Құқықтық тәрбие берудің теориялық негіздері


Құқықтық оқыту барысында шартты түрде істің негізгі екі жағы ерекшеленеді



бет17/28
Дата14.08.2023
өлшемі225,66 Kb.
#105256
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   28
Құқықтық оқыту барысында шартты түрде істің негізгі екі жағы ерекшеленеді:
- жалпы азаматтық құқықтық білім мен білікті меңгеру;
- кәсіби қызметімен байланысты құқықтық құралдарды меңгеру. Бірінші кезектегі міндеттер негізінен жалпы білім беретін мектепте, екіншісі кәсіптік, арнаулы, жоғары оқу орындарында шешіледі.
Оқушы жастарды құқықтық оқыту мен тәрбие теориясының проблемаларын терең ғылыми зерделеусiз, жалпы бiлiм беретiн, кәсiптiк-техникалық, арнаулы орта және жоғары мектептерде құқық пәндерiн оқытудың теориялық базасы мен әдiстемелiк жабдықталуын жан-жақты жақсартпайынша орта және жоғары мектепте жалпыға бiрдей заң оқуының мiндеттерiн шешу мүмкiн емес. Осыған орай Мемлекет және құқық институтының жанынан оқушы жастарға үздiксiз бiлiм берудiң барлық сатыларында құқықтық оқыту мен тәрбие беру проблемаларына ғылыми зерттеулер жүргiзудi, жалпыға бiрдей құқықтық оқудың мазмұны мен әдiстемесiн әзiрлеудi қамтамасыз ететiн Құқық тәрбиесi жөнiндегi республикалық орталықтар құрылғаны, сонымен бірге құқықтық білім мен тәрбие беру айқындалды.
Диагностика арқылы бүгінде оқушылармен жүргізетін құқықтық тәрбиенің мазмұнын айқындауда А С. Макаренко, В. А. Сухомлинскийдің "кандай да бір құкықтық тәрбие болмасын, егep ол белгілі бір мақсатпен ұйымдастырылып, жеке адамның мұқтаждығына негізделсе, екіншіден, ұжымдық жұмыстарға оқушылар шығармашылықпен қатысса, соғұрлым алдынғы буын ағалардың әлеуметік-құкықтық жетістіктерін, тәжірибелерін қабылдап, өз мінез -құлықтарында қалыптастырады" деп осы мәселеге қатысты айтқан пікірлеріне идеялық маңыз беріп, мектеп тәжірибесінде кең түрде басшылыққа алудың маңызы ерекше.
Сондықтан, қоғамның талабына сай оқушыларды жан-жақты тәрбиелеу үдерісінде мектеп алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі — оқу-тәрбие жұмысының барлық құрылымында құқықтық тәрбиеге айрықша мән беріп, оны ұйымдастырудың тиімді жолдары мен тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру қажет. Себебі, мектеп - өскелең ұрпақты қоғамға даярлау үдерісіндегі негізгі бір әлеуметтік мекеме, ал бүгінде «құқық кеңістігі» екендігі жоғарыда дәлеледенді. Сол үшін де жаңарған қоғамның құқықтық тәрбиеге қатысты талаптарын айқындап, соған сай баланың алғашқы мектеп табалдырығын аттаған күнінен бастап құқықтық сана-сезімдерін қалыптастыру, құқықтық мінез-құлық ережелерін меңгерту, адамгершілік қасиеттерін дамыту және келеңсіз жат-қылықтардан аулак болуына, салауатгы әрі дені сау өмір сүруіне қызмет етуі тиіс.
Құқық - қоғамдағы ең негізгі және маңызды қатынастарды реттейтін, қоғамға пайдалы, қажетті қатынастардың дамуына жол ашып, қорғап, қоғамға зиянды қатынастарды шектеп, тыйым салатын құрал ретінде азаматтардың бостандығын, қоғам алдындағы міндеттерін жариялап және оларды жүзеге асыруда заң жүзінде кепілдікті қамтамасыз етеді.
Құқық нормалары мен ережелері адамдардың іс-әрекеттері мен мінез-құлықтарының қоғамдық мүддеге, белгіленген тәртіпке, қабылданған заңдарға сай келуін талап етеді. Сондықтан да осы талаптарға сай өмір сүру, еңбек ету және т.б. әрекеттерге бару үшін, оларды білу әрбір азаматтың борышы, міндеті.
Олай болса, жеткіншектерге құкықтық білім беріп, олардың жеке тұлғасын қалыптастыруда мектептегі құқықтық тәрбиенің максаты:
1. Өскелең жас ұрпақты қоғамның заңдары мен нормаларын бұлжытпай орындау және оларды сыйлау рухында тәрбиелеу.
2. Мемлекет пен коғам ісіне саналы түрде белсенділікпен катысып, өз Отанын қорғауға әрқашанда дайын болуға жаттықтыру.
3. Өз елінің материалдық және рухани байлығын сақтау, оны молайтуға қабілетті, іскер тұлға етіп тәрбиелеу болып табылады.
Осыған орай жеткіншектерге құқықтық тәрбие берудің міндеттері және олардың мазмұны былай ашып көрсетіледі:
1. Оқушыларға мемлекет, мемлекеттік құрылым және құқық, құқықтық нормалар жайында жан-жақты білімдерді меңгерту. Бұл бағытта мектеп Жарғысы, оқушыларға арналған мінез-құлық ережелері құқықтық білімнің алғашқы негізін қалайды. Онда оқушылардың құқықтары мен міндеттері туралы нормалар бар. Міне, осы қарапайым құқықтық нормалар төменгі сыныптан бастап жоғары сыныптарға дейін оқу-тәрбие үдерісінің барлық құрылымында түсіндіруден, білім беруден, оқытудан басталады.
2. Мемлекет пен мемлекетгік заңдарға құрметпен қарау сезімдерін тәрбиелеу. Мұндағы маңызды мәселе - бүгінгі таңдағы елімізді қайта құру кезеңінде парламентке қабылданып жатқан заңдарды таныстыру, олардың қоғамдағы демократияны дамытып, әділдікті баянды етуде атқарылатын қызметі мен ерекшеліктеріне көңіл бөлу, соның негізінде оқушылардың құқықтық сана-сезімдерін және қоғам, заң алдындағы жауапкершіліктерін тәрбиелеу.
3. Жеткіншектердің мінез-құлықтары мен жүріс-тұрыстарын заң талаптарына сай қалыптастырып, адамгершілікті әдет-дағдыға тәрбиелеу. Демек, құқықтык тәрбие оқушыларды күнделікті өмірде өздерінің жүріс-тұрысына басшылық жасауына дайындауы тиіс. Еліміздің өндіріс құралдары мен қорын қоғамдық меншік ретінде көздің қарашығындай сақтап, Отанымыздың қуатын арттырып, халықтың әл-ауқатын одан әрі жақсарта түсуге талпынатын талапкерді, іскер тұлғаны тәрбиелеу.
4. Біздің қоғамымыз гуманист-ұжымшыл, ол халық үшін қызмет жасайтын жан болуы керек. Ата-заңның 14-бабында "Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең" деп атап көрсетілген. Олай болса, кез келген адам Қазақстан Республикасының азаматы болған жерде бір-біріне қамқор болып, ел байлығын халық игілігіне жұмсауға ат салысуы тиіс. Ол үшін құқыктық тәрбиенің міндеті - жеткіншектердің азаматтық белсенділігін қалыптастыру, заңды бұзушылыққа қарсы күресу, әр түрлі әлеуметік-құкықтық маңызы бар жұмыстарға қатыстыру.
Жоғарыда аталған мақсат-міндеттер мынадай тұжырымдар жасауымызға мүмкіндік береді: біріншіден, мектеп практикасында іске асырылған жағдайда ғана құқыктық тәрбие дұрыс жолға қойылды деп атауға болады. екіншіден, жалпы білім беретін мектеп әлеуметтік мекемелердің бірі ретінде оқушыларға заман талабына сай, лайықты құқықтық білім беру, олардың құқықтық сана-сезімін қалыптастыруда шынайы ағартушыльқ орны болған жағдайда ғана іс нәтижелі жүзеге асады. Себебі, балалардың мектепте оқуының негізгі шарты — адамның сана-сезімі қалыптасуының ең бір нәтижелі кезеңі. Сондықтан мектеп оқушыға алғашқы күннен бастап қоғамның қатаң және шүбәсіз талаптарын қойып, оны лайықты мінез-құлық ережелерімен ұштастыру қажет. Бұл жұмыс қоғамдық сананың қол жеткен табыстарын, оқушылардың жас ерекшеліктерін, ой-саналарының дәрежесін т.б. жағдайларды ескеріп жүргізілуі керек.
Қазіргі жағдайда жас ұрпақтың сана-сезіміне, әрекет-қылығына әсер ететін жағдайлар сан алуан. Сондықтан да, құқықтық тәрбие жұмысын жүргізгенде оның түрлерін, амал-тәсілдерін, ұйымдастыру жолдарын алдын-ала анықтап, белгілеп алу қажет. Біздің пікірімізше ондай жолдарға мыналарды жатқызуға болады: оқушылардың құқықтық сана-сезімін қалыптастыру, тек қана құқықтық тәрбие жұмысы арқылы ғана жүзеге асырылмайды. Мектепте күнделікті жүріп жатқан барлық оку-тәрбие қызметін ұйымдастыру жұмысының да тікелей немесе жанамалап қатысы бар:
1. Мектеп жасындағы жастардың құқық нормаларын бұзу факторларын анықтау. Ол балалардың мінез - құлқының нормадан, шамадан ауытқуына түрлі жағдайлар себеп болады. Олардың ішінде ең бастысы - отбасы жағдайы боп есептеледі. Өйткені тұлғаның жеке басының жаман-жақсы қасиеттерінің негізі отбасынан қалыптасады. Сондықтан да, балалардың өнеге алып үлгі тұтары — ең алдымен өздерінің ата-аналары. Жеткіншектердің аса еліктегіш келетіні жоғарыда талқыланғандықтан, әке, шеше және отбасының басқа да мүшелері жеткіншектерге тек сөз арқылы ғана емес, жеке бастарынын өнегесімен, іс-әрекеттерінің үлгісімен де ыкпал жасайтынын есте сақтауымыз қажет.
Сондықтан, отбасы тәрбиесіне теріс ықпал ететін жағдай жеткіншектің бойында үнамсыз қасеттердің болуына, қоғамға жат ой-пиғылдардың қалыптасуына әсер ететін басты себептердің бірі болып табылады.
Атап айтсақ, солардың ішіндегі біріншісі оқушылардың ішімдік пен нашақорлыққа құмар болуы. Балалардың ата-аналары қонақта болады немесе өздері қонақ шақырады. Осының бәрі ішімдіксіз өтпейді, дастарханға ішімдіктерді самсатып қояды. Ал, жастардың қай-қайсысы болмасын ересектерге еліктейді. Өздерін ересектерше ұстайды, ересектерше әрекет жасауды калайды. Ең қауіптісі сол — бала көргенін істеп, ішімдікке бой ұрады. Ата - аналар және басқа да ішімдікке салынған адамдардың отбасында күнде жанжал, тәбелес болғандықтан балаларды дұрыс тәрбиелеу мен оқытуға ешқандай жағдай болмайды. Керісінше, мұндай бүлінген отбасында балалардың өздері ішімдікке әуес бола бастайды. Екіншіден, отбасының тыныштығының бұзылуы да сол отбасындағы жеткіншектің мектептен қол үзіп, нашар оқуына, тура жолдан ауытқуына әсерін тигізеді. Ондай балалар қоғамдық жұмыстарға да қатыспайды. Ешбір өнерге де қызықпайды. Бос уақыттарын қызықты өткізуді білмейді. Шындығына келгенде, бұлар қоғамдық өмірден тысқары қалған адамдар болып саналады. Демек, мұндай ата-аналар өз балаларын өнер — білімге, еңбекке баулуда мектепке көмек бере алмайды. Үшіншіден, ата-ананың немесе сол отбасындағы қайсібір мүшелерінің ұнамсыз әрекетгері де баланың бұзылуына әсерін тигізеді. Кейбір балалардың ерік-жігері әлсіз боп келеді. Олар ойланбай әрекет жасауға, зиянды ықпалға оңай берілуге оңтайлы болады. Баланың мұндай жігерсіздігі мен еркінің бостығы, оның келесіндей оқиғаларға тап болуына әсерін тигізеді.
Бүгінгі қоғамды жаңарту, жариялық заманында жастардың батыстың күйіне, жағымсыз үлгілеріне еліктеуі басым болып барады. Ал, кино мен көгілдір экраннан ұнамайтын, сыйықсыз көріністер және ондағы келеңсіз әрекеттердің тигізер зиянына ешбір адамның күмәні болмас.
Елдегі экономикалық-әлеуметтік жағдайдың нашарлауы отбасындағы күнкөріс, тіршілік ету жағдайына өз ықпалын тигізері айдан-анық. Ол, өз алдына отбасында қаржы тапшылығына әкеп соғады. Сондықтан да, отбасындағы жетіспеушілік балалардың оқуға бармай, дала кезіп, ұрлық жасап, кісі тонау секілді қоғамға жат қылықтармен айналысуына әкеп соғады.
2. Мектеп өмірінде мінез-құлқы күдік келтіретін "қиын" деген балалардың барлығы бәрімізге аян. Қоғам, мемлекет ұйымдары, жұртшылық боп "қиын" балалардың тағдырына ерекше көңіл аударады. Соған қарамастан олардың саны жылдан жылға азаймай келеді.
Оқушылардың құқықтық білімдері мен тәрбиесінің жеткіліксіз болуына бір жағдайда мектеп те кінәлі. Оқушылардың отбасындағы жағдайын жете білмегендіктен, оның жағымсыз әрекетіне қажетті тойтарыс бере алмайды. Оған қосымша сол "қиын" деген балалармен тәрбие жұмысын жүргіуде елеулі кемшіліктері баршылық бола тұра, оларға жете көңіл бөлмейді. Олардың жүретін ортасын, мінез-құлық ерекшеліктерін, мүддесін зерттемейді. Сыныптан және мектептен тыс қоғамдық жұмыстарға тартпайды.
Мектепте де баланың жеке басын сыйламау, өктемшілік көрсете беру баршылық. Мектеп мұғалімдері мен қиын балалардың қарым-қатынастары "ақыл" айтумен, ұрысу, ар-ожданына тию тәрізді педагогикаға жат әрекеттермен сипатталынады. Сондықтан да, отбасында және мектепте жіберілген кемшіліктер жинақтала келе қоғамдағы келеңсіз жағдайлармен ұштастырылып, тәртібі нашар немесе қиын балалардың одан әрі қоғамдық тәртіпті бұзуына түрткі болады. Мектепте оқушыларға тәлім-тәрбие беруде мүғалімдердің жеке басының адамгершілік қасиеттерінің де ықпалын әсте естен шығармау қажет.
Мектепте құқықтық насихат жұмыстарын жүргізудін кешенді жүйесінің қамтамасыз етілмеуі, оқушылар Жарғысы мен мектеп ережелерінін өз дәрежесінде орындалмауы секілді мәселелер де құқықтық тәрбие жұмыстарын нәтижелі ұйымдастыруға кері ықпалын тигізеді. Бұған қоса айтарымыз, бүгінгі қоғамымызды демократияландыру, ізгілендіру жағдайыңда оқушылармен құкык,тық тәрбие жүргізуде жаңа тиімді тәсілдерді қолдануда әлі де айтарлықтай жұмыстар атқарылып отырған жоқ. Құқық нормаларын бұзуға қарсы алдын-алу жұмыстары өз дәрежесінде жүргізілмейді.
3. Мектепте жүргізілетін құқықтық тәрбие жұмысы жүйесінің мазмұны. Оқушыларға құқықтық тәрбие беруде олардың сана-сезімін бірінші кезекте қалыптастырудың маңызы зор. Себебі, кұкықтық сана - қоғамдық сананың ерекше түрі. Сондықтан, құқықтық тәрбие беруде оқушылардың санасын тәрбиелеу, жауапкершілік сезімін көтеру, ұйымшылдық пен тәртіптілікті нығайту — мектептегі оқу-тәрбие жұмыстарының негізгі бір бағыты.
Әсіресе, құқық туындап отырған күрделі мәселені шешуде моральдық нормалардың дәрменсіздігі жағдайында адамдардың қарым-қатынасын реттеуге көмектеседі, көптеген сұрақтарға жауап беріп, сол жағдайдан шығудың жолдарын көрсетеді. Сондықтан да оны білу, әрбір азаматгың парызы.
Сонымен жеткіншектерге құқықтық тәрбие беруді диагностикалау нәтижесінде құқықтық жұмыстарға қатысты әр тарапты жұмыстар да жүргізілуі тиіс деп қорытынды жасауымызға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет