Issn 2308-0590 Индекс 74661 редакциялық кеңес мағауин Мұхтар Қазақстанның халық жазушысы Ғарифолла Есім



Pdf көрінісі
бет5/15
Дата03.03.2017
өлшемі1,99 Mb.
#6078
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

2015  №2  (27)
талап-тілектен өрбігенін айқын көреміз.
20-жылдары,  әсіресе  о ның  екінші
жартысында  «Плеханов  ортодокциясы  үшін»
деген  ұран  көтерілді.  Оның  негізгі  талабы
көркемдік дамудың себебін қоғам тіршілігінен,
әлеуметтік-экономикалық  өмірден  іздеу  керек,
көркем  шығарманы  соның  ыңғайына  қарай
талдау  керек  деген  ойдан  тармақтанады  да,
әдебиеттің, көркем өнердің өзіндік өсіп-өркендеу
заңдылықтарын  теріске  сайды.  Осы  бағытты
қатаң 
ұстаған 
В.М.Фриче: 
«Көркем
шығармаларды  жасаудың  айла-амалдары
материалдық  байлықты  өндірудің  заңдарына
бағынады»,  -  деген  болатын.  Классицизмді
сентиментализмнің 
алмастыруын,
сентиментализмді 
ро мантизмнің, 
ал
романтизмді реализмнің алмастыруын өндірістік
қарым-қатынасқа,  қоғамдық  формацияға
байланысты  қарайды  да,  өнерді  өзіндік
ерекшеліктен  жұрдай  қылып  шығарады.
Сондықтан  адамды  адам  қанау  дәуірінде
жасалған әдеби мұраның бағасы өте төмен, одан
алар үлгі өнеге жоққа тән, өйткені олар қанаушы
таптың,  халықты  езіп-қанап  отырғандардың
шашпауын көтереді, даңқын шағарады деген ойға
шырмалып, дөрекі социологизмнің иек алуына
«теориялық» негіз дайындады.
Совет 
әдебиет 
сыны 
мен
әдебиеттануының  басып  өткен  өткелдерін
про фессор  С.Машинский  «Жолдар  мен
бұралаңдар.  Со вет  әдебиет  ғылымының
тарихынан»  деген  еңбегінде  арнайы  зерттей
келіп:  «Тұрпайы  социологиялық  құйын  30-
жылдардың  бірінші  жартысында  со вет
әдебиеттануының  едәуір  бөлігін  қамтыды.
Классиктер, өнер саласындағы қайраткерлердің
барлығы дерлік арнайы «өңдеуден» өтті. Өткен
заманның ұлы шығармалары буржуазияның не
дво рянствоның,  не  әр  алуан  әлеуметтік
жіктердің «психологиясын» жырлаушылар деп
табылды. Пушкин  – «І  Николайдың малайы»,
Гоголь  –  «феодалдық  идеологияны  қайтадан
қалпына  келтіруге  жанталасқандардың  өкілі»
деп  жарияланды.  Тұрпайы  социо логтар
псевдомаркстік  сөздерді  жамылғы  етіп,
классиктердің көркем туындыларына әділетсіз
зорлық жасады» [9, 69-73], - деген пікірлері қазақ
әдебиетінің  сын-зерттеу  саласына  да  арнап
айтылғандай.
Ілияс  Жансүгіровтің  Абай  жинағына
жазған кіріспесінің негізгі мақсаты – кемеңгер
Абайдың 
дүниетанымын 
айқындау
болғанымен,  артық  сілтеп  жіберген.  Ілияс
Жансүгіровтің  бұл  еңбегі,  негізінен  алғанда,
бірінен-бірі  туындап  жатқан  екі  мәселенің
сырын ашуды көздеген. Біріншісі – Абай заманы,
екіншісі  –  осы  заман  идеологиясының  Абай
дүниетанымын  қалыптастыруға  жасаған
ықпалы.  Қазақ  халқының  тарихы,  сондай-ақ
әдебиетінің тарихы жасалмай жатқан кезде және
ескі  идеология  мен  жаңа  идеологияның
арасындағы идеялық-творчестволық  күрестің
сілемі әлі де болса сезіліп жатқан кезде Абайдың
өмір сүрген заманын ұзақ сонарлы зерттеудің
ешқандай  әбестігі  жоқ.  Осыны  терең  де
толғамды айтамын деген игі тілек әрқашан өрелі
биіктен табыла бермеген.
Абайдың  ақындығына  келгенде  Ілияс
біраз  көсіліп,  бұрынғы  ой-пікірлерде
кездеспейтін  өңірлерге  көз  салады.  Өйткені
ақынды  ақынның  түсінуі,  оның  сырын  ашуы
бірқыдыру  құнарлы  ойларды  сабақтатқан.
Алайда  алдағы  социологиялық  ой  ағыны
тартына сөйлетіп, емеурінмен ғана білдірткен
кезі  де  жоқ  емес.  «Алтынсарыұлы  Ыбырай,
Уәлиханұлы  Шоқан,  Құнанбайұлы  Абай  –
осылар  біртұтас,  бір  бағыттас  адамдар»  [10]
екенін  айту  сол  кездің  өзінде  жаңа  ойдың
қарлығашы еді. Тек Абаймен болып, Ыбырай
мен Шоқан көбіне ауызға алынбай, ал әлдеқалай
айтыла қалса, беттері теріске бұрылып, талай
атақты  арқалап  шыға  келетін.  Үшеуін  бір
сарындас, бір бағыттас етудің өзі сын үшін өнікті
де құнарлы ой екенін аңғармасқа болмайды.
Қазақ әдебиеттануының туа бастау және
сынының  қалыптасу  дәуірінде  ақын-
жазушының  шығармасында  қамтылған  өмір
шындығының әр саласына, тақырып аумағына
ойлана көз жіберудің өзі ұнамды құбылыс. Оны
Ілияс  «Абай  пікірлері»  деген  тарауда  өмірден
көрген-түйгенін жүйелеудің өзі әрі-беріден соң,
қазақ  халқының  мінез-құлқындағы  кесір-
кесапаттардың  бәрін  түйдектеп,  бір  арнаға
салудың  өзі  сыншылдық  о йдың  өрісі
кеңігендігінен де, сонымен қатар айтар ойдың
молайғандығын да анық танытады.

31
Ал, ол тақырыптық аумақтың өзі қай үлгі-
өнеге, қай тұрғыда көретіндігіне, яғни поэзияның
ішкі жанр, түрімен нақышталатындығына назар
аудару  –  эстетикалық  т алап-талғамның
өскендігін  аңғартатын  құбылыс.  Абай
лирикасының ішкі дүниесіне, сезім байлығына
біраз  бойлап  алған  автор:  «Абай  бұлардың
үстіне, шебер суретші (художник), өлеңмен Абай
салған  суреттер  мінсіз,  көрікті,  ер  тұрманы
түгел»,  өмір  шындығы  «жанды    тұлғасымен
тұтас  түрекеледі»  [10],  -  деген  байқауларын
ортаға  жайып  салады.  Өйткені  бұл  ой
аңғарында тек әдебиетшілерде ғана кездесетін
байқағыштық емес, өзінің тәжірибесінен туатын
шындық  бар.  Ал  мұның  өзі  сын  жанрының
қалыптасуы үшін айрықша ілтипатқа алынатын
эстетикалық құбылыстар, жылт көрініп, көбіне
қолға ұстап қоймайтын ерекшеліктер.
Осының бәрін Ілияс тезис түрінде айтқан
уақытта, әлі ешкімнің сыншылық ойы баяндай
қоймаған салаға ауады да, өзінің социологиялық
тұрғыдан  тұжырымдағандарына  қарсы
шығатын, өз ойындағы қайшылықтардың бәрін
жеңілдететін үлкен бір проблемаға ауысады. Ол:
«Өлеңді  өнер  деп  бағалаған  Абай,  сол  өлеңді
кестелеп жазуға қызмет етті. Өлеңнің өнер екенін
көрсетті. Қазақта да мынадай өлең, мынадай сөз
өнерінің  үлгілері,  өнегелері  болады  деп,  өнер
белгісін  қалдырды.  Абайды  жазба  әдебиеттің,
сырлы әдебиеттің басы дейтініміздің бір жағы
осында» [10], - деп көңілге ұялар, ғылымға ой
салар пікір тұжырымдайды.
Ал жазба әдебиеттің басы деп санауға іңкәр
етіп  отырған  оның  тек  жаңашылдығы,  қазақ
өлең құрылысына кіргізген жаңалықтары ғана
емес, сонымен қатар «Абайдың жалпы өлеңінің
дені сау, тілі таза. Абайдың өлеңі таудан тасыған
бұлақтай сарқырап жатса, сөздері сол бұлақтың
түрлі  тасындай  жарқырап  жатады»,  Абайдың
тарихи зор еңбегі «тіл өнерін жасап, қазақтың
жабайы  тілінен  үлгі,  өнер,  әдебиет  тілін
жасағандығы», - деп дұрыс та перспективалы
қорытынды жасайды.
Осындай  ірі  тұжырымды  барынша
дәледей түсу үшін Абайдың қазақ өлеңіне  14
түрлі өлең өрнегін қосқанын жалпылай айтады:
«Абай  –  өлең  түрін  жасауға  қызмет  еткен
жазушы.  Абай  –  бұрынғы  қазақтағы  өлең,
жырлардың  өлшеу-үлгілерін  кеңітудің  үстіне,
араб, парсы, шағатай, орыс өлеңдерінің үлгісін
кіргізіп, қазақ әдебиетін жаңалаған адам». Оның
шығармаларынан,  өлеңінің  әуез  ырғағынан
күйлі,  ырғақты,  сорғалап  келетін  талай
өлеңдерді  тауып,  «Абайдың  жыры  ырғақ,
музыка  дыбысы,  құрылысы  жағынан  төгіліп
келеді. Өлең ұйқасындағы етістіктердің сайдың
тасындай  ірі  қимылды,  әуен  сәйкестігі
(аллитерация)  ақындық  шеберліктің,  талант
қуаттылығының, өлең көркемділігінің белгісі»
[10],  - деп айрықша қадірлейді.
Сонымен,  Ілияс  Жансүгіровтің  Абай
жинағына  жазған  алғы  сөзі  ұлы  дарынның
ерекшелігін  бірқыдыру  аңғарған,  кезеңдік
эстетикалық, талап-талғамның ауыр жүктерін
көтерген  еңбек  болды.  Осындай  еңбектердің
дүниеге келуі арқасында Абайды дұрыс тануға
жаңа кілт, жаңаша көзқарас табу, яғни маркстік-
лениндік  ілімнің  қағидаларын  басшылыққа
алып,  нақты  жүзеге  асыру  қажеттілігі
аңғарылып, мәнді сыншылдық-ғылымдық ой-
пікірге  үлкен  арна  дайындалды.  Көптеген
мақалалар мен еңбектердің осындай ерекшелігі
де,  қате-кемшілігі  де  абайтанудың  алғашқы
кезеңінің  1917-  1933  жылдарға  тұспа-тұс
келетіндігін, сыншылық ой эволюциясы соны
арна тауып, ғылыми процеске ұласа бастағанын
танытты.
(Жалғасы бар)
Әдебиет
1.
Мұқанов С. Қара тақтаға жазылып
жүрмеңдер, шешендер // Жаңа әдебиет. 1928,
№1-2
2.
Мұқано в  С.  Бло кшылдықтан
демьяншылдыққа // Жаңа әдебиет. 1931, №2
3.
Нұржанов  С.  Қазақ  ақындарының
көш  басында  //  Красный  пахарь.  1922,  22
октябрь
4.
Әуезов М. Қазақ әдебиетінің қазіргі
дәуірі // Шолпан, 1923, №4-5
5.
Сағди  Ә.  Абай  //  http://  www.abai-
inst.kz
6.
Ысмайылұлы  Е.,  Шашкин  З.
Абайдың поэтикасы // http:// www.abai-inst.kz
АБАЙТАНУ_2015_№2_(27)__32_Резюме_Resume__АБАЙТАНУ'>АБАЙТАНУ
2015  №2  (27)

32
Резюме
Resume
АБАЙТАНУ
2015  №2  (27)
7.
Кенжебаев Б. Абай // Еңбекші қазақ.
1925, №7
8.
Кенжебаев Б. Абай // Лениншіл жас.
1925, №6
9.
Наследие и наследники. – М., 1967
10.
Жансүгіров І. Абайдың сөз өрнегі //
http: // www.abai-inst.kz
В статье рассматриваются этапы становления абаеведения, творчество, новатрство и
реализм Абая.
In the article considered the stages of formation of abayevedeniye,main problems of creativity of
Abay, innovation and realism of Abay.

33
АБАЙТАНУ
Қ.БИБЕКОВ, филология ғылымдарының кандидаты, доцент
Назарбаев Орталығының бас ғылыми қызметкері
Автор  мақалада  Абай  Құнанбаев  шығармашылығының  ұлттық  жазба  әдеби  тілді
қалыптастырудағы рөліне талдау жасаған.
Тірек сөздер: Абай, әдеби тіл, абайтану, мәтін түзу, көркем шығарма.
2015  №2  (27)
Қазақ  жазба  әдебиетін,  ұлттық  жазба
әдеби  тілін  қалыпт астырудағы  Абайдың
атқарған  қызметі,  алатын  орны  ерекше  екені
белгілі.  Абай  өмір  сүрген  заманы  артта
қалғанмен, рухани мұрасы жалпы адамзаттық
құндылыққа  айналды.    Сан  ғасырды  артқа
тастағаннан кейін де тарих тұңғиығына батып
жоғалмай,  жаңарып, жаңғырып  мән-маңызы
арта  түсері  анық.  Абай  шығармашылығы
әдебиеттану, тіл білімі, философия тұрғысынан
жан-жақты  талдауға  түсіп,  лайықты  бағасын
алды.  Әйтсе  де  абайтанудың  өрісі  тарылып,
көкжиегі  көріне  қойған  жоқ.  Керісінше,  сан-
салалы ғылым ретінде зерттелуге тиіс күрделі
мәселелерінің  бағыт-бағдары  енді  ғана
айқындалып келе жатқандай.
Абайтанудың  өз  зерттеушілерін  күткен
түйінді мәселелерінің бір шоғырын тіл білімінен
көреміз.  Абайдың  қазақ  тілін  дамытудағы
қызметі  жайлы  М.О.Әуезов  былай  деген  еді:
«Қазақтың  тіліне  Абайдың  сіңірген  еңбегінің
арқасында  бұл  тілдің  барлық  байлығы,
орамдылығы,  өрнектілігі  табылған.  Абайдың
барлық өлеңі – қазақтың сол күшті тілінің ішінен
туған асыл құрыш, қырдағы қалың қазақтың осы
күнге  шейін  сөйлеп  жүрген  жалпақ  тілінің
жемісі, соның сыры мен сымбатын көрсететін
айнасы.  Бұл  –  Абайдың  қазақ  тіліне  істеген
қызметі» [1,230]. Қазақ әдеби тілінің өркендеп
дамуына Абайдың қосқан үлесін асыра бағалау
мүмкін емес.  Жалпыхалықтық тілді асылдың
кені деп қарасақ, Абай сол кенді қорытып, шын
асылын айырып ала білді.
Осы  ретте  профессор  Құдайберген
Жұбановтың:  “Абай  біздің  жазба  әдебиеттің
атасы болғанда, өлеңін, қара сөздерін тек қағазға
жазғандығымен ғана емес, жазба әдебиет пен
ауыз  әдебиеттің  о сы  айырмашылығын
ашқандығымен де атасы болды. Қазақ әдебиетін
ауыз әдебиеті дәрежесінен шығарып, неше мың
жылдай көнігіп, етке, қанға сіңіп болған ескі ауыз
әдебиет дағдысынан құтқарған адам – Абай. Ескі
ауыз әдебиетіндегі артық қыстырмалардан алғаш
тазартқан да Абай.
Абай сынаған “қазақтың ұзын сөзділігі”,
“ескі 
бидің 
сөз 
қосарлап, 
бос
мақалдайтындығы”,  “ескі  ақынның  жоқтан
қармап,  көр-жерді  өлең  қылатындығы”
дегендер  –  осы  басы  артық,  қыстырынды
әңгімелер болатын. Абай сөзінің “қиюынан қыл
өтпейтін” ықшам, тығыз болатыны да осы басы
артықтан аман болғаннан келетін-ді” [2,267], –
деген пікірін елеусіз қалдыруға болмайды. Ғалым
жазба  әдебиетінің негізін салушы ретіндегі Абай
тілінің ауыз әдебиет тілінен басты ерекшеліктерін
дәл    көрсетіп,  саралап  береді.    Өз
шығармашылығы арқылы Абай қазақ әдеби тілін
жаңа сапалық деңгейге көтерді.
Абай   поэзияны еріккеннің ермегі емес,
сөз өнерінің ең жоғары көрінісі деп санады.
АБАЙ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ МӘТІН ТҮЗУ МӘСЕЛЕСІ
ӘОЖ 821.512.122

34
АБАЙТАНУ
2015  №2  (27)
Сондықтан  да  оған  жауапкершілікпен
қарап,  өзіне  де,  өзгеге  де  биік  талап  қояды.
Көркем өнер ретінде поэзия қандай болу керек
деген мәселені де өз өлеңдерінде жеріне жеткізе
айтып кетеді. Абайдың «Өлең - сөздің патшасы,
сөз  сарасы»,  «Мен  жазбаймын  өлеңді  ермек
үшін» сияқты туындыларын көркем шығарма
ретінде  ғана  емес,  өлең  сөздің  теориясы  деп
тануға әбден болады.
Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы.
Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы,
Ол – ақынның білімсіз бейшарасы.
Осы жолдарда өлеңнің көркемдігіне, тіліне
қойылатын негізгі талаптар айтылған. Ақынның
«Теп-тегіс жұмыр келсін» деп отырғаны өлең
мәтінінің  өлшемге  сай  құрылуы  ғана  емес,
құрылымдық жақтан да, мағыналық жақтан да
тілдік құралдардың өзара үндесіп, үйлесіп, шашау
шықпай,  жұмырланып,  тұтасып    тұруы  екені
күмәнсіз. Абай әсіресе  өлеңнің «Бөтен сөзбен
былғануын» кешірмейді. Бұл айтылған жайлар
мәтін түзу мәселесімен  тікелей байланысты.
  Қазақ  филологиясында  мәтін  түзудің
теориялық мәселелеріне тереңдеп бара қойған
жоқпыз десек те болады. Дегенмен бұл мәтін
түзу 
туралы 
ойларды 
жекелеген
ғалымдарымыздың еңбектерінен ұшырастырып
қаламыз.  «Абайдың  сөз  өрнегі»  атты
монографиясында профессор Р.Сыздықова бұл
мәселеге  арнайы  тарау  бөліп,  мынадай  пікір
айтады: «Текст түзілісінің өзіне тән шарттары
болады. Кез келген көркем шығармада немесе
оның кез келген тұсында текст түзіле бермейді.
Қазақ көркем сөзінде текст түзудің айқын көрінісі
Абай  өлеңдерінен  басталады  деуге  болады.
Текст түзілісінің бір белгісі – шығарманың бір
бөлігінде  немесе  бір  өлеңнің  өн  бойында
мағыналары бірін-бірі айқындайтын, модальдық
реңкі  біртектес  сөздерді  шоғырлап  беру.
Мо дальдық 
реңк 
дегеніміз
сөйлеушінің(жазушының, ақынның) айтылған
ойға жағымды, жағымсыз көзқарасын білдіретін
мағыналық  реңк…»[3,74б.].  Ғалым  мәтін
ішіндегі  сөздер,  тілдік  тұлғалар  қалай  болса,
солай  алына  салмай  бір  стильдік  мақсатқа
қызмет ететіндей таңдалып алынатынына назар
аудартып тұр.
Көркем мәтіннің түзілісі, тілдік ерекшелігі
жөніндегі  түйінді  мәселелердің  шешімін
табуында профессор Б. Шалабайдың  мына бір
пікірінің  мәні  зор  деп  білеміз:  «Көркем
шығарманың тексі ондағы барлық элементтердің
органикалық  байланысты  болуы  себепті,
көпқырлы қасиетімен, әртүрлі ендіктегі көптеген
мағыналық 
қабаттасу, 
ұштасулармен
ерекшеленеді. Сондықтан бір сөз не бір құрылым
бір  мезгілде  әрі  кейіпкердің(немесе  бірнеше
кейіпкердің),  әрі  оқырманның,  әрі  автордың
көзқарасын білдіре алады.
Сөйтіп, көркем сөз зат, құбылыс, қимылды
бір  мезгілде  әрі  атайды,  әрі  көрсетеді,  әрі
бағалайды.  Бұл  оның  ерекше,  бейнелі  түрде
жалпылай  алушылық  қабілетіне  байланысты.
Көркем  шығарманың  тілі  оқиға,  құбылысты
жалпылап беру арқылы біздің санамызда ондағы
қатысқан  сөздердің  санынан  анағұрлым  көп
түсінік туғызады. Көркем шығармадағы тілдің
эстетикалық міндеті де осында.
Тілдік  элементтер  осылайша  көркем
мазмұнның  компонентіне  айналады,  олар
көркем  мазмұнның  сыртқы  формасы  болып
қана қоймайды, оның құрамына табиғи түрде
еніп құрамдас бөлшегіне айналады. Ондай сөзді
басқа сөзбен ауыстыру не көркем бейнені бұзуға
алып келеді, не басқа бір бейне жасайды. Сөз
бен  бейненің  тығыз  байланысы  осыдан
көрінеді»[4, 37-38]. Ғалым көркем шығарманы
ерекше  заңдылықтары  бар  өзіндік  жеке
эстетикалық  құрылымға  ие    деп  санайды.
Эстетикалық құрылымға ие көркем мәтінде басы
артық шашау шыққан бірде-бір сөз, бірді-бір тұлға
болмауы тиіс. Тілдік тұлғалар бір-бірімен тығыз
астаса  келіп  көркемдік  мақсатқа  қызмет  етіп
тұруы  керек.  Әрине  бұл  айтылғандар
суреткердің  шеберлігіне,  өресіне  байланысты
болады.
Абай  мәтін  түзуде  осындай  биік  талап
үддесінен  шыға  білген.  Ақынның  қай  өлеңін
алсақ та, ондағы тілдік құралдар ортақ көркемдік
мақсатқа  қызмет  етіп  тұрады.    Айтқанымыз
дәлелді  болу  үшін  мына  бір  шағын  үзіндіге

35
АБАЙТАНУ
2015  №2  (27)
талдау жасап көрейік:
Мал мен бақтың дұшпаны,
Кеселді пысық көбейді,
Күшік иттей үріп жүр,
Кісіден кеммін демейді.
Қу тілменен құтыртып,
Кетер бір күн отыртып,
Қызмет қылған кісісін
Құртуға таяйды.
Қылып жүрген өнері:
Харекеті - әрекет.
Өзі оңбаған антұрған
Кімге ойлайды берекет?
Осы өлең жолдарында дұшпан, кеселді,
күшік иттей үру, қу, құтырту, құрту, оңбаған,
антұрған  сөздері  әр  түрлі  сөз  таптарына
жататындығына  қарамастан,  бірыңғай
жағымсыз 
экспрессивті-эмоционалды
мағынаға  ие  екенін  көреміз.  Сол  арқылы
ақынның  өзі  айтып  отырған  мәселеге  теріс
көзқарасын танимыз. Әрине ол сөздер оқшау-
оқшау қалмайды, өзара селбесе келіп, мәтіндегі
өзге  сөздерге  де  әсер  етіп,  сөйлеуші  бағасын
білдіруде  ғана  емес,  тыңдаушы  пікірін
қалыптастыруда  да  біртұтас  эстетикалық
құрылым ретінде көрінеді. Сондай-ақ әрбір сөз
мәтін  талап  етіп  тұрған  мағыналық-стильдік
жүкті арқалайтын болады. Соның нәтижесінде
сөз 
«деформацияланып», 
мағыналық
құрылымында   бірқатар  қайта құрулар  жүріп
өткен.  Сөздің лексикалық мағынасының негізін
құрайтын  заттық  мағына  екінші  қатарға
жылжып,  сигнификаттық,  коннотативтік
бөліктері  маңызды  орынға  шығуы  мүмкін.
Дұшпан    сөзі  заттық  мағынада  қас,  жау
сөздерімен синоним болады. Өлең жолдарында
«Мал  мен  бақтың  дұшпаны»    деп
қо лданылғанда  дұшпан  сөзінің  заттық
мағынасы көмескіленіп, керісінше, жағымсыз
экспрессия барынша  айқындала түскен.  Тура
мағынасында  адамдар  бір-біріне  дұшпан
болады,  малға,  баққа  дұшпан  болмайды.  Бір
жағынан,  дұшпан  сөзінің  лексикалық
мағынасының өзегі құртушы, жоюшы деген
сияқты ұғымдарға жылысқанын көреміз. Бұл
ұғым,  негізгі  болмағанымен,  дұшпан  сөзінің
лексикалық мағына құрылымында бар. Екінші
жағынан,  мал,  бақ  сөздерінің  мағынасы
метонимия  жолымен  ауысқан.    Толықтырып
айтқанда, малы мен бағы бар адамның дұшпаны.
Бірақ ақын осылайша толықтырып айтса, сөздер
бейнелілік қасиетінен  айырылып қалар еді. Осы
өлеңде  сипатталушы  субъектіні  пысық  сөзі
білдірген. Ол тура мағынасында  ширақ, еті тірі
ұғымында жұмсалады.  Өлеңде пысық сөзі басқа
сөздермен тіркесу арқылы қосымша мағыналық
реңктерге ие болады. Мал мен бақтың дұшпаны
тіркесі    пысық  сөзінің  күрделі  эпитеті  болса,
кеселді сын есімі де эпитет ретінде жағымсыз
экспессия үстеуге өз үлестерін  қосқан. Кеселді
сөзінің  мағынасы  кесапатты,  залалды  екені
мәлім.  Сондай-ақ  Күшік  иттей  үріп  жүр
теңеулік құрылымының да сипатталушы мүшесі
– пысық. Теңеудің образы – күшік ит, теңеудің
негізі – үріп жүр сипатталушы мүшеге қатысты
алғанда  ауыспалы  мағынада  келгендіктен
метафоралық теңеу болады. Осы теңеу арқылы
пысықтың  берекесіз,  шамасын  білмейтін,  еш
нерсенің  байыбына  бармайтын,  шатаққор
деген  сияқты  тағы  бір    қыры  ашылады.  Қу
тілменен  құтырту        дегенде  құтырту
желіктіру,  есірту,  елірту  ұғымын  береді.  Сол
арқылы пысықтың айлакер, қу, сұм екендігі аян
болады. Отырту өзгелік етіс тұлғалы етістігіне
келер болсақ, жалпыхалықтық тілдік қолданыста
отырғызу түрінде келеді. Отырту деп жұмсалуы
тек ұйқас жасау қажеттігінен тумаған сияқты. Қу
тілменен құтыртып, Кетер бір күн отыртып
деп келгенде, отырту   сөзінің мағынасы алдап
кету екені белгілі болып тұрады. Бұл  - отырту
сөзінің  тура  мағынасы  емес,  Тақырға
отырғызып кету деген тұрақты сөз тіркесіндегі
фразеологиялық байлаулы мағынасы. Мәтіндегі
сөздердің  әсерінен  осы  мағынасы  жанданып,
отырту  сөзі  ерекше  экспрессоидқа  айналған.
Сол  сияқты  Харекеті  -  әрекет  қолданысы  да
көңіл аудартады. Бұлар арап-парсы тілінен енген
бір  ғана  кірме  сөздің  дыбыстық  варианттары
бола тұра, мәтіндегі басқа сөздермен ықпалына
түсіп, 
мағыналық 
дифференцацияға
ұшырағанын көреміз.  Харекет  - кәсіп, шаруа,
әрекет айла-шарғы, қулық  ұғымдарын білдірген.
Сонымен  қатар  Харекеті  -  әрекет  деп
қосарланып  келуі  арқылы  тынышсыздық,

36
АБАЙТАНУ
2015  №2  (27)
мазасыздық  сияқты  ұғым  қоса  бой  көрсетіп,
жағымсыз  көзқарас  та  аңғарылып  қалады.
Өлеңде тілдік құралдар қатаң өлшемге құрылып
барынша сығымдалған сайын, көркемдік қуаты
еселеніп,  мазмұн  жағынан  ұлғая  түсетіндей.
Ақынның  шығармашылық  о йы  логика-
семантикалық байланыстарды ширата отырып,
тосын тіркестер арқылы сөзді ойната, құбылта
қолданып,  көп қырлы, сан салалы байланыстар
нәтижесінде  мағыналық  құрылымы  ұлғаяды.
Мәтіндегі сөздер бір-біріне арқа сүйей отырып
мағыналық сыйымдылығы артады.
Абайға дейінгі қазақ поэзиясында мәтіндегі
тілдік құралдардың бәрінің тегіс бір көркемдік-
стильдік мақсатқа жұмылдырылып, эстетикалық
бүтіннің ажырамас бөлшегіне айналуы кездесе
қоймайды.  Абайға  дейінгі  қазақ  поэзиясын
шолып  қарағанда,  көрнекті  ақын  Дулат
Бабатайұлының  басқалардан  ерекшеленіп
тұратыны  бірден    байқалады.  Дулат  пен  Абай
әлеуметтік тақырыптарды жырлауда  көп ретте
үндестік тауып жатады. Профессор Р.Сыздық:
“Қазақтың  жазба  по эзиясының  алғашқы
нышандары  Дулат  өлеңдерінен  көрінеді.
Іргетасты қалаған Абай болса, соны қалау кезеңі
туғандығын, қалайша қалаудың алғашқы үлгісін
көрсеткен 
Дулат 
деп 
айтуға 
әбден
болады”[5,582]  –  деп  әділ  бағасын  берген
болатын.   Тілі көркем,  мазмұны терең түйдектер
Дулатта да бар. Мысалы,
Саудагер сарттай қайтты өмір
Құмар ойнап ұтылған.
Мөңіреп жұртқа ой қайтты,
Бұзауы өлген сиырдай.
Ләпсі – төбет қабаған
Жемтік көрсе тұра ма
Ырылдап танау жиырмай?
Өзімнен-өзім қызғанып,
Азын-аулақ жиғаным
Өзіме де бұйырмай.
Өлеңдегі  образдар  сонылығымен  бірден
көңіл аударады. Өмірдің құмар ойнап ұтылған
саудагер сартқа теңелуі, «Мөңіреп жұртқа ой
қайтты,  Бұзауы  өлген  сиырдай»  дерексіз
нәрсені  жанды  бейнеге  айналдырып,  көз
алдымызға келтіреді. Дегенмен үңіле түссек, өлең
жолдары біртұтас   құрылымға айналып кетпей,
образдар  өз  алдына  оқшауланып  қалатындай
әсер қалдыратынын  аңғару қиын емес.  Өзара
ұласып, бүтін көрініс жасаудың орнына жеке-
жеке фрагменттер түрінде елес беріп өтеді. Яғни
мәтін  элементтері  сыртқы  форма  жағынан
өлшемге құрылғанмен, ішкі мағыналық арқауы
бо с аң. 
Өз 
шығармаларын 
ауызша
жырлағандықтан  Дулат  ақынға  жазба
әдебиеттің  қатаң  талаптарын  қоя  алмаймыз.
Мысалы,
Құрт жегендей қуарып,
Дәнің тандыр суалып.
Елдігің кетіп ыдырап,
Алтын жағаң сөгіліп,
Абыройың төгіліп,
Барыңнан да жақсы еді
Жоқ болғаның мұнан да
–  деген  жолдар  жыраулар  поэзиясын  еске
салады. Ақын тыңдаушысымен тікелей қарым-
қатынаста болатындықтан, олардың қабылдау
қабілетін, ойды түсіну мүмкіндіктерін ескермей
тұра  алмайды.  Соған  байланысты  Дулат
шығармашылығы  да  ауыз  әдебиетінің
белгілерінен толық арылып болмаған.
Өлеңдегі әрбір тілдік элемент эстетикалық
құрылымға  енгенде  мағыналық  жағынан  да,
стильдік  жағынан  да  белгілі  бір  өзгерістерге
ұшырайды,  сөйтіп  көркем  мазмұнның
компонентіне айналады. Абай айтқан «Теп-тегіс
жұмыр  келсін  айналасы»  деп  қойған  талабы
көркем шығарманың сыртқы түріне ғана емес,
ішкі мазмұнның да бірлігіне, бүтіндігіне меңзеп
тұрғандай.  Мұндай  эстетикалық  мазмұн  мен
құрылымдық  бүтіндікке  тек  жазба  әдебиетте
ғана  қол жеткізуге болады. Қазақ әдебиетіне
оның жарқын үлгісін Абай көрсетіп берді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет