қара мал көп өсіріледі (2-сурет) [4]. 
 
 
2-сурет. 
0
50
100
150
200
250
Әйтекеби ауданындағы ауыл шаруашылығы дақылдарының 
анықталған егістік алқабы, мың га
Шаруашылықтардың барлық
санаттары
171,4
168
181,3
203,6
202
Ауыл шаруашылығы
кәсіпорындары
118,8
114,3
123,4
135,6
139,2
Шаруа немесе фермер
қожалықтары
51,7
53,1
57,4
67,5
62,2
Жұртшылық шаруашылығы
0,9
0,6
0,6
0,5
0,6
2006
2007
2008
2009
2010
Әйтекеби ауданындағы мал саны, мың бас
0
20
40
60
80
100
2006
48
20,2
65
4
7
55,5
2007
48,5
21,4
70
5
7,2
60
2008
49
22
75
5,7
7,4
62
2009
50,9
22,1
76
6
7,6
63
2010
52
22,2
80
6
8
65
ірі қара мал
сиыр
қой мен ешкі
шошқа
жылқы
құс

337 
 
                               АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №1, 2013 
 
 
Ауданда 2011 жылы сапалы ет өнімін тапсырумен айналысатын «Асем-Наз» 
өндірістік  кооперативі  52,2  тонна  сиыр  етін,  16,4  тонна  жылқы  етін,  «Алуа» 
шаруа қожалығы 45,0 тонна сиыр етін, 7,63 тонна жылқы етін тапсырды. 
«Сыбаға»  бағдарламасы  бойынша  «Ауыл  шаруашылығы  қаржылай  қолдау 
қоры»  АҚ  арқылы  1-шілдеге  дейін  «Алуа»,  «Самет»  шаруа  қожалықтары  мал 
шаруашылығын дамыту мақсатында етті бағыттағы аналық сиыр сатып алу үшін 
әрқайсысы 7 млн 600 мың теңгеден 15,2 млн теңге несие қаражатын алды. 
2011 жылға Комсомол селосында 1 мал сою пункті ашылды. Оған «Ақтөбе-
агросервис»  ЖШС  11,0  млн  теңге  қаражат  бөлді  (7  жылға  лизинг  берілді).  5 
селолық округте 5 мал сою алаңдары шаруашылық қожа иелерінің өз есептерінен 
Жамбыл,  Қарабұтақ,  Құмқұдық  селолық  оругіндегі  Тереңсай,  Комсомол 
селоларында ашылды [6]. 
Ауыл  шаруашылығы  саласында  жұмыс  істейтін  негізгі  көп  қажет  етілетін 
мамандар  агрономдар,  зоотехниктер,  ветеринар-санитарлық  дәрігерлер  және 
фельдшерлер,  инженер-механиктер,  ет  өнімін  және  астықты  өңдеу,  нан  пісіру 
инженер-технологтар,  техниктер,  электромонтерлар,  тракторист-машинистер 
болып  табылады.  Осыған  қатысты  ауданда  ауыл  шаруашылық  мамандарын 
дайындайтын  №9  Әйтекеби  кәсіптік-техникалық  лицейі  бар  [7].  Ауыл 
шаруашылығында  жұмыс  істейтін  мамандардың  табысының  аз  болуы  да  ауыл 
шаруашылығының ілгерілемеуінің бірден бір себебі. 2010 жылғы статистикалық 
деректер бойынша орташа айлық жалақы 38959 теңге болды. Ақтөбе облысының 
басқа аудандарында табыс көзі бұл жылы едәуір артық болды. 
Әйтекеби  ауданының  бағдарламасы  бойынша  2015  жылға  дейін  іске  асу 
қажет жобалар: 
 
Ауыл шаруашылығының еңбек өнімділігін арттыру, 2015 жылға дейін екі 
есеге өсіру; 
 
Жұмыссыздық деңгейін азайту 2015ж. 5,0%-ке дейін (2009ж. - 6%); 
 
Тұрғындардың еңбек ақыларының, өмір сүру деңгейінің төмендігін 2015 
жылға дейін 4,3% мөлшерге дейін азайту (2009ж. – 5,7%); 
 
Ауылды аймақтарды толығымен сумен қамтамасыз ету
 
2015жылға  жоғарғы  деңгейде  дамыған  ауыл  аймақтар  санын  98%-ға 
дейін арттыру. 
Әйтекеби  ауданында    «Kaz-Kyper»  ЖШС  іске  қосылып,  жаңа  жұмыс 
орындары пайда болды. Бұл өнеркәсіпке бұрылудың бастамасы болып табылады. 
Ауыл  шаруашылығында  өнім  шығарылымы  бойынша  Әйтекеби  ауданын  жыл 
сайын жоғары көрсеткіштерді көрсетіп келеді. Ауданда шаруашылықты дамыту 
мақсатында  арнайы  "Әйтекеби  ауданының  аумағын  дамытудың  2011-2015 
жылдарға  арналған  аймақтық  даму  бағдарламасы"  енгізілді  және  сол 
бағдарламаны  жүзеге  асырылып  жатқанын  бақылау  үшін  Әйтекеби  ауданының 
2011-2015  жылдарға  арналған  аумақты  дамыту  бағдарламасы  мониторингі 
дайындалды.  Осыларға  қарап,  Әйтекеби  ауданының  шаруашылығы  алдағы 
уақытта дамитынын тұжырымдауға болады.  
 

338 
 
 
   
АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №1, 2013 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
  
1.
 
Ақтөбе:  Энциклопедия.  -  Ақтөбе:  "Отандастар-Полиграфия"  ЖШС,  2001.  -
748 бет. 
2.
 
Мұсаев  А.М.  Әйтеке  би  аймағының  этномәдени  мұрасы.  –  Ақтөбе:  "А-
Полиграфия" ЖШС, 2006. –353 б. 
3.
 
Сергеева  А.М.  Батыс  Қазақстан  экономикалық  ауданында  халықты 
тұрақтандыру мәселелері //Жас ғалымдар – Қазақстан тәуелсіздігінің 10 жылдығына. 
Халықаралық конф. еңб. - Алматы, 2001. – 840 б. 
4.
 
Социально-экономическое  развитие  Актюбинской  области  /Департамент 
статистики Актюбинской области. – Актобе, 2011.
 
– С. 89. 
5.
 
Әйтекеби  ауданының  аумағын  дамытудың  2011-2015  жылдарға  арналған 
аймақтық  даму  бағдарламасы.  –Ақтөбе:  Ақтөбе  облысының  Статистика 
департаменті,  2011. -84 б.  
6.
 
Ақтөбе облысының аудандары 2010 жылы: Статистикалық жинақ. – Ақтөбе: 
Ақтөбе облысының Статистика департаменті, 2011. - 154 б. 
7.
 
Ақтөбе облысы Әйтекеби ауданының 2011-2015 жылдарға арналған аумақты 
дамыту  бағдарламасы  мониторингі  бойынша  жедел  есептілік.  –  Ақтөбе:  Ақтөбе 
облысының Статистика департаменті,  2011. - 75 б. 
 
РЕЗЮМЕ 
В  данной  статье  рассмотрены  проблемы  развития  хозяйства  Айтекебийского  района 
Актюбинской области.  
(Снасапина А.С. Возможности развития хозяйства Айтекебийского района) 
 
SUMMARY 
The problems of development of spheres of the economy of the Aiteke bi region of the Aktobe 
oblast is considered in this article. 
(Snasapina A.S. The Development Opportunity of Aitekebi Region's Culture) 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

339 
 
                               АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №1, 2013 
 
 
ӘОЖ 001.422 2: 338.9 
 
Р.И.ЕРМАНКУЛОВА 
экономика ғылымдарының кандидаты, доцент 
 
Г.А.ЕРМАНКУЛОВА 
Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің магистранты 
 
ҒЫЛЫМИ САЛАНЫҢ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ ҰЛТТЫҚ 
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕНІҢ МАҢЫЗДЫ ЭЛЕМЕНТІ РЕТІНДЕ 
 
Мақалада  ғылыми  саланың  жағдайын  талдау  ұлттық  инновациялық 
жүйенің  маңызды  элементі  ретінде  берілген.  Ұлттық  инновациялық 
жүйелер  эволюциясы  жүретін,  әрекеттер  астындағы  инновациялық 
процестер жаңа технологиялардың пайда болуынан дайын бұйымға (қызмет 
көрсетуге)  дейінгі  жасалуының  реттік  сатылары  түрінде  жүзеге 
асырылады.  Сонымен  бірге  әрбір  келесі  сатыға  өту  туралы  шешім  алдағы 
болып өткен нәтижелердің бағасына негізделеді. 
 
Кілт  сөздер:  инновация,  өнеркәсіп,  мемлекет,  қоғам,  ұлттық 
инновациялық  жүйе,  инновациялық  процестер,  ғылыми-технологиялық 
жұмыстар,  пайыз,  ғылыми-техникалық  ақпараттар,  патенттер,  лицензиялар,  
стандарттау, метрология. 
 
Ұлттық  инновациялық  жүйе  өз  кезегінде  инновацияны  дамытуды 
ынталандыратын және олардың ғылыми қызметтегі бағыттарын анықтайтын 
өнеркәсіп  пен  қоғамның  серпінді  дамуы  негізіндегі  инновацияны 
бағдарлануға 
айналдыратын 
мемлекеттің 
күш-жігерінің, 
қоғамның 
өнеркәсіптік  және  ғылыми  жүйесінің  өзара  ықпалдастығы  нәтижесінде 
құрылады.  ҰИЖ-ні  (ұлттық  инновациялық  жүйені)  қалыптастыру  үш 
элементтің үйлесімділігін болжамдайды:  
-  жоғары  біліктілікті,  зерттеушілік  рухты  және  шаруашылық  ортамен 
өзара әрекеттесуге жасалған ынталандыруды сипаттайтын зерттеушілік орта
-  стратегиялық  ойлауды,  инновацияға  деген  мотивацияны,  оқуға 
қабілеттілікті,  білімді  сіңіруді  және  бейімделуді  басқаратын  субъектілердің 
өнеркәсіптік бәсекелестік ортасы; 
-  білім  трансфертін,  олардың  шаруашылық  орта  үшін  бәсекелестік  орта 
алдындағы  технологияларындағы  бөлінуі  мен  өзгерістерін,  сондай-ақ 
зерттеушілік ортаның өндірістің пайда болған инновациялық қажеттіліктерін 
қанағаттандыруға  бағыттылығын  қамтамасыз  ететін  екі  ортаның  (қажетті 
және кері байланыстармен) өзара әрекеттесу механизмі [1]. 
Ұлттық  инновациялық  жүйелерді  құру  төрт  макроқұрылымның 
қалыптасуын,   тиімді   жұмыс   істеуін,   серпінді  дамуын  және тығыз  өзара  

340 
 
   
АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №1, 2013 
 
әрекеттесуін ұсынады:  
- білімді өндіретін жүйелер; 
- өнеркәсіп; 
- білімді беретін механизмдер
- мемлекет. 
Ұлттық  инновациялық  жүйелер  эволюциясы  жүретін,  әрекеттер 
астындағы инновациялық процестер жаңа технологиялардың пайда болуынан 
дайын  бұйымға  (қызмет  көрсетуге)  дейінгі  жасалуының  реттік  сатылары 
түрінде  жүзеге  асырылады.  Сонымен  бірге  әрбір  келесі  сатыға  өту  туралы 
шешім алдағы болып өткен нәтижелердің бағасына негізделеді. 
Сонымен    қатар,  ғылыми  қызмет  идеялардың  жалғыз  дереккөзі  болып 
табылмайды.  Шетелдік  статистика  мәліметтері  бойынша  идеялардың  небәрі 
8%-ы ғана ғылыми қызметтің өнімі болып табылады. Жаңа енгізілімді жасау 
үшін орташа есеппен алғанда, алпысқа жуық идеяның біреуі ғана қолданысқа 
иеленеді, ал жаңаенгізілімнің коммерциялық жүзеге асырылуы небәрі 10%-ға 
жетеді  [2].  Көріп  отырғанымыздай,  инновациялық  процестердің  әсер  ету 
нәтижелері  білімнің  өндірген  жоғары  деңгейдегі  белсенділігі  және 
жүйелердің ауқымдылығы кезінде ғана мүмкін болады.  
Кеңестік  жоспарлы  экономика  жағдайындағы  оған  тән  желілікті, 
бытыраңқылықты,  фрагментальдылықты,  нарықсыздық  сипатты,  жоғары 
дамыған  ғылыми  әлеуетпен  салыстырғандағы  технологиялық  бағыттылық 
буындарының әлсіздігін, академиялық және ЖОО ғылымдарының өндірістен 
қол үзушілігін, салалық институттардың республикадан тыс жердегі бас ҒЗИ-
на  байланып  қалушылығын,  ғылымның  зауыттық  секторының  әлсіздігін, 
кәсіпорынның  төмен  инновациялық  белсенділігін  мұрагерлікке  алған 
Қазақстанның инновациялық жүйесі өтпелі кезеңде қайта ұйымдастырылуды 
басынан  өткізді.  Дегенмен,  бұл  жүргізілген  қайта  құруларда  байқалған 
ұлттық ғылыми орталықтарды құру, академиялық институттарға мемлекеттік 
мәртебені  беру,  «ғылымды  ұйымдастырудың  батыстық  моделіне» 
бағдарланған  кіші  инновациялық  кәсіпкерліктің  пайда  болуы  кезінде 
ойдағыдай нәтижелерге қол жеткізілген жоқ, және ақырғы қорытындысында 
сандық  және  сапалық  сипаттамалар  бойынша  иновациялық  әлеуеттің 
нашарлауына орын берілді. 
Қазақстандағы  ғылымның  ірі  корпорацияларының  кәсіпкерлік  сегменті 
ұсынған  макрожүйенің  бірінші  ядросын  құрайтын  институт  зертханалары, 
ғылыми  орталықтар  енді  ғана  құрылуда.  Әзірге  аздаған  институттар  ғана 
нарықтық  жағдайдағы  ғылыми-зерттеу  жұмыстарын,  атап  айтқанда:  өз 
қызметін  нарық  нәтижелері  талаптарына  бағыттауды,  коммерциялық 
жағынан табысты өнімдер мен технологияларды жасауды жүргізуге қабілетті.   
ҚР  статистика  жөніндегі  Агенттігінің  мәліметтері  бойынша  2011  жылы 
орындалған 
ғылыми-технологиялық 
жұмыстардың 
көлемі 
26,4%-ға 
жоғарылап, олардың көлемі 66826,1 млн. теңге құрады (кесте 1). 
Соңғы  бес  жылда  ғылыми-технологиялық  жұмыстар  (ҒТЖ)  көлемінің  

341 
 
                               АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №1, 2013 
нақты  серпінінің  жылдық  өсімінің  тербелісі  16,2%-дан  34,4%-ға  дейін 
ауытқымалы екендігі, сондай-ақ ҒТЖ көлемі 2009 жылы 5,9%-ға төмендегені 
байқалады. ҒТЖ-тың ЖІӨ-дегі үлесі пайыздың ондық үлесіндегі өлшемнің ең 
төменгі  деңгейімен  сипатталады.  Және  сонымен  бірге,  ЖІӨ-нің  өсу 
қарқынынан  ҒТЖ-тың  өсу  қарқынының  артта  қалуына  орай  болымсыз 
серпінімен ерекшеленеді. Тек 2008 жылғы көрсеткіш өзгеше болды: ал 2007 
жылы төмендеу 0,28%, 2011 жылы - 0,24% құрады [3].       
Бұл  кезең  аралығында  зерттеулерді  және  әзірлемелерді  орындайтын 
ұйымдар  саны  26  бірлікке,  яғни  6,0%  азайған.  Зерттеулермен  және 
әзірлемелермен  айналысатын  персонал  саны  да  ауытқулы  серпінімен 
сипатталады.  Персоналдың  қысқаруы  2007-2009  жылдары  3,1-9,2%-ға 
ауысып отырды, ал келесі жылдары 5,8-7,8%-ға ұлғайды. 
Ғылыми ұйымдардағы қызметкерлер санының серпіні де тұрғындардың 
10.000  адамына  шаққанда  және  ғылыми-технологиялық жұмыстар көлемі   1 
тұрғынға  есептегенде  бұл  көрсеткіштерде  өзгерістер  сипаты  бар  екендігін 
көрсетеді және соңғы екі жылда кейбір өсудің бар екендігін дәлелдейді.  
 
Кесте  1.  Қазақстандағы  ғылыми-техникалық  сфераның  2007-2011  жылдардағы  даму 
көрсеткіштері.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет