Сынып жетекшісі мектеп мұғалімдерінің оқушыларға тәрбиелік ықпалын үйлестіріп, олардың мақсатты түрде сабақтан тыс әртүрлі педагогикалық әрекеттерін ұйымдастыруын қадағалайды. Сондықтан, біз мұғалімдердің кәсіби қызметін жүзеге асыруда балаға жасаған ықпалы туралы айтар болсақ, онда мұндай педагогикалық әрекетті – тәрбие жұмысы деп айтамыз.
Тәрбие жұмысының формасында оның мазмұны жүзеге асады. Сондықтан сыныптан тыс тәрбие жұмыстарының мазмұны оқушылардың теориялық білімін кеңейте, молықтыра түсуге лайықталып, оқушылардың жеке қабілетін дамыта түсерліктей болғаны жөн. Ондағы материалдың мазмұндылығы, идеялық және әдістемелік сапасы мұғалімнің шеберлігіне, ұйымдастыру тәсіліне байланысты.
Өз зерттеуiмiзде бiз бiрiккен қызметтегi өзара қарым-қатынастарды iзгiлендiру әр жеткіншекке жеке тәжiрибе жинақтауға және таңдаудың субъектiсi болуға мүмкiндiк беретiнiн ұстандық. Жеткіншек бұл таңдауды басқа субъектiлермен өзара әрекеттескен түрде өзiне қатысты жасайды. Қызметтiң нәтижелерi, тәсiлдерi, қондырғылары, сезiмдерi, идеяларымен өзара алмасу басқа жеткіншектің жеке мүдделерiн, сыныптың мүдделерiн ашады. Өзiн-өзi тану мен қоршаған ортаның танымына көмектесу мен қарсыласу, келiсу мен қайшылықтар, бiрге күйзелу мен әсершіл саңыраулық көрiнетiн қарым-қатынастар жүйесiнде ерiктi таңдаудың жағдайына айналды.
Тәжірибе барысында, субъектiлердiң өзара қарым-қатынастарының құқықтық негiзi бекiтiлдi: бiреудiң құқығына екiншi адамның мiндетi сәйкес келедi, өйткенi құқық қоғамдық қатынастарды, яғни құқық субъектiлерi арасындағы қатынастарды реттейдi. Жауапкершілікке тәуелдiлiк қатынастарының демократиялық басқару көзқарасына сәйкестiгi анықталды, ол бойынша демократиялық басқаруда бiр тұлғаларға құқықтар, екiншiлерiне тек мiндеттер жүктеуге жол берiлмейдi.
Заңды мiнез-құлық тәжiрибесiн азамат ретiнде оқушының құқықтары мен мiндеттерiн өкiлеттік жүйесiнде орындау барысында бекiту оқытушы-оқушы, оқушы-мектеп, оқушы-құқық қорғау органдары және т.б. өзара әрекеттестiктерде Қазақстан Республикасы Ата Заңының азаматтардың құқықтарына мемелекеттiң оларды орындауды талап ету құқығы сай келедi деген ережесiнiң жүзеге асуына ықпал еттi.
Біздің тәжірибелік зерттеуіміз барысында, оқушылардың өнегелiк құқықтық қатынастарын қалыптастырудың жоспарланған тәрбиелiк нәтижесi жағдаяттарды түзету арқылы бiлiндi: жеткіншектер мен педагогтардың кикiлжiң өзара әрекеттестiктен тәрбие беру процесi субъектiлерiнiң өзара әрекеттестiгiне өтуiне психологиялық, адамгершiлiк, практикалық дайындығы өзгердi. Тәрбие беру тиiмдiлiгi педагогикалық тұрғыдан бұзақылыққа бейім оқушылардың “бастапқы ұстанымының” деңгейiн ескере отырып жауапты тәуелдiлiк қатынастарын дамытудың әдiстерiн педагогикалық талдауға тәуелдi болды.
Бұл жағдайлар оқушының тiршiлiк әрекетiндегi ұжымдық ұйымның қағидаларының орындалуына ықпал етедi. Жеткіншектердiң құқық бұзушылықтарының уақытылы профилактикасы үшiн жеткіншектің қызметiнде жауапкершілікке тәуелдiлiк қатынастарын дамытудың шешушi рөлi осында.
Құқықтық тәрбие түрлері мен мазмұны:
педагогикалық тұрғыдан мектептегi жағдайларды iзгiлендiруге бағытталған жалпы iстерге оқушылардың өзiн-өзi басқаруға араласуымен;
тәрбиеленуi қиын балалардың сынып мұғалiмдерiмен оң, педагогикалық мақсатқа лайық қатынастардың орнатылуымен және жеткіншектерге оқу қызметiнде жетiстiктерге жетуi үшiн көмектiң қамтамасыз етiлуiмен;
педагогикалық бетiмен кеткен жеткіншектерге ұжымның жеке тапсырмалары мен өкiлдiктерiн орындауында табысты қамтамасыз етумен және тәлiмгерлiк көрсетумен;
педагогикалық ұжым қызметiн ұйымдастыру барысында құқықтары мен міндеттерiн орындауында жеке үлгi-өнеге көрсетуiмен;
тәрбиешi мен тәрбиеленушiлер бiрiккен қызметтiң қатысушыларының тұлғалық маңызды қатынастарын қайта құруда шығармашылық бастама көрсетуiмен;
тiлектес педагогикалық қарым-қатынаспен, ұжымда құқықтар мен мiндеттердi орындаудың жеке түрлерін iздеумен; өзара қатынастардың өнегелік және құқықтық қағидаларын адамгершiлiк өнегелiк талқылаудың күшеюiмен;
тәрбиеленуi қиын жеткіншектерді қоғамға пайдалы iстерге араластырумен, оларға ұжым өкiлдiктерiн орындауда құқықтар мен мiндеттер берiлуiмен қамтамасыз етіледі.
Психологиялық-педагогикалық зерттеулерде егер тұлғаларды дифференциялау мақсаты қойылмаса да, барлық жекелеген қасиеттердiң қалыптасу деңгейлерi: өзiн-өзi бағалау және талаптану көрiнiстерi, тұлғааралық қатынастардағы эмоционалды жағдайлары және т.б. анықталады.
Анықталған деңгейлердiң негiзiнде авторлар тұлғаның ерекшелiктерiн жiктеуге тырысады.
Алдыңғы зеттеулерiмiзге сандық-сапалық тұрғыдан талдауды қолдану үшiн тәрбиелiлiк деңгейлер көрсеткiштерiнiң нәтижелерi жалпы кестеге жинақталды, оған педагогикалық талдау жасауды, оқушының еңбекке, өзiне, адамдарға, қоғамға деген қарым-қатынастарының қалыптасу көрсеткiштерi, оның құқықтық мiнез-құлқының эмоционалды – жiгерлiгі туралы мәлiмет жинауды талап еттi.
Жеке тұлғаның қалыптасып, ой-өрісінің дамуында белсенділігінің артып, қоршаған ортаны танып, білуінде және алған білімдерін іс-тәжірибеде қолдана білуінде негізгі орын алып, оқушыларды шығармашылыққа жетелейтін іс-әрекеттердің бірі - оқушылардың сабақ барысында және сабақтан тыс кездерде орындайтын өзіндік жұмыстары.
Жеткіншектерге құқықтық тәрбие беру жүйесінің қорытынды бөліміне күнделікті өмірде құқықтық нормаларды қолдану және әдепті сақтауды жатқызуға болады. Өмірдің құқықтық сферасында әдеттердің қалыптасуы ұзақ уақытты үдеріс, оның барысында әлеуметтік іс-әрекеттер жиі орындалып, стереотиптер ретінде қалыптасады. Оған мысалы ретінде педагогтың мадақтау көмегін жатқызуға болады. Біздің ойымызша берілген кезеңдерді бөліп көрсету шартты, себебі олар бір-бірімен байланысты және кезектесіп орындалмай, паралельді түрде орындалады.
Мектептің құқықтық кеңістігі дегеніміз не? Оқу-тәрбие үдерісіне қатысушылардың өзара қарым-қатынасы өзгерді ме? Оқушылардың тәртібі, ата-анамен оқушылар арасындағы кикілжің, т.б. өзгерді ме? Оқушының әлеуметтік дағдылары мен біліктіліктері, өз көзқарастарын дәлелдеуі, толеранттық, топта жұмыс істеу, басқа адамның пікірін, абыройын сыйлау, т.б. өзгерістер бар ма?
Сондықтан тәрбиеленушiнiң құқықтық қатынастық өнегелік мазмұнын түсiнуiн; осы қатынасқа күйзелуiн, оны жүзеге асыруға деген ұмтылыс пен өнегелік-құқықтық қатынасты жүзеге асыратын практикалық қарым-қатынастарын жатқыза отырып, “әрекеттер, сөздер, күйзелiстер қатынастарға баламалы, бiрақ қатынастың өзi болмағандықтан” жекелеген көрiнiстер бойынша тұтас қатынас туралы сөз ету қиын. Демек бiз оқушылардың өнегелік-құқықтық қатынастары қалыптасуының жеке көрсеткiштерi лауазымдық шкалалар үйлесiмiнiң мүмкiндiгiн орнатудан туындаған қажеттiлiк деп негiздеймiз.
Мұнда тәрбиеленушiнiң қатынастарының адамгершілік мазмұнын түсiнуi көрiнiстерiнiң өлшемдерi үш баллдық шкаламен анықталды: дұрыс түсiнедi – 1 балл; түсiнуi дұрыс, бiрақ дәл емес – 2 балл; дұрыс түсiнбейдi – 3 балл.
Құқықтық қатынасқа күйзелуiнiң көрсеткiшi ретiнде келесi көрiнiстер алынды: мiнез-құлқының өнегелiк құқық қағидаларына сәйкес келмейтiнiне күйзеледi – 1 балл; мiнез-құлық ережелерi құқық қағидалардың бұзылуына немқұрайлылық бiлдiредi – 2 балл; мектептегi тәртiптiң, құқықтық тәртiптiң бұзылуын арандатады – 3 балл. Тәрбиеленушiнiң құқықтық қатынасты жүзеге асыруға деген ұмтылысы көрiнiсiнiң өлшемдерi келесiлер болып табылады: адамгершiлiк, өнегелiк қағиданы орындауға ұмтылады – 1 балл; басқа адамның құқығын сақтауға ұмтылмайды – 2 балл; мектептегi тәртiптi орындаудан бас тартады, оны қасақана бұзады – 3 балл. Өнегелiк құқықтық қатынасты жүзеге асырушы әрекеттері көрiнiсiнiң өлшемдерi ретніде мына көрiнiстер алынады: адамгершілік мөлшері үнемi баланың әрекеттерi мен мiнез-құлқында бiлiнедi – 1 балл; тәрбиеленушi өз әрекеттерiнде жүйелiлiктi сақтамайды – 2 балл; әрекеттерi мен мiнез-құлқында өнегелiк тәрбиесiздiк көрiнедi – 3 балл. Мiнезiнiң ерiктi, әсершіл әлпеттерiнiң қалыптасу деңгейiн және де педагогикалық бетiмен кетушілік көрсеткіштер бойынша өлшеу тұлғаның ұжымдық-өзiмшiлдiк бағыттылығын анықтауды талап етедi.
Бұл процесс екi өлшемдерде жұмыс iстейдi:
1. педагогикалық тұрғыдан бұзақылыққа бейім жеткіншектердiң мектептегi өмiрiнiң жағдайларымен және iзгiлендiру сипатымен байланысты басшылық етудiң оптималды түрлерін дамыту;
2. ұжымдағы өкiлеттіліктерді орындаудағы жеткіншектiң құқықтары мен мiндеттерiн кеңейту арқылы тұлғасын түзету, санды өзгерiстердiң (өнегелі-құқықтық бiлiмдерiнiң, күйзелiстерiнiң, ұмтылыстарының жинақталуы) сапалы (тұлға қатынастарының көптiлiгi арқылы бiлiнетiн жеке мiнез-құлықтың тұрақты құқықтық тәжiрибесi) өзгерiстерге айналуы.
Құқықтық тәрбие үрдісі тәрбиеленушінің балалық шағынан басталып, еңбек етіп азамат болған уақытында да жалғасатын күрделі құбылыс. Ол моральдан басталып заң нормаларын білу, сыйлау, міндеттерін орындау, өз құқықтары мен бостандықтарын білу. басқа тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарына қол сұқпау, оларды сыйлау, мемлекетке, қоғамға зияны бар әрекеттерге жол бермеу сияқты нормалармен жүзеге асып отырады.
Адамның құқықтық дамуы құқықтық тәрбиенің арнайы мақсатын құpaйды. Нақтылап айтсақ: құқықтану білімі; тұлғаның құқықты үғынуы; адамның құқыққа қызығушылығын және заңға оң көзқарасын қалыптастыру және т.б.
Құқықтық тәрбие өзіндік әсер етуші нысанға иелене отырып, тұлғаның жалпы санасы мен әрекетіне ықпал етеді. құқықтық сана деңгейі адам дамуының жалпы деңгейіне байланысты жіктеледі.
Сонымен жеке тұлғаға сапалы құқықтық тәрбие берудің негізгі дәлелі - тұлғаның жоғары деңгейде дамыған құқықтық санасы мен мәдениеті. Мектеп табалдырығынан басталатын құқықтық тәрбие оқушының құқықтық ұғымын қалай отырып. Құқықтық санасын қалыптастырып, жетілдіреді.
Құқықтық тәрбиенің мақсаты тұлғаның құқықтық санасы мен мәдениеті ғана емес, сондай-ақ барлық құқықтық қызметінің негзгі бағыттарын анықтай отырып осы үрдістің
сапалы жүзеге асуына негіз болады т. .
Тұлғаны жан-жақты үйлесімді тәрбиелеу саласының бірі - құқықтық тәрбие екені мәлім. Ол қоғамның әрбір азаматының мемлекеттік заңдарды аса жауапкершілікпен орындап отыруы талаптарымен тығыз байланысты. Әсіресе, оның елімізде жүріп жатқан жариялық, құқықтық және зайырлы қоғам орнату процесімен байланысының маңызы ерекше. Ол үшін адамзаттың сан ғасыр уакытта жасап шығарған жалпы адамзаттық негіздегі моральдық нормаларын қоғамның әрбір өскелең жастарының сана-сезімімен, күнделікті мінез-құлықтарына қалыптастыру қажет. Бұл таланты іс жүзіне асыру, әсіресе елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын дамыту кезеңінде, ең бірінші кезекте құқықтық сананы тәрбиелеу мен мемлекеттік заңдарды жетілдіру процесінде жандандыру айрықша міндетті іс.
Оқушыларға құқықтық тәрбие беруде сыныптан, мектептен тыс жұмыстардыңда алатын орны ерекше. Осы бағыттағы жұмыстарға жататын тәрбие берудің жолдары мыналар:
1. Мораль мен кұқық мәселелеріне арнаған лекциялар, әнгімелер өткізу;
2. Сот, әділет, прокуратура, полиция, денсаулык сақтау қызметкерлерімен кездесу ұйымдастыру;
3. Құқык мәселелеріне арналған кештер, конкурстар, олимпиадалар ұйымдастыру;
4. Құқықтық үйірмелер, білім мектептерін, университетгерді ұйымдастыру;
5. Оқушылар конференциялары, айтыстары, адамгершілік және құқық тақырыптарына байланысты арнаулы және көркем әдебиеттерді талқылау;
6. Құқықтық такырыптарға арналган деректі және көркем фильмдерді талқылау;
7. 16 жасқа толып, куәлік алган окушыларды қүрметтеп, құттықтау;
8. Мектептегі құқық сақтау жүмысыньң хал-жағдайы туралы кабырға газет, бюллетень шығару;
9. "Жас заңгер" клубын ұйымдастыру;
10. Ай сайын "құқықты насихаттау мен құқық бұзушылықтын алдын алудың бірыңғай күндерін" жүргізу. Бұл жұмыс 1986 жылы Қазақ ССР-і Оку министрлігінің ұсынысы бойынша барлық мектептерге енгізілген.
Құқықты насихаттау күндерін дайындап, жүргізгенде балалардың жасерекшеліктерін ескерген жөн және оны жеке немесе бірнеше сыныпта топтастырып жүргізген ұтымдырақ.
Құқықтың тәрбие беру жүйесінде баспасөз және бұкаралық акпарат құралдарының тигізіп отырған ықпалы орасан зор. Мұндай ақпарат көздерінде негізінен елімізде қандай зандар қабылдануда және олардың ерекшеліктері қандай, соны алып көрсету немесе оларға түсіндірме насихат жұмыстарын жүргізу тиімді болмақ. Сол заңдар өмірде қалай орындалуда, сонымен қатар заң бұзушылық көріністерін, себептерін түсіндіру, алдын-алу жұмыстарын халыққа жеткізу де орасан көмек көрсетіп, құқықтық сана-сезімдерін қалыптастыруда ерекше қызмет аткарады.
Оқушы жастарға құқықтық білім беруде саяси оқуда өз нәтижесін береді. Онда парламентте қабылданған заңдарды оқып үйрену, жастардың арасында қоғамға жат әрекеттердің болу себептеріне талдау жасау секілді жұмыстарды атқарудың маңызын атаған жөн. Кейінгі кездерде осы бағытта "Қалқан мен семсер" атты құқықтық білім беру клубтарының жұмысы кеңінен қолдануда. Бұл клубта жұмысында әр тарапы құқық қорғау тақырыптарына арналған дәрістер, әңгімелер, сұрақ-жауап кештері, кездесулер өткізіліп отырады.
Жоғарыда баяндалған құқықтық тәрбие жүйесіне қатысты жұмыстар мен оның тәсілдері жүйелі түрде сапалық тұрғыдаоқушы жастардың жас ерекшеліктерін ескере отыра пайдаланған жағдайда ғана оның жұмысы нәтижелі болмақ.
Негізінде қоғамды адам емес заң билеу керектігін ежелден философтар тұжырымдаған. Сондықтан да заңды білу — замана талабы. Бүгінде Қазақстан Республикасында демократияға бағытталған құқықтык мемлекет құру идеясын жүзеге асыру, ондағы әр бір азаматтың өз құқықтарын жете біліп, соған сай сана-сезімін қалыптастырып, мінез-құлық пен түрлі әрекеттерінде құқықтық нормаларды басшылыққа алу дағдыға айналуы тиіс. Ол үшін:
1. Оқушыларға жалпы орта білім беру жүйесінде құқықтық білім мен тәрбие беруді жан-жақты тереңдету.
2. Оқушылардың құқықтық мәдениеті мен адамгершілік тәрбиесін бірлікте қалыптастыру.
3. Әрбір оқушының осы бағытта жеке сауаттылығын үнемі ынталандырып отыру.
4. Оларға қылмыстың кез-келген түріне жиіркенішпен қарап, төзбеуге бағыт-бағдар беріп отыру.
5. Мектепте құқық негіздерінен алған білімдері мен тәжірибелерін практика жүзінде қолдана білуге үйрету қажет.
Осы бағытта жұмыс істеу үшін, жалпы жұртшылық болып қатысып, еліміздің өркениетті құқықтық мемлекеттер қатарына қосылуына әрбір азаматтың қажетті борышы деп ат салысуы тиіс.