Құқықтық тәрбие берудің теориялық негіздері



бет14/28
Дата14.08.2023
өлшемі225,66 Kb.
#105256
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   28
Сондықтан диагностиканың ғылыми-тәжірибелік әрекетті сипаттайтынын ескере отырып, біз зерттеуімізде оны басшылыққа алдық. Сонымен бірге диагностиканың екі кезеңнен тұратынын, атап айтқанда, біріншісі - психодиагностикалық ақпараттарды жинау; екіншісі - мінездемелерді тұжырымдау және диагноз қоюды жүзеге асырдық. Зерттеу барысында диагностикалық әдістердің тұлғаның психикалық ерекшеліктеріне мінездеме берумен қатар сандық және сапалық сипатама беретінін негізге алдық.
Осы орайда диагностиканың алғашқы кезеңі психодиагностикалық ақпараттар алуда оның екі тәсіліне де ерекше мән бердік. Себебі, психодиагностикалық әдістерді (тесттер) қолдану арқылы өте қысқа немесе жан-жақты; адамды емдеу немесе оқыту мекемелері жағдайында ұзақ қарау арқылы мәліметтер жинақтау маңызды. Қысқа диагностикалық зерттеудің өзі екі түрге бөлінеді: біріншісі, психологиялық тестілеу, онда процедураның стандарттығына жетеді және психикалық даму деңгейіне сандық баға беріледі; екіншісі, кешенді психодиагностикалық зерттеу, онда психодиагностикалық гипотеза жасалады. Диагностика психологиялық кеңес үдерісіне қосылып, психологиялық мінездеме берумен аяқталады. Алынған мәліметтер оқыту құралдары мен тиімді жолдарын анықтау үшін қолданылады. Сондықтан сапалық және сандық сипаттағы диагностика нәтижелері балаларды тәрбиелеу мен оқыту жүйесінде мазмұн мен әдістердің тиімділігін анықтауға мүмкіндік береді.
Мектепте қолданылатын сандық сипаттағы диагностикалық әдістердің ең бастысы - әр түрлі тесттер мен шкалаларды қолдану екендігі зерттеу барысында басшылыққа алынды. Сапалық диагностикалық әдістер сандық әдістермен салыстырғанда күрделі, бірақ та оның көмегімен психикалық құбылыстарды жан-жақты зерттеп, сипаттама жасауға болатынын да ескердік. Сонымен аралас диагностикалық әдістерде сандық және сапалық диагностикалық әдістер біріктіріліп қолданылады. Демек зерттеуімізде диагностика нәтижесінде алынған мәліметтер обьектінің қалыпты жағдайынан ауытқуының алдын алуға, сондай-ақ обьектінің дамуын қамтамасыз етуге пайдаланылатыны негізге алынды.
Жалпы алғанда ппедагогикалық диагностика - оқу үрдісін оңтайландыру міндеттерін шешуге бағытталған бақылау мен бағалау тәсілдерінің, әрі педагогикалық үрдіс жағдайының себептерін анықтау, «педагог-оқушы» жүйесінің мүмкіндіктерін, олардың арасындағы қарама-қайшылықтарын айқындау және сипаттау үшін қажетті білім мен әрекеттің жиынтығы. Осыдан педагогикалық диагностика - оқу үрдісін оңтайландыру міндеттерін шешуге бағытталған бақылау мен бағалау тәсілдерінің жиынтығы, сонымен қатар оқу бағдарламаларын, педагогикалық әсер әдістерін жетілдіру болып табылады
Сондықтан қажетті ғылыми өлшемдерді сақтай отырып, мұғалім оқушыларды бақылайды, сауалнама жүргізеді, бақылау мен сауалнамадан алынған мәліметтерді өңдеп, алынған нәтижені, оның себебін түсіндіру үшін немесе болашағын болжау үшін хабарлайтын үрдісті педагогикалық диагностикалық әрекет ету деп айтады.
Педагогикалық диагностиканың зерттеу обьектісі педагогикалық процесс және оның барлық құрауыштары болып табылады. Ол педагогикалық процестегі өзгерістерді оқушы бойындағы өзгерістермен байланыстыра болжайды. Педагогикалық диагностиканың мәнін оның атқаратын функциялары арқылы талдауға болады.
Педагогикалық диагностиканы іске асыруда мұғалім мынадай принциптерді басшылыққа алуы тиіс: тұтастық, диагностикалық мақсаттық, тұрақтылық, оқыту мен тәрбие берудің бірлігі, ұжым мен жеке тұғалардың бірлігі, диагностиканың ғылымның даму деңгейіне сәйкестілігі, диагностиканың кешенді сипаты, т.б. Кейбір принциптерге тоқталатын болсақ, олар төмендегідей сипатталады:
Мақсаттылық принципі бақылау белгілі мақсатқа негізделсе және еріксіз бақылаудағы сияқты өзгермелі тітіркендіргіштердің болмауы. Кімде-кім ғылыми бақылауды өткізгісі келсе, бастапқыда зерттеуге сай бірнеше болжамдар ұсынып, бақылау кезінде сол бағытта жұмыс жасайды.
Тұрақтылық принципі біз үстіртін әсерге мән бермей, қысқа да нақты емес ақпараттарға ие болмауымыз қажет. Осы мақсатпен келесідей әдіснамалық негіздерді көрсетеміз: бақылауды кім ұйымдастырып отырса, ол нені бақылайтынын біледі. Егер бір ситуацияны бірнеше адам бақылап жүрсе, олардың бақылаулары қаншалықты бір-біріне сәйкес келетінін көру қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет