Құқықтық тәрбие берудің теориялық негіздері


Құқықтық тәрбие берудің педагогикалық моделі



бет7/28
Дата14.08.2023
өлшемі225,66 Kb.
#105256
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   28
Байланысты:
маханбетқұл

1.2. Құқықтық тәрбие берудің педагогикалық моделі
Жаңа ғасыр белесінде болашақ ұрпақтың жаңаша өмір салтын құқықтық тәрбие негізінде құруы қажеттігі атап көрсетілген. Жеткіншектерге құқықтық тәрбие беру мәселесін теориялық зерттеу нәтижесі оларды бағалау тәсілдері мен мүмкіндіктерін таңдау, құқықтық бағдар үдерісін, оның тиімділігін қамтамасыз ететін моделін, педагогикалық диагностикасын, ғылыми-әдістемелік жүйесін дайындауға мүмкіндік береді.
Құқықтық тәрбиенің нәтижесінде мектеп жағдайында құқықтық мәдениетті қалыптастыру жоғарыда айқындалған шарттар арқылы үлгі ретінде берілуі мүмкін. Жеткіншектерге құқықтық тәрбие беруде оқу-тәрбие үдерісінің мазмұнын анықтау негіздерінің бірі олардың басты факторларын, қағидалары мен өлшемдерін анықтау болып табылады. Мектептің тұтас педагогикалық үдерісіндегі құқықтық тәрбие арнайы ұйымдастырылған үдеріс, құқықтық тәрбиелік іс-әрекеттердің әр түрінде субьектілердің өзара әсері және құқықтық қатынастарының негізінде құқықтық мәдениет қалыптасады.
Біздің зерттеуіміз үшін оқушылардың құқықтық тәрбиесінің әр түрлі аспектілерін қарастырған жұмыстар маңызды болды. Құқықтық тәрбие – азаматтық тәрбиенің бір бөлігі, адамгершілік, азаматтық тәрбиесінің реттеуші түрі. Саяси-идеялық, отансүйгіштік, ұлтжандылық, еңбек, экокномикалық, экологиялық, эстетикалық тәрбиелер азаматтық тәрбиенің негізгі бөліктері болса, сезім арқылы қалыптасса, құқықтық тәрбие сол сезімді реттеуші, шектеуші.
Тұлғаның құқықтық мәдениетін қалыптастырудың арнайы ұйымдастырылған жүйелі үдерісі құқықтық тәрбие болып табылады. Мамандардың көпшілігі тұлғаның құқықтық мәдениетін қалыптастыру жалпы білім беретін мектепте өтетіндігін ерекше белгіліп көрсетеді.
Педагогикалық зерттеулерде тұлғаның құқықтық мәдениетінің құрылымдық компоненттерінің мазмұны, құқықтық тәрбие бойынша педагогикалық іс-әрекеттің мақсаты, міндеттері, мазмұны, формасы, әдістері мен құралдары анықталады.
Ғалымдардың пікірінше, құқықтық мәдениетті тұлға құқық нормалары мен принциптерінен терең білімді меңгерген, заңды сыйлайтын, қоғамдық пайдалы мақсатта құқықты пайдалана алатын, заңдылықты және тәртіп сақтауды нығайтуға белсенді қатысуға дайын. Бірақ, өмірде азаматтардың көпшілігінің құқықтық сауатсыздығы, өзінің құқығын қорғай алмауы, заңға деген сенімінің жоқтығы, құқық қорғау органдарын сыйламауы, құқық бұзушылық пен қылмыс санының өсуімен сипатталатын құқықтық мәдениет деңгейі төмен екендігі алдыңғы бөлімдерде мәліметтер арқылы сараланды. Осыдан құқықтық тәрбиенің нәтижесінде құқықтық мәдениетті тұлғаның қалыптасатыны айқын.
Құқықтық тәрбиенің субьектілеріне мектептің педагогикалық ұжымы (әкімшілік, мұғалімдер, басқа қызметкерлер), оқушылар, ата-аналар, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар мен мекемелердің өкілдері жатады.
Құқықтық тәрбиенің мақсаты - тұлғаның белсенді құқықтық ұстанымынан көрінетін оқушылардың қоғамға, ұжымға, басқа адамға, өзіне тұрақты, позитивті, қоғамдық бағытталған құқықтық қатынасын қалыптастыру. Құқықтық тәрбиенің міндеттері құқықтық білім, білік және дағдыны, құқықтық мінез-құлық дағдысын, құқықтық сенімін, қызығушылығын, идеалын, принциптерін қалыптастыру.
Құқықтық тәрбие үдерісінің әдіснамалық негізі іс-әрекеттік-тұлғалық тұрғыға бағдарланған жүйелілік, ізгілік, тұлғалық-бағдарлық, аксиологиялық, акмеологиялық тұрғылардың бірлігі ретінде көрінеді. Сонымен құқықтық тәрбиені күрделі, жүйелі құқықтық білім беру деп те қарастыруға болады.
Білімнің жеткіліктілігі: оқушылар өздерінің әрекет-қылықтарын қоршаған орта талаптарына сәйкес орындай білу қабілеті; оқушылардың жағдаяттық тапсырмаларды, шынайы өмірдің дәл жағдайларын орындай алу деңгейі; адам құқығы мен міндеттері, балалар құқығы, ҚР Конституциясы, ұлтаралық құқық туралы құжат, әсіресе, жалпыға бірдей адам құқығы декларациясы және балалар құқығы конвенциясы туралы білім деңгейімен анықталады. Онда адам психикасының ақыл-ой, ерік және көңіл-күй сферасы белгілі бір қозғалмалы күйде көрінеді.
Жеткіншектің азаматтық борыш сезімінің жоғарғы деңгейде дамуы, өзінің іс-әрекеті мен әрекет-қылығына жауапкершілігі, жүктелген маңызды қоғамдық міндеттерді шығармашылықпен белсенді орындауы елімізде және дүние жүзінде болып жатқан оқиғаларға қарым – қатынасын көрсетеді. Оқушының белсенді құқықтық ұстанымы оның әлеуметтік іс-әрекетінің дәстүрлі – құқықтық көрінулері ретінде объективті және субъективті, ішкі және сыртқы диалектикалық бірліктерге сүйенеді.
Жеткіншектерге құқықтық тәрбие берудің құрылымдық-мазмұндық моделін, оның компоненттерін, өлшемдері мен көрсеткіштерін анықтадық ( 1-кесте).




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет