История государства №2, 2012 Бүркiтбай Ғелманұлы Аяған


история государства    №2, 2012



Pdf көрінісі
бет18/20
Дата06.03.2017
өлшемі3,84 Mb.
#7948
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20

история государства    №2, 2012
жарық көруіне мұрындық болды.
Ораз  Жандосов  Алаш  қозғалысына 
тікелей  қатыспаса  да,  оның  идеясын 
және  концепциясын  жүзеге  асыруға 
атсалысқанын көреміз. Ол   А. Байтұрсынов, 
Ж.  Аймауытов,  М.  Жұмабаев,  М.  Әуезов 
тәрізді  осы  қозғалыс  мүшелеріне  жақын 
болып, қандай жауапты қызметте болса да, 
оларға  жағдай  жасауға,  олардың  білімін 
халық мүддесіне қызмет жасатуға қолынан 
келгенше  көмектесті.  М.  Жұмабаевтың 
«Тоқсанның тобы» толғау өлеңінің баспасөз 
бетінде  жариялануына  бірден-бір  себепкер 
болған да Ораздың өзі. 
1928 жылы М. Әуезовтің тұтқындалған 
«Қазақ әдебиеті тарихын» жарыққа шығару 
туралы  Қазақ  өлкелік  партия  комитетінің 
үгіт-насихат бөліміне хат жолдаған. Сонымен 
қатар, Т. Шонановпен бірге 1916 жыл туралы 
естеліктер  жинағын  шығаруға  ат  салысты. 
Бірақ жауапсыз қалған хат пен жарық көрмей 
қалған жинақ тағдырына сол кезеңде билік 
құрған  коммунистік  партия  шенеуніктері 
кінәлі  еді.  Жөргегінде  тұншықтырылған 
мұндай  бастамалар  Ораздың  мемлекеттік 
және қоғамдық қызметінде көп болды. Оның 
тағы  бір  мысалы  –  Түркістандағы  Қожа 
Ахмет  Яссауи  мешітін  қалпына  келтіруді 
қолға  алуды  ұсынып  Түркістан  аудандық 
партия комитетіне жазған хаты.
Ал  1931  жылы  Мемлекеттік  көпшілік 
кітапхана  директоры  қызметін  атқарып 
жүргенде, қудалауға түсіп абақтыға отырып 
шыққан  Мұхтар  Әуезовке  осы  кітапхана 
қызметкерлерін,  оған  аса  көңіл  бөліп, 
ыждаһаттылықпен қызмет етуге шақырған. 
Мінеки,  бұл  оның  азаматтығының,  терең 
ойлап,  болашақты  көре  білгендігінің  тағы 
бір дәлелі дер едік.  
О.  Жандосов  еліміздегі  алғашқы 
арнаулы білім беретін орта және жоғары оқу 
орындарының  ашыла  бастауына  белсене 
араласты.  Ол  республикамыздағы  тұңғыш 
университетті (2008 жылы өзінің 80 жылдық 
мерейтойын  атап  өткен  Абай  атындағы 
Қазақ ұлттық педагогикалық университетті 
– 1930 жылдан бастап Қазақ педагогикалық 
институты  деп  аталған  оқу  орнын)  ашу 
істерімен 
айналысқан 
ұйымдастыру 
бюросына  басшылық  етті.  Ол  Қазақстан 
Халық  комиссарлар  Кеңесінің  1928  жылы 
10  маусымда  өткен  мәжілісінде  «Алматы 
қаласында Қазақ мемлекеттік университетін 
ұйымдастыру туралы» баяндамасында Қазақ 
мемлекеттік университетін үш факультеттен 
(педагогикалық,  ауылшаруашылық,  дәрі-
герлік) құру және 1928 жылдан 1 қазанынан 
бастап  педагогика  факультетін  ашу,  ал 
ауылшаруашылық  факультетін  1929  жыл-
дың 1 қазанынан ашуды ұсынды.
О.  Жандосов  университеттің  материал-
дық-техникалық  базасын  нығайту,  оларды 
маман-мұғалімдермен  қамтамасыз  ету 
мәселелерімен  ғана  шұғылданып  қойған 
жоқ, ол Қазақ мемлекеттік университетінің 
1928  жылғы  26  қыркүйекте  қабылданған 
№ 5 бұйрығы бойынша алғашқы қабылдау 
комиссиясының  төрағалығына  сайланған. 
О.  Жандосовтың  өзіне  жүктелген  болашақ 
мамандар  таңдауға  байланысты  маңызды 
істі  қандай  дәрежеде  атқарғанын,  алғашқы 
университет 
түлектерінің 
ортасынан 
шыққан  көптеген  өнеркәсіп  басшылары 
мен  ғалымдардың  жемісті  қызметі  көрсете 
алады. Ол қазақ университетін мамандармен 
қамтамасыз  ету  үшін  Ташкент  жоғары  оқу 
орындарынан      білікті     профессорларды, 
С. Асфендияров,              Х.  Досмұхамедов,     
А.  Байтұрсынов,  Ә.  Ермеков  сынды 
қазақ  зиялыларын  жұмысқа  шақырған. 

-   152  -
мЕмЛЕКЕт тарихЫ    №2, 2012        
-   153  -
история государства    №2, 2012
Сонымен қатар, ол жаңа университетті оқу 
әдебиеттерімен қамтамасыз ету үшін Мәскеу, 
Ленинград  қалаларына  арнайы  өкілдер 
жібертіп, құрал-жабдықтар алдыртуымен де 
айналысқан. 
Өмірінің  соңғы  жылдарында  аудан, 
облыс  басшысының  партиялық  және 
кеңестік  қызметтерін  атқара  жүріп,  ол 
өз  халқына  жан-тәнімен  қызмет  істейтін 
тарихи тұлға екенін дәлелдеді. 
Біз  мұрағат  деректерін  талдай  келе, 
Ораз Жандосовтың болашақ ұрпаққа өнеге 
боларлықтай  өмір  кешкенін  байқаймыз. 
Әрине,  бұл  өмірде  тарихтың  жықпылды 
да  тартысты  тар  соқпағында  асыра  сілтеу 
құралына айналған, большевиктік даурықпа 
саяси  науқандар  тұлғасы  болған,  жалған 
саяси  сенім  жетегінде  адасқан  және 
осы  бағытта  кейде  күштеу  әдістері  де 
еңбекшілерді  бақытқа  жеткізеді  дегенге 
иланып, Голощекин тәрізді біржақты саяси 
қайраткер төңірегіне кірген тұстары да бар.
Бұларды,  біздің  ойымызша,  тарихтан 
жасыра  алмаймыз,  мұндай  олқылықтар 
кейінгі  ұрпаққа  сабақ  болуға  тиіс.  Яғни, 
тәуелсіз  Қазақстан  қайраткерлері  бұл 
жағынан  да  О.  Жандосов  өмірінен  үйре-
ніп,  оның  саясат  қыспағындағы  ауыр 
тағдырының  қателіктерін  қайталамауға 
тиіс.  О.  Жандосовты  сынай  отырып,  одан 
үйренейік.
Дегенмен  де,  «тоғыз  ауыз  сөздің 
тобықтай      түйінін»          айтар      болсақ, 
О.  Жандосовтың  голощекиндік  ат  төбе-
ліндей  партиялық  азшылыққа  жасаған 
қызметінен  гөрі,  оның  өзінің  туған  еліне 
сіңірген еңбегі, қызметі әлдеқайда ауқымды 
да  көлемді.  Осыған  назар  аударғанымыз 
жөн.  Сондықтан  да,  оның  тарихи  тұлғасы 
еңселі болып қала бермек. Оның қоғамдық-
саяси  тұлғасы  сондықтан  да  коммунистік 
партия  ұйымдастырушысы  ретінде  емес, 
отаршылдық  пен  әділетсіздікке  қарсы 
күрескер,  ойлы  ұстаз,  парасатты  басшы 
және  ізгі  ниетті  бастамалар  мен  үлкен 
әлеуметтік  өзгерістердің  басы-қасында 
жүрген ел жанашыры, халқын алға бастаған 
өз ұлтының төл азаматы ретінде сипатталуы 
және  құрметтелуі  тиіс  деп  ойлаймыз.  Біз 
болашаққа  сеніммен  қарау  үшін  өткен 
тарихымызды тануымыз керек. 
О. Жандосовтың  күрделі әрі тағылымды 
ғұмырын  зерттеу  –  ұлтымыздың  өткен 
жолын,  өзімізді  өзіміздің  жете  танып  – 
білуімізге көмектеседі. Кезінде коммунистік 
идеологияның  дара  үстемдігі  дәуірінде 
бұрмаланған  О.  Жандосов  сынды  ірі 
күрескерлер  туралы  шындықты  қалпына 
келтірудің тарихымыздан дұрыс сабақ алуға 
өз септігін тигізері анық.
ӘдЕБиЕттЕр тІЗІмІ
1 Алматы ОМА, 489-қ., 1-т., 5-іс, 76-77 пп. 
2 Алматы ОМА, 361-қ., 1-т., 89-іс, 43- пп.
рЕЗЮмЕ
Автор  статьи:  доктор  политических  наук,  профессор  кафедры  «Теоретической  прикладной 
политологии и социологии» Казахского Национального педагогического университета имени Абая 
Нурымбетова Гулшат Рамазановна.

-   152  -
-   153  -
история государства    №2, 2012
В  статье  автор  анализирует  общественную  и  политическую  деятельность  одного  из  видных 
государственных деятелей Казахстана 20-30-х годов XX века О.К. Жандосова. 
SUMMARY
Author of the article: Nurymbetova Gulshat Ramazanovna, doctor of political sciences, professor of 
the sub department «Theoretical-Applied Political Science and Sociology» of the Abay Kazakh national 
pedagogical university.
In the article the author analyzes public and political activity of the prominent statesman of Kazakhstan 
in 20-30s of XX century O.K. Zhandosov.

-   154  -
мЕмЛЕКЕт тарихЫ    №2, 2012        
-   155  -
история государства    №2, 2012
в  системе  высшего  образования 
принципиальной  задачей  является  вве-
дение  нового  понятия  –  исследовательс-
кий  университет.  Прорывом  здесь  стал 
Назарбаев 
университет, 
созданный 
как  тройной  сплав  обучения,  науки  и 
инноваций.  с  его  созданием  уходит  в 
прошлое  изоляция  науки  от  высшей 
школы,  которая  негативно  повлияла  на 
обе эти сферы
Ученые Института истории государства 
поддерживают постоянные связи с ведущими 
отечественными  и  зарубежными  научно-
исследовательскими  и  аналитическими 
центрами.Учитывая,  что  миссия  созданного 
по инициативе Главы государства Назарбаев 
Университета  призвана  способствовать 
выходу  на  международный  уровень 
системы  образования  и  науки  Республики 
Казахстан  и  развитию  инновационной 
исследовательской  деятельности,  Институт 
считает  целесообразным  установление 
взаимовыгодного 
сотрудничества 
с 
Назарбаев Университетом.
мЕмЛЕКЕт тарихЫ иНститутЫНЫҢ ЖаҢаЛЫҚтарЫ
Новости иНститута истории государства
мЕЖдуНародНЫЙ КругЛЫЙ стоЛ 
«НовЫЕ ПодходЫ в ПоНимаНии масШтаБа и воЗдЕЙствия 
«тЕррора» и гоЛода в ссср в 1930-х годах»

-   154  -
-   155  -
история государства    №2, 2012
Тесное 
сотрудничество 
ученые 
Института  установили,  в  первую  очередь, 
с преподавателями Школы Гуманитарных и 
Социальных  наук  Назарбаев  Университета 
проф.,  доктором  политологии  Стивеном 
Грином,  и  профессорами,  докторами 
исторических  наук  Дэниель  Росс,  Паоло 
Бернардини, Каресс Шенк, Беатриче Пенати 
и др.
Встречи  в  Назарбаев  Университете, 
участие  в  международных  конференциях, 
семинарах,  заседания  «круглых  столов», 
поездка  в  АЛЖИР  –  экскурсия  для 
преподавателей  Назарбаев  Университета, 
организованная Институтом – вот неполный 
перечень 
проведенных 
совместных 
мероприятий.  Интерес  взаимен,  так  как 
обогащает  обе  стороны.  Зарубежные 
преподаватели  Назарбаев  Университета  - 
это,  в  основном,  специалисты  по  истории 
Средней  и  Центральной  Азии.  Благодаря 
взаимному  научному  обмену  с  учеными 
Института  истории  государства  Казахстан 
с  его  великой  историей  открывается  им  в 
новом свете.
Примером  тому  служит  заседание 
международного  круглого  стола  «Новые 
подходы  в  понимании  масштаба  и 
воздействия «Террора» и Голода в СССР 
в  1930-х  годах»  с  участием  известного 
ученого, профессора Стивена Уиткрофта, 
которое  состоялось  в  рамках  Дня 
работников  науки.  Доктор  исторических 
наук,  член  Академии  Общественных  наук 
Австралии С. Уиткрофт приехал в Казахстан 
по  приглашению  Назарбаев  Университета 
и  провел  научные  семинары  для  ученых  г. 
Астаны.
Тема международного круглого стола 
была  посвящена  80-летию  трагических 
событий  в  Казахстане  начала  30-х  годов 
ХХ  века  –  Великого  Голода,  унесших 
жизни миллионов казахстанцев.
Задача  ученых  Института  истории 
государства исследовать все существующие 
научные точки зрения по существу вопроса 
и предоставить свои научно обоснованные 
выводы. С этой целью и проводятся подобные 
научные  обсуждения.  Одним  из  важных 
аспектов  в  изучении  истории  Казахстана 
является  западная  историография.  Ведь  не 
секрет, все вопросы, которые были табу для 
советских ученых историков и политологов, 
на Западе обсуждались открыто. 
Исследовательские интересы С. Уиткрофта
 
включают российскую предреволюционную 
и  советскую  социальную,  экономическую 
и  демо-графическую  историю,  так  же  как 
Голод и проблемы поставки продовольствия 
в истории современного мира, воздействие 
СМИ  на  историю,  и  недавние  события  в 
российском  и  украинском  обществе.  Он 
автор книг «Экономическое преобразование 
Советского  Союза,  1913–1945»,  «Годы  Го-
лода:  советское  сельское  хозяйство,  1931–
33»  в  соавторстве  с  Р.  Дэвисом,  «Трагедия 
советской  деревни,  1927-1939»  на  русском 
языке,  «Переосмысление  традиционных 
представлений о российской истории».
Многие 
западные 
исследователи 
придерживаются мнения о том, что Сталин 
намеренно вел политику против украинцев, 
а  иногда  и  других  национальных  групп, 
чтобы  уничтожить  их  как  нации.  К  ним, 
в  первую  очередь  относятся  Р.    Конквест,         
И.  Огайон,        М.-Б.   Олкотт,       Н.   Верт, 
Н.М. Неймарк. Этот вопрос усугубился пос-
ле создания Конгрессом США специальной 
комиссии  по  исследованию  фактов  голода 
в  Украине,  исполнительным  директором 

-   156  -
мЕмЛЕКЕт тарихЫ    №2, 2012        
-   157  -
история государства    №2, 2012
которой  был  Джеймс  Мейс.  Комиссия 
пришла к выводу о том, чтоэти жертвы были 
«заморены до смерти рукотворным голодом» 
и  «Сталин  и  его  окружение  совершили 
геноцид против украинцев в 1932-1933 гг.».
Однако  большое  количество  не  менее 
выдающихся  ученых  считают  такую 
точку  зрения  неверной.  Так,  Дж.  И.  Гетти, 
опубликовавший  рецензию  на  книгу  Р. 
Конквеста,  писал,  что  ведущие  западные 
историки, 
занимавшиеся 
изучением 
коллективизации в СССР, были не согласны 
с  заявлением  автора  об  «умышленном 
терроре  голодом».  К  ним  относятся  Р.У. 
Дэвис  и  С.Г.  Уиткрофт.  По  их  мнению, 
голод,  который  имел  место  не  только  в 
Украине,  а  также  в  других  республиках 
СССР,  не  был  делом  рук  человека,  более 
того  Сталин  и  другие  руководители  СССР 
были  далеки  от  намерения  создать  такую 
масштабную катастрофу. Эта точка зрения, 
опираясь  на  новые  архивные  документы  и 
критический  взгляд  к  другим  источникам, 
пересматривает  концепцию  «геноцида»  и 
«намеренной» политики.
Советская  политика  государственного 
заказа,  по  мнению  С.  Уиткрофта,  явно 
способствовала  голоду,  но  это  не  было 
целенаправленно со стороны большевиков, 
и  тем  более,  это  не  было  полностью 
направлено  на  украинцев.  Он  утверждал, 
что голод, принесший Украине чрезмерные 
демографические 
потрясения, 
был 
случайным  последствием  непродуманной 
политики. Говоря о том, что экологические 
факторы 
были 
существенными, 
он 
предполагает, 
что 
сравнительное 
исследование 
причин 
современного 
голода  во  всем  мире  указывает  на  то,  что 
большинство из них вызвано проблемами из 
за нарушения равновесия на рынке, а не из-за 
снижения продовольственной доступности. 
Советский  голод,  с  его  точки  зрения,  не 
является  никаким  исключением.  В  1920-
ые годы советское правительство все более 
и  более  полагалось  на  государственную 
реквизицию  зерна  в  сельской  местности, 
чтобы  накормить  городское  население, 
и  подобная  политика  этих  лет  оставила 
крестьянство без запасов.
Уже в 1927 году начался дефицит зерна, 
однако  он  был  результатом  естественных 
факторов:  засухи  весной  1930,  1931, 
и  1932  и  чрезмерными  осадками  в 
летние  периоды,  считает  автор.  Все  это 
способствовало  сокращению  урожая,  как 
свидетельствуют  архивы  о  климатических 
условиях, в настоящее время доступных для 
исследователей. 
В  своей  работе  «Советская  статистика 
о  продовольствии  и  смертности  в  период 
голода        1917-1922    и     1931-1933    гг.» 
С.  Уиткрофт  пишет  о  том,  что  Советская 
государственная  статистическая  система 
была  уникальна.  Она  была  создана  для 
того,  чтобы  обеспечить  государство 
статистическим основанием, для проведения 
честолюбивых  социально-экономических 
планов.  Процесс  планирования,  однако, 
был  провален  чрезмерными  стараниями 
политических  деятелей,  но  не  был 
отражением 
некомпетентности 
или 
изобретательности 
плановиков 
или 
статистов.  Согласно  архивным  данным, 
статисты 
неоднократно 
пытались 
призвать  к  реальности  политических 
руководителейсоветского  государства.  Но 
их попытки оказались тщетными.
В  статье  рассмотрены  достоверные 
данные  о  продовольствии  и  смертности 

-   156  -
-   157  -
история государства    №2, 2012
в  периоды  Советского  голода  1917-1922 
и  1931-1933  годов.  Данные  прекрасно 
детализированы 
и 
способны 
дать 
более  полную  картину,  хронологию  и 
географическое  освещение  голода,  чем 
было  доступно  до  сих  пор.  Приведя  в 
пример  подробные  статистические  данные 
исследуемого периода, автор делает выводы 
о том, что есть некоторые признаки того, что 
потребление еды в сельских районах в 1933 
году было намного ниже, чем в 1922 году.
В  целом,  автор  довольно  осторожно 
оценивает  обстановку  тех  трагичных 
лет  в  Казахстане.  С.  Уиткрофт  говорит, 
что  детально  изучив  историю  голода  в 
некоторых  районах  России,  не  исследовал 
подробно историю Великого Голода 20-30-х 
годов ХХ века в Казахстане. Однако ученый 
убежден  в  том,  что  действия  сталинского 
руководства  в  период  коллективизации 
являются преступлением против народа.
Таким 
образом, 
тщательно 
проанализировав  существующие  точки 
зрения  на  проблемы  насильственной 
коллективизации  в  СССР,  и,  в  частности, 
в Казахстане, ученые Института пришли к 
выводу  о  том,  что  западными  историками 
и  политологами  не  проведено  пока 
комплексного 
анализа 
репрессивного 
воздействия  Советского  государства  на 
деревню в период всех 1930-х гг. 
Проведенный  учеными  Института 
историографический  анализ  позволяет 
говорить 
о 
недостаточной 
степени 
изученности  проблемы  Великого  Голода  в 
Казахстане западными учеными. 

-   158  -
мЕмЛЕКЕт тарихЫ    №2, 2012        
-   159  -
история государства    №2, 2012
Қазақстан Республикасының Президен-
ті  Н.Ә.  Назарбаевтың  ғалымдарға  берген 
тапсырмасы  бойынша  2012  жылы  1932-
1933 жылдардағы «Ашаршылық қасіретіне» 
80 жыл толуына орай АМАНАТ пікірсайыс 
клубының  ұйымдастыруымен  «1932-1933 
жылдардағы  ашаршылық  зардаптары: 
тарихи  шындық  және  саяси  баға»  атты 
дөңгелек  үстел  өтті.  Оған  ҚР  БҒМ  Ғылым 
комитетінің  Мемлекет  тарихы  институты 
директоры,  т.ғ.д.,  профессор  Б.Ғ.  Аяған, 
т.ғ.к.,    доцент  А.Н.  Қашқымбаев,  т.ғ.к., 
доцент  К.М.  Ілиясова,  п.ғ.к.  Ж.Н.  Қалиев, 
т.ғ.к.  Қ.А. Еңсенов  және  ғылыми  қызмет-
керлер Т.Е. Канапьянов,  Р.А. Құдайбергенов, 
Ерсін Нәсіп қатысты.
Ашаршылық  апаты  мәселесін  тал-
қылауға  Л.Н.  Гумилев  атындағы  Еуразия 
университеті  Отырар  кітапханасының 
директоры,  ф.ғ.д.,  профессор  Тұрсын 
Жұртбай  және  Астана  қаласындағы  «Нұр 
Отан»  ХДП  хатшысы  Е.  Қарин,  «Хабар» 
телеарнасының жүргізушісі және «Аманат» 
пікірсайыс  клубының  ұйымдастырушысы 
Берік  Уәли  мырзалар  қатысып,  өзара  пікір 
алмасты.
Қазақстандағы ашаршылық мәселесіне 
қатысты басты баяндаманы т.ғ.д., профессор 
Б.Ғ. Аяған жасады. Ғалым өз баяндамасында 
1932-1933  жылдардағы  ашаршылықтың 
өте  ауқымды  болғандығын  және  оның 
демографиялық  зардаптары  болғандығына 
нақты  мәліметтер  келтірді.  Мысалы, 
ашаршылыққа  ұрындырған  1928  жылы 
27  тамызда  басталған  үкімет  қаулысынан 
кейін  де  бірнеше  қаулылар  болған  және 
олардың  барлығының  мазмұны  «бай-
кулактар»,  «тап  жаулары»  деген  желеумен 
1932-1933 ЖЫЛдардаҒЫ аШарШЫЛЫҚ ЗардаПтарЫ: 
тарихи ШЫНдЫҚ ЖӘНЕ саяси БаҒа

-   158  -
-   159  -
история государства    №2, 2012
қазақ  жұртының  дәстүрлі  құрылымын 
талқандай түсті, тонау, қуғынға ұшыратуға 
ұластырды дейді. Сондай-ақ, ашаршылыққа 
әкеліп соққан жағдайлар ретінде салықтың 
түр-түрі  шамадан  тыс  көбеюі,  оған  қоса 
табиғи  қуаңшылық  пен  кеңестік  биліктің 
қолдан ұйымдастырған науқандары себепші 
болғандығын атап өтті.
Ашаршылыққа    байланысты    Мемле-
кет  тарихы  институтының  ұжым  қыз-
меткерлері  «1932-1933  жж.  Ашаршылық 
ақиқаты»  атты  ғылыми–зерттеу  еңбегін 
жазып  шығып,  баспаға  ұсынғандықтарын 
атады.  Ол  жинақты  жазып  шығу  үшін 
бірқатар  мұрағаттардың  материалдары 
және шетелдік зерттеушілердің де еңбектері 
салыстырмалы  түрде  пайдаланылғандығы 
жөнінде  және  жаңа  көзқарас  тұрғысынан 
талдаулар жасалғандығы баяндалды.
Мемлекет  тарихы  институтының  бас 
ғылыми       қызметкері,       т.ғ.к.,      доцент 
К.М. 
Ілиясова 
өз 
баяндамасында 
Қазақстандағы  ашаршылықтан  қырылған 
адамдардың саны мен шетелге ауған қазақтар 
жайында  бірқатар  мәліметтер  келтірді. 
Мысалы,  1920-1930  жылдарда  қазақтар  4 
млн-ға  жуық  адамынан  айырылды,  олай 
дейтініміз  1921-1922  жылдардағы  аштық 
кезінде  1  млн  700  мың  адам,  1932-1933-
жылдары  2  млн  300  мыңға  жуық  адам көз 
жұмғанын айғақтайтын деректер бар дейді.
Институт  директорының  орынба-сары, 
т.ғ.к., доцент А.Н. Қашқымбаев ашаршылық 
құрбандарына қатысты бір күнді нақтылап 
атау  және  ескерткіштер  қою  мәселесін 
көтерді.  Мәселен,  1997  жылдың  31 
мамырынан  бастап,  «Жаппай  қуғын-сүргін 
құрбандарын  еске  алу  күні»  деп  аталып 
келе жатқаны, онда «ашаршылық қасіреті» 
деген  сөздің  енбей  қалғандығын  сөз  етті. 
Баяндамашы  сөз  соңында  ашаршылық 
құрбандарына бір күнді атау керек қой деген 
мәселені баса ескертті.
Пікірcайыста 
баяндама 
жасаған 
профессор  Тұрсын  Жұртбай  ашаршылық-
қа  қатысты  көптеген  мұрағат  құжаттарын 
қарастырғандығын  және  ол  деректердің 
«Ашаршылық  қасіретіне»  дәлел  екендігін 
алға  тартты.  Сондай-ақ,  тәуелсіздік 
алғанымызға  20  жыл  толса  да  белгілі  бір 
күнді тұрақты түрде атап тұру мәселесінде 
ортақ  тоқтам  болмай  келе  жатқандығына 
тоқталып,  ашаршылық  пен  қуғын-сүргін 
құрбандарын  31  мамырда  бірге  атап  өтуді 
нақтылау керек деген құнды ой айтты.
Жалпы,  ашаршылық  тақырыбына 
арналған 
«Аманат» 
интеллектуалды 
пікірсайыс  клубындағы  «Ашаршылық 
қасіретіне»  қатысты  талқылаулар  өте  қызу 
пікіралмасумен  өтті.  Мұндай  талқылаулар 
елдің өткен тарихын таразылауға, тарихтан 
тағылым  алу  үшін  пайдалы  болмақ. 
Сондықтан,  ғылыми  пікір  алмасулар 
өткізіліп тұруы қажет.
 

-   160  -

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет