Issn 2308-0590 Индекс 74661 редакциялық кеңес мағауин Мұхтар



Pdf көрінісі
бет12/14
Дата03.03.2017
өлшемі1,98 Mb.
#6208
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

Resume

Резюме

ӘДЕБИЕТТАНУ ЖӘНЕ ТІЛ БІЛІМІ

2014 №1 (22)

В статье рассматриваются этимологические исследование географических мест.

The article discusses the etymological study of geographical locations.

70

Б. ҚАДЫРОВА, филология ғылымдарының кандидаты, доцент

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

МӘШҺҮР-ЖҮСІП ТІЛІНДЕГІ КОНТАМИНАЦИЯЛАНУ

ЖОЛЫМЕН ЖАСАЛҒАН ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕР

Фразеологиялық  тіркестер  –  тіліміздің

көркем де құнарлы салаларының бірі. Ол – өте

күрделі құбылыс болып табылады. Сондықтан

фразеология әр аспектіде, әр қырынан зерттеуді

қажет  етеді.  Қазіргі    уақытта  тілдік  бірлік

ретінде  фразеологизмдердің  семантикалық

құрылымы,  лексикалық  құрамы,  лексика-

грамматикалық  ерекшеліктері,  қолданылу

тұрғысынан  экспрессиялық-стилистикалық

реңктері,  диахрония  тұрғысынан  шығу  тегі,

жасалу жолдары т.б. мәселелер өз алдына жеке-

жеке  зерттеу  нысандарына  айналған.  Бұған

аталмыш салалар бойынша жазылған  көптеген

қомақты да салмақты зерттеулер дәлел.

Фразеология ғылымының міндеттері мен

зерттеу  ауқымы  өте  кең  және  көп  қырлы.

Фразеологиялық  мағынаның  коммуникативтік

жағдайларға бейімделуі, сөйлеу кезінде туынды

мағынаға ие болуы, сөзге жанамалық қатынаста

номинацияға  ұшырауы,  ұғым  мен  түсінікті

тереңдетудегі  танымдық  қызметі  мен  жүйесі,

оның  әлеуметтік  жағдайдағы  мәдени  ұлттық

ерекшеліктерді  көрсетуі  сияқты  мәселелер

фразеологияның  басты  міндеттері  болып

табылады.

Фразеологизмдер 

 

халықтың



дүниетанымын,  эстетикалық  талғамын,  сана-

сезімін,  наным-сенімін,  салт-дәстүрін,  әдет-

ғұрпын  танытатын  тұрақты  тілдік  оралымдар

болып  табылады.    Фразеологизмдер  осындай

қасиеттеріне 

орай 


Мәшһүр-Жүсіп

шығармаларында молынан кездеседі. Сонымен

қатар  олардан    ұлттық  сипат  айқын  көрінеді.

Осыған 


орай 

көркем 


шығармада

фразеологизмдерді қолданудың әр түрлі әдістері

бар екенін байқауға болады.

Ақын-жазушылардың  халық  тілінің

дамуына  зор  үлес  қосатыны  даусыз.  Халық

ішінен  шыққан  би-шешендер  мен  сөз

шеберлерінің  айтуынан  қалған,  солардың

қолданысынан  елге  тараған  фразеологиялық

бірліктер де мол. Олар тілдің құрамына жаңа сөз

тіркестерін, керемет ұйқастарды әкелді және әлі

де  әкелуде.  Тілдегі  фразеологизмдер

экспрессияның  таптырмас  құралы  болып

табылады.  По эзия  тілінде  жұмсалған

фразеологизмдердің барлығы да образды болып

келеді.  Дегенмен  де олар  экспрессивтік  бояуы

жағынан  бірі  күшті,  бірі  солғындау  болып

келеді.  Мәшһүр-Жүсіп фразеологизмдердің тым

күштілерін іздестіреді. Жоқ  болса, түрлендіріп

өзі жасайды. Суреткер әдеби тілді қолдануда сол

тілдің  негізінен,  дәстүрінен  қол  үзбейді.  Бірақ

бұл  дәстүрді  бұлжытпай,  еш  нәрсе  қоспай,

өзгертпей  сақтады  деп  айта  алмаймыз.  Оның

фразеологизмдері    стилистикалық  сипаты

жағынан  сан  алуан.  Ол  фразеологизмдерді

стильдік  тұрғыдан  өңдеп,  жаңартулар  жасап,

құбылтып 

қолданады. 

Осындай


фразеологизмдер  автордың  сөз  қолдану

ӘДЕБИЕТТАНУ ЖӘНЕ ТІЛ БІЛІМІ

2014 №1 (22)

ӘОЖ 811.512.122



Мақалада  автор  М.Ж.Көпеев  шығармаларындағы  фразеологизмдердің  ерекшеліктеріне

тоқталып, контаминациялану жолымен жасалған тұрақты тіркестерге кеңінен талдау жасаған.

Тірек сөздер: фразеология, М.Ж.Көпеев, контаминация құбылысы.

71

шеберлігін,  өзіндік  ерекшелігін  көрсетеді.

Ғасырлар  бойы  сұрыпталып,  тұрақталған  бай

фразеология  дәстүрін  қолдану  -  тек  Мәшһүр-

Жүсіпке емес, әрбір ақын, жазушыға тән тәсіл.

Ол қолданулардан де әрбір суреткердің өзіне тән

қолтаңбасы байқалып тұрады.

Фразеологизмдерді түрлендірудің  бір түрі

–  сиыстыру.  Тіл  біліміндегі  контаминация

құбылысы  ықшамдаудың, яғни  үнемдеудің  бір

тәсілі  ретінде  қарастырылады.  Ықшамдау

(үнемдеу) – жалпы тіл жүйесіне қатысты және

әртүрлі  тәсілдермен  жүзеге  асатын  құбылыс.

Сиыстыру құбылысының бір түрі контаминация

деп  аталады.  Контаминация  негізінде  жаңа

бірліктер  пайда  болады.  Ко нтаминация

құбылысы  жаңа  тілдік  бірліктердің  пайда

болуының бір тәсілі болып табылады.  Мәселен,

тілдегі  фразеологизмдер  құрамынан  мынадай

құбылыстар  көрініс  тауып  жатады:  мағынасы

жақын екі тұрақты тіркес бір-біріне кірігіп кетіп,

жаңа  үшінші  бір  тіркесті  тудырады.  Осы

құбылысты  тіл  білімінде    контаминация  деп

айтамыз.  Біз  Мәшһүр-Жүсіп  шығармалары

тіліндегі  фразеологиялық  бірліктердің  осы

контаминация  құбылысымен  байланысын

қарастырамыз.

Қазақ 


тіл 

білімі 


бойынша

фразеологизмдерді 

контаминациямен

байланысы,  қатысы  жағынан  қарастырған

ғалымдар  қатарына  Е.Қ.Жұбанов,  С.М.Исаев,

Н.Уәлиұлы, Г.Қосымоваларды жатқызамыз.

Зерттеулерде  қандай  да  сөздің  болмасын

тіркесу қабілеті қанша кең болса да, кез келген

екінші  сөзбен  тіркесе,  қосақтала  бермейді.

Мұндай  тіркесу  шектеулілігі,  әсіресе,  тұрақты

тіркестерде айқын сезіледі, өйткені фразеология

белгілі бір мағынада ғана қолданылатын, өзара

бөліп-жаруға келмейтін грамматикалық басқаша

өзгеріске  көнбейтін,  ежелден  қалыптасып

орныққан,  дайын  сөз  тізбектері  екендігі

айтылады.  Осыған  қарамастан  тілдің  даму

барысында  жаңа  ұғымды,  ойды  білдіру  үшін,

болмаса басқа экспрессивті-модальды мән қосу

үшін  кейде  тіркесудің  қалыптасқан  белгілі

шеңбері  сақталмай,  бір  сөз  бұрын  тіркеспеген

екінші  сөзбен  тіркесіп,  жаңа  сөз  тірке сі

жасалатыны  көптеген  тілдерде  ұшырасады.

Зерттеуші  Г.Қо сымо ва  фразеоло гиялық

ко нтаминация  туралы:  «Фразеоло гиялық

контаминация  (әлемдік  тіл  білімінде  осылай

аталып 


жүр) 

екі 


немесе 

бірнеше


фразеологизмдердің  ықшамдалып  кірігуінен

жасалады. 

Яғни 

мағыналары 



жақын

фразеологиялық  тіркестердің  біреуінің  бір

компоненті  мен  екіншісінің  бір  компоненті

өзара  кірігеді»  дей  келіп,  контаминациялық

жолмен  жасалынған  тіркестердің  эпостық

жырларда жиі ұшырасатынын айтып, олардың

мағыналық түрлерін көрсетеді[1]. Зерттеулерге

жүгіне  келсек,    контаминация  мағыналас  екі

фразалық тіркестерді біріктіру арқылы олардан

экспрессивтік  бояуы  күштірек  үшінші  бір

фразеологиялық  бірлікті  қалыптастырады.

Контаминациялану  арқылы  қалыптасатын

бірліктер  синонимдес,  варианттас  тіркестер,

тіпті  кейде  мағынасы  алшақ  фразеологиялық

бірліктер негізінде де фразеологиялық тіркестер

пайда  болады.  Бұндай  фразеоло гиялық

тіркестер  Мәшһүр-Жүсіпте  мол.  Мәшһүр-

Жүсіптің  «Тірлікте көп  жасағандықтан  көрген

бір тамашамыз» кітабынан контаминацияланған

фразеологизмдерді  жиі  кездестіруге  болады.

Мысалы:

Әркім-ақ жамандыққа көңіл берді.



Тыятын болмаған соң муфти қазы [І том,

28].


Көңіл берді – көңіл қойды//көңіл бұрды//

көңіл бөлді + сөз берді, сөзінде тұрды. КӨҢІЛ

АУДАРДЫ  [БӨЛДІ,  БҰРДЫ,  ҚОЙДЫ]  Назар,

зер  салды.  СӨЗ  БЕРДІ  Уәде  берді;  уәде-серт

байласты(Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі)

.

Білімге жабысайық көңіл қойып,



Ерлердің жұмысына жүрмін тойып [І том,

30].


Көңіл қойып – көңіл бөлді//көңіл аударды/

/ көңіл бөлді + ден  қою. ДЕН ҚОЙДЫ  Назар

аударды, ықылас қойды; ілтипат көрсетті, көңіл

бөлді; бой ұрды.

Көз тігіп қарағанмен көңіл бермес,

Не пайда  нұр сипатты сүмбіл шаштан [І

том, 29] .

Көңіл  бермес  –  көңіл  қоймады//көңіл

бұрмады//көңіл  қоймады+  сөз  бермеді.  Бұл

ӘДЕБИЕТТАНУ ЖӘНЕ ТІЛ БІЛІМІ

2014 №1 (22)


72

фразеологизмдер  фразеологиялық  сөздікте

көрсетілмегенімен,  білдіретін  мағынасы

жоғарыда  берілген  фразеологизмге  қарама-

қарсы  болып  келеді.  Көңіл  қоймады//көңіл

бұрмады//көңіл  қоймады  дегендерді  қарамау,

назар  аудармау,  зер  салмау  деп,  сөз  бермес

дегенді  уәде  бермеу,  уәде-серт  байласпау  деп

түсінеміз.  Болымсыздық  етістігінің –  ма,  ме;  -

ба,  бе;  -па,  пе  жұрнақтары  арқылы  жасалған.

Сонымен бұл жолдарда көңіл бермес деген көңіл

берді дегенге антоним ретінде қолданылып  тұр.

Көңіл бермес – көңіл қоймау + сөз бермеу.

Жігіттер, жақсы қайда үлгі шашқан,

Жүдеген мұңлылардың көзін ашқан [І том,

29].


Үлгі шашқан – үлгі көрсету + нұр шашу.

Үлгі  көрсету  дегеніміздің  мағынасы  түсінікті.

Басқаға  үлгі  болу,  жағымды  іс-әрекетімен

басқаға  тәрбие  бере  алатындай  болу.

Фразеологиялық  сөздікте  үлгі  көрсету  деген

тіркесті  бермеген.  Бірақ  о сы  мағынаны

білдіретін нұсқа қылды және өнеге алды  деген

фразеологизмдер  бар.  НҰСҚА  ҚЫЛДЫ  Үлгі

етті;  өнеге  тұтты  деп  көрсетілген.  ӨНЕГЕ

[ТӘЛІМ,  ҮЛГІ]  АЛДЫ  [ТҰТТЫ]  Үйренді,

нұсқа  алды.  Ал  қазақ  тілінде  нұр  сөзімен

байланысты фразеологизмдер өте көп. Мысалы:

НҰР ЖАЙНАДЫ Құлпырды, жарқырады,

шешек ата түрленді.

НҰР ЖАУДЫ  Басына бақыт қонды; құт-

береке болды.

НҰР  ЖАУСЫН  Бақытты  бол  деген

мағынадағы алғыс-тілек.

НҰРЛЫ СӨЗ Жақсы, ақылды сөз.

НҰРЛЫ АҚЫЛ Зердесі терең ой-таным.

НҰР  ҮСТІНЕН  НҰР  Тіпті  жақсы,  өте

тамаша, жақсылық үстіне жақсылық.

НҰР  ШАШТЫ  Сәулеленді,  жайнады;

шұғыласына бөледі.

Сонда ханы нөкерге жарлық шашты:

-Бара  сала  қоймаңдар  суға  басты!

(«Шайтанның саудасы» 12).

Жарлық  шашты  =  жарлық  етті//жалық

шығарды  +  нұрын  шашты.  Бұнда  жарлық

шаштының экспрессиясы өте жоғары болып тұр.

Дал болып, ойран көңілім сынық болып,

Мәшһүрдің  құр  шықпаған  шыбын  жаны

(«Шайтанның саудасы» 245).

Көңілі сынық = көңілі пәс// көңілі түсіңкі

+ жүзі сынық. КӨҢІЛІ ПӘС//КӨҢІЛІ ТҮСІҢКІ

көңіл-күйі жоқ, көңілсіз дегенді білдіреді. ЖҮЗІ

СЫНЫҚ  деген  де  көңілсіз,  ренжіңкі

мағынасында  да  жұмсалады.  Сонымен  қатар

сыпайылық  мағынасын  да  береді.  Бұл  жерде

алғашқы  ренжіңкі  мағынасында  жұмсалып

тұрғандығы контекстен белгілі болып тұр. Бұлар

өзара 


сино ним 

тіркестер.

Контаминацияланудың  өзі  мағыналары  жуық

тілдік  бірліктердің  арасында  болатыны

зерттеулерде дәлелденген.

Мәшһүр-Жүсіп тіліндегі жоғарыдағы нұр

шашқан  және  жарлық  шашқан  деген

контаминацияланған  фразеологизмдердің

образдылығы  өте  жоғары  болып  тұр.  Ол  жай

ғана  үлгі  көрсететін  жақсы  адамды  іздемейді,

айналасына  нұрын  шашатын,  жүдеген

мұңлылардың  көзін  ашатын    ерекше  адамды

іздейді.

Хайлакер стражник бейшараны,

Таба алмай кедей ақша  жапа тартқан [І

том, 33].

Жапа  тартқан  –  жапа шегу  +  жаза  тарту.

Жапа  шегу  мен  жаза  тарту  синоним  болып

келеді. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігінде

жазаға  ұшырады  деп  берілген.  ЖАЗАҒА

ҰШЫРАДЫ    [ТАРТЫЛДЫ]  //  ЖАЗАСЫН

[ЖАЗА] ТАРТТЫ  Айып- сыбағасын, сазайын

алды.

Мойнына жіңішкенің әбден мініп,



Секірген шайтанымен көңілі тынып.

Бозарған сұр жыландай іші зарлы.

Сүзектен тұрған жандай өңі сынып [І том,

38].


Көңілі  тынып  –  көңілі  басылды  +  жаны

тыну. Өңі сынып – өңі қашу + жүзі сыну (жүзі

сыныңқы).  КӨҢІЛІ  БАСЫЛДЫ  Жайланды,

іштей  тебіренуі  басылды.   Жаны  тынды  деген

жаны  жайланды  дегеннің  синонимі.  ЖАНЫ

ЖАЙЛАНДЫ  [ЖУАСЫДЫ,  КІРДІ,  ЖАЙ

ТАПТЫ,  САЯ  ТАПТЫ]  Көңілі  орнықты,

тыншыды,  көңілі  көншіді  (Қазақ  тілінің



ӘДЕБИЕТТАНУ ЖӘНЕ ТІЛ БІЛІМІ

2014 №1 (22)

73

фразеологиялық сөздігі).

ЖҮЗІ [ӨҢІ] СЫНЫ.

1.  Сыпайы,  инабатты,  ұятты.  Мысалы:

Жүзі сынық жақсы жан екен.

2.  Бет  ажары  бәсең,  көңілдері  төмен,

бірдеңеден  беті  қайтқан.  Мысалы:  Бәрінің

мойындарына су құйылғандай, жүздері сынық,

кімге өкпелеп, кімге килігерін білмейді.

Мәшһүр-Жүсіптің 

«Бо зарған 

сұр


жыландай  іші  зарлы.  Сүзектен  тұрған  жандай

өңі  сынып»  дегенінде  бет  ажары  бәс ең,

көңілдері төмен, бірдеңеден беті қайтқан деген

мағына бар.

Өлгенше жеуден аузын тыймас болды,

Еш досқа, туысқанға қимас болды.

Соншама семіздігі шектен асты,

Отырған ойларына сыймас болды [І том,

49].


Аузын  тыймас  –  тамақтан  тыйылмау  +

аузы  босамау.    Аузын  тыймады  деген  аузын

жаппады  деген    мағынада  қолданылады.

Берілген  контексте  тамаққа  байланысты,  тура

мағынасында қолданылып тұр. Шектен асты –

шектен  тыс  +  шамадан  асу  (шамадан  тыс).

ШАМАДАН  ТЫС  [ТЫСҚАРЫ].  Белгілі

мөлшерден артық. ШЕКТЕН АСТЫ [ШЫҚТЫ].

Асқынды, шамадан тыс кетті.

Жалғанда бір ұшырмай айт пен тойға,

Құса боп түсіп кеттім ұзын ойға.

Ұзын ой – тұңғиық ой// түпсіз ой// терең

ой. Тілімізде терең білді деген фразеологизм бар.

ТЕРЕҢ    БІЛДІ.    Жете  бойлап  барып  таныды.

Ұзын ойдың артында белгілі бір мөлшерде терең

білу бар.

Біз  жоғарыда  келтірілген  мысалдарды

«Тірлікте  көп  жасағандықтан  көрген  бір

тамашамыз»  кітабынан  келтірдік.  Мәшһүр-

Жүсіптің  келесі  бір  кітабы  «Сарыарқаның

кімдікі 

екендігі» 

кітабында 

да

контаминацияланған фразеологизмдерді табуға



болады. Мысалы:

Бір әріп, қылдан тайып, айтсақ өзге,

Абақты, бұйырылады даяр бізге ( І том, 66).

Қылдан тайып -  тура жолдан таю//жолдан

таю + қара қылды қақ жару. Өлеңнің контексіне

көз  жүгіртсек,  онда  егер  тура  жолдан  тайса

абақтының бұйыратыны айтылады. Жан-жаққа

мойын бұрмай тура жолда жүру, екінші жағынан,

белгілі  мөлшерде  адамның  әділдігіне  де

байланысты.  Халықтық  қолданыстағы  қара

қылды  қақ  жару  әділдік  дегенді  білдіреді.

ҚЫЛДАН  ТАЙДЫ.    Қате  басты,  жаңылды,

әділдіктен кетті. ҚАРА ҚЫЛДЫ ҚАҚ ЖАРҒАН

//  ҚАРА  ҚЫЛДЫ  ҚЫРЫҚҚА  БӨЛГЕН.  Тең

таразы,  әділдік  туралы  айтылады.  ТУРА

ЖОЛДАН ТАЙДЫ.  Дұрыс бағыттан ауытқыды.

Теріс жолға түсті.

Жол тауып, бас білетін ерімізді,

Тірідей көмбеді ме көрге салып (І том, 68).

Көрге салып – көрге тығу // көрге көму +

тозақтың  отына  салу  //  отқа  салу.  КӨРГЕ

ТЫҚТЫ.    Құртты,  жойды.    Фразеологиялық

сөздікте  тозақтан  құтқарды  деген  тіркес  бар.

ТОЗАҚТАН    ҚҰТҚАРДЫ    діни.  Азап,

қиыншылықтан  азат  етті.  Ал  Мәшһүр-Жүсіп

өлеңіндегі  көрге  салу  деген  фразеологизмнің

салу  деген  сыңары  тозақтың  отына  с алу

дегеннен  алынған  деп  топшылаймыз.  Сонда

тозақтан  құтқарды  -  тозақтың  отына  салды  -

антонимдес.

Әшім патша Мұхаммедке арыз қылды:

Өлтірме, қалсын аман шыбын жаны!(16Т.

109б.)

Арыз  қылды  –  арыз  айту  +  өтініш  ету  //



өтініш  қылу.  АРЫЗ  АЙТТЫ//АЙДАДЫ//

ҚЫЛДЫ    Өтінді,  сұрады,  шағынды.  ӨТІНІШ

ҚЫЛДЫ//ӨТІНІШ  ЕТТІ//ӨТІНІШ  АЙТТЫ

Өтінді,  сұрады.  Арыз  айтты  -  өтініш  айтты  –

синонимдес фразеологизмдер.

«Мәшһүрдің  қырық  алты  жасында

сөйлеген сөзі» деген өлеңінде:

Мәшһүрден келе жатыр өнер қайнап,

Бұлбұлдай қапастағы тұрған сайрап [І том,

72].


Өнер қайнап – өнері тасу// өнері асу + күш

қайнау//күш  қазандай  қайнау.    Қазақ  тілінде

«Күш қазандай қайнайды, күресуге дәрмен жоқ»

ӘДЕБИЕТТАНУ ЖӘНЕ ТІЛ БІЛІМІ

2014 №1 (22)


74

деген  мақал  бар.  Мәшһүр-Жүсіп  тіліндегі

өнердің  қайнауы  ерекше  көркем  сурет.  Өнері

жай ғана тасып тұрған жоқ, қайнап тұр. Қайнап

тұрдың тасып тұрғаннан  әсерлілігі өте басым.

Адамның күші бойына сыймай, бұрқ-сарқ етіп

қайнап тұрса, Мәшһүрдің өнері бойына сыймай

қайнап тұр.

Балалар жалқау болма шабан тартып,

Ілгері ұмтыла бас, күн-күн артып [І том,

84].

Шабан  тартып  –  шабан ат  +  кейін  тарту.



Шабан ат – қатты  жүрмейтін, баяу жүретін ат.

КЕЙІН  ТАРТУ  Ілгері  баспау,  ілгеріге

ұмтылдырса, артқа қарай кету.  Ақын балаларды

еріншек  болмауға  шақырғанда,  оларға    шабан

атт ай  жалқау  болмау  керектігін  айтады.

Еріншектіктен құтылып, ілгері ұмтыл, алға шық

дейді.  Еріншектік  –тікелей  жалқаулыққа

апаратын  жол.  Ал  жалқау  болсаң,  мал  да

бітпейді. Еріншек болсаң, кедейліктің арқанына

тұсақталдың деген ой жатыр.

Жігіттікте іс қылсаң жаннан кешіп,

Төр алдында отырып жерсің жамбас [І том,

85].

  Жаннан  кешіп  –  жан  аямау  +  от  кешу.



Қазақ  тілінің  фразеологиялық  сөздігінде  жан

аяды деген фразеологизм берілген. ЖАН АЯДЫ

Хауіпке  бармады;  басын  алып  қашты.  ЖАН

АЯМАС  1.    Айнымас,  кіршіксіз,  қалтқысыз

берілген.  2.  Хауіп-қатерден  қайтпас,  асқан,

ерекше,  нағыз.  Жан  аяды  –  жан    аямас  –

антонимдер. ОТ КЕШІП. Өмірдің ащысын көп

көрді. Бұл  - фразеологиялық  сөздікте берілген

анықтама.  Ал  контекстегі  жаннан  кешу

дегендегі  кешудің    семантикасында  аздаған

өзгешелік  бар  деп  ойлаймыз.  Онда  өмірдің

ащысын көп көргенділік деген семантика ғана

бар деп айта алмаймыз. Жан аямай, от кешсең

кейін құрметке бөленесің деген ой бар.

Мәшһүр-Жүсіп  шығармаларындағы

контаминацияланған    фразеологизмдер  түрлі

жолдармен  ықшамдалған.    Қаламгер  тіліндегі

контаминацияланған  фразеологизмдердің  үш

түрлі ықшамдалу жолы бар. Олар:

1)  мағыналары  жуық  және  құрылысы

бірдей  тіркестердің  ықшамдалуы.  Ондай

фразеологизмдерге  мысал  ретінде  мына  өлең

жолдарындағы  тіркестерді  көрсетуімізге

болады.


Білімге жабысайық көңіл қойып,

Ерлердің жұмысына жүрмін тойып (І том,

30).

Көңіл қойып – көңіл бөлді//көңіл аударды/



/ көңіл бөлді + ден қойды.

Хайлакер стражник бейшараны,

Таба алмай кедей ақша  жапа тартқан (І

том, 33).

Жапа  тартқан  –  жапа шегу  +  жаза  тарту.

Жапа  шегу  мен  жаза  тарту  синоним  болып

келеді.

2)  мағыналары  да,  құрылымдары  да  әр



басқа тіркестерден жасалған фразеологизмдер:

Мәшһүрден келе жатыр өнер қайнап,

Бұлбұлдай қапастағы тұрған сайрап ( І том,

72).


Осы  келтірілген  мысалда  контаминация

деп танығандарымыз: өнер қайнап – өнері тасу

+кек  қайнады  //  күш  қайнау//күш  қазандай

қайнау.  КЕК  ҚАЙНАДЫ.  Қаһарына  мінді,  кек

қысты, өш қысты.

3)  мағыналары  жуық,  құрылымдары  әр

басқа фразеологизмдердің контаминациясы:

Ауызыңды, ақылың болса, жабар едің.

Үндемей сабыр қылып бағар едің (І том.

26).


Сабыр қылып бағар едің– сабыр түбі сары

алтын + ауыз бағу.

Қалмақша әзіл, білем сөз қатысты.

сөз қатысты – сөзге келмеді+тіл қатысты.

4)  құрылымдары  біртектес,  мағыналары

басқа-басқа 

фразеологизмдердің

контаминациясы:

Бір әріп, қылдан тайып, айтсақ өзге,

Абақты, бұйырылады даяр бізге ( І том, 66).

Қылдан тайып -  Тура жолдан таю//жолдан

таю  +  Қара  қылды  қақ  жарған//Қара  қылды

қырыққа бөлген.  ТУРА ЖОЛДАН ТАЮ Дұрыс

бағытт ан  ауытқу.  ҚАРА  ҚЫЛДЫ  ҚАҚ



ӘДЕБИЕТТАНУ ЖӘНЕ ТІЛ БІЛІМІ

2014 №1 (22)

75

ЖАРҒАН//ҚАРА 

ҚЫЛДЫ 

ҚЫРЫҚҚА


БӨЛГЕН Тең таразы, әділдік туралы айтылады.

Қолыма бейсенбі күн қалам тұттым,

Нұсқадан  тәржімелеп,  е стіп  ұқтым

(12том,12).

Қалам тұттым = қалам ұстау + ораза тұту.

Мәшһүр-Жүсіп 

тіліндегі

контаминацияланған фразеологизмдердің өзіне

тән ерекшеліктері бар. Сонымен қатар олардың

әрқайсысының стильдік реңкі бар. Олар барлық

жағдайда  бірінің  орнына  бірі  жүре  бермейді.

Әрқайсының контексте қолданылатын орны бар.



ӘДЕБИЕТТАНУ ЖӘНЕ ТІЛ БІЛІМІ

2014 №1 (22)

Қаламгер 

контаминацияланған

фразеологизмдерге  түрлі  стильдік  қызмет

жүктеген.

Әдебиет

1  Қо сымова  Г.  Қазақ  эпо сындағы

фразеологизмдер. – Алматы: Мектеп, 1997. – 80

б.

2  Мәшһүр-Жүсіп  Көпеев  Көп  томдық



шығармалар жинағы.  - Алматы, «Алаш», 2006.

Resume

Резюме

Автор статьи анализирует значение фразеологизмов в произведениях М.Ж.Копеева.

The author analyzes the meaning of the phraseology in works M.Zh.Kopeev’s.

76

ӘДЕБИЕТТАНУ ЖӘНЕ ТІЛ БІЛІМІ

Ш.КЕҢЕСБАЕВА, филология ғылымдарының кандидаты, доцент

Семей қаласының Шәкәрім атындағы  мемлекеттік университеті

«АҢСАРЫ БИІК, АЛАУЫ – АҚ ЖАЛЫН, ШАБЫТЫ – СӘУЛЕЛІ» АҚЫН...

(Әбубәкір Қайран шығармашылығы хақында)

Қазақ руханияты үшін, халқы үшін өнегелі

іс атқарып кеткен Сағат Әшімбаевтың «поэзия

– жүрек сөзі» деген пікірі өлеңге берілген баға

еді.  Жай  сөздерден  артық,  тілден  ғана  емес,

жүректің түкпірінен жарып шыққан сәулелі сөз.

Поэзияның  артықшылығы  туралы  көп  сөз

келтіруге болады. «...сүйікті бір ақыны жоқ адам

– рухани жанашыр жақыны жоқ адам сияқты»,

-  депті  тағы  бір  сөзінде  сарабдал  сынның

сардары  болған  Сағат  Әшімбаев.Сонда

шынымен  по эзия  адам  жанын  нәзіктікке,

мейірбандыққа тәрбиелей ме?

«Поэзия, менімен егіз бе едің!» деп ақиық

ақын М. Мақатаев өлең арнағандай поэзия – ұлы

әлем, тылсым күш. Мұңайғанның жүзіне күлкі

сыйлатқан,  бейқам  көңілді  тұңғиық  ойға

шомдырған,  ғашық  көңілдердің  асық

жүректерін бір арнаға тоғыстырған не құдірет?...

Әрине, ол – поэзия.

«Өлең  –  сөздің  патшасы...».  Адам

жанының  сөздегі  көрінісі  болған  өлеңге  деген

құрметтің  азаймағандығы  хақ.  Тіпті  қазіргі

ақындардың баяғылардан артықшылықтары да

бар. Қазіргілер кәсіби білімді. Өзара жарысып,

таласып,  бақ  сынасып  жүрген  бүгінгінің

шайырлары 

бірінен-бірі 

озады. 

Сол


шайырлардың бірі – Әбубәкір Қайран.

Ақын,  журналист,  Қазақстан  жазушылар

одағының  мүшесі  Әбубәкір  Қайранның  әр

жылдары  жарық  көрген  кітаптарын,  әсіресе

«Маңдайдағы  жазулар»  мен  «Мен  ғашықпын

ғаламға»  атты  өлеңдер  мен  толғауларын

оқырман қауым жақсы қабылдады. Өлеңге деген

өзіндік құрметі бар ақын туралы, оның поэзиясы

туралы баспасөз беттерінде жылы пікір білдіріп

жатқандар да аз болған жоқ.

Әбубәкір Қайран тумысынан ақын болып

туғанына  ешкім  таласа  қоймайды.  Ал,  өлең-

сөздегі  шыққан  бүгінгі  биігіне  жету  үшін  тек

ақын болып туу жеткіліксіз еді. Ол – тынымсыз

еңбектің, толассыз білім мен ізденістің нәтижесі.

Ақын  болып  өмір  сүру,  дүниеге  ақын  көзімен

қарап,  дәл  сондай  ақын  жүрекпен  сезінуді

маңдайына жазылған тағдыр екенін ақын өзі де

мойындайды:

Мен жасаймын өмірде бірақ рет,

Ешбір адам екі рет туылмайды.

Сондықтан соза берем құлашымды,

Адамдар, өзіңе айтам расымды.

Менен әлі талай жыр туындайды,

Өмірге ғашық болған көңіл – көлдің,

Құрағы сырын айтып шуылдайды  [1, 9  б.].

Өмірге,  өлеңге  бейжай  қарай  алмайтын

ақынның  қаламынан  оқырманын  да  бейжай

қалдырмайтын  өлеңдер  туады.  Ол  өлеңді

құрамайды.  Көңіліне  көшіп  кеп,  кеудесінде

көлкілдеп  тұрған,  «ботадай  боздап  жүрген,

боталы  зарын  қозғап  жүрген»  мөлдір  жырын




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет