История государства №2, 2012 Бүркiтбай Ғелманұлы Аяған


мЕмЛЕКЕт тарихЫ    №2, 2012



Pdf көрінісі
бет16/20
Дата06.03.2017
өлшемі3,84 Mb.
#7948
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20

мЕмЛЕКЕт тарихЫ    №2, 2012        
-   137  -
история государства    №2, 2012
зерттеген  ғалымдар  -  Қ.  Алдажұманов  пен 
М.  Баймаханов.  Қ.  Алдажұманов  еңбек 
армиясында  болғандардың  құқығының  заң 
жүзінде бекітілгенін жан - жақты дәйектеді. 
Көптеген статистикалық мәліметтер арқылы 
еңбек  армиясында  болған  адамдардың 
республика  экономикасына  қосқан  үлесін 
анықтады.  Ал  жер  аударудың  құқықтық 
негізін  заңгер  М.  Баймаханов  кәсіби  түрде 
талдайды.  Кеңестік  басшылықтың  үкімдері 
мен  қаулылары,  нұсқауларын  қолдана 
отырып,  саяси  қуғындалудың  барысын 
ашып береді. Авторлар көбінесе жеке ұлттар 
тағдырына тоқталған. 
Ресейде  де  осы  кезде  Лагерлер  бас 
басқармасының тарихы туралы сараптамалық 
талдаулар  жасаған  еңбектер  шыға  бастады. 
Соның  бірі  «ГУЛАГ:  его  строители, 
обитатели и герои» [29] атты кітап. Онда ку-
лактармен күрес, большевиктерге Лагерлер 
Бас  Басқармасының  қажеттілігі,  шіркеудің 
қудалануы туралы мәселелер қарастырылып, 
репрессия құрбандарының естеліктері, ақтау 
туралы статистикалық мәліметтер берілген. 
Кітапта  қазақстандық  Далалық  лагердегі 
1954 жылы болған көтеріліс туралы пікірлер 
айтылып кетеді. 
Арнайы қоныс аударушылар мен еңбек 
армиясында  болғандарды  Қазақстанның 
әртүрлі  аймағы  бойынша  зерттеу  де  осы 
жылдарда  қолға  алынды.  Батыс  Қазақстан 
аймағы  Ж.  Қыдыралина  [30,  188  Б.],  ал 
Орталық  Қазақстан  М.  Сүлейменова 
диссертациясында  [31,  30  Б.]  ашылды. 
Дис-сертанттар 
облыстық 
мұрағаттар 
мате-риалдарын  ғылыми  айналымға  енгізе 
отырып,  арнайы  қоныс  аударушылар  мен 
еңбек  армиясында  болғандардың  еліміздің 
экономикасының  дамуына,  оның  ішінде 
өнеркәсіп орындарын салуға қосқан үлесін 
анықтайды.
Айта  кетуіміз  керек,  осы  жылдардағы 
жер  аудару  мәселесін  теориялық  - 
методологиялық 
зерттеу, 
мәселенің 
республикадағы  жүргізілу  барысына  ар-
налған ірі ғылыми зерттеу жұмысы немесе 
монографиялық  еңбектер  әлі  жазылған 
жоқ.  КСРО  бойынша  арнайы  қоныс 
аудару  обьектісіне  айналған  Қазақстанда 
жарияланған  деректер  жинақтары  да, 
ғылыми еңбектер де көбінесе жеке халықтар 
тарихына арналды.
Сонымен  қатар,  саяси  репрессия 
құрбандарын  ақтауда  Ресей  мен  Қазақстан 
да  бірігіп  жұмыс  істеуде.  2000  жылы 
мамырда  Төменгі  Тагилдік  ҒЗО  –  «Тарихи 
информатика»  лабораториясымен  Форд 
қайырымдылық  қоры  және  «Мемориал» 
халықаралық  қоғамы  қолдауымен  «КСРО 
саяси  репрессиялар  құрбандары  Біріккен 
электронды  мәліметтер  банкісін  құру 
мәселесі»  тақырыбындағы  ғылыми  - 
практикалық  конференциясы  өткізілген 
болатын.  Бұл  конференция  «Қайтарылған 
есімдер»  жобасын  жасады  және  оның 
координациясы  үшін  жұмысшы  тобын 
құрды.  Жобаның  координаторы  жұмысы 
Төменгі Тагиль мемлекеттік педагогикалық 
институтына  тапсырылды  [32,    4-5  Б.]. 
Қазақстанда бұл мақсатта   Ұлттық   Ғылым 
Академиясы     
Ш.  Уәлиханов  атындағы  Тарих  және 
этнология  институты,  «Әділет»  қоғамы 
жұмыс  істеді.  Бүгінгі  күні  осы  бастама 
негізінде 
Қазақстанда 
14 
«Азалы 
кітап»  («Книга  скорби»)  жасалынды. 
Қазақстан  бойынша  146  400-ға  жуық 
репрессияланғандар есімдері анықталды.
2000  жылдан  бастап  саяси  репрессия 
тақырыбының  зерттелу  барысы  өзгерді. 

-   136  -
-   137  -
история государства    №2, 2012
Бұрынғыдай  емес,  мәселе  әртүрлі  жағынан 
ашыла бастады. 
Осы  жылы  академик  М.  Қозыбаев 
«Казахстан  на  рубеже  веков:  размышления 
и  поиски»  деген  іргелі  еңбегін  [33] 
шығарды. Еңбектің екінші кітабында ғалым 
Қазақстан  тарихындағы  кеңес  кезеңіндегі 
саяси  репрессияларына  тоқталған.  1990-
1998  жылдар  аралығында  жарық  көрген 
мақалаларында аталған тақырыптың әртүр-
лі мәселелерін зерттеген болатын.
Аталған        кезеңде            тарихшылар 
С.  Шаймұханов,  Д.  Шаймұхановалардың 
«Политические  репрессии  в  Казахстане» 
де-
ген  көлемді  еңбегі  [34,  180  Б.]  жарық 
көрді.  Еңбекте 
Қазақстандағы  саяси 
репрессиялар 1920-1950 жылдар аралығында 
қарастырылады. 
Онда 
мемлекеттің 
жүргізген  саясаты,  интеллигенцияның 
қудалану барысы айтылады. Сонымен қатар, 
ерекше  лагерлер  мен  «Отанын  сатқандар» 
әйелдерінің лагерлері туралы да мәліметтер 
беріледі.
Кеңестік 
саяси 
репрессияның 
бір  қыры  «қызыл  террор»  тақырыбы 
болып  табылады.  Қазіргі  қазақстандық 
тарихнамада  «қызыл  террор»  мәселесі 
ақтаңдақ  күйінде,  «қызылдар»  терроры 
«ақтар»  басқыншылығының  көлеңкесінде 
қалуда.  Қазіргі  қазақстандық  тарихнамада 
большевиктердің  өлкедегі  жүргізген  саяси 
репрессияларының  бастау  көзінде  тұрған 
«қызыл  террорды»,  әскери  революциялық 
трибуналды  жүзеге  асыру,  азамат  соғысы 
жылдарындағы  құрбандарды  зерттеген 
еңбектер аз.
Қазақстандағы  саяси  репрессияларды 
зерттеуге  белсенді  араласып  отырған 
Қарағанды облыстық мемлекеттік мұрағаты 
болып  табылады.  Мекеменің  ұйымдастырып 
отырған дөңгелек үстелдер материалдарында 
[35,  127  Б.]  көптеген  талдама  мағлұматтар 
бар. 2003 жылы осы мекеме «Памяти жертв 
политических репрессий» деген тақырыпта 
ғылыми - практикалық конференция өткізді. 
Конференция материалдарында жарияланған 
Е. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік 
университетінің  ғалымдары  мен  аталған 
мұрағат қызметкерлері мақалаларында және 
саяси репрессия құрбандары естеліктерінде 
әр  түрлі  мәселелер  қозғалды.  Қарағанды 
облысындағы  евангелистік  христиан  - 
баптистік  қауымдар  және  евангелистік 
қоғамның жетпіс жылдығына арналған кітап 
та  шығарылды  [36,  185  Б.].  Еңбекте  неміс 
қоныс  аударушыларының  ХIХ  ғасырдан 
бастап  Қарағандыға  келу  тарихы  кеңінен 
талданады.  Діни  тұрғыда  жазылған  кітапта 
Қарағанды еңбекпен түзеу лагерінде болған 
евангелистер  туралы  ақпараттар  беріледі, 
адамдар  тағдырымен  Қарлаг  тарихы 
анықталады.
Қарағанды  мерзімді  басылымдары  да 
саяси  репрессиялар  туралы  жазып  жатты. 
Көтерілген  мәселелер  әртүрлі  тақырыпты 
қамтиды [37]. 
Лагерлер 
Бас 
Басқармасының 
Қазақстандағы бөлігі тарихының зерттелуі-
не  диссертант  С.  Ділманов  ерекше  үлес 
қосқанын айта кетуіміз керек. Оның зерттеу 
жұмысында  негізінен  Ресей  мұрағаттары-
ның материалдары кеңінен енгізілген [38, 45 
Б.]. Ол Кеңестер Одағындағы Лагерлер Бас 
Басқармасының жалпы тарихы, қазақстандық 
еңбекпен  түзеу  лагерінің  қалыптасуы, 
дамуы, ондағы тұтқындардың саны, ұсталу 
жағдайы,  лагерлердегі  көтерілістер  және 
сол  секілді  мәселелерді  анықтаған  кешенді 
еңбек  болып  табылады.  Дегенменен  де, 
С.  Ділмановтың  еңбегінде  Қазақстанның 

-   138  -
мЕмЛЕКЕт тарихЫ    №2, 2012        
-   139  -
история государства    №2, 2012
орталық  және  облыстық  мұрағаттары 
қорларынан  тек  қана  саяси  бөлімдер 
қорлары  алынып,  басқа  құжаттар  назардан 
тыс қалған. Осының әсерінен еңбекпен түзеу 
лагерлеріне  қатысты  көптеген  мәліметтер 
анықталмай  қалған.  Еңбекте  қазақстандық 
әскери  тұтқындар  туралы  мәліметтер  де 
өте аз. Автор оны «біздің қолымыз жететін 
мұрағаттарда  әскери  тұтқындар  үшін 
лагерлер  материалдары  жинақталмаған» 
деп  түсіндіреді.  Біздің  зерттеуіміздің  нә-
тижесінде  Қарағанды,  Жезқазған,  Ақмола 
облыстық  мұрағаттарында  осы  аймақта 
орналасқан  әскери  тұтқындар  лагерлері 
қорлары бар екенін анықтадық.
2003  жылы  «Әділет»  тарихи  -  ағарту 
қоғамының  ұйымдастыруымен  Қазақстан 
Республикасының  «Жаппай  саяси  репрес-
сия  құрбандарын  ақтау  туралы»  заңы 
қабылдануының  10  жылдығына  арналған 
ғылыми  -  тәжірибелік  конференциясы 
өтті.  Конференцияда  Қазақстанның  белгілі 
ғалымдары,  қоғам  қайраткерлері  қатысып, 
көптеген көкейкесті мәселелерді талдады.
ХХ  ғасырдағы  қазақ  интеллигенциясы 
тағдыры  мен  большевиктік  билікке 
қарсылығы  Отан  тарихында  өзекті  мәсе-
лелердің  бірі  болып  табылады.  Аталған 
тақырыпты    зерттеген - белгілі     тарихшы 
Х.  Әбжанов.  Ғалым  еңбектерінде  көрнекті 
қазақ          зиялылары            Ж. Аймауытов
С.  Асфендияров, Т. Жүргенев, Қ. Сәтпаевтар 
жайлы     мақалалар    мен    құжаттар     бар. 
Х.  Әбжановтың  екінші  кітабында  да  кеңес 
мәдениеті  мен  қазақ  интеллигенциясы 
қызметі  туралы  көптеген  талдамалық 
еңбектер  жеткілікті.  Автордың  одан 
кейінгі  еңбектерінде  де  бұл  мәселенің 
қарастырылуы жүзеге асты. «Е. Бекмаханов 
және  ұлт  -  азаттық  қозғалыстарын  зерттеу 
методологиясы» деп аталатын мақаласында 
сталиндік  саяси  репрессияның  құрбаны, 
елуінші жылдарда қудаланған тарихшының 
еңбегі туралы талданады [39].
Далалық  лагерь  туралы  жезқазғандық 
тарихшылар жұмыстар ұсынып жүр. Соның 
бірі - Т. Алланиязов, О. Наймушиналардың 
еңбегі  [40,  158  Б.].  Кітапта  Кеңгір  
көтерілісінің  барысы        сипатталады.      Т. 
Алланиязов   пен 
О. Наймушина көбінесе Ресейде жариялан-
ған  деректерді  анықтау  үдерісін  жүзеге 
асырды.  Олардың  еңбегінде  құжаттарға 
талдаулар  кең  түрде  жүргізілмеді.  Және 
еңбекте  берілген  деректер  базасы  мәселені 
толық  қамти  алмайды.  Оның  себептері 
жоқ  емес.  Зерттеушілер  Мәскеуде  шыққан 
«ГУЛАГ. 1918-1956 гг.» (2001 ж.) құжаттық 
жинағының  материалдарын  жариялаған. 
Аталмыш еңбекте тақырып бойынша Ресей 
мемлекеттік  мұрағатының  құжаттарының 
толық  енгізілмеген.  Кеңгір  көтерілісіне 
қатысты  ресейлік  мұрағаттардың  толық 
деректер  базасы  «История  сталинского 
ГУЛАГа»  (2005  ж.)    құжаттар  жинағының 
алтыншы томында берілді.
Соңғы кездерде 1940-1950 жылдардағы 
қазақстандық  саяси  репрессиялар  да  зерт-
теле      бастады.    Мерейтойдың     аясында 
Е. Бекмахановтың зайыбы Х. Бекмұхамедова-
Бекмаханова  естелік  кітап  шығарды. 
Мерейтойға  орай  жүргізілген  шаралардың 
негізінде С. Торайғыров атындағы Павлодар 
мемлекеттік университеті қайраткердің жеті 
томдық  шығармалар  жинағын  шығарды. 
Алтыншы томды тарих-шының қудалануына 
байланысты  пікір  -  талас  материалдары 
құрайды, 
еңбек 
К. 
Нұрпейісовтың 
алғысөзімен  басталады  [41].  Аталған 
жылдардағы     саяси     репрессиялар   тари-

-   138  -
-   139  -
история государства    №2, 2012
хына       байланысты       зерттеу      ретінде 
Н. 
Дүйсенованың  кандидаттық  диссерта-
циясын айтуға болады [42, 30 Б.]. Диссертация-
да  соғыстан  кейінгі  интеллигенцияға 
қарсы  саяси  науқан  қарастырылады.  Автор 
мұрағаттық құжаттар
 мен мерзімді басылым 
материалдарын пайдалана отырып, мәселені 
кең түрде ашып береді.
Сонымен  қатар,  кеңестік  кезеңдегі 
шетелдік  ғалымдардың  еңбектері  Ресейде 
де  орыс  тіліне  аударылып  шыға  бастады. 
Соның  бірі  -  белгілі  ғалым  Н.  Верттің 
«История  Советского  государства»  кіта-
бының  [43]  үшінші  рет  басылуы  болатын. 
Онда  большевиктер  билігінің  орнауынан 
бастап  мемлекеттің  бүкіл  тарихы  саяси 
репрессиялар арқылы жасалғаны айтылады, 
оның ішінде экономикалық саясат кезіндегі 
зорлық  әрекеттер,  саяси  күрес  түрлері, 
«үлкен террор» жылдары, Ұлы Отан соғысы 
кезіндегі, соғыстан кейінгі қудалау шаралары 
анықталады.
Саяси  репрессияның  70  -  жылдығына 
қарай Қазақстанның орталық және облыстық 
мұрағаттары 
тақырыпқа 
байланысты 
конференциялар  өткізді.  ҚР  Президенті 
мұрағаты  2006  жылы  «Современное 
осмысление  уроков  репрессий  1930-1950 
-  х  гг.    в  Казахстане  и  проблемы  защиты 
прав  человека»  [44]  деген  атпен  өткізілген 
конференция  материалдарын  жариялады. 
Мақалалар         жинағында            заңгерлер 
М.  Баймаханов,  С.  Сабикеновтер  мен 
тарихшылар        Б. Қойшыбаев,     А. Хегай, 
Е.  Грибановалардың  тақырыпқа  байланыс-
ты  зерттеулері  шыққан.  Жарияланымдар 
көпшілігі  саяси  репрессиялар  құрбандары 
мен  арнайы  қоныс  аударушылардың 
естеліктері болып табылады. Ал 2007 жылы 
саяси  репрессиялар  құрбандарының  еске 
алу  күнінің  он  жылдығына  орай  «Әділет» 
қоғамы  мен  ҚР  Президенті  мұрағатының 
қатысуларымен  «Қасіретті  1937:  сталиндік 
тоталитаризмнің  құрбандарына  тағзым» 
атты  ғылыми  -  практикалық  конференция 
[45] өткізді. Жинақта көптеген жылдар бойы 
саяси     репрессия      тақырыбын     зерттеп 
келе     жатқан         белгілі         тарихшылар 
К.  Нұрпейісовтің,  Қ.  Алдажұмановтың 
мақалалары        бар.       Сонымен       қатар, 
К. Бұрханов,      С. Мәжитов,       А. Қапаева, 
А.  Гинзбург,  Ю.  Хегай  және  т.б.  ғалымдар 
кеңестік мемлекеттік репрессивті саясаттың 
қыр-сырын  ашады.  Жинақтың  бір  бөлігі 
репрессия  құрбандарының  естеліктерінен 
тұрады.
Осы кезде Ақмола облыстық мемлекеттік 
мұрағаты  аудандық  мекемелермен  бірігіп 
мақалалар  мен  жарияланымдар  жинағын 
шығарды  [46].  Жинақта  көбінесе  арнайы 
қоныс  аударушылар  туралы  материалдар 
көп  берілген.  Көптеген  статистикалық 
мәліметтер  күштеп  көшірілген  халықтар-
дың жағдайын жан - жақты ашады. Әсіресе 
атап  өтетін  тұс,  аудандық  мұрағаттарда 
да  тұрақты  сақталатын,  тарихи  маңызды 
деректердің  барлығы  бірден  көрініп 
тұр.  Бірақ,  мақалалардың  көпшілігінде 
сілтемелер  дұрыс  берілмеген,  құжаттар 
ғылыми тұрғыда талданбаған. 
Кеңестік  билік  тұсындағы  мерзімді 
басылым  беттеріндегі  сталиншілдік  үгіт  - 
насихат  жұмысын  зерттеуші  Д.  Махат  [47, 
40  Б.]  қарастырды.  Оның  диссертация  - 
сында  баспасөз  құралдарының  сталиндік 
концепцияны  уағыздау  қызметі  барысында 
жарық  көрген  мақалалар  мен  жарияланым-
дар берілген.
Осы 
жылы 
Қазақстанда 
толық 
анықталмай  келе  жатқан  тақырыптардың 

-   140  -
мЕмЛЕКЕт тарихЫ    №2, 2012        
-   141  -
история государства    №2, 2012
бірі  -  әскери  тұтқындар  туралы  зерттеулер 
жазылды.  1918-1955  жылдардағы  әскери 
тұтқындар         тарихына          байланысты 
Г.  Көкебаева  докторлық  диссертация  қор-
ғады [48]. Еңбектің деректік базасы өте кең, 
алғаш  рет  Германия  және  Қазақстанның 
мұрағат  материалдары  енгізіліп,  талдаулар 
жүргізілген.  Диссертацияның  «Кеңес  ла-
герлеріндегі  неміс  әскери  тұтқындарының 
ұсталуы»  деген  тараушасында  олардың 
ұсталуы  мен  еңбекке  пайдалануы  туралы 
мәліметтер береді. Зерттеу жұмысында мәселе 
теориялық жағынан кең ашылған, автордың 
өзіндік    ойлары   анық   байқалады.   Бірақ,        
Г.  Көкебаева  қазақстандық  мұрағаттарды 
толық  пайдаланбаған.  Тек  қана  Ақмола 
облыстық  мемлекеттік  мұрағатындағы  қор 
ғана үзік - үзік қарастырылған. Ал Қарағанды 
облыстық  мемлекеттік  мұрағатындағы 
аталған  тақырыпқа  байланысты  қор 
ескерілмеген.  Сонымен  қатар,  Жезқазған 
қалалық мемлекеттік мұрағатындағы екі қор 
туралы да мәлімет жоқ. Бұл еңбекте әскери 
тұтқындар  лагерлер  жүйесіне  қатысты 
жергілікті  мұрағаттар  материалдарының 
ғылыми айналымға аз енуіне әкелді. 
Қарағандыда да Орталық Қазақстандағы 
шетелдік      әскери       тұтқындар      туралы 
Л.  Михееваның  кандидаттық  диссертация-
сы  [49,  25  Б.]  қорғалды.  Оның  зерттеу 
жұмысында  еліміз  территориясындағы  ең 
ірі  қарағандылық,  жезқазғандық  әскери 
тұтқындар  лагерлері  тарихына  ресейлік 
орталық  және  осы  өңірдің  мұрағаттары 
материалдарын  пайдалана  отырып,  талдау-
лар  жасалған.  Диссертацияда  негізінен, 
лагерлердің орналасуы, тұтқындардың жайы, 
олардың арасындағы өлім көрсеткіші, облыс 
жеріндегі  жерленген  орындарды  анықтау 
мәселесі, отанына қайтарылу үдерісі секілді 
барлық мәселелер жан - жақты ашылады. 
Соңғы 
жылдарда 
Қазақстандағы 
еңбекпен  түзеу  лагерлері  туралы  зерттеу 
жұмыстарын  шетелдік  тарихшылары  да 
жазуда. Оның ішінде, неміс тарихшыларының 
қызығушылық  білдіргенін  айта  кетуіміз 
қажет.  Олар  Қазақстандағы  Қарағанды 
еңбекпен түзеу лагеріне қатысты зерттеулер 
жасап жүр. Оның ішінде, Бонн университеті 
зерттеуші  ғалымдары  Владислав  Хеделер 
мен Мейнхард Штаркты айтуға болады [50]. 
Алғашында Мейнхард Штарк Лагерлер бас 
басқармасының  әйелдер  лагерлері  туралы 
еңбегінде  қазақстандық  тұтқындар  туралы 
қысқа  мәліметтер  берсе,  Владислав  Хеделер 
1929-1940 жылдар аралығындағы Қарағанды 
лагерінің әкімшілігі мен күзет қызметі тура-
лы 
мақалалар  шығарды.  Кейінгі  жылдарда 
ғалымдар  біртіндеп  терең  зерттеулерге 
көшті.  Тарихшылар  Қарлаг  мұрағатынан 
тұтқындардың 800 мың карточкасын, 60 мың 
жеке істерін, қызметкерлердің 20 мың жеке 
істерін қараған. Әсіресе, лагерь құрылымы, 
жұмыс  істеу  барысы,  тұтқындардың 
азапталуына ерекше мән берілген. Сонымен 
қатар,  АҚШ  -  тың  Вирджиния  штатында 
Фейрфакс қаласында орналасқан Дж.Мэсон 
университетінің  тарих  және  өнертану 
тарихы  кафедрасының  қызметкері  Стивен 
Барнес  Қарлаг  тақырыбына  байланысты 
монография [51] шығаруды көздеп отыр.
Қарағанды  еңбекпен  түзеу  лагері 
тақырыбының  қырлары  Қазақстанда  да 
соңғы жылдарда зерттелуде. Қарағандыда С. 
Елеуханова  [52,  24  Б.]  Қарлаг  құрылымын, 
тұтқындар жағдайы туралы ізденіс жасады. 
Негізгі бағыты күзет, режим жүйесін анықтау 
болды. 
Бүгінгі күні Қазақстан территориясында 
болған отандастары туралы басқа мемлекет 

-   140  -
-   141  -
история государства    №2, 2012
елшіліктері қолдап, еңбектер даярлауда [53, 
303  Б.].  Мәселен,  Қазақстандағы  Белорусь 
Республикасы  елшілігінің  басшылығымен 
«Возвращенные 
из 
небытия» 
деп 
аталатын  кітап  шығарылды.  Онда  ҚР 
Ұлттық  қауіпсіздік  комитеті  мен  ҚР  Бас 
Прокуратурасынан  сұраныс  хат  арқылы 
алынған  1931-1958  жылдар  аралығындағы 
саяси репрессияға ұшыраған адамдар тізімі 
жасалған.  Былтырғы  жылы  «Неизвестная 
трагедия 
итальянцев 
Крыма» 
деп 
аталатын  кітаптың  тұсаукесері  «АЛЖИР» 
саяси  репрессиялар  және  тоталитаризм 
құрбандарының  музейлік  -  мемориалдық 
кешенінде болып өтті. Кітапта Қазақстанға 
арнайы  қоныс  аударылған  және  Қарлагта 
болған 
итальяндықтардың 
тағдырын 
баяндайтын  тарау  бар.  Және  де  Қарлаг 
тұтқындарының естеліктерін де берген. 
Ресейде  Лагерлер  бас  басқармасы 
жайлы  құзырлы  органдардың  мұрағаттық 
құжаттарын  қолдана  отырып,  еңбектер 
жарияланып отыр [54]. Соның бірі  – «ГУЛАГ: 
экономика  принудительного  труда»  кітабы. 
Кітаптың  авторлары  Ресей,  Ұлыбритания, 
Германия  елдерінің  тарихшылары  болып 
табылады.  Онда  КСРО  -  дағы  қамау  орын-
дарының  тарихы,  оның  бөлімдері  жайлы 
мақалалар  берілген.  Ресейде  жарияланып 
жатқан бұндай монографиялық еңбектерде, 
өкінішке  орай,  Қазақстандағы  еңбекпен 
түзеу лагерлері туралы мәліметтер аз. 
Кеңестік  саяси  репрессиялар  тақы-
рыбына  байланысты  мұрағат  материалда-
рына  шектеу  қойылуы,  жойылуы,  зерт-
теушілерге берілмеуі сияқты көптеген мәсе-
лелерді  анықтауды  қолға  алған  Ресейдегі 
«Мемориал»  қоғамы  жанынан  шығатын 
«30  октября»  газеті  болып  табылады 
[55].  Газеттегі  мақалаларда  көтерілген 
ресейлік мұрағаттар мәселесі қазақстандық 
мекемелерге  де  қатысты.  Оның  себебі 
кеңес  кезінде  орталықтандырылған,  бір 
талаптармен  жасалған  жүйенің  болуы  деп 
ойлаймыз.  Өкінішке  орай,  біздің  елімізде 
саяси  репрессиялар  тақырыбын  арнайы 
көтеріп отырған осындай мерзімді басылым 
орындары жоқтың қасы.
Қазіргі кезде қазақстандық тарихнамада 
саяси 
репрессия 
тақырыбы 
ұлттық 
интеллигенция  қудалануы,  большевиктерге 
қарсы  азаттық  идеясы  уағыздалуының 
тұрғысынан 
қарастырылуда. 
Соңғы 
жылдарда  Мұстафа  Шоқайдың  кеңестік 
билікке  қарсы  күресін  белгілі  тарихшы  К. 
Есмағамбетов зерттеді [56]. К. Есмағамбетов 
алғаш  рет  шоқайтанудың  деректемелік 
негіздерін  жасады,  барлық  шыққан 
еңбектер  мен  құжаттық  материалдарға 
кең  түрде  деректік  сын  беріліп,  теориялық 
талдаулар  жүргізілді.  М.  Шоқайдың  бүкіл 
өмірі  мен  эмиграцияда  жүрген  кезінде 
большевиктердің  Түркістандағы  отарлау 
саясатын әлемге әшкерелеу жолындағы сан 
-  қырлы  қызметін  К.  Есмағамбетов  ашып 
берген. Еңбек тәуелсіздіктен кейінгі отандық 
тарихнамадағы  шоқайтану  бойынша  іргелі 
зерттеу жұмысы болып табылады. Сонымен 
бірге,  әдебиетші  Т.  Жұртбай  «Ұраным 
-  Алаш...»  атты  кітабын  шығарды  [57]. 
Т.  Жұртбай  Алаш  зиялыларының  саяси 
репрессияға ұшырауын ҚР Ұлттық қауіпсіз-
дік  комитетінің  мұрағаты  құжаттары  арқы-
лы анықтайды. Әдебиетші тарихи деректер-
ді  талдауды  көбінесе  жарияланымдық 
сипатта баяндайды.
Қорыта  келгенде,  Қазақстанда  саяси 
репрессиялардың зерттелуі біршама дәреже-
де  жүзеге  асуда.  Дегенменен,  тарихшылар 
көбінесе  жекелеген тақырыптарды   немесе 

-   142  -
мЕмЛЕКЕт тарихЫ    №2, 2012        
-   143  -
история государства    №2, 2012
ӘдЕБиЕттЕр тІЗІмІ
1 Әлімжанов Ә. Ұлы адамның әруағымен алыспайық // Қазақ әдебиеті. - 1992. - 24 маусым; 
Мұстафа Шоқай. Түркістанның қилы тағдыры. - Алматы: Жалын, 1992. ; 794 қылмыстық іс немесе 
М. Шоқайдың інісі Нұртазаның жазықсыз жапа шегуі туралы // Сыр бойы. - 1992. - 6 ақпан; Мустафа 
Чокай. Туркестан под властью советов. - Алматы, 1993. 
2 Әбжанов Х.М., Әлпейісов Ә. Қазақ интеллигенциясы мен мәдениеті туралы. - Алматы, 1992; 
Абжанов Х.М., Гуревич Л.Я. Интеллигенция Казахстана: история, теория, современность. Научно - 
аналитический обзор. - Алма - Ата, 1992.  - 358 с.
3  Мәжитов  С.  Жизнь,  деятельность  и  исторические  взгляды  Е.Б.  Бекмаханова  //  автореф.  ... 
докт. ист. наук. - Алматы, 2005. - 250 с.
4 Гурьевич Л.Я. Интеллигенция Казахстана и политка тоталитарного государства в сфере науки 
и высшего образования (1946-1985 гг.) // автореф. ... докт. ист. наук. - Алма-Ата, 1993. - 476 б.
5 Расстрелянные списки жертв сталинских репрессий 30-50-х годов (по Алма-Ате) // Вечерняя  
Алма - Ата. - 1991. - 11 ноября; Маринина М. О новых фактах репрессий (Сообщение о науч. - практ. 
конф. в Алма - Ате «Политика репрессий в Казахстане после 1917 года») // Советы Казахстана. - 
1991. - 3 декабря; Қозыбаев М., Хасанаев М. Өлі риза болмай, тірі байымайды: (Сталиндік қырғын 
құрбандарының сүйектерін қайта жерлеп мемориалдық кешен орнату жұмыстарының Талғар ауд. 
бастамасы туралы) // Егемен Қазақстан. - 1993. - 24 тамыз.
6 Байшуақов Ә. Түркістан легионы туралы шындық // Сыр бойы. - 1992. - 6 маусым; Абдуллин 
Х. Қыршынынан қиылған қырық тоғыз // Халық кеңесі. - 1993. - 15 сәуір.
7 Козыбаев М.К. Казахстан на рубеже веков: размышление и поиски. - Алматы: «Ғылым», 2000. 
- 388 с.
8  Казахстан  в  начале  ХХ  века:  методология,  историография  и  источниковедение.  Сборник 
статей. - Алматы, 1993. - 285 с.
9 Тасымбеков А. Жан дауысы: АЛЖИР архипелагы. - Алматы, 1994. - 200 с.
10 Тәкенов Ә. Елуінші жылдардың басында қазақ тарихы қалай қыспаққа алынды? // Қазақ 
тарихы. 1994. - № 1, 3.
11 Аманжолова Д. Партия Алаш: история и историография. - Семипалатинск: 1993.; Аманжолова 
Д. Казахский автономизм и Россия. История движения Алаш. - Москва, 1994. – 216 с.; Нұрпейісов 
К. Алаш hәм Алашорда. - Алматы: Ататек, 1995. – 256 б.; Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. Алматы: 
Ататек, 1995. - 368 б.
тар  ауқымдағы  материалдарды  енгізіп 
жүргенін айта кетуіміз керек. Әрине, мұра-
ғат  материалдарының  толық  анықталмауы 
оған  әсер  етуде.  Тақырыптың  зерттелуін 
талдауда  көптеген  еңбектер  қарастырылып, 
олардың мәселенің ашудағы қосқан үлесте-
рі  сараланды.  Оның  ішінде,  кандидаттық 
және  докторлық  диссертациялар,  ғылыми 
монографиялар,  зерттеулер,  естеліктер, 
мерзімді  басылым  материалдары  толық 
қамтылды. Зерттелу деңгейі ішінара ресей-
лік  еңбектермен  салыстырылды,  сонымен 
қатар  шетелдердегі  тарихшылардың  Қа-
зақстандағы   саяси  репрессияларға   арнал-
ған еңбектерінің мәліметтері талданылды. 

-   142  -
-   143  -

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет