Issn 2308-0590 Индекс 74661 редакциялық кеңес мағауин Мұхтар



Pdf көрінісі
бет4/14
Дата03.03.2017
өлшемі1,98 Mb.
#6208
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

2014 №1 (22)

18

халқына  ілгері  өрлеу  үшін,  жол  көрсету  үшін

ақынның  азаматтық,  қаламгерлік  келбетін

саралағанда  оның  шығармаларын  бір-бірінен

бөлмей бір тұтас мұра ретінде қарастыруымыз

абзал,  өйткені  олар  көркем  ой,  асқақ  идея,

перзенттік  көзқарас  жағынан  ажырамас

туындылар. Ақынның шежіресін терең зерттеу,

ғибрат  алу  келешектің  еншісінде.  Шәкәрім

Құдайбердіұлының  «Түрік,  қырғыз,  қазақ  һәм

хандар шежіресі» қазақ халқының тарихи және

әдеби  мұрасы.  Қазақ  халқының  түп-тамырын,

шыққан тегін көрсететін асыл мұра.

Әдебиет

1 Қазақ шежіресі. Целиноград: Қаламгер

шығармашылық алқасы. 1991-96 б.

2  Назарбаев  Н.  Тарих  толқынында.  -

Алматы: Атамұра, 1999.-296 б.

3 Марғұлан Ә. Шежіре. Қазақ шежіресі //

Қазақ совет энциклопедиясы. – 1978. – Т.12. –

595 б.


4 Валиханов Ч. Киргизское родословие //

Собр. соч. в 5-ти томах. – А., 1985. – Т.2. – С.

148-166.

5 Әбілғазы. Түрік шежіресі. - Алматы: Ана

тілі, 1991.-208  б.

6  Құдайбердіұлы  Ш.  Шығармалары:

Роман,  қара  сөздер,  мақалалар,  аудармалар.  ІІ

том. -Алматы: Жібек жолы,2007.-624  б.

7 Бөкейханов Ә. Шығармалары.-Алматы:

Қазақстан,1994.-210.

8 Слямов А. Тарих және тағылым. Ғылыми

мақалалар жинағы. - Семей, Интеллект, 2010.-

326

ШӘКӘРІМТАНУ

2014 №1 (22)

Resume

Резюме

Автор статьи предостовляет свои научные исследования о книге Шакарима посвещенной

родословии.

The author predostovlyaet their research about the book Shakarim's ribute genealogy.


19

Ә. ЖҰМАҒҰЛОВА, филология ғылымдарының кандидаты

Семей қаласының  Шәкәрім  атындағы  мемлекеттік  университеті

ШӘКӘРІМТАНУ

2014 №1 (22)

ӘОЖ  811.512.122



ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ КЕҢІСТІКТЕГІ «ДОСТЫҚ»,

«ЖОЛДАСТЫҚ» СӨЗДЕРІНІҢ ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫ

ӨЛЕҢДЕРІНДЕГІ ҚОЛДАНЫСЫ ТУРАСЫНДА

Автор мақаласында достық, жолдастық сөздерінің мағыналық сипатына түсініктеме беріп,

ақын өлеңдеріндегі қолданысына талдау жасайды.

Тірек сөздер: достық, жолдастық, поэзия, Шәкәрім.

Тіліміздегі өзіміз білетін, жиі қолданысқа

ие  «дос»,  «достық»,  «жолдас»,  «жолдастық»

сөздерінің адам баласы үшін маңызы айрықша

екендігі айтпаса да белгілі. Ең алдымен «дос»,

«достық» сөздерінің қолданысы мен мағыналық

сипатына, түсініктемесіне көз жүгірсек.

ДОС  ир.зат.  1.  Бір-біріне  шын  көңілмен

берілген  сыйлас,  сырлас  адам.  Досыңа  өтірік

айтпа,  дұшпаныңа  сырыңды  айтпа  (Мақал).

Досыңа достық– қарыз іс, Дұшпаныңа әділ бол!

(Абай  ,  шығ.).  Болғандай  дос  сүйсінер,  жау

күйінер, Көркейіп көп жассасын, алға бассын!

(И. Байзақов , Таңд.) 2. Адамға пайдалы , серік,

жолдас.  Ит  –  адамға  шын  дос    жануар  (  Ы.

Алтынсарин,  Шығ.).  Құлагер,  құлынынан

досым еді, баспанам жауға тіккен қосым еді (І.

Жансүгіров,  Өлеңд.).  Өлеңдер  мен  аңыздарда

жылқы  баласы  адамның  досы,  жәрдемшісі,

серігі болып сипатталады( Қаз ССР тарихы). 3.

Ауыс.  Рухани азық, жұбаныш. Кітап сені сүйеді,

сен  кітапты  сүйесің.  Кітап  кісіге  до с  (Ө.

Тұрманжанов.  Адам).  Кенеле  көңіл    кеңесер

Досым – газет біл менің, Лебізімнен  леп есер

Самалынан  шілденің  (  С.  Сейітов  Бетпе-бет).

Уәсила формадағы егде сауыншылардың  көңілі

үшін қысыла отырып бірер ән орындап беретін

де,  одан  кейін  көңіл  ашар  досы  –  кітабына

үңілетін  (Сауыншы    шам-шырақ).  4.  Ауыс.

Қамқоршы, жанашыр.  Мұқаң   белгілі сыншы,

қазақ  әдебиетінің  досы  Кедринаның    адресін,

телефонын беріпті (Ж. Исмағұлов , Адам ).Тұт

ағаштың досы – Сары шымшық осы.  Көбелек,

құрт мұның Көңілінің қошы (Т. әбдірахманова,

Білесің бе?). Жайласып жатыр ақырын Зал толы

жырдың  достары.  Тыңдамақ  абзал  ақынын

Ардақты  отандастары (Ж. Молдағалиев Жыр).

5. Әрқашан жанымдасың, жүректе, көңілдесің.

Дос білек айырылмасын, Қос тілек бөлінбесін!

(І.  Мәмбетов  Табант ал).  Неге  алмайсың,

Қобылан, Дос қолымен, барымен Созып тұрған

семсерді  (М.  Әуезов,  Шығ.).  Жырлап  ем  дос

жүректің сырын аңсап, жазылса жырларымның

жолы жаңсақ, Өзің кеш, Марияшым, өзің түзе

(Қ. Бекқожин, Мариям) [1].

ДОСТЫҚ зат. Дос адамға тән ниеттестік,

жақындастық  қарым-қатынас.  Қожаш  пен

Ғайшадан  басқа  да  қыз-бозбалалар  сүйісіп

жатыр, бірақ бұл екеуінің сүйісуі жақындығында

риясыз достық бар( С.Көбеев, қалың мал ).

Достық түбін сүйек айырсын деп, Досай

ауылына  күйеу  болып  Қалышты  айттырды

(М.Әуезов Қараш-қараш)[1].

Осындай сан қырлы мәнге ие «дос» түбір

сөзінің  өзінен  достық,  доссымақ,  доссыз,

достай. доссын, достас, достастыр, достастыру,

достасу, досты, достықсыз, досша, дос-шар, дос-

дұшпан,  дос-жаран,  дос-жарандау,  дос-жора,

дос-замандас  т.б.  туынды  сөздер  құралатыны,

қолданылатыны белгілі.

Шәкәрім Құдайбердіұлы өлеңдерінде дос


20

болу, дос табу, жолдас болу, досына сырын айту,

сыр  бөлісу  т.б.  достық  ұғымына  қатысты

бірліктер қолданыс табатын болса, бұл ой Абай

Құнанбаев өлеңдерінде де көп ретте шын досты

іздеу,  до стыққа  налу  сынды  тұст арында

сабақтастық  табады.  Мәселен,  ақын  Шәкәрім

өлеңдерінің бірінде жалғыз сыр бөлісер, түсінер,

серік болар адамы  қасындағы жолдасы Әупіш

жайында 


баяндай 

келе, 


до стықтың,

жолдастықтың бірден-бір белгісі – таза жүрек,

адал адам болуда екендігін айтады.

Серігім жалғыз Әупіш, қасымдағы,

Ертеден жолдасымсың жасымдағы.

Таза жүрек, ойында арамдық жоқ,

Қайғымды сен ұғасың басымдағы [2, 246

б.].


Шын жолдастың «тілектес, тілеулес» бола

алатын айта отырып:

Оның жоқ тілегінің алалығы,

Менімен бірге өткен балалығы [2, 246 б.].

Сондай-ақ ақын өлеңдерінде «достарым»

деп  жалпылық  мағынада  «халыққа»,

«замандасына»  бағыттай  қолданатын  тұстары

кездеседі.

Мен досыңмын, жау емес,

Еліре берме, қайта ту.

Жүрегім дертті, сау емес,

Сол себепті сөзім –у [2, 38 б. ]

немесе,

Шошыма достым сөзімнен,



Сөз– құдайдан шыққан бу.

Ұқпасаң көр өзіңнен,

Жұтқызайын нұрлы су [2, 333 б.]

Демек  байқағанымыздай,  Шәкәрім

өлеңдеріндегі достық ұғымына қатысты ойлар,

семантикалық  бірліктер  таза  жүрек,  тілектес,

тілеулес  сөздермен  толығатындығын  байқауға

болады.


Жоғарыда  айтып  кеткендей,  Шәкәрім

Құдайбердіұлы  өлеңдерімен  үндес,  сарындас

достық жайлы ойларды ақын Абай Құнанбаев

өлеңдерінен де  кездестіруге болады.

 Қажымас дос халықта жоқ,

 Айнымас серт қайда бар?

 Алда көрген артта жоқ,

 Мысқыл, өсек, айла бар....

...Жау қожаңдап бұртиып,

Дос құбылып, әуре етер.

Кімі тентек,  кімде айып,

Тексере алмай өмір өтер  [3, 128 б. ]

Өлеңде  «Дос  құбылып,  әуре  етер»  деп

Абай  өз  ортасына,  дос  болар  адамына  көңілі

толмай налиды.

«Достық» деген киелі, ұлт мәдениетінде,

менталитетінде  орны  бар  ұғым  Абай  мен

Шәкәрім  шығармаларынан  өзге  тұстарда    да

қолданыс тапты. Дос болу, достық, жолдастық

туралы  бұрын  да,  бүгін  де  айтылды,  айтылып

келді,  айтыла  да  береді.  Тіптен  бұл  сөздің

ауқымы,  мағынасы  қолданыс  аясы  кеңейіп,

мағыналық қатары толығуда. Тіптен сонау ескі

түркі  жазба  ескерткіштерінде  де  дос,  жолдас

болу,  сыйласу  сынды  қасиеттер  турасында

мағыналы, түйінді ойлар кездеседі. Мәселен,

Жақсы киім бойға жарасады,

Жақсы  жолдас  ойға  жарасады  (Ә.Науаи)

[4, 74 б.]

немесе


До с  пен  жақын  –  ерге  тірек  (Ю.

Баласағұни) [4, 74 б.]

Орт а 

ғасырлардағы 



жыраулар

шығармашылығында  да    өздері  өмір  кешкен

жаугершілік  заман  талабы,  ерлік  сарынды

отаншыл  жырлар  көрініс  табады.  Жыраулар

по эзиясында  достық,  жолдастық,  татулық

сынды  адамдық  қасиеттер  барынша  түйінді,

мәнді  жеткізіледі.

Шалкиіз жырау:

      Құсты жисаң бүркіт жи,

     Қыс тоныңды түлкі етер,

     Бір жақсымен дос болсаң,

     Азбас, тозбас мүлкі етер,

     Бір жаманмен дос болсаң,

ШӘКӘРІМТАНУ__2014_№1_(22)'>ШӘКӘРІМТАНУ

2014 №1 (22)


21

     Күндердің күні болғанда,

     Жімле ғаламға күлкі етер [ 5, 44 б.]

 Бұқар жырау:

Ежелгі дос жау болмас,

Шірнеуіште хаты бар.

Ежелгі дұшпан ел болмас,

Көңілінде кірдің таты бар.

Ежелгі дос жау болмас,

Айтысқан оның серті бар.

Ежелгі дұшпан ел болмас,

Көңілінде тұтқыр кірі бар [5, 85б.].

Қо рыта  айтқанда,  бүгінгі  күндегі

лингвомәдени  жүйеде  анықталатын  қазақ  тілі

кеңістігіндегі  «до стық»  сөзінің  ауқымы

әлдеқайда  кең.  Ол  этномәдени  және  тарихи

болмысында  түрлі  этно с  және  этникалық

топтардың ерекшеліктерін танытады.

Қазақ  тілі  кеңістігіндегі  достық  сөзі  –

әртүрлі  ұлттық  ассоциацияларды  меңзейтін

ұлттық  символдарға  айналып,  қазақтың  ұлт

ретіндегі 

біртұтастығын, 

бүтіндігін

сипаттайтын,  ұлттық  арқаудың  бірі.  Ұлттың,

ұжымның  терең  қатпаларында  жасырынып

жатқан  мәдени  архетиптердің  тілдік  бейнеде

сақталған этнотаңбасы екенін көрсетеді.



Әдебиет

1  Қазақ  тілінің  түсіндірме  сөздігі.  –

Алматы: Жазушы, 1986. – 453 б.

2 Құдайбердіұлы Шаһкәрім. Жол табалық

ақылмен. – Жидебай, 2006.–725 б.

3 Абай. Шығармалар.– Алматы, 1994. - 415

б.

4  Құрышжанұлы  Ә.  Ескі  түркі  жазба



ескерткіштері. – Алматы, 2001. – 470 б.

5  Мағауин М.  Қазақ хандығы  дәуіріндегі

әдебиет. – Алматы: Ана тілі, 1992. – 176 б.

Resume

Резюме

В  этой  статье  анализируется  функционирования  концепта  «дружба»  в  произведениях

Шакарима.

This article examines the operation concept of "friendship" in the works Shakarim's.

ШӘКӘРІМТАНУ

2014 №1 (22)


22

Т.  КӨШ ЕНОВА,    филология  ғылымдарының

кандидаты, доцент

С.  ЕРГӨБЕК,  филология    ғылымдарының

кандидаты, доцент

Қ.А.Ясауи  атындағы  Халықаралық  қазақ-түрік

университеті

ШӘКӘРІМНІҢ ТҮРШІЛДІК ШЕБЕРЛІГІ

Бұл  мақалада  Шәкәрім  поэзиясының  құрылымы  туралы  сөз  қозғалады.  Ақынның  өлең

архитектоникасындағы  жасаған  жаңалықтары  оның  қазақ  өлең  құрылысындағы  дәстүрлі

өлшемдердің өзгеше мүмкіндігі деп қарастырылады.

Поэзия – сөз өнері, көркемдік шеберліктің

теңдесі жоқ озық үлгісі. Оның үстіне поэзияның

ас а 


маңызды 

әлеуметтік, 

қо ғамдық

құбылыстарды  бейнелеп  көрсете  алатын  зор

мүмкіншілігі бар. Ол – айналамыздағы дүниені,

өмірді  танып-білудің  күшті  құралы,  біздің

қоғамдық 

ой-санамыздың, 

көркемдік,

эстетикалық сезіміміздің үлкен, өнімді саласы.

Поэзия жанры жайлы бұдан артық ешкім ештеңе

айта алмасы анық.

Қазіргі  таңда  әлемге  Абай  арқылы

танылған  қазақ  ұлтының  Абайға  дейін  де

по этикалық  дүниесі  де  о сал  болған  жоқ.

Бастауларын ежелгі дәуірден алып жатқан қазақ

әдебиетінің алтын қорында небір шайырлардың,

небір  дүлдүл  мен  шешендердің,  ақын-

жыраулардың мұраларының қалғаны әмбеге аян.

ХIХ  ғасырдың  соңына  қарай  ұлттық

әдебиет тарихында ұлы өзгерістер бола бастады.

Қазақтың  дәстүрлі  жазба  әдебиеті  [1]  жаңа

жазба  әдебиетке  өз  орнын  ұсынды.  Әдебиет

тарихына  «жаңа  жазба  әдебиет»  атауы  енді.

Әрине, мұның басында Ұлы Абай тұрды. Ұлы

ақын,  М.Әуезов  айтқандай,  өзіне  дейінгі

халқының  бай  халықтық  қазынан,  бұған  қоса

шығыс әдебиетінің нәрлі бұлағынан емін-еркін

сусындады. Абай поэзиясына үңіле  қарасаңыз,

одан ежелгі дәуірдегі әдеби жәдігерліктердің де,

жыраулық  поэзияның  үлгісін  таба  аласыз.

Ғылымда  Абайдың  шығыс  классиктерімен  де,

ақын-жыраулар  шығармашылықтарымен  де

сабақт астығы  жайлы  арнайы  зерттеулер

жас алуда.  Ал 

бүгінде  ке зінде 

Абай

жаңашылдығы  дегеніміздің  өзі  дәстүрге



айналғанына да ғасырдан асты.

Абай  дәстүрі,  оның  ақындық  мектебі  –

ғасырға жуық зерттелгенімен, оның қазақ өлең

жүйесін  дамыту  дәстүрлері  әлі  де  зерттеуді

қажет ететін маңызды мәселелердің бірі.

Қазақ  әдебиетінің  тарихында  Абайдан

кейін  ақындық  құдіретімен  поэзия  әлеміне

өзінше түр қосып, жаңа өрнек салған, халықтың

рухани  ғұмырнамасында  бай  да  асыл

қасиеттерімен  көмкерілген  әдеби,  тарихи

дүниетанымды  бойына  сіңіріп,  келешекке

түрлендіре  ұсынған  Шәкәрім  болды.  Бұлай

болмағы  заңды  да  еді.  Шәкәрім  өмірінің

алғашқы жартысын Абайдай кемеңгер ағаның,

ұлы  ақынның  қасында  өткізіп,  оның  рухани

әлемінен сусындап, тәлім-тәрбиесін алып өссе,

өмірінің  кейінгі  кезеңінде  өзі  де  М.Әуезов

сынды болашақ ұлы жазушыға, ғұлама ғалымға

рухани  аға  ұстаз  бола  білді.  Ұстазы  Шәкәрім

жайлы  шәкірті,  Мұхт ар  Әуезо в  «Абай

ақындығының  айналасы»  атты  мақаласында

Абайдың өз  тұсында, өз дәуірінде  еңбек еткен

ақындар  туралы  айта  келіп:  «Мұндай  ақын  -

төртеу.  Оның  екеуі  -  Ақылбай,  Мағауия;

Абайдың өз балалары... Қалған екеуі - Көкбай,

Шәкәрім. Осы төрт ақын Абайдың нағыз толық



ШӘКӘРІМТАНУ

2014 №1 (22)

ӘОЖ  821.512.122



Тірек сөздер: поэзия, Шәкәрім, өлең өлшемі, ұйқас.

23

мағынадағы  шәкірттері,  Абайдан  аталық,

ағалық,  ұстаздық  тәрбие  алудан  басқа,  оның

өлең  мен  қара  сөздерін  оқушы,  әрі  таратушы,

бағалаушы,  тұтынушы...»  [2,  244]  -  деп

бағалаған-ды.

Шындығында, Шәкәрімнің ақындық әлемі

сан тарау мәселелерді қамтитын, кең де келелі

зерттеулер мен пайымдауларды қажет ететін аса

ауқымды  да  арналы  тақырып.  Бұл  мақалада

Шәкәрімнің  өлең  өрнектеріндегі  түршілдік

мәселесі, бұл өлшемдердің шығу төркіні туралы

ойды ортаға салсақ дейміз.

Шәкәрім ақынның бір-біріне ұқсамайтын

өлең өріміндегі құрылымдары оның түршілдік

шеберлігін танытады. Академик Зәки Ахметов:

«Поэзияға  енгізілген  қандай  да  бір  тың  үлгі-

өрнекке қалыптасқан белгілі өлшемдерді жоққа

шығарғандық  деп  қарайтын  жаңсақ  түсінік  те

ара-тұра бой көрсетіп қалып жүреді» - дей келе,

алайда  мұнда  ескерілмей  кететін  басты-басты

үш  себепке  тоқталады.  Алдымен,  сол  өлшем-

өрнек  қалайда  орныққан  өлең  түрлерімен

құрылысы жағынан негіздес болады; ол өзгеше

өріліп, мүлде бөлекше сипат алғанымен, ұлттық

өлең  жүйесінің  заңдылықтарына  сәйкес

жасалады.  Екіншіден,  жаңа  үлгідегі  өлең

неғұрлым  күрделірек  құрылс а,  даралық

қасиеттері  де  соғұрлым  молырақ  болады.

Үшіншіден, әдебиетке бір тың ой-өрнек енгізу

үшін,  әбден  сыннан  өткен  кең  таралған  басқа

өлшем-өрнектерді құрбан етудің ешбір қажеттігі

жоқ»  [3,  180]  –  деген  пікірімен  толық  келісе

отырып, Шәкәрімнің өлең архитектоникасында

жас аған  жаңалықтарын  оның  дәстүрлі

өлшемдердің  өзгеше  мүмкіндігін  ашуы  деп

қарастыру  қисынды. Енді  осы пікірлерді  ақын

шығармаларымен нақтыласақ.

Шәкәрім  ақынның  шығармаларының

құрылымы  алуан  түрлі.  Бірінде  есте  жоқ  ескі

замандағы  өлең  өрнектерін  жаңғыртса,  ал

екіншісінде қазақ өлең құрылысындағы дәстүрлі

өлшемдердің  өзгеше  мүмкіндіктерін  ашады,

үшіншісінде Абай дәстүрін өзінше түрлендіреді.

Алдымен ескі замандағы өлең өрнектерін

жаңғырта қолданды дедік. Баршамызға мәлім,

негізінен, қазақ өлең құрылысында 11 буынды

өлең өлшемі - ежелден орнығып, аса кең тарап

келген өлең өлшемі. Шәкәрім де осы үлгімен өз

өлеңдерін    өрді.    Кей  жерлерде  11  буынды  12

буынға көтерген жерлер де кездеседі. Мәселен,

«Бостандық таңы атты» деген өлеңін алайық:

Бостандық таңы атты, қазағым, көріңдер,

12

Арға ие басшының соңынан еріңдер.



12

Таң артынан хақиқат күн шығады,

11

Еріншек, жалқаулық әдеттен безіңдер.



12

Арамдық, аразды түбімен жойыңдар,

12

Өтірік, өсекті біржола қойыңдар.



12

Намыс, жігер бойыңа жиып қайрат,

11

Қажымай адалдық жағында болыңдар



12

[4, 129].

Көріп 

отырғанымыздай, 



өлең

шумақтарындағы  тек  үшінші  тармақтардан

басқасы 12 буынмен өрілген. Ақын неге сүйеніп

қалыптасқан  11  буынды  12-ге  көтерді?  Рас,

өлеңде айтылатын байсалды, парасатты ойдың

толық  жеткізілуі  үшін  екені  белгілі.  Сонымен

қатар  12  буынды  өлшем  біздің  өлеңдік

табиғатымызға жат емес. 12 буынды өлшемнің

түп-төркініне  назар  салсақ  12  буынды

өлшеммен Қожа Ахмет Ясауи де өз хикметтерін

жазған. Ал Ясауи ілімімен Шәкәрімнің арасында

үлкен  байланыстың  барлығы  туралы  бүгінде

біршама зерттеулер бар.

Сопылық идея ХХ ғасыр басындағы қазақ

поэзиясында  да  өз  жалғасын  тапты.  «Кітаби

ақындар» 

атанған 

Ж.Шайхұсламұлы,

Ш.Жәңгірұлы,  Кашафутдин,  А.Сабалұлы,

М.Жұманұлы, Н.Наушабайұлы, М.Жүсіп, тіпті

М.Сералин, 

Сұлтанмахмұт, 

Шәкәрім

шығармаларындағы  дағдылы  дәстүрлер



жалғастығы,  тұрақты  бейнелеулер  со ны

айғақт айды. 

Әсірес е, 

Шәкәрім


шығармашылығында мол көрінеді. Демек, ақын

12 буынды өлшемді қолданғанда хикметтердің

осы  өлшеммен  жазылғандығынан  хабардар

болған десе де болады. Ал жаңғырта қолданды

деуімізге  с ебеп,  өлең  т аза  12  буынмен

жазылмаған,  әр  шумақтағы  үшінші  тармақтар

11  буынды  қазақи  өлшеммен  жазылған.  12

буынды өлшем мен 11 буынды өлшем жымдаса

өріліп, әдемі өрнек құрған десе де болады.

Тағы  бір  айтарымыз,  Шәкәрімдегі  ұйқас

хақында біршама өлеңдерінің алғашқы шумағы

бірыңғай ұйқасқа, не шалыс не кезектес ұйқасқа



ШӘКӘРІМТАНУ

2014 №1 (22)

24

құрылады да, қалған шумақтар аааб ұйқасымен

өріледі.  Мәселен,  «Айна  қойдым  алдыма»,

«Бейісте  бар  сұлу  жар»,  «Ажал,  маған  арақ

берсең» т.б. Бұл ұйқастың да төркіні сонау орта

ғасырда жатқандығын ғалымдар айтып жүр.

Абай  жаңашылдығы  дәстүрге  айналды.

Бұл хақында бүгінгі таңда еркін көсіліп айтуға

нақты  дәлелдер  жетерлік.  Бұған  тоқталудан

бұрын  дәстүр мен жаңашылдық мәселесіне аз-

кем тоқталсақ.

М.Қаратаев  дәстүр  мен  жаңашылдық

диалектикасына арнайы тоқтала келіп: «Дәстүр

мен  жаңашылдық  дейтін  проблема  кең

мағынасында – философиялық проблема. Себебі

бұл  дүние  жүзіндегі  барлық  даму  атаулының

тетігі.  Мұнсыз  өсу,  өрбу,  өзгеру  жоқ...    Онсыз

өмір  жоқ.  Неге  десеңіз,  ештеңеден  ештеңе

шықпайтыны, яғни, «нөлден» ештеңе өнбейтіні,

екінші сөзбен айтқанда, жоқтан бар болмайтыны

белгілі...

Осыған ұқсас, әйтсе де, өзіндік өзгешелігі

мен ерекшелігі бар, тегін сақтай отырып, жаңара

да жаңғыра жалғасатын күрделі диалектикалық

даму  процесі қоғамдық,  рухани  құбылыстарға

да тән» [5, 9] - деп атап көрсеткен. Ғалымның

осы айтқандары Абай мен Шәкәрім арасындағы

рухани  жақындық  жайлы  айтылғандай.  Осы

пікірді нақтылай түсу  мақсатында Шәкәрімнің

«Ашу мен ынсап» өлеңінің Абай поэзиясымен

сабақтастығы  жайлы  сөз  қозғасақ.  Туынды  8

тармақпен,  7-8  буынды  өлшеммен  жазылған.

Мұнда  ақын  шалыс  ұйқастың  өзгеше  өрнегін

жасайды.  Екі  төрт  тармақты  шумақта  жұп

тармақтарының дыбыстық сапасының үндестігі,

буындар  позициясының  ұқсастығы  бір  шумақ

етеді.  Ұйқас  суреті  шумақ  құрылымының

сыртқы  сипаты  ғана.  Сондықт ан  бұл

тармақтарды шумаққа топтауда да тізгін ұйқаста

емес секілді. Ішкі логикалық өрістің дамуы мен

ой  тиянақталуы  осы  сегіз  тармаққа,  олардың

сабақтасуына орайластырылған.

«Ашу  мен  ынсап»  өлеңінде  сегіз

тармақтың  мағыналық  біртұтастығы  айқын,

сегіз  тармақтағы  ой  бір  желіге  тартылып,  бір

бағытта өрбіген. Әрі әр шумақтың  мағыналық

жігі айқын, логикалық өрісі тұжырымды.

Білгенімді жазушы ем,

Бекем буып белімді,

Мінін айтып қазушы ем,

Түзетпек боп елімді.

Бұлдарлық ой менде жоқ

Бұған шыққан терімді.

Ұқтырарлық пенде жоқ

Қате басқан жерімді [4, 47].

Мәселен,  алғашқы  шумақта  ақынның  ақ

ниеті,  шын  пейілі,  жанашырлығы  баяндалса,

екінші  шумақта  елден  талабы  қайтып,  көңілі

қалған  ақынның торыққан,  жасыған,  қажыған

күйі беріледі. Мысалы,

Күні-түні ойланып,

Жазудан да жалықтым.

Газет, кітап қолға алып,

Оқудан да талықтым.

Ел тіліме көнбеді,

Жыладым да қамықтым.

Үмітсіздік  дендеді,

Зорықтым да шалықтым.

Бұл  тармақтарды  топтайтын  мағыналық

бірлік  қана  еме с,  ұйқасушы  негіздердің

грамматикалық  параллель  қатарлар  түзуі,

сөйлемдердің,  синтаксистік  единицалардың

құрылымындағы  ұқсастық.  Дегенмен,  бір

шумақт а 

шо ғырланған 

тармақтардың

синтаксистік сабақтастығын бір жүйеге түсіруі

мүмкін емес. Мазмұн мен өлшем талабына орай

синтаксистік  единицалардың  құрылымы

түрліше құрылады.

Бір  шумақ  ішіндегі  төрт  құрылымның

барлығы  бірдей  синтаксистік  қатынаста  бола

бермейді.  Көбінесе,  екі  құрылымның

синтаксистік  сабақтастығы  ұқсас  болса,  өзге

екеуінікі бірыңғай болады. Мәселен,

«Бәріне де хабар сал,

Рақым, Ұят, Ар қайда?

Қаруыңды жиып ал,

Құр ашудан не пайда?

Қайратың мен Сақтығың

Көріне ме маңайда?

Өлше істің ақтығын,

Ынсап бар ма оңайда» [4, 49].

ШӘКӘРІМТАНУ



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет