Арнайы курстың мақсаты – жеткіншектерге құқықтық тәрбие мен білім бере отырып, қоғамдағы өзінің мінез-құлқындағы құқықтық нормаларды сақтауға, әлеуметтік ортадағы жат қылықтан аулақ болуға үйрету.
Арнайы курстың міндеттері: құқық туралы білімнің қажеттілігін сезіндіру; өзінің туған елінің заңы мен құқықтық ереже, белгі нормаларын сақтау, қорғау, сыйлау рухына тәрбиелеу; сана-сезімі мол, қоғамға, әлеуметтік ортаға жат әдет-қылыққа қарсы белсенді күресетін, қоғамдық тәртіпті бұзушыларға ымырасыздықпен қарайтын жеке тұлғаны қалыптастыру. Сонымен қатар арнайы курс барысында құқықтық тәрбие берудің формалары ретінде кездесулер, пікірталас, кештер, конкурстар, олимпиадалар, брифингтер, тренингтер, психологиялық тапсырмалар, және т.б. пайдаланылды. Жеткіншектерге құқықтық тәрбие беруге арналған арнайы курстың жоспары 2-ші кестеде көрсетілген.
2- Кесте - “Қазіргі мектептегі жеткіншектерге құқықтық тәрбие берудің негіздері” атты арнайы курс жоспары
№
|
Курс мазмұны
|
Дәріс
|
Практикалық сабақтар
|
|
Кіріспе. Арнайы курстың мақсаты мен міндеттері
|
1
|
|
|
Жеткіншектерге құқықтық тәрбие берудің теориялық негіздері
|
1
|
2
|
|
Жеткіншектерге құқықтық тәрбие берудің педагогикалық қағидалары
|
1
|
2
|
|
Жеткіншектерге құқықтық тәрбие берудің жүйесі
|
1
|
3
|
|
Жеткіншектерге құқықтық тәрбие берудің технологиясы
|
2
|
7
|
|
Барлығы
|
6
|
14
|
Құқықтық тәрбие адамды азамат ретінде дамытудың маңызды факторы, құқықтық қоғамды құру және реттеу құралы ретінде жалпы білім беретін мектепте жеткіншектердің құқықтық тәрбиесін зерттеудің ерекше көкейкесті себептерін теориялық ғана емес, практикалық сипатта айқындауда жалпы білім беретін мектеп жеткіншектеріне құқықты тәрбиенің келесі бір тиімді формасы ретінде сыныптық тәрбие сағаттарында сауалнамалар, пікір-талас (дебат), олимпиада, кештер, сайыстар, тренингтер, кездесулер және төмендегі әңгіме тақырыптарын: «Қазақстан Республикасының рәміздері», «Мен - ғаламшардың екі полюсімін (жақсылық -жамандық)», «Заң және құқық», «Өз құқығыңды білесің бе?», «Қылмыскер болу оңай»; ««Қазақстан Республикасының азаматтары міндеттерінің, еріктерінің және құқықтарының бірлігі» немесе «Немқұрайдылық және арамзалық қылық», «Заңды қорғау», «Отбасылық жағдай және жеткіншек», «Ата-ана мен баланың құқықтық қатынасы», «Есірткінің көмегімен өміріңді қалай құртуға болады?», «СПИД-тен абай бол!» сияқты мазмұнда тәрбиелік іс-шаралар жүргізілді.
Арнайы оқыту бағдарламасын жасау, жеткіншек балаларға құқықтық тәрбие беруді қамтамасыз ету болып табылады. Ондағы басты қадам қазіргі мектептегі 5-9 сынып оқушыларына құқықтық тәрбие беру мәселелерін шешуге көмек беру. Осы бағыттағы әрекеттер 5-9 сынып оқушыларының құқықтық тәрбиесінің деңгейін зерттеуге байланысты, қазіргі заман талабына сай құқықтық білім беру жолдарымен таныстыру. Осындай маңызды сұрақтардың бірі тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерін қолданудың нәтижесі болып табылады.
Арнайы курсқа сынып жетекшіері мен құқық, тарихтан беретін барлық мұғалімдер қатысты және оны жоғары бағалады. Лекциялар барысында теориялық мәселелерге байланысты көптеген сұрақтар туындап отырды. Ал семинар сабақтары “дөңгелек үстел” түрінде, пікірталас, әңгімелесу арқылы жүзеге асты. Онда құқықтық оқытудың қызметтеріне, атап айтқанда, рухани, білімдік, тәрбиелік, психологиялық даму, реттеуге баса назар аударылады.
Мұғалімдер әдістемені жан-жақты талқылап отырды. Мұғалімдерге әдістемелік құралдар мен нұсқаулар таратылды. Практикалық жұмыс өзінің және озат педагогтардың сабақтарына кіру, оларды талқылау түрінде өтті. Кейбір мұғалімдер көрсетілген әдістеме бойынша жұмыс көрсетті. Жалпы, бұл арнайы курс, зерттеу жұмыстары мектептерде жаңа серпін әкелді. Мұғалімдер ұжымы осындай курстар мен жұмыстардың жиі өтуіне тілектес болды, себебі мұндай жұмыстар мұғалімнің теориялық білімін ғана емес, әдістемесінің жетілуіне, жаңаша идея, бағыттың пайда болуына әсері мол деген пікірлерін де ортаға салуына мүмкіндік берді.
«Оқушылардың құқықтық тәрбиесі» деп аталатын дөңгелек стол ұйымдастырылды.
Достарыңызбен бөлісу: |