«өмір үйін» күйретіп, мансұқ етеді.
Resume
Резюме
В статье автор рассматривает особенности направление суфизма в произведениях
Шакарима.
The author considers the peculiarities of the direction of Sufism in the Shakarim's works.
ШӘКӘРІМТАНУ
2014 №1 (22)
13
ШӘКӘРІМТАНУ
2014 №1 (22)
ӘОЖ 821.512.122
Қ.ТӨЛЕБАЕВА, филология ғылымдарының кандидаты, доцент м.а.
Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті
ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫ ШЕЖІРЕСІНІҢ
ӘДЕБИ-ТАРИХИ МӘНІ
ХХ ғасыр басындағы қазақ зиялыларының
көшбастаушысы – Шәкәрім Құдайбердіұлы
шығармашылық қызметтің бірнеше саласында
- поэзияда, прозада, аудармада, трактат жазуда,
шежіре жазуда үлкен мұра қалдырды.
Шежіре өзге ешбір ұлтта жоқ қазына. Бұл
халықтардың көне тарихы жөнінде айтылатын
мағлұматтар «шежіре», «тайра», «тарих»,
«сееджер» т.б. болып әр түрлі айтылғанымен
«сақтау» деген мағынаны, ал семит-араб
тілдерінде «ағаштың бұтағы» деген ұғымды
білдіреді. Яғни, араптың «шаджара» үрімбұтақ,
тармақ деген сөзінен негіз алатын бұл мұра
ежелден бері халықпен бірге жасасып келе
жатқан өнер. Демек, шежіре біздің аталарымыз
үшін тарих қызметін атқарған. Шежірешілдік
көшпелі қо ғам туғызған қажеттілік және
көшпелілердің әдет-ғұрып, салт-санасының
негізінде туған. Ол халықтың этникалық
құрылымын анықтауға, тұтастығын көрсетуге
мүмкіндік беретін төл тарихымыздың нұсқасы,
ұлттық рухани мәдениеттің құрамдас бір бөлігі.
Бұл жөнінде Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев:
«Шежіре халықты біріктіруші, тұтастандырушы
сипатта рөл атқаратын идеологиялық құрал
болатынын» [2] тарихи еңбегінде ерекше атап
өтеді.
Қазақ шежіресінде халықтың ғасырлар
бойы
ұстанған
даналық
қасиеттері,
дүниетанымы, сенімі, басынан өткен тағдыры,
ол жолдағы дара тұлғалардың ерлік, еңбек,
өнегесі сараланған. Өткендегі қариялардың тағы
бір дәстүрлі дағдысы кездескен жерде сәлемнен
соң, сүйегің кім, қай туған баласың?-деп
сұрайтыны да осыдан.
Орта ғасырдан бергі мың жылға жуық
уақыт аясында жазылған тарихи еңбектердің
баршасы өзінің құрылымдық бітімі жөнінен
болсын, жеке тұлғаны тірек ете отырып
баяндайтын мазмұндық арқауынан болсын
немесе ауызекі шежірешілдікке негізделген
баяндау стилінен болсын, ең алдымен ауызша
тарих айту дәстүрін тұғыр етіп отыратыны
айқын байқалады. Әйгілі «Монғолдың құпия
шежіресі», «Шара Туджи», Лубсан Данзанның
«Алтын
топшы»,
Рашид-ад-диннің
«Жылнамалар жинағы», Жамал Қаршидің
«Оғыз-қыпшақ» және «Қарахан шежіресі»,
Бейбарыс пен Халдунның «Қыпшақ шежіресі»,
Заһир
ад-дин
Мұхаммед
Бабырдың
«Бабырнама», Дулат Мұхаммед Хайдардың
«Тарих-и Рашиди», Осман Кухист анидің
«Тарих-и Абул-Хайр-хани», Әбілғазы Баһадүр-
ханның «Түрік шежіресі», Ұлықбектің
«Сұлтандар шежіресі», Жалайыр Қадырғали
Қосымұлының «Жәми-әт-тауарих», Өтеміс
Қажының
«Шыңғыс-нама»,
Шоқан
Уәлихановтың «Ұлы жүз шежіресі», Шәкәрім
Құдайбердіұлының «Түрік, қырғыз-қазақ һәм
хандар шежіресі», Нұржан Наушабайұлының
Тірек сөздер: шежіре, Шәкәрім, тарих, этимология.
Автор мақаласында Ш.Құдайбердіұлының «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі»
кітабының құндылығын, шежіреде халықтың шығу тегі, даму тарихы емес, одан әлдеқайда кең
мәліметтерге көңіл бөлгендігін саралайды.
14
ШӘКӘРІМТАНУ
2014 №1 (22)
«Манзумат қазақия», Ғұсманғали Сыдықовтың
«Тарих-и қырғыз-қазақ шадманиясы»,
Құрбанғали Халидтің «Тауарих хамса»,
Мұхамеджан Тынышбайұлының «Қырғыз-қазақ
халқының тарихына қатысты материалдар»,
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының «Қазақ
шежіресі», Сәбит Мұқановтың «Халық мұрасы»,
Әлкей Марғұланның «Наймандар», Мұсатай
Ақынжановтың «Қазақтың тегі туралы», «Ұлы
жүздің шежіресі», Марат Мұқановтың «Орта
жүздің шежіресі», «Кіші жүздің шежіресі»,
Жамбыл Артықбаевтың «Еуразия көшпелілері
ғасырлар мен мыңжылдықтар шендесуінде»,
«Қазақстан тарихы», «Этнос және қоғам»,
Қойшығара Салғараұлының «Қазақтың қилы
тарихы», т.б. осы сияқты еңбектердің қай-
қайсысы да өзінің мән-мазмұны тұрғысынан
шежірешілдік дәстүрде жазылған және деректік
негізі халық жадында сақталған мағлұматтарды
арқау етіп отырады. Сөз жоқ, мың жылға жуық
уақыт аясында жазылған мұндай толымды
еңбектер, ең алдымен, с ахара төсіндегі
көшпелілер арасында тарих жазудың төл мектебі
қалыптасқанын және ондай мектептің
қалыптасуына шежірешілдік дәстүрдің тікелей
ықпал еткенін өз кезінде Ш. Уәлиханов, қазақта
«бірде-бір мәнді оқиғасы, бірде-бір керемет
кісісі туралы айтылмай қалғаны, халық жадында
сақталмай қалғаны жоқ», - деп атап өткен [4].
Расында да, қазақ мәдениетінде, төл әдебиетінде
үлкен деректік қор бар. Ол деректемелердің
тарихи шындықты суреттеудегі ерекшеліктері
ғылымда қарастырылмай келді. Қазақ
шежірелерінің т арихи мәліметтерін сын
көзқарас тұрғысынан тексеру, нақты ғылыми
тәсілдермен шындыққа сәйкес келетін ақиқатын
анықтау, қажетінше ғылыми айналымға енгізу
– мемлекет, ұлт және мәдениет тарихын деректік
тұрғыда зерттеуді жаңа деңгейге көтеретін
келелі мәселе.
Қазақ халқының ата шежіресі ерте кезден
сақталған. Оған «Жеті атасын білмеген жетесіз»,
«Жеті атасын білген ер – жеті рулы елдің қамын
жер, Жалғыз өзін білген ұл – құлағы мен жағын
жер» деген аталы сөздер дәлел бола алады.
Шәкәрім Құдайбердіұлының «Түрік,
қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресін» бүгінгі
таңда зерттеу - өзекті мәселе.
Ш.Құдайбердіұлының «Түрік, қырғыз,
қазақ һәм хандар шежіресі» кіт абының
құндылығы, онда баян етілген материалдар әлгі
түсініктен әлдеқайда ауқымырақ. Шежіреде
халықтың шығу тегі, даму тарихы емес, одан
әлдеқайда кең мәліметтер сараланады. Өйткені,
Шәкәрім Құдайбердіұлы қазақ һәм түркі
халықтарының тарихын, олардың өткізген түрлі
тарихи процестерін асқан ізденімпаздықпен
жазғанын аңғарамыз. «Қазақтың түпкі атасының
жайын білмек болып, көп уақыттан бері сол
туралы естіген, білгенімді жазып алып және
әртүрлі жұрттың шежіре кітаптарын оқыдым.
Оқыған кітаптарымның мұсылманшасы:
«Тәбіри», «Тарих ғумуми», «Тарих антшар
аласлам», Нажиб Ғасымбектің «Түрік тарихы»,
Әбілғазы Баһадүр ханның жазған «Шежіре
түрік» және қырылып, Нұх пайғамбар үш
баласыменен, оның қатындары Алла тағаланың
өміріменен кемеге кіріп, аман қалыпты. Осы
күнгі барша адам балалары сол Нұхтың үш
баласы-Сам, Хам, Яфастың нәсілі. «Тарих
ғумуми» деген кітапта барша түрік, иран юнан,
қытай һәм европадағылар Яфас нәсілінен.
Барша хабаш, судан, зәңгибар, барша қара түсті
жұрт – Хам нәсілінен дейді. Әртүрлі кітаптардан
алынған сөздер, орысша кітаптан оқығаным –
Радловтың ұйғыр туралы, Аристовтың түрік
нәсілі туралы, дүниедегі әртүрлі жұрттың
шежірелерінен орысшаға көшірген сөздері,
оның ішінде түріктің ең ескі замандағы шежіре
кітаптары «Құдатғу білік», «Кошочидам» деген
кітаптардың сөздері және қытайдың Юән-шау-
Ми-ши деген жазушысының сөзі және араб-
парсы, рум-европа жазушыларының сөзі және
қазақтың жаңылыс айтқан өтірік аталары – бәрі
сол кітапта бар» [6].
Еңбектің өне бойында осынау деректерді,
сонымен бірге шежірелік дерек төңірегіндегі
әртүрлі тарихшылардың, зерттеушілердің
пікірлерін салыстырып, одан ақылға
қо нымдысын
пайдаланып,
неғұрлым
дұрысырағын таңдап алуға тырысады. Мәселен,
еңбектің «Шежіре басы» атты бөлімінде түрік
нәсілінен шығу тегі жайында шежіре тарата
отырып, Шәкәрім Әбулғазы Баһадүр ханның
«Шежіре и түрік» деген еңбегіндегі Нұх
пайғамбардың ұлы Яфастен тараған сегіз
15
баланың бірі түрік болғаны жайындағы деректі,
қытай шежіресіндегі түрік жұртын қасқыр мен
адамның қосылуынан пайда болды-мыс деген
сөзін, Радловтың ұйғырлар туралы кітабындағы
түрікті ағаштан жаралды деген болжамдарын
салыстыра қарастырады да, оларға «қытай
шежіресіндегі ертегі сықылды қисынсыз сөз»
немесе «Радлов кітабындағы қытай сөзінен,
ағаштан бала туды дегені еш сөзге қисынбайды»
[6] - деп, өзінің көзқарасын білдіреді. Осыншама
еңбектерді, деректерді ақтарған, оларды
саралаған, ғылыми сыннан өткізген Шәкәрім
Құдайбердіұлын тарихшы, әрі деректанушы
ғалым ретінде танимыз. Тарихи зерттеулерді,
жазба, ауызша деректерді сыни көзбен тексеріп,
талдай отырып, керектісін алады. «Ескіден
қалған сөз теріп, өз ойынан өң береді». Мұндай
тапжылмай отырып, табандылықпен шежіре,
яғни зерттеу жазу өзге зерттеушілерге үлгі
боларлықтай. Сол кездің мүмкіншілігі шектеулі
деп есептесек, Шәкәрім сынды талантты
тарихшы құлашын кең сермеген. Інісінің
талантын байқаған Абай оған жастайынан-ақ
халық тарихына қатысты деректерді жинап,
шежіре жазуға ақыл береді. Сөйтіп Шәкәрім он
тоғыз жасынан шежіре жазуға кірісіп, ол еңбегін
1911 жылы Орынбор қаласында «Түрік, қырғыз,
қазақ һәм хандар шежіресі» деген атпен кітап
етіп шығарады, еңбегінің көлемі - 114 бет.
Бұл шежіре турасында Ә.Бөкейхан:
«Мұнан бұрын қазақ шежіресі қазақ тілінде
кітап болып басылған жоқ. Шәкерімнің бұл
кітабы – қазақ шежіресінің тұңғышы; қазақ
шежіресін білмек болған аға-іні іздегенді осы
кітаптан табасың. Енді мұнан былай қазақ
шежіресін жазбақ болған кісі Шәкерім кітабын
әбден білмей қадам баспа» [7] – дейді.
Шәкәрімнің шежіре жазуы заңды
құбылыс. «Біраз сөз қазақтың түбі қайдан
шыққаны туралы» атты ұлы Абайдың шежірелік
шығармасы оған да қатты ықпал етті. Қазақтың
түбі қайдан шыққанын ғылыми дәлелді, тарихи
деректі етіп қазақ шежіресін жазу жолын Абай
өзі бастап көрсетіп берген. «Абай қазақ
шежіресін жаз деп 19 жасымда қазақ шежіресін
жинай бастадым. Сол кісінің ұқтыруымен ел-
елге кісі жіберіп, хат жазып жинақтаған
мағлұматтары да шежіреде бар» [6] – дейді
Шәкәрім. Шежіреде Шәкәрімнің дүниежүзілік
мәдениет қазынасынан, рухани бастаулардан аса
мол нәр алғанын, түрлі шығармаларды Шығыс
пен Батыстың әйгілі тарихшыларының
еңбектерін мұқият оқып шыққанын аңғару қиын
емес. Ел аузында ежелден сақталып келе жатқан
тарихи аңыз әңгімелерге де көңіл бөліп онда
айтылған оқиғаларды тарихи кітаптардағы
мағлұматтармен салыстырып барып өз
еңбегінде пайдалану, оларға шолу жасау еңбекті
жазуда көп көмегін тигізген. Қазақтың түпкі
атасының жайын білмек болып әртүрлі жұрттың
шежіре
кіт аптарын
оқиды.
Оқыған
кітаптарының мұсылманшасы: Табари «Тарих
ғумумий», «Тарих ғұсмани», «Тарих анттар ал-
слам», Нәжеп Ғасымбектің «Түрік тарихы»,
Әбілғазы Баһадұр ханның жазған «Шежіре-и-
түркі» және әртүрлі кітаптардан алынған сөздер
белгілі тарихшы Әбілғазының (1603-1663)
«Түрік шежіресі» атты еңбегін мұқият оқыған.
Еңбек 1725 жылы француз, 1770 жылы орыс
тіліне аударылған. 18 ғасырда неміс, ағылшын,
түрік тілдерінде басылып шыққан. Шығыс
тіліндегі нұсқасы 1826 жылы жарық көрген.
Шәкәрім шамасы осы басылымды пайдаланған.
«Орысша кіт аптардан оқығаным, - дейді
Шәкәрім, - Радловтың ұйғыр туралы (К вопросу
об уйгурах), Аристовтың түрік нәсілі туралы,
дүниедегі әртүрлі жұрттың шежірелерінен
орысшаға көшірілген сөздері. Оның ішінде
түріктің ең ескі замандағы шежіре кітаптары
«Құтадғу білік», «Кошо қайдам» деген
кітаптардың сөзі. Және қытайдың Юань-Чао-
Ши деген жазушысының сөзі және араб, парсы,
рум, Еуропа жазушыларының сөзі». Бұл
жазбалардан анықталатыны Шәкәрім тарих
қойнауына, құпия сырына үңілместен бұрын
әсіресе Шығыс елдері туралы өз заманына
дейінгі және сол кезде айтылған, қалыптасқан
ғылыми, тарихи пікір тұжырымдармен жақсы
таныс болған, көп ізденген, оқығандарын ой
елегінен өткізген, мақсат-міндеттерін анықтап
алған. Ол сонымен қатар араб тарихшы ғалымы
Ибн-ал-Асирдің, Ибн Халдунның о рыс
ғалымдары-тарихшылар
Левшиннің,
Березиннің, Спасский, Маевскийлардың
еңбектерін оқыған. Тарихшы ғалымдардың,
жазушылардың кітаптарын зерделеп оқып,
ШӘКӘРІМТАНУ
2014 №1 (22)
16
терең зерттеп, мол мағлұмат жинап, тұңғыш
қазақ шежіресін жазуға кіріскен.
«Түрік, қырғыз, һәм хандар шежіресін»
жазумен көп жыл бойы шұғылданып, зор еңбек
еткен (1877 жылдан 1911 жылға дейін, 34 жыл).
Мазмұны терең, ой нысанасы айқын,
композициялық жағынан біртұтас, жүйелі
жазылған еңбекте Адам ата мен Хауа анадан
бергі шежіре жолына барлау жасалынған. Кітап
«Шежіреден бұрын», «Шежіре басы»,
«Қазақтың қайдан шыққаны», «Хан шежіресі»,
«Шыңғысхан шежіресі», «Стамбулдағы түрік
нәсілі», «Сарт», «Өзбек», «Ноғай», «Башқұрт»,
«Қалмақ һәм телеуіт», «Түрікмен», «Яқұт»,
«Оранхай», «Енисейдегі түрік», «Күншығыс
Түркістандағы түрік» деп аталатын ірілі-ұсақты
бірнеше тараудан тұрады. Кітап соңында оның
«Мақсұт» «Қазақ», «Насихат», «Тағы сорлы
қазақ», «Қош» деп аталатын өлеңдері берілген.
Шәкәрім шежіресінің қара сөзбен жазылған
бөлігіндегі аталынған тақырыптар тарихи
деректерді жүйелі баяндаумен берілген. Қазақ
халқының ежелгі түркі ру-тайпалары
жүйесіндегі ең негізгі құрамды танытатыны
барлық тарауларда да анық байқалады.
Шежіреден байқалатын ең басты ерекшелік
Шәкәрім өзі сөз етіп отырған мәліметтерді тек
өзіне ғана телмейді. Әрбір деректерді қай
еңбектен оқығанын қайдан алғанын үнемі
баяндап отырады. Шежірелік дерек төңірегінде
әртүрлі тарихшылардың пікірлерін салыстыра
көрсетеді. Еңбектің «Шежіре басы» атты
бөлімінде Шәкәрім түрік нәсілінің шығу тегі
жайында ойларын бере отырып, Әбілғазы
Баһадұр ханның «Шежіре түрік» еңбегіндегі Нұх
пайғамбардың ұлы Яфистен тараған 8 баланың
бірі түрік болғаны жайлы деректі, Радловтың
«Ұйғырлар туралы кітабындағы түрікті ағаштан
жаралды» деген болжамдарын, Қыт ай
шежіресіндегі түрік жұртын қасқыр мен
адамның қосылуынан болды деген сөзді, еш
сөзге қисынбайды деп өз көзқарасын білдіреді.
Шежіре еңбегінің ең басты құндылығы өткен
замандағы түрлі жазбалар мен кітаптардың
мәліметтерін салыстыра топтап-жинап, елеп-
екшеп ұсынуында. Шәкәрім кітаптардың көбін
түпнұсқа күйінде оқып танысқан. Шәкәрімнің
Меккеге бару сапары да таза діншілдік ниеттен,
тек қана қажы атану ойынан тумаған. Оның бұл
сапарында өзге де мақсатының болғандығы
анық. Ол жөнінде ақынның өзі былай деген:
«Меккеге бара жатқан сапарымда Стамбулда 13
күн, бері келе жатқанда тағы 13 күн болып
тарихты ақтардым, керек кітаптарды почтамен
үйге жіберіп отырдым. Меккенің де, Мединенің
да тарихтарын ақтардым, жол қатынасы жайсыз
болып Мысырға (Египетке) баруға рұқсат ала
алмадым. Сол сапарда Шығыс, Батыс
ғалымдарымен сөйлесіп пікірлестім, ерте
кезеңде шыққан ғалымдар шығармаларын
жаздырып алдым». Ақынның «Жасымнан жетік
білдім түрік тілін» деп жырлауы сондықтан,
қандай еңбекке болса да зерделей үңіліп, оның
дәнін алып, көпшілікке мәлімдей білу оның
қаламгерлік болмысына тән. «Қазақтың қайдан
шыққаны» деп аталатын ең ірі тарауында қазақ
халқының шыққан тегі, жүріп өткен тарихи
жолы, қазақтың үш жүзі, хандары, жекелеген
рулар тарихы турасында мол мағлұматтар
берілген. Шәкәрім бір рудың шежіресін
таратқанда нақты мысалдар негізінде еңбектің
көркемдік қалпын, мазмұнын әрлендіре түседі,
құрғақ деректерге бой ұрмайды. Тарихи аңыз
әңгімені пайдаланып Әбілғазы Баһадүр мен
Аристов кітаптарындағы мағлұматтарға сүйеніп
Шәкәрім бір мәселе туралы былай деп жазады:
«Біздің қазақтың үш жүзге бөлінгенін қазақтар
былайша айтады: «Әз Жәнібек қазақты
Қашғардағы Шағатай нәсіліне қаратқан соң
кешікпей сол кезде қазақты һәм көшпелі басқа
елдерді Жүніс ханның Ахмед деген баласы
билеп, оның ағасы Жәнікей, шын аты Махмұд
деген Ташкентте үлкен хан болыпты», – дей
келіп, Ахмед ханның қазақтан әскер жасақтап,
қалмақты шапқанын баяндайды. «Қалмақты
шаба берген соң, – делінген шежіреде, –
қалмақтар Ахмед ханды «алашы» қойыпты,
мағынасы жан алғыш дегені. Оны естіген Ахмед
хан, қалмақ бұл атты қорыққан соң қойды, енді
қалмақты шапқанда «алашылап» шабыңдар
деген соң, қазақтар «алашы» деп шауып сол
қазаққа ұран болыпты. Алаш – алаш болғанда,
Алашы хан болғанда, қалмаққа не қылмақ, – деп
мақтанатыны сол» – дейді Шәкәрім. Осы мысал
негізінде-ақ тарихты дұрыс көрсетуге тырысқан.
Қазақ тарихын баяндай келіп ол Қобыланды
ШӘКӘРІМТАНУ
2014 №1 (22)
17
батыр туралы мынандай бір деректі алға
тартады: Қара қыпшақ Қобыланды бірде
Әбілқайыр ханның сүйікті қазысы Дайыр
қожаны өлтіріп кетеді. Әз Жәнібек хан
Қобыландыны өлтіру туралы бұйрық береді.
Әбілқайыр Қобыландыны жақсы көреді, әрі ел
тыныштығын ойлап дауды үш кісінің құнын
төлетумен тәмамдайды. Сонда Дайыр қожаның
әкесі Қыдан баласының сүйегін айналып жүріп:
«Қара қыпшақ Қобыландыда нең бар еді
құлыным», – деп қапаланса керек. Кейінірек бұл
сөз қазақ ішінде кең тарап кетсе керек. Шәкәрім
шежіресінде Қобыланды батыр - қазақ атаулы
елдің ноғайлы атымен жүрген заманының
адамы. Жырда «адасқанын жолға салдың бұл
ноғайлы елінің» деп келетін ұйқас қазақ атаулы
рулардың ол кезде ноғайлы болып жүргенін
көрсетеді. Мұндай тарихи деректер шежіреде
көп кездеседі. «Қасым ханның қасқа жолы»,
«Есім ханның ескі жолы», «Күлтөбенің басында
күнде кеңес», «Еңсегей бойлы ер Есім»,
«Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» сияқты
ел ішінде көп айтылатын мән-мағынасы
көпшілікке түгел таныс емес ұғымдар астарына
үңіліп, әрқайсының шығу этимологиясы,
онымен сабақтас жағдайлар турасында
айтылатын деректер - осының айғағы. Қазақтар
1723 жылы қалмақтан жеңіліп үдере көшкен
тұста Шәкәрімнің баяндауынша «аш-жалаңаш»
жаяу шұбап бір көлдің басына келіп, көлді
айнала жатса бір ақсақал: «Балаларым адам
басынан кешкен жақсылықты қандай ұмытпаса,
жаманшылық көргенін сондай ұмытпау керек,
біздің бұл көрген бейнетіміздің аты «ақтабан
шұбырынды, алқа көл сұлама» болсын» депті.
Табанымыз ағарғанша жаяу жүріп, көлді
айналып жатқан деген күн мағынада айтылса
керек қария сөзі. Және сол жолда айтылған
қазақтың е скі өлеңінде ауыл көшкенде
Қаратаудан көш асқанда енесін артып алған бір
тайлақ көшті жанап боздайды, қарындасын,
жақынын қалмақтар өлтірген жылаулар оны
жо қтап, ол да зарлайды. Бұл шежіреде
көрсетілген ел басына түскен ауыр кезең
болатын.
Шежіренің екінші бөлімі өлеңмен
жазылған. «Мақсұд» атты өлеңі Жаратушы
Аллаға («Бір Алла бергеніңе сансыз шүкір»)
мінәжат етуден басталады. Автор шежіре
жазудағы мақсатын, халықтың өткен тарихын
жазу арқылы ұрпақтарға адамгершілік тәрбиесі
ықпалын жасау мұратын білдіреді. Халықтың
да, билеуші хандардың да татулықпен
еңбексүйгіштікпен ғана өсіп-өркендейтін
ұлағатын уағыздайды. Шежіренің «Қазақ» атты
бөлігінде ұлттың өркендеуіне кедергі болып
отырған кесапатты қылықтар өткір тілмен
сыналады. Ғылымды, өнер-білімді игеруге
құлықсыздықты, ағайын ішіндегі араздықты,
ұрлық, өтірік т.б. кертартпалықты сынайды.
Шежіренің «Нәсихат» атты бөлімінде халқының
үлкендерін де, жастарын да ғылымды игеруге
шақырады. Шежіредегі «Қазақтың түп атасы»
– тарихи дастан түрінде жазылған шығарма.
Оны мынандай т ақырыпшалар арқылы
саралауға болады: біріншісі – қазақтың түркі
оғыз тайпалары бірлестігі кезеңі; екіншісі –
түркі-моңғол тайпалары бірлестігі кезеңі;
үшіншісі – Алтын Орда қыпшақ дәуіріндегі
қазақ т арихы; төртіншісі – Сақа, Осман
түріктерінің тарихы; бесіншісі – қазақ хандығы
кезеңіндегі оқиғалар; алтыншысы – ХVІІІ ғ.
Абылай хан басқарған кезең, қазақ-қалмақ
соғыстары. Бұл тарихи дастан-шежіреден
халқымыз тарихындағы көрнекті тұлғаларға
деректік сипаттама көрсетілгенін байқаймыз.
Шәкәрім «Ғылымсыз адам - айуан» атты
сыр сөзінде:
Дұрыс деме, құры ойлап,
Ақылға сынат, сабыр қыл.
Жығылмайтын дәлел тап,
Бірезу болма өзімшіл.
Мініңді тапса, кім сынап,
Аяғына, бар жығыл,
«Қап, бәлем» деп, кекті ұнап,
Сақтай көрме ойға зіл» [6], –
деп ғалым болмақтың басты шарттарын баса
көрсетеді.
Қорыта айтарымыз, Шәкәрім шежіресін
жазушы, әдебиетші, тарихшы, ғалымдар жете
көңіл бөліп, өздерінің зерттеу еңбектерінде
пайдаланып отырған. Шәкәрім шежіресінің
идеялық мұраты – халықтың бұрынғы және
кейінгі тарихын жалғастыра отырып, қазақ
ШӘКӘРІМТАНУ
Достарыңызбен бөлісу: |