Issn 2308-0590 Индекс 74661 редакциялық кеңес мағауин Мұхтар



Pdf көрінісі
бет11/14
Дата03.03.2017
өлшемі1,98 Mb.
#6208
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

2014 №1 (22)

63

Мақал-мәтелдерді  өзгертіп,  түрлендіріп

қолдану да кездеседі.

«Фразеологическое новаторство писателей

спо собствует  оживлению  и  обно влению

значения общеизвестных слов…

…Фразеологическо е 

творчество

писателей имеет прямое отношение к развитию

и  изменению  общенародного  языка.  Каждый

писатель  принимал  участие  в  творческом

обогащении и развитии речевых средств. При

этом  он  не  только  изыскивал  новые  способы

использования общеизвестной фразеологии, но

и вносил свою долю в сокровищницу удачных

выражений  и  оборотов  общенационального

языка»  [4,197].  Халықтық  мақал-мәтелдердің

жазушы  тарапынан  өзгертіліп  қолданылуы

«Аласапыранда» мол орын алады.

Екі өгіз сүйкенсе – шыбын өледі екен. Екі

патша тартысса – ортадағы қара халық күйзеледі

екен. Ал екі жұрт тоғысса – телімдегі әлсіз қауым

жазаға ұшырамақ (8,735).

Бұл  жерде  жазушы  «екі  өгіз  сүйкенсе  –

шыбын  өледі»  деген  халық  мәтелін  дамытып,

өз тарапынан қосып, тереңдетіп береді.

Әзірейілдің  өші  болмаса,  тура  кезелген

мылтық оғы қырын ұшар (8,440).

Сұлтан – нөкерсіз, бек – қосшысыз болмас

(8,194); ер кебенек ішінде сыналады (8,239); ер

- жақынға ажарымен, жауға ажалымен танылады

(8,239); жау іздеген - жарақтыға жолығар, жорық

тілеген  жортуылшының  басы  жолда  қалар

(8,138) т.б.

«Аласапыран»  романындағы  мақал-

мәтелдердің қолданылуы туралы Т.Сыдықов:

«М.Мағауин  көбіне  мақалдарды  ойдан

шығарады...  фило софиялық  мағынасы

салмақты, бітімі мінсіз қашалған мақалдары ел

бірлігін,  ерлікті,  ынтымақты,  кемелдікті

насихаттап  жатады.  Ондай  тақырыпты  ашып,

шығарма мазмұнын тереңдете түсетін мақалдар

тудыру  әрекеті  басқа  тарихи  романдарда  көп

ұшыраса 


бермейді» 

– 

дей 



келіп,

«Аласапыраннан»  мысалдар  келтіреді:  ел  екеу

болса, дау төртеу болады; қараның қыбын табу

– ханның парызы, елдің еркіне жығылу – бектің

парызы;  хан  қасында  қараша,  сұлтан  –  тізгін,

би  –  ауыздық,  батыр  –  қамшы;  ісің  құрдымға

кетсін десең, тізгінді әйелге тапсыр т.т. [2,266].

Жазушының  халықтық  мақал-мәтелдерді

өз мақсатына орай өзгертіп қолдануы шығарма

тілінің көркемдігіне де, мазмұнына да ешқандай

нұқсан  келтірмейді.  Керісінше,  оларды  қажет

жерінде  қиыстырып  қолдану  арқылы  жазушы

айтпақ ойын әсерлей, тереңдете түседі, шығарма

тілінің көркемдігін, шұрайлылығын арттырады.

Мұндай  өзгеріске  ұшыраған  мақал-мәтелдер

мен  авторлық  афоризмдер  жазушының  басқа

шығармаларында көп ұшыраспайды.

«Аласапыранда»  парцелляцияланған

құрылымдар  көп  қолданылған.  Жазушы

қолданысындағы 

парцелляцияланған

құрылымдардың 

стильдік-көркемдік

мақсаттарға орай қолданылуын былайша жіктеп

көрсетуге болады:

-  Ойды  нақтылап  тереңдете  түсу  үшін

қолданылады.

Темір 


телпектері 

домаланған

мушкетерлер,  болат  қалпақтары  көзін  жапқан

пикинерлер  кейде  жалғыз-жарым,  кейде  екеу-

үшеуден, кейде тобымен жатыр. Көп. Өте көп.

(8,304)


Бірақ Марина – жұрт білетін Марина еді.

Өзі. Анық өзі. (8,748)

- Қарама-қарсылықты білдіреді.

Енді не қалды? Қарғағанда көрсетері қай

қысас?

 Жоқ. Қалыпты. Көрсетері бар екен. (8,619)



- Оқиғаға автордың көзқарасын сездіреді.

Төрт аяғына бірдей, шашасына салбырата

күміс  қоңырау  байлаған  екен;  аттың  тізгіні,

жүгені тегіс күміс шынжыр, әшекей ме, тұмар

ма  неше  түрлі  салпыншақтан  көрінбейді;  ат

секіргенде  сылдыр-сылдыр,  сыңғыр-сыңғыр

етті. Мазақтап, күліп тұрғандай. (8,258)

-  Кейіпкердің  ішкі  сезім  толқынысын

жеткізеді.

Қарашы 


бектер 

есіктен 


шығар-

шықпастан-ақ орнынан атып тұрып алты қанат

орда ішінде аласұра ерсілі-қарсылы жүрді. Ыза

қысып  барады.  Бала  көреді.  Батым  сөйлеуі

содан. Басынған.Бірде туралап, бірде тұспалдап

бәрін айтуы содан.

Енді  балаша  қиялдап  кеткеніне  күлмек

болған. Күле алмады. Жылағысы келді. (8,128)

-  Сөйлемде  айтылған  ойдың  себебін

түсіндіреді.



ӘДЕБИЕТТАНУ ЖӘНЕ ТІЛ БІЛІМІ

2014 №1 (22)

64

Ас батпады. Рас, ет өте қатты екен. Түгел

шандыр  мен  сіңір  сияқты.  Арық,  әрі  дәмсіз.

Бірақ адал ас қой. Дастарханның жадаулығынан

еме с. 

Осы 


кеште 

көрген 


өмірдің

сұрықсыздығынан.

- Біз де мәз болдық, - деді Бесоба тағы да

күрсініп,  -  Есіміз  шыға  қуандық.  Ақылдың

аздығынан. (8,102)

-  Тым  шұбалаңқы  ойды  қысқартып,

түсінуге жеңілдету үшін қолданылады.

Біз де Асыл ханым әпкемізді солай қарай

ұзатқанбыз.  Көшімнің  туған  інісі  Ахмет

Керейге.  Баяғы  алыс-беріс  кезінде.  Көндіге

алмады. (8, 213)

- Сөйлемдегі айтылмаған ең негізгі ойды

көрсетеді.

Жетісу  –  жұмақ  мекенің  болады!

Шыңғыстау құтты қонысың болады. Жайық –

жазира  жайлауың,  Сыр  –  ордалы  ұяң  болады.

Бәрін қайтып аласың! Мәңгібақи... (8,14)

- Қостау, мақұлдау мағынасын білдіреді.

Азар  ағайыннан  игілікті  хабар  келгенде,

қалған алаштан алалық күтпеген. Рас. Алалық

көрмеді. 

(8,122) 


Шығармадағы

парцелляцияланған  құрылымдар  әр  түрлі

стильдік-көркемдік 

мақсаттарға 

орай

жұмсалады. Олар күрделі ойды ықшамдап беру,



аз сөзге көп мағына сыйғызу, бір сөзге оқырман

назарын аударту, сындық мағына үстеу сияқты

қызметтерімен  қоса,  кейіпкердің  ішкі  сезімін

білдіру  арқылы  сөйлемге  экспрессивтік-

эмоциялық  реңк  үстейді,  автор  мен  кейіпкер

сөзін ажыратып көрсетеді, автордың сөйлемдегі

ойға  қатысты  көзқарасын  білдіреді.  Мағауин

шығармаларында 

кездесетін 

о сындай


синтаксистік  тәсілдер  біріншіден  әртүрлі

стильдік  –  көркемдік  мақсаттарға  орай

қолданылған.  Екіншіден  автордың  өзіндік

стильдік даралық қолтаңбасын танытады.

Мағауин  шығармаларында  кездесетін,

жазушының  өзгеге  ұқсамайтын  даралық

қолтаңбасын танытатын көркемдік тәсілдердің

бірі – бір-бірімен мағыналық жағынан жалғасып

жатқан  бір  тектес  сөйлемдердің  әрқайсысын

жеке-жеке абзац ретінде беруі. Абзац, ғылыми

тілмен айтсақ: «Логикалық мазмұн тұрғысынан

текстің бір тынысты кезеңін бөліп алып отыру,

ой желісін дұрыс ширатып, өрбіте жүйелеуге өте

ыңғайлы.  Ол  ой  жинақылығын  аңғартады»

[5,33]. Жазушы бұл тәсілді белгілі бір стильдік

– көркемдік мақсаттарға орай қолданады.

«Азат 

жолдан 


басталып, 

қысқа


қайырылған  сөйлемдер  –  ұтымды  стильдік

тәсіл» [6,128].

Мынау – ақ патшаның жауы.

Анау – ханға қарсы қылмыскер.

Мынау – елді бұзған бұзық.

Анау – жерді құртқан қарақшы.  (8,506)

Берілген мысалда әр сөйлем жаңа жолдан

жазылып  жеке  абзац  түрінде  беріліп  тұр.

Жазушы  жеке  сөйлемдердің  әрқайсысын

абзацқа  бөліп  беру  арқылы  әр  сөйлемді

ерекшелеп  көрсетіп,  онда  айтылған  ойға

оқырман назарын аудартады. Ой жинақылығына

негізделген  мұндай сөйлемдер  көп  мағынаны,

көп ойды өз бойына жасырып тұрады. Сонымен

қатар сөйлемдегі ойдың оқырманға эмоциялық

әсерін күшейтеді, әрі шығарманың көркемдігіне

әсер  етеді,  бірсарынды  баяндауға  өзгешелік

енгізеді.



Әдебиет

1 Сыздық Р. Сөз құдіреті. – Алматы, 1997.

- 224 б.

2  Сыдықов  Т.  Қазақ  тарихи  романы.

(Жанрлық  спецификасы.  Типология.  Стиль.

Ұлттық кейіпкер. Тарихилық сипаты. Поэтика.)

Филология ғыл.докт.дисс. – Алматы, 1997

3  Винокур  Г.  О  языке  художественной

литературы. – Москва, 199. - 447 с.

4 Ефимов А.И. О языке художественных

произведений. – Москва, 1954. - 150с.

5 Ахметов З. Әдебиеттану терминдерінің

сөздігі. – Алматы, 1993.

6  Әбдуова  Б.  Тарихи  романдар  тілінің

көріктеуіш 

амалдары 

(І.Есенберлин

шығармалары бойынша.)  Фил.ғыл.канд.дисс. –

Алматы, 1998. - 156 б.

7  С ерғалиев  М.  Синт аксис  және

стилистика. – Алматы , 1987. -  49 б.

8 Мағауин М. Аласапыран. –Алматы,1988.

- 832б.

ӘДЕБИЕТТАНУ ЖӘНЕ ТІЛ БІЛІМІ

2014 №1 (22)


65

Resume

Резюме

В статье рассматривается языковые особенности романа М.Магауина «Аласапыран».

The article examines the linguistic features of the novel "Alasapyran" M.Magauin’s.

ӘДЕБИЕТТАНУ ЖӘНЕ ТІЛ БІЛІМІ

2014 №1 (22)

66

М. ӘБІКЕНОВ, филология ғылымдарының кандидаты, доцент м.а.

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

ӘОЖ 811.512.122



ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЛИНГВИСТИКАСЫНДАҒЫ

ЖЕР-СУ АТАУЛАРЫНЫҢ ТІЛДІК ҚОЛДАНЫМ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Қазақ  даласындағы  төбе-тау  және  жер

атауларын  этимологиялық  негізде  ғылыми

талдау  мақсатында    жеке  дара  бөліп  қарасақ,

онда  тұнып  тұрған  тұңғиық  сырларға  тап

боламыз.  Әрбір  жер-су  атауларының  өзіндік

ерекшеліктерге  иегер  болып  келетіндігі  анық.

Нақты  айтсақ, жер-су  атауларының  қалыптасу

шығу  жолдарын  жалпы  лингвистикада  –

географиялық  лингвистиканың  зерттеу

ныс анына 

жатқызуға 

болады.

Географиялық  лингвистиканың  бір  саласы



ретінде ономастиканы танимыз.   Белгілі тілші

ғалым  Әмеди  Хасенов  жер-су  атауларының

негіздерін 

гео графиялық 

лингвистика

тұрғысынан 

қарастырғанда 

бірнеше


принциптерді ұстану қажеттігін көрсетеді:

1. Семантикалық принцип;

2. Морфологиялық принцип;

3. Фонетикалық принциптер.

Ал,  ғалым  Ісмет  Кеңесбаев  жер-су

атауларына  қатысты  «Атластық  лингвистика»

деген ұғымды енгізуді ұсынған.

Жалпы 


алғанда 

географиялық

лингвистика жер-су аттарының этимологиялық

жолдарын,  лексика-семантикалық  сипатта

қамтитындығы  белгілі.  Осы  орайда  жер-су

аттарының  аталу  себебін,  тілші  ғалым  Ғ.

Қалиевтің  пікіріне  иек  арта  отырып,  бірнеше

түрге  бөліп  саралаймыз.  Мысалы,  Шығыс

Қазақстан өңіріндегі Абыралы ауылына қатысты

жер-су аттарын алсақ;

1.  Жер  аттарының  бедеріне,  белгілеріне

қатысты  атт ардың  қо йылуы.  Мәселен,

Қоңыртөбе,  Жалғызтау,  Көкшетау,  Ақбастау,

Айғыржал, Жосалы, Ақтас, т.б.

2.  Адам  аттарымен  байланыстырып,  ат

қою үрдісі.

Мысалы,  Абыралы,  Киікбай,  Мәстекбай,

Қалыбай, Сүтбай, Шыңқожа, т.б.

3.  Дәміне,  тұздылығына  неме се  ағу

қарқынына қатысты өзен-су атаулары: Мұқыр,

Ащысу, Қарасу, Қайнарбұлақ т.б.

Шығыс  өңірінде,  соның  ішінде  бұрынғы

Семей  облысына  қарасты  жерлердегі  жер-су

аттарын көнеден келе жатқан атаулар деп айтуға

нақты  негізділік  бар.  Дегенмен,  кейінгі

аласапыран  шапқыншылықта,  кеңес  өкіметі

дәуірлеп  тұрған  кезеңде  қойылып,  құлаққа

сіңісті  болған    жер-су  атаулары  да  баршылық.

Мұндай  жағдаяттарда  қалыптасқан  жер-су

атаулары  өздерінің ежелгі аттарын қайтып алса,

«жеріміздегі  тарихи  негізділіктің»  өзіндік

қалпын  біршама  сақтап  қалатындығы  даусыз

шындық.  Негізінен,  жер-су  атаулары  қоғам

өмірімен  тікелей  байланыста  болғандықтан,

яғни  ұлттық  ерекшеліктеріміздің  негізгі

көрсеткіші ретінде  үнемі қадағаланып  отыруы

тиіс. Бұл орайда, түрлі жандарға ономастикалық

ӘДЕБИЕТТАНУ ЖӘНЕ ТІЛ БІЛІМІ

2014 №1 (22)

Аталған  мақалада  автор  қазақ  даласындағы  географиялық  атауларды  этимологиялық

жағынан  кеңінен  қарастырып,  географиялық  лингвистика  тұрғысынан  бірнеше  принциптер

негізінде талдау жасаған.

Тірек  сөздер:  лингвистика,  этимология,  тілдік  қолданым,  семантикалық  принцип,

морфологиялық принцип, фонетикалық принцип.


67

атаулардың  берілуі  мемлекеттің  саясатымен

үндес болуы - ел үшін аса қажеттіліктердің бірі.

Ал  атаудың  берілуіндегі уақыт  талабы,  тарихи

атаулардың 

қалыптасуындағы 

дәстүр

мәселесінде  дұрыс  бағыт-бағдар  беріп  отыру



ономастика  саласы  мамандарына  жүктелетін

міндет.


Демек,  бұл  жерден  тіл  білімінің

қолданбалылық жағы бой көрсетеді, яғни қоғам

өміріндегі  ғылымның  атқаратын  қызметі  мен

маңызы танылады.

Географиялық  лингвистиканың  келесі

саласы  ретінде  топонимдер  -  ел-жұрттың

болмыс-бітімі,  тұрмысы,  мәдениеті,  салт-

дәстүрі,  тілі  мен  діні,  ой-санасы  туралы  хабар

береді,  яғни  есте  жоқ  ескі  заманның  айнасы.

Бірақ  осы  топонимдердің  көпшілігі  осы  күнге

дейін сол қалпында сақталып қалған жоқ. Бұның

бір себебі – отарлау саясаты. Біздің кең-байтақ

елімізге көз тігіп отырған Ресей империясының

отарлау  саясаты  кезінде  көптеген  атаулардың

орысшаланып кеткені мәлім. Боданындағы елді

ұлттық салт-санасынан, рухани әлемі мен түп-

тарихынан  ажырату  үшін  алдымен  жер-су

аттарын өзгертуге кірісіп, өз мақсат-мүддесі мен

саясатына сай орыс тіліндегі басқа атаулармен

алмасытырды.

Еліміз  егемендік  алғаннан  кейін  бұл

мәселе  мемлекет  тарапынан  қолға  алынып

көптеген  жер-суға  өзінің  ежелгі  атауы

қайтарылды.  Бұл  жұмыс  заман  талабына  сай

болғандықтан ұрпаққа жүктелген міндет болып

отыр.  Халқымыздың  тарихын,  асыл  бай

мұрасын біліп, тану үшін осының маңызы өте

зор.  Қилы  замандарда  дүниеге  келген  көне

атаулар өз кезеңінің мәдениеті мен тарихының

куәгері  ретінде  тарихи  ескерткіштер  қатарына

жатқызылуы  тиіс.  Қазақтың  кең-байт ақ

жеріндегі әр тау мен тастың, әр өзен-көлдің, әр

жазықтың, әр ой-қырдың, әр орман-тоғайының

байырғы өз атауы болған. Қасиетті мекеннің өз

есімдерін қайтару, яғни қалпына келтіру – ұрпақ

парызы. Сондықтан қазіргі осыған байланысты

атқарылып жатқан жұмыстар бір кездегі кеткен

кемшіліктердің  орнын  толтыру  болып

табылады.  Дегенмен,  бұл  жұмыстардың

атқарылуында  да  мәселелердің  белең  алғаны

байқалады.

Қазіргі  атауларды  қалпына  келтіруде

кемшіліктерге  жол  берілуінің  себебі,  о сы

жұмысқа  байланысты  тәжірибеміздің  аздығы,

қалыптасқан механизмнің жоқтығы деп білеміз.

Кез-келген  атауды  қалпына  келтірген  кезде

ғылыми немесе тарихи түрде дәлел болуға тиіс.

Қазақ 


халқы 

мал 


шаруашылығымен

айналысқандықтан көшпелі өмір  кешті. Соған

байланысты  әрбір  тауға,  жотаға  өзіне  тән  ат

қоятын  болған,  яғни  кездейсоқ  ат  қоймаған.

Сонымен қатар топоним ұлттық танымымыздың

да  айнасы.  Қазақ  елі  тәуелсіз  Қазақст ан

болғандықтан, топонимдер де ана тілінде аталуы

тиіс. 


Көптеген 

тарихи 


оқиғаларды

топонимдерден  білуге  болады.  Олар  тарихи

фактілердің  дәлелі,  шежіресі  боп  табылады.

Этнонимдер  туралы  да  осыны  айтуға  болады.

Бұлар  әртүрлі  мағынада  қойылған  белгілі  бір

тарихи  кезеңдерді  де  қамтитындары  көп.

Мыс алы,  араб,  монғол,  о рыс  тілдерімен

байланысты  жер-су  атаулары  о сының

көрсеткіштері.

 Жоғарыда айтқандай атауларды қалпына

келтіру кезінде ғылыми-зерттеу тәсілдері қажет.

Осыған  байланысты  тілші  А.Әбдірахманов

«Тюркская  ономастика»  жинағына  берген

мақаласында  топонимдері  этимологиялық

жағынан зерттеуде кейбір тәсілдерді ұсынады:

1) Қарапайым дәстүрлік тәсіл.

Мысалы: 

Абыралы 


– 

Шығыс


Қазақстандағы ежелгі аудан орталығының аты.

Абыралы – Семей қаласынан батысқа қарай 300

шақырым қашықтықта орналасқан тарихқа бай,

ғажайып  өлке.  Атаудағы  топо ним  екі

компоненттен  тұрады:  абыр  оғыз  тобындағы

әзірбайжан, түркия, түркмен тілдерінде - алып

(абур,  алүп),  монғол-қалмақ  тайпаларының

тілінде  –  абур//абыр,    қазақ  тілінде  алып,  ірі

деген  мағына  береді.    Әлі  сөзінің  түбірі  -  әл//

күш  болып  табылады.  Бұл  түрік-монғол

тілдеріне  ортақ  және  одан  берілген  сөздер

құрылған: абур//абуж (ежелгі  түркі тілдерінде)

абуыр  (түрік),  абур(әзірбайжан)  абурыы

(түрікмен),  аба  (қырғыз),  абажадай//апсағай

(қазақ тілінде), абурык (алтай тілінде), абардан

(тува). Осы сөздің ең ежелгі формасы абыруғ -

өзбек пен ұйғыр тілдерінде сақталған.

Со нымен  оғыз  тобындағы  тілдерде



ӘДЕБИЕТТАНУ ЖӘНЕ ТІЛ БІЛІМІ

2014 №1 (22)

68

Абыралы топонимінің бірінші компоненті абыр/

/әлі  алып  күш  немес е  орасан  күшті

мағыналарына ие, ал екінші – әлі – көне түрік

тілінде  әл,  күш  дегенді  білдірген.  Сонда

топоним былай болады: алып күш немесе ересен

күшті.

Қазіргі 


түркі 

тектес 


тілдерінің

грамматикалық  құрылысына  сәйкес  бұл  атау

әлді абур//орасан әлді -  түрінде болуы керек.

Осы  орайда  лексемалардың  керісінше

орналасу  тәртібін  қалай  түсіндіруге  болады

деген сауал туады. Мәселен, бұрынғы Абыралы

ауданына  қатысты  ауыл  аты  –  Мәрәмік//кемік

тас. Мәр//тас, әмік//борлы.

Бұл  сұраққа  жауапты  про фессор

Қ.Жұбановтың  еңбегінен  табуға  болады.

Мәселен,  «қазақ  тілінде  сөздердің  орналасуы

қатаң  тәртіппен  жасалған.  Анықтауыш  сөз

анықталатын  сөздің  алдында,  толықтауыш

толықтыратын  сөздің  алдында  және  барлық

сөйлем мүшелері баяндауыштан бұрын келеді.

Бірақ бұл тәртіп алғашқыда сақталмай жүргені

көрінеді».

Зерттеуші  өз  пікірін  дәлелдеу  үшін

топонимдерді  ғана  емес  кісі  атт арын  да

(антропонимдерді) мысалға келтіреді: Күнсұлу,

Айсұлу, Таңсұлу т.б. Олар  қазіргі қазақ тілінің

синтаксистік нормасына қайшы келеді. Қазіргі

синтаксистік  нормада  олар  Сұлукүн,  Сұлуай

және  т.б.  түрінде  болуы  керек.  Автордың

пікірінше  мұндай  сөздердің  тәртібі  алғашқы

кезде болған. Бұған дәлел – Мәрәмік топонимі.

Себебі  мұндағы  анықтауыш  (тас  –  мәр)

анықталатын сөзден кейін (кемік//сынғыш) тұр.

Бұл  этимологияға  екі  дәлелдемені

келтіруге болады: Біріншіден оғыз тайпасы 8-9

ғасырларда  Қазақстанның  оңтүстігінде  және

Сырдарияның бойында ғана өмір сүрген  жоқ,

өзіміздің  Шығыс  алқабындағы  Абыралы

өңірінде  де  біздің  жыл  санауымызға  дейінгі

мыңдаған  жылдық  тарихы  бар  құнды

жәдігерлер, ескерткіш орындары бар (Қараңыз,

Амантай Исин, Абыралы, Шілікті ескеркіштері

хақында). Екіншіден бұл жерде Абыралы өңірі

көне  заман  таңбаларына  бай  ел.  Абыралы

маңайында  ежелгі  ағын  суларының    ескі

арналары  бар.  Абыралы  өңіріндегі  жер-суға

қатысты,  жер  бедеріне,  қыртысына  қатысты

атауларды көне жырларда, нақты айтсақ, «Қозы-

Көрпеш» 


жырларының 

нұсқаларынан

кездестіреміз.

Демек, Абыралы өңіріне қатысты біршама

этимондарды сараласақ, онда олар турасындағы

барлық лингвистикалық, қосымша тарихи және

географиялық  мәліметтердің  жиынтығы

берілген  топонимнің  этимологиясы  дұрыс

дәлелденгендігіне  көз  жеткізуге  болады.  Бұл

тәсілді біз спецификалық-топонимикалық тәсіл

деп атаймыз.

Келесі  тәсіл  –  комплекстік  тәсіл.  Мысал

ретінде,  Тарбағатай,  Қордай  топонимдерін

алайық. Тарбағатай – Шығыс өңіріндегі еңселі

таулардың бірі.  Түпкі мағынасы – суырлы тау

дегенді  береді  дегенімен,  Ақсуат  өңірінде

Тарбаға  деген  атаудағы  өзен-көлшіктер

кездеседі.  Монғол  тілдерінде  (Қарқынды.

Қараңыз, Ислам Қабыш) қарқынды ағыс деген

ұғымды  білдірсе  керек.    Мысалға,  атақты

Қордай  асуы.  Бұл  –  Алматы  мен  Фрунзе

арасындағы  Чу-Шлий  тауларындағы  асу.

Г.Қонқашпаеваның  пікіріне  сүйенсек,  бұл

топоним  монғолдың  хуртай  «жаңбырлы»

сөзінен шыққан. Біздіңше Қордай сөзінің түбірі

–  хор//қар//қор  (соңғысы  өзбектің  нұсқасы)

түркі-монғол  тілдеріне  ортақ.  Монғол  тілінде

хор – қалың қар, боран, бораннан кейін қалған

қарлы тау. Түрік тілінде бұл сөз қар//қор түрінде

кездеседі.

Атаудың екінші бөлігі – дай//-тай ең көне

форма және оның көптеген нұсқалары бар: лы//

лі, лу//лу, ты//ті, ды//ді, ту//ту және т.б. Қазір олар

туынды сын есімнің жұрнақтары болып келеді.

Дай//тай формасы монғол тілінде сақталған. Біз

көріп  тұрғандай  бұл  топонимнің  атауы  осы

жерде  қыста  жиі  қар  басып,  боран  соғып

тұратыны жайлы ақпарат береді. Топоним түркі-

монғол дәуірінде пайда болған. Оған дәлел көне

фо рма  тай//дай  сақталған.  Сол  сияқты

то понимнің  этимоло гиялық  мінездеме сі

мынадай:  хор//қар//қор  қар  +  тай//дай  (бір

нәрсенің  бар  екенін  білдіретін  көне  сөз

тудырушы  сын  есімнің  жұрнағы).  Яғни  қарлы

асу деген мағына білдіріп тұр.

Объектінің  аты  гео графиялық  және

метерологиялық 

жақт ан 


о рналасуына

байланысты сай келіп тұр.



ӘДЕБИЕТТАНУ ЖӘНЕ ТІЛ БІЛІМІ

2014 №1 (22)

69

Сөз боп тұрған осы үш тәсіл әрбір атауды

зерттеуде  ғылыми  жақтан  қарастырып  нақты

дәлел  беруге,  атауды  дұрыс  қоюға  септігін

тигізеді.  Осындай  ғылыми  жақтан  зерттеліп

қойылған  атаулар  төңірегінде  келіспеушілік  аз

болады.  Со ндай-ақ  даулы  мәселелердің

туындауына  жол  берілмейді.  Осы  зерттеулер

әртүрлі  ғылыми  атауларды  қамтығандықтан,

географиялық лингвистика - түрлі салалардың

өкілдерін  қызықтырып,  жер-су  аттарын,  жер

бедері,  топырақ  құнарлылығына  қатысты

атаулардың тарихын зерттеуге, лингвистикалық

талдаулар  жасауға  жұмылдыруға  негіз  болары

даусыз.

Әдебиет

1 Қайдар Ә. Т. Қазақ әдеби тілінің сөздігі.

– Алматы,  2006

2  Шакенов  А.  Қаракесек  шежіресі.  –  Н-

сибирск, 2006

3  Жанпейісов  Е.  Этнокультрная  лексика

казахского языка. - Алматы, 1989



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет