Зерттеу обьектісі: жалпы білім беретін мектептегі оқу-тәрбие үдерісі.
Зерттеу пәні: жалпы білім беретін мектептің жеткіншектеріне құқықтық тәрбие беру.
Зерттеудің мақсаты: жалпы бiлiм беретін мектептегi жеткіншектерге құқықтық тәрбие беруді теориялық тұрғыдан негіздеу және оны тәжірибеде қолданудың тиімді жолдарын белгілеу.
Зерттеудің ғылыми болжамы:егер, жеткіншектерге құқықтық тәрбие берудің психологиялық-педагогикалық мәселесі зерделеніп, оның теориялық – әдістемелік негізі жасалса, жеткіншектерге құқықтық тәрбие берудің моделі құрылымы, өлшемдері, көрсеткіштері мен деңгейлері айқындалып, педагогикалық шарттары анықталса, бағдарламалар мен әдістемелік нұсқауларды тәжірибелік – эксперименттен өткізіп, мектеп практикасына кешенді түрде енгізсе, онда жалпы білім беретін мектептердегі жеткіншектердің құқықтық тәрбиесі туралы теориялық білімдері кеңейіп, сана-сезімі мол, белсенді, тәртіп бұзушылыққа ымырасыздықпен қарайтын жеке тұлға қалыптастыруға мүмкіндік туады.
Зерттеудің міндеттері:
«құқықтық сана», «құқықтық тәрбие» ұғымдарына берілген анықтамаларды нақтылау;
жеткіншектердің жас ерекшеліктерін ескере отырып, құрылымдық-мазмұндық моделін жасау, өлшемдері, көрсеткіштері мен деңгейлерін анықтау;
5-9 сынып оқушыларына құқықтық тәрбие берудің педагогикалық шарттарын айқындау;
жалпы орта білім беретін мектептердегі 5-9 сынып оқушыларына құқықтық тәрбие берудің тиімділігін эксперимент жүзінде дәлелдеу.
Зерттеу әдістері: зерттеліп отырған мәселеге қатысты философиялық, психологиялық, педагогикалық және ғылыми-әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау жасау, салыстыру, нәтижені жобалау, оқу-әдістемелік құжаттарды саралау, озат іс-тәжірибелерді жинақтау, оқу-тәрбие үдерісін бақылау, педагогикалық эксперимент жүргізу, сауалнама жүргізу, тестілеу, әңгімелесу, зерттеу бойынша алынған нәтижелерді математикалық-статистикалық тұрғыдан өңдеу және қорытындылау.