Issn 2308-0590 Индекс 74661 редакциялық кеңес мағауин Мұхтар Қазақстанның халық жазушысы Ғарифолла Есім



Pdf көрінісі
бет6/15
Дата03.03.2017
өлшемі1,99 Mb.
#6078
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

Әдебиет
1.
Әуезов  М.  Әдебиет  тарихы.  –
Алматы, 1991. – 240 б.
2.
Жұбанов  Қ.  Қазақ  тілі  жөніндегі
зерттеулер. Алматы, 1997.
3.
Сыздықова Р. Абайдың сөз өрнегі. –
Алматы, 1995. – 208 б.

37
Резюме
Resume
АБАЙТАНУ
2015  №2  (27)
В статье рассматриваются основные проблемы словообразования в произведениях Абая
Кунанбаева.
In the article the question oftheword formationin works of A.Kunanbayevis brought up.
4.
Шалабай  Б.  Көркем  әдебиет
стилистикасы. Алматы, 1999. 197 б.
5.
Сыздық.  Р.  Абай  және  қазақтың
ұлттық әдеби тілі. Алматы, 2004.  616 б.

38
АБАЙТАНУ
2015  №2  (27)
А.М ҰХАМ ЕТҚАЛИҚЫЗЫ,  «Абайтану»  ғылыми-танымдық
орталығының директоры
Қазақстан-Ресей университеті
АБАЙТАНУ ЖӘНЕ МҮРСЕЙІТ ЖАЗБАСЫ
Автор  мақалада  Абай  өлеңдерінің  сақталуы,  ондағы  мәтіндік  ауытқуларды  сөз  етеді.
Мүрсейіт қолжазбасының құндылығын баса көрсетеді.
Тірек сөздер: абайтану, Мүрсейіт, қолжазба, әдеби мұра.
Ұлы  ақынның  мұрасын  зерттеп,  танып,
білу  мақсатында  Республиканың  жоғары  оқу
орындарында  оқылатын  арнаулы  пән  ретінде
алғаш  рет  Қаз.МҰУ-дың  қазақ  әдебиеті
кафедрасының  жанынан  1942-43  о қу
жылдарында 
Мұхтар 
Әуезовтің
ұйымдастыруымен ашылды. Ұлы жазушының
Абай  мұрасын  зерттеп,  т анып,  білудегі
ізденісінен туындаған шығармаларымен қатар
1942-1961  жылдар  аралығында  абайтану
курсын Мұхтар Әуезовтің өзі жүргізді. 1966-67
оқу  жылынан  бастап  абайтану  мен  абайтану
тарихынан  арнайы  курс  оқу  Қазақстан  мен
Өзбекстанның бірқатар оқу орындарының қазақ
әдебиеті кафедраларында жүргізілді. Бірақ, сол
мағлұматтарды  талдап,  тізбектеу  –  Абайдың
өмірбаяны мен шығармашылығында қиындық
туғызды.  Ғұмырын  Абай  шығармашылығына
арнаған  Мұхтар  Әуезов ең  әуелі  Абайдың,  не
болмаса  соған  жанас  адамдардың  жайынан
жазба  күйде  сақталған  дерек  таба  алмады.
Абайдың  өмірі  мен  шығармашылығы  жайлы
айтып берушілер Абайдың немере інісі – Кәкітай,
баласы-  Турағұл,  Ақынның  қасында  25  жыл
жо лдас  болған  ақын  шәкірті  –  Көкбай
Жанатайұлы еді.
Абай  шығармаларының  басылуын  өзі
көрмей  кетті.  Бірен-саран  өлеңдері  болмаса
Абайдың  көзі  тірісінде  «Жігіттер  ойын  арзан,
күлкі  қымбат»  деген  өлеңін  Жүсіпбек
Шайықсіләмұлы  деген  адам  Абайдың  атын
атамай  бастырады.  «Жаз»,  «Болыс  болдым
мінеки»  деген  өлеңдері  1886  жылы  «Дала
уәлаяты» газетіне Көкбай Жанатаевтың атымен
жарық  көреді.  «Дала  уәлаяты»  газетінің  1889
жылғы 7-санында жарияланған «Жаз» «Жазды
күн  шілде  болғанда»  деп  басталатын  өлеңі
«Семей  уезі,  Шыңғыс  елінің  қазағы  Ибрагим
Құнанбай ауылының Бақанас өзенінде Көкбейіт
деген  жерге  қонып  жатқандағы  түрі»  деген
тақырыппен басылған. Сонда «Кісіден үйреніп
жаздым.  Көкбай  Жанатайұлы»  деп  қол
қойылған. Мұның  өкініштісі Абай  өлеңінің өз
атына  жарияланбауы  ғана  емес,  редакция
тарапынан  Абай  сөзінің  бұзылып,  түрлі
өзгерістерге  түсуі.  Әр  жерде  жеке  жолдар
қысқарып, өзгеріп отырған. Мәселен;
Жазды күн шілде болғанда,
Бәйшешек өсіп толғанда, - деп кетеді. Ал
Мүрсейіт Қолжазбасы бойынша;
Жазды күн шілде болғанда,
Көкорай шалғын бәйшешек,
Ұзарып өсіп толғанда
–  деп  көркем  көрсетілетінін  тарихтан  жақсы
білеміз.  Саф  алтындай  сөздің  арасы  «бөтен
сөзбен былғанып» тұр. Абайдың көзі тірісінде
жарық  көрген  баспа  өлеңдерін  кімнің  бергені
ӘОЖ 821.512.122

39
АБАЙТАНУ
2015  №2  (27)
қалай  жеткені  нақты  айтылмаған.  Ал,  «Жаз»
өлеңін Абайдың ақын шәкірті Көкбай жібергені
мәлім.  Көкбайдың  айтуы  бойынша  өлеңдегі
аяңшыл  ат  –  Абайдың  өзінің  күрең  төбелі.
Айғайшы  шалы  сол  жылы  көрші  қонған  әнет
Бармақ деген кісі, ал құс салып жүрген жігіттер –
өз балалары Ақылбай мен Әбдірахман.
1888  жылы  май  айында  жазған  «Болыс
болдым  мінеки»  өлеңі  Ақшатау  деген  жерде
Семей  облысы  мен  Жетісу  облысының  сьезі
болғанда бір уездің ел билеушілеріне арнағаны.
Бұл  «Дала  уалаяты»  газетінің  12  санында
жарияланған. Абайдың алғашқы жинағында бұл
өлең  148  жол  болса,  газетке  86  жол  болып
беріледі. Жеке сөз емес, тұтас шумақтар өзгеріп,
бастырушылардың  батылы  жетпегендіктен
қысқарып кеткен.
Ақынның көзі тірісінде жарық көрген тағы
екі өлеңі бар екенін кейіннен табылған деректер
дәлелдеді.  1897  жылы  Қазанда  «Князь  блан
Загифа» қиссасында «Сынағандағы аттың сыны»
(Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ), «Бүркіт»
(Қансонарда бүркітші шығады аңға) деген белгілі
екі  өлеңі  жарық  көреді.  Кітапты  бастырушы
Бектұрған Сиқымбайұлы «өлең етуші Жанұзақ
Сиқымбайұлы» деп көрсеткен.
Абай  өзінің  өлеңдерін  халық  арасында
қолжазба болып жайылғанын көреді. 1896 жылы
баласы Турағұлды шақырып, қолжазба өлеңдерін
жинауға тапсырма береді. Сондықтан да жазып
айтқан, жатша шығарған өлеңдері бізге жетпеген.
Кейіннен  Абай  өлеңдерін  жинаған  кісілер
Абайдың өлеңінің атын ғана айтып, немесе бір
жол  өлеңмен  ғана  сақталып  қалған.  Тоғжанға
арналған «Сап-сап көңілім,  сап көңілім» өлеңі
соңғы кезде табылды. 1882 жылы Лермонтовтан
аударған тұңғыш аудармасы «Бородино» да түгел
емес. Бізге белгілі көлемі 20 жолдық нұсқасы ғана
сақталған.
Абай мысқыл өлеңдерді көп жазғанымен,
өзінің  жауына  қарсы  айтпай,  маңайындағы
адамдарға арнап жазған. Мысқыл өлеңдері сол
арнап жазған адамдары елге тарамасын деп жоқ
қылып жібергенге ұқсайды. Мысалы «Қыздарға»
деген  өлеңіндегі  Қыздар  –  Абайдың  құрдасы.
Абай сол құрдасының мінезін сықақ етіп жазған.
Бұл  өлеңді  де  Қыздар  жыртып  тастаған.  1896
жылдан  бастап,  1916  жылға  дейін  Абайдың
өлеңін көшіріп ұқыптап жүрген Мүрсейіт молда
сол уақыттың «баспаханасы» болды. Соңғы кезде
кәсіпке  айналдырып  7  –  8  молда  көшірген.
Көшіргендер бір өлең үшін бір қойдың құнындай
ақы алатын болған. Көшірушілер ақындар, елдің
талантты жастары.
Елдің ішіндегі қазақтың қыздары өздеріне
Абайдың  қолжазбасын  көшіртіп,  ұзатылғанда
өлеңнің бір данасын ала кететін болған. Бұл қазақ
жастарының  арасында  Абай  өлеңінің  бағалы
болғандығын көрсетеді.
Абайдың көзі тірісінде баспа жүзін көрген
екі  өлеңінен  кейін  Абай  өлеңдерінің  тұңғыш
толық  жинағы  ақын  дүниеден  озғаннан  кейін
1909  жылы  Сант-Петербургтағы  Ілияс
Бораганский баспасынан жарық көреді.
Абайтану  шежіресінде  алтын  әріппен
жазылған бұл оқиғаны Абайдың немере інісі –
Әрхам  Кәкітайұлы  өз  естелігінде  былай
баяндайды.  «1906  жылы  жаз  шығып,  киіз  үй
тіккенде Кәкітай Абылайша қос тіккізіп, Мүрсейіт
молланы  шақыртып  алып,  «сен  мына  біз
жинаған Абай өлеңдерін реттеп жаз» деп оңаша
қосқа отырғызды. Мүрсейіт асықпайтын, сұлу
жазатын  адам  еді.  Абай  өлеңдерін  бір  ай
шамасында дайындатып алып, Кәкітай Семейге
өзі алып жүрді. Жол расходына екі семіз ат, екі
семіз түйесін әкетті. Кәкітай малын ақшалап алып
Омбы қаласына кеттім деп хат жазды. Одан кейін
Омбыда  бастыра  алмадым,  Қазан  қаласына
жүріп  барамын  деп  тағы  да  хат  жазады.  Бір
жұмадан  кейін  үйге  телеграмма  келді;  «Қазан
қаласындағы  баспаханалардың  басуға  уақыты
болмады.  Петербургтағы  баспаханамен  шарт
жасастым, тез 200 сом ақша перевод ет деген.
Айтқанындай 200 сом жібердік. Кәкітай бір айда
қайта  оралды.  Корректорлық  міндетін  өз
мойнына  алатын  болыпты.  Петербургтегі
баспахана бір баспа табақ қағаз басып, Семейдегі
Әнияр үйіне жібереді, Әнияр Кәкітайға жеткізіп
тұрады. Кәкітай оның қатесін түзеп, Петербургке
жөнелтеді.  Осындай  сергелдеңмен  жүріп,
Абайдың бірінші өлеңдер жинағы 1909 жылы үш
жылда  зорға  жарыққа  шығады.  Мүрсейіт
қолжазбасының негізінде жарық көрген 5339 жол
өлеңінің 1090 жолы аударма болатын. Алғашқы
басылымға  кірмей  қалған  17  өлеңі  кейінгі
зерттеушілердің  еңбегімен  со нан  кейінгі

40
басылымдарда толықтырылып берілді.
Мұхтар  Әуезовтің  абайтануға  қосқан
үлесі  нәтижесінде  ақынның  кейінгі  шыққан
1933,  1939,  1945  жылдардағы  баспасында
жинау, түзу нәтижесінде қара сөздерден басқа
10708 жол өлең қосылды. Сонымен Абайдың
толық  жинағын  өзінен  қалған  архив
болмағанның  өзінде  ғылыми  зерттеулер  мен
іздеулердің  арқасында  бүгінге  жеткен,  қара
сөздерден басқа 7133 жол еңбегі белгілі болды.
Абай мұрасының  баспадан кітап  болып
шығуына  қалтқысыз  қамқорлық  жасаған  –
Әлихан Бөкейханов болса, өлеңдерін жинақтап
бастыруға зор үлес қосқан Мүрсейіт Бікеұлы,
Кәкітай Ысқақұлы, Тұрағұл Абайұлы еді.
Әуелде  мұны  Семейден  шығаруды
ұйғарған  Әлихан  Бөкейханов  ақынның  өмірі
мен қоғамдық қызметі жайлы алғаш көлемді
мақала жазған. Абай дүниеден  озған соң, екі
жылдан  кейін  «Семипалатинский  листок»
газетіне  «Қазанама» (некролог)  жариялайды.
Сол  газетте  Абай  өлеңдерінің  жинақ  болып
басылатыны жайлы айтылады. Солай десе де,
Абай жинағы басылып шықпай қалады. Оның
себебі  –  Әлихан  Бөкейханов  1906  жылы  8
қаңтарда  Семейге  сьезге  қатыспақ  болып,
Керекуден келе жатқан жолында Тұзқала деген
жерде  тұтқынға  алынады.  Қайтарып  апарып
Кереку түрмесіне жабады. Осы жолы ұсталған
ке зде  оның  портфелінде  Абай  өлеңдері
жинағының қолжазбасы болады. Көп кешікпей
айғақ  болмағандықтан  босайды.  Халықтық
тұлғаға айналған Әлиханды патша үкіметі үнемі
қырына алып, 1908 жылы қайта қамауға алады.
Іске ілініп, қудаланып жүріп те Абай өлеңдері
баспада жатқанын естен шығармайды. Сөйтіп
1909  жылы  жарық  көреді.  Көптен  күткен
Абайдың  тұңғыш  жинағының  жарық  көруін
алғаш  рет  Міржақып  Дулатов,  Ахмет
Байтұрсыновтар жазады.
Абайтанудың тарихында Абайға арналған
алғашқы  тексеру,  түсініп,  тану  1914  жылы
ақынның қайтыс болғанына 10 жыл толуына
байланысты 
еске 
алу 
«Алшархият»
жиналысынан  басталады.  Осы  жиналыста
алғаш рет Абайдың шығармашылығы мен өмірі
жөнінде қазақтан шыққан тұңғыш журналист
қыз  Назипа  Құлжанова  баяндама  жасайды.
1924 жылы Абайдың дүниеден озғанына 20 жыл
толуына  орай  ақынның  өмірі  мен  өлеңдері
жайлы баяндама жасалып, ақын шәкірті – Көкбай
Жанатаев Абай туралы есте сақтағанын айтады.
Осы жылдары қазақ ғалымдары арасында Абай
туралы теріс пікір айтушылар шығады. Абайдың
өзі айтқан; «Біріңді қазақ бірің – дос, көрмесең
істің бәрі бос» деген қазақ үшін таң қаларлық іс
емес еді. Бірақ, халық сол жылдардың өзінде де
Абайынан ажыраған жоқ.
Кез  келген  ақынды  тану  ең  алдымен
өмірбаяны  мен  шығармашылығын  зерттеуден
басталады. Абай өлеңдері көзі тірісінде баспаға
шыққан  жоқ.  1909  жылы  Санкт-Петербургте
Ілияс  Бораганский  баспасынан  немере  інісі  –
Кәкітай Ысқақұлы араб алфавитімен бастырып
шығарады. Кәкітай орысша жетік білген. Абай
мектебінен ғана білім алған. Абайдың қасына еріп
жүріп айтқандарын, ертегілерін құйма құлағына
құя білген.
Абай  мұраларының  сақталуына  кепіл
болған  адамдар  –  Ғабитхан,  Кішкене  молда,
Самарбай,  Дайырбай  молдалар  т.б.  да
жинастырған. Солардың  ішінде ерекше  еңбегі
бар адам – Мүрсейіт Бікеұлы еді. Ол 1916 жылы
қайтыс  болды.  Орысша  ептеп  білетін  адам
болған. Абай сөзін керек еткендер Мүрсейітке
тапсырма  беріп  отырған.  Сол  кездегі
қалыптаспаған  емлеге  байланысты  көшірмеде
кемшіліктердің  кетіп  отыруы  осы  күнге  дейін
Абай шығармашылығын зерттеуге кеселін тигізіп
келеді.  Мәселен  «Асау  жүрек»  емес,  «асау
жүйрік», «тағыны жетіп қайырған» деген сөздер
«тағана жетіп қайырған» деп айтылып жүрді.
Абайтануды  зерттеу  Мұхтар  Әуезовтің
бастамасымен революциядан кейін ғана қолға
алына  бастады.  Абайтануға  еңбек  сіңірген
Мұхтар  Әуезов,  Қажым  Жұмалиев,  Қайым
Мұхаметханов,  Рәбиға  Сыздықова,  Мекемтас
Мырзахмето в  сынды  көптеген  тұлғалар
айқындалды.
АБАЙТАНУ
2015  №2  (27)

41
Резюме
Resume
АБАЙТАНУ
2015  №2  (27)
В данной статье автор раскрывает вопрос роль и значение рукописи Мурсеит Бикеулы в
истории развития абаеведения.
An author raises a question about the role of Murseit Bikeula's manuscript in abayevedeniye.

42
ШӘКӘРІМТАНУ
2015  №2  (27)
ШӘКЕРІМГЕ ҚАТЫСТЫ ҮШ ДЕРЕК
М.МАҒАУИН, Қазақстанның халық жазушысы, әдебиетші ғалым
 ӘОЖ 821.512.122
Жазушы мақаласында ақын есіміне, туған жылына және Шәкәрім өліміне  қатысты өзіндік
пікірін ұсынады. Ахат Шәкәрімұлының әке есімін  сақтап қалудағы ерен еңбегіне тоқталады.
Соңы. Басы №1 санда.
Тірек сөздер: Шәкәрім шығармашылығы, ақын тағдыры, ақын мұрасы, текстология.
Енді, орайы келіп қалған соң, Шәкерімнің
мұрасы, дәлірек айтсақ, мұрасының сақталуы,
қолжазбалар тағдыры туралы бірер сөз.
Біздің ауылда Шәкерім қолжазбаларының
жұмбағын  ең  соңғы  бақыршы  Жарқынбай
есімімен байланыстыратын әңгіме бар еді. Әлі
айтылып  жүр  (елдің  ескілікті  сөздерін
жинастырушы 
Нәстілек 
Сәменбетұлы
тарабынан).  Қажы  дүние  қиындай  бастаған
кезде, Жарқынбайды ертіп апарып, шошаланың
алыс,  әлде  жақын  төңірегіндегі  жартасты  бір
үңгірге көндіріпті-міс дейді. Шәкерімнің бүгінде
белгілі «Жалғыз Әупіш болмаса» деген өлеңін
«Жарқынбай жалғыз болмаса» деп айтады. Өлең
шындығында  да  Әупішке  арналған,  одан  соң
қажының қасында, аз ба, көп пе, Жарқынбайдың
болуы  да  анық,  бірақ  мен  үңгірге  көмілген
қалжазбалар туралы әңгімеге онша сенбеймін.
Мұндай  аңыздың  Шыңғыстың  арғы  бетіндегі
және  бір  ақсақал  тарабынан  шыққан  тағы  бір
нұсқасы  бар.  Оның  да  негізі  жоқ.  Шәкерім
дүниенің аумалы-төкпелі қалпын таныған адам,
өз мұрасының мән-маңызын да жақсы білген.
Қайткенде  де бұрынғы-соңғы  бар  қолжазбада
бұлай сақталуға тиіс емес.
Осы  орайдағы  екінші  бір  әңгіме  –  ел
арасында Шәкерімнің барлық қағаздарын, яғни
қолжазба жинақтарын Қарасартов алып кетіпті
деген сөз таралған. Уақыт оза келе, өз атынан
жариялап,  атаққа  жетпек  екен  дейді.  Бұл
жендеттің де шатып-бұтып өлең жазатыны бар
екен,  қажыны  өлтіруінің  бір  себебі  –  оның
мұрасын  иелену  мақсаты  болған  деп  те
айтылады.  Мұның  бәрі  кейінгі  долбар.
Қарасартов Шәкерім өлімінен соң оның қора-
жайын мұқият тексергені күмәнсіз, іс реті солай;
әлдебір қағаздарды алып кетуі де ықтимал. Бірақ
Шәкерімнің жыр диуаны, яғни барлық қолжазба
мұрасын  олжалауы  қисынсыз.  Әкемнің
қолжазбалары  Қытай  асқан  баласы  Зияттың
қолында болуға тиіс, деп жазған Ахат ақсақал
1936 жылы, Шәкерімнің екі томдық қолжазба
жинағын Орталық кітапхана қорына тапсырған
дәйекті  жазбасында.  Мен  бұл  шығармаларды
қажының  өз  қолымен  жазылған  кітабынан
көшірдім  деген  анықтама  береді.  Ахаттың
қолынан шыққан екі томдық Алматыдағы, сол
кезде  Пушкин  атымен  аталған  Ұлттық
кітапхананың сирек кітаптар мен қолжазбалар
бөлімінің  қараңғы  қоймасында,  ешбір  есепке
түспеген,  жабық  қалпында  жата  береді.
Аспирантура  жылдарында,  ескілікке  қатысты
мұраларды  түбегейлі  ақтарыс  кезінде
кездейсоқта  үстінен  түсіп  едім.  Сыртқы
мұқабадағы шифрын жазып алып қалдым, ешбір
каталогта жоқ екен. Арада ширек ғасыр өткенде,
Шәкерім есімі халқына қайтып оралғанда мағлұм
қылдым  және  Шәкерімнің  өзім  құрастырған

43
ШӘКӘРІМТАНУ
2015  №2  (27)
алғашқы  кітабын  негізінен  осы  қолжазба
бойынша қалыптадым.
Ахат ақсақал дүние кеңімесе де, тас құрсау
сәл-пәл  босаңсыған  1959  жылы  Ғылым
академиясына Шәкерімнің барлық шығармалары
топталған, қалың, жаңа бір қолжазба жинағын
тапсырады.  Дубль  үшін  емес,  сірә,  әуелгі  екі
томдық нұсқа мүлде жойылып кетті деп білсе
керек. Қайткенде де бұрнағы диуан турасында
ештеңе  айтпаған.  Мен  62-63  жылдары,  өзім
зерттеп жатқан ежелгі жыраулар тақырыбынан
тыс болса  да, әуестік емес,  білмектік жөнімен
Шәкерімнің  академия  архивіндегі  барлық
мұрасын  қарастырып  шыққан  едім.  Аталмыш
жинақ арабша таңбаланған, әдемі жазылған, тап-
таза, қалыңдығы үш елі, түптелеген, аса көрнекті
қолжазба кітап болатын. 1988 жылы көктемде
Шәкерімге арнайы оралғанда қарасам, жұлым-
жұлымы  шыққан,  қатты  тозған,  дөкір  қолдар
күтімсіз ұстап, көп жеріндегі жазуы танығысыз
өшіп  кеткен.  Сонымен  қатар,  маған  бұрында
белгілі, басқа бір жинаушы. Көшірмелер арқылы
түскен екі-үш қалың дәптер мүлде жоқ болып
шықты. Дәтке қуат – жаңа біз айтқан, бүгінде
Алматыдағы Ұлттық кітапхананың қолжазбалар
қорында сақталып тұрған, Ахаттың өз қолынан
шыққан екі томдық. Алдағы заманда Абайдың
Мүрсейіт  көшірмесі  сияқты,  Шәкерім
мұраларының  ең  негізгі  түпнұсқасы  есепті
қабылдануы тиіс.
Десе де, Шәкерімнің тонауға түскен, бізге
жетпеген шығармалары бар ма деген сауал тууы
мүмкін.  Жоқ  дер  едім.  Өзі  айтатын  аударма
дастан – «Том ағайдың балағаны» және, бәлкім,
ең  соңғы  күндері  жазылған  бірер  өлеңі  ғана
Қарасартов  тарабынан  қолды  болуы,  кейінде
жойылып кетуі мүмкін. Шәкерім Шақпақта оңаша
жатқанымен, оның әрбір жаңа шығармасы көп
ұзамай-ақ  елге  жетіп  отырған.  Өзінің  туған
ұлдары Қабыш, Ахат пен Зият көшіріп алады,
айталық  бізге  сол  қалпында  жеткен  «Қорқыт,
Хожа Хафиз...» - 1931 жылы, 10 февральда, ал
«Кешу сөз» - сол жылы 1 мартта жазылған. Тіпті,
жаңа  шығармамен  танысуға  басқа,  көлденең
кісілерге  де  тоқтау  жоқ,  олар  да  қадарынша
көшіреді, бұдан әрі жалпы жұртқа жетіп, таралып
жатады, көкірегі ашық азаматтардың жадында
жатталып қалады. Мәселен, бұрында еш жерде
жарияға шықпаған, тіпті, мүлде белгісіз «Айсұлу
– Нартайлақ» поэмасын университеттің бірінші
курсынан  соң  жазғы  демалысқа  барғанда
жамағайын  Нәби  деген  жыршы,  шежіреші
қарттың  аузынан  естіген  едім.  Бастан-аяқ
тыңдап болып: «Бұл – Шәкерім емес!», - деп едім,
ақсақал  абдырап  қалды.  «Білмеймін,  менің
естуім солай», - деген менімен дауласпай. Ақыры
анық болып шықты. Мен кейінде «Шәкерім атын
ақтай алмайтын, әлсіз дүние» деп жазғам. Екінші
бір  мысал.  Шәкерімнің  шағын  поэма  кейіпті
«Қоңыр  ат»  деген  ұзақ  жыры  бар.  Ахаттың
айтуынша,  1930  жылы  қыста  жазған.    Біздің
ақсақал  мен  оқып  жүрген  кездегі  әдетімен,
Алматыға  кезекті  бір  келісінде,  1963  жылы,
аэропорт  аумағында  тұратын  қарт  мұғалім,
Әкебай деген тетелес, шөбере інісінің үйіне түсті.
Ол да бір ескілікке жетік, сұңғыла кісі еді, күннен
түнге жалғасқан ұзақ кеңестердің бірінде: «Баяғы
«Қоңыр  атты»  айтып  берші,  жазып  алайын,  -
деді. – Менде бары шалағай», - деді. Және сол
сәтінде, шай үстінде жазып алды. Мен бұрын
естімеген, тың шығарма. Көп ұзамай басқа да
ескілікті сөздерімен бірге Ғылым академиясына
тапсырса  керек,  өз  қолымен  таңбаланған  бір
данасы  менің  архивімде тұр;  кейінде  тексеріп
қарасам,  біраз  жері  ұмытылған,  толық  емес
нұсқасы көрінді, бірақ бұл арада мәселе мәтін
сапасында емес, Шәкерім шығармаларының ең
ақырғы  күнге  дейін  жоғалмай,  еркін  таралып
жатуында.  Шәкерім  өлеңдері  мен  дастандары
тек әргелес біздің қарттар арасында ғана емес,
бүкіл Шыңғыстау, Семей өңірі, тіпті, Ақмола –
Көкшетауға дейін ауызша және жазбаша таралып,
халық жадында сақталып тұрды. Менің қолымда
(Алматыда қалды) шыңғыстаулық бір абзал қария
(қазір атын есіме түсіре алмай отырмын, кейін
нақтылаймын) 
жинап, 
құрастырған,
қалыңдығы төрт елі қолжазба кітап та бар.
Әйткенмен,  тасқа  басылған  сөздің  жөні
бөлек. Бұл ретте ендігі Шәкерімнің өкпесі жоқ
сияқты. Жекелей  де, том-томымен  же шығып
жатыр,  алдағы  уақытта  да  тоқтаусыз  басыла
бермек. Тек қана...
Шәкерімнің кітапқа шыққан екі өлеңінің
бірінің өлшемі қате, он ауыз сөзінің екеуі жаңсақ.
Оның мәнісі...
Қысқасынан  қайырсақ,  есімі  жарияға

44
ШӘКӘРІМТАНУ
2015  №2  (27)
шыққанға  дейін  Шәкерім  мүлде  дерлік
зерттелмеген  еді.  Оның  ақындығы  туралы
сөздің бәрі көлденең долбар, әдебиеттегі орны
туралы байлам – ауызекі әңгіме ғана. Әдебиет
тарихында, қазақ сөз өнерінің шежіресінде мүлде
атаусыз.  Рас,  бұрында басылған  кітаптар  бар,
қолжазба  мұрасы  тағы  лықып  тұр.  Бірақ  бұл
мұра  түгелімен  араб  жазуында.  Оқыған,
зерделеген  ешкім  жоқ,  оның  үстіне,  тиым
салынған 
есім 
болғандықтан 
ешкім
қажетсінбеген.  Әйтеуір  ақынның  атын  біледі,
арғы  жағы  тұман.  Тек  Ғылым  академиясы
Әдебиет  институтының  қолжазбалар  бөлімі
ғана себез сәуле көрінген 50-60 жылдар шегінде
азғана талап жасапты. Бұл тарапта ескі мұраға
жұғысты, көкірегі даңғыл, бірақ арнайы әдеби
дайындығы  жоқ  қарттар  болған:  Бозтай
Жақыпбаев, Қарта Қаңтарбаев және басқа, мен
білмеген,  көрмеген.  Шәкерім  өлеңдері  сол
ескілікті кісілерге көшірмеге беріледі, одан соң
қазіргі  кирилл-орыс  жазуымен  мәшінкеге
басылады.  Бірде  маған  Әдебиет  институның
директоры, өрісі кең Әди аға Шәріповтің қызмет
сейфінен  алып  көрсеткені  бар.  «Мынау  іске
жарамайды», - дедім, ашып қарар-қарамастан.
Негізгі мәтін дұрыс болғанымен, өлең өлшемі
турасындағы  танымы  шалағай;  үйреншікті
үлгілерді ұйқас, тармақ бойынша жіктеп жазса,
көбіне-көп, 
Шәкерімнің 
соны 
жыр-
толғауларына түскенде, уәзін орайын, үлкенді-
кішілі,  ұзынды-қысқалы  тармақ-жолдардың,
кейде басқаша құрылған шумақтардың ара жігін
ажырата  алмай,  тізбекті  қойыртпаққа
айналдырып алған. «Кезі келгенде жөндейміз»,
- деді Әлекең. Жөндетіп үлгермеді, кезі келгенше
қызметінен шеттеді. Шәкерімнің беті ашылған
кезде институт директоры болып Зәки Ахметов
отырған. Өзіне өткеннен мұра қалған қожалақ
қолжазбаны  тиесілі,  тәуір  көрген  кісілеріне
ұстатады.  Олар  аяқ  астынан  шәкерімтанушы
болып  шығып,  ақынның  академиялық,  үлкен
жинағын  дайындайды.  Сол  ботқа-көже,
тұндырылмаған,  шалағай  қалпында.  Әрине,
болашақ кітаптың алғашқы бетінде басшы мен
басқаларының есім-сойларын анықтап жазып.
Сөйтіп, «перестройка мен гласность» арқасында
опыр-топыр, мәре-сәре болып жатқанда, ойбай,
«Жалын»  баспасы  Шәкерім  жинағын  дайын
қылып, өндіріске тапсырыпты деген суық хабар
жетеді.  Қолма-қол  академия,  ғылыми-зерттеу
институтының  атынан  ресми  талап-нама  хат
жазылады. Мұхтар Мағауин дайындаған басбұзар
кітап тоқтатылсын, Шәкерімнің қойнына бізден
басқа ешкімнің қол сұғуға хақысы жоқ деген. Не
керек, сұратып алды, мәтіні түзу, өлшемі орнына
қойылған бірнеше өлеңді сол қалпында көшіріп,
өздерінің  жинақтарының  ішіне  тықты,
қолжазбаны  екі  айдан  астам  ұстап,  шығаруға
болмайды  деген  қорытынды  үкіммен  баспаға
әрең  қайырды.  (Бұл  оқиғаның  және  дәл  осы
«академиктердің»  одан  бұрынғы  «Алдаспан»
антологиясын бүтіндей иеленіп кетпек әрекетінің
барлық қызық-шыжығына сол кездегі ескілікті
әдебиет бөліміндегі хат танитын жалғыз жан, бірақ
қолында билігі, басында еркіндігі болмаған кіші
ғылыми қызметкер, қазір доктор, профессор деп
естимін, сыпайы жігіт Сәрсенбі Дәуітов адал куәлік
бере алады. Сауатсыз «академиялық» жинақтың
ішіндегі жобаға келетін санаулы өлең қатарында,
бізден ауысқаны андағайлап тұрғандары – «Ескі
ақындық», «Достыңыз зор...»,  «Кетті, келді...»,
«Қорқыт, Хожа Хафиз...». Бұл соңғы, өлшемі аса
күрделі жырдың уәзінін айқындау үшін екі күн
отырып едім, қиындықтың бір тарабы – тармақ,
шумақтар жігін ажыратуға бөгесін ішкі ұйқастар
екен;  біздің  ағайындар  шімірікпей,  сол  қалпы
(мұнда да, басқа жерлерде де бірді-екілі «өзіндік»
«өңдеумен») ала салыпты; онысы жөн, бірақ дәл
осы өлшемдегі тағы екі жыр – «Ойдан шығарылған
бар  түрлі  әндерім...»  және  «Сәлем,  бауырым,
Әбдіғали жалғызға...» әуелгі дайын көшірме, яғни
жүйесіз қойыртпақ күйінде қалған. Тере берсе,
бұдан  басқа  да  қызығы  көп.  Мен  әліптеген
өлеңдер  бо йынша  нақтылаған,  жартылай
түзетілген  мәтіндер  де  біршама.  Бұдан  соң
«академиялық»  жинақтың  өзі  сараптама
орайында біздің қолға түсіп, текстология және
уәзін тарабында бірталай кеңес айтып едік, көбі
жолда қалыпты, осыған орай, кітап шыққаннан
соң бұл тақырыпқа қайырылып соққанымыз бар).
Атап  айту  керек,  «Жалын»  баспасы  (Қоғабай
Сәрсекеев)  академиктердің  доңайбат  сөзін
елемеді,  Баспасөз  комитеті  тоқтатып  тұрған
терімді, құрастырушы-автормен жасалған заңды
шартты  бұза  алмаймыз,  одан  беріде  ғылыми
мекеменің алдынан өттік, көрсетіп алдық деген

45
ШӘКӘРІМТАНУ

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет