Эксперименталдызерттеуіміздің нәтижесінде педагогикалық қызмет арқылы жеткіншектердің құқықтық тәрбиелілігін қалыптастырудағы «дістері мен тағдаған жолдардың нәтижелілігін көрсететін мәліметтер алынды. Бқл біздің ұсынған ғылыми болжамымыздың дәлдігін дәлелдейді.
Жеткіншектердің тұлғалық психологиялық сипаттамасы экспертті бағалау әдісі бойынша бағаланды.
Экспериментке 230 оқушы қатынасты. Оларды оқудағы жетістік дәрежесі мен деңгейіне қарай бағаладық.
Төменде осы арнайы курстың күнтізбелік жоспарындағы «Жеткіншектерге құқықтық тәрбие берудің әдістемесі» тақырыбы бойынша кейбір пратикалық сабақтардың үлгісін ұсынамыз. Мұнда 5-9 сынып оқушыларының жас ерекшеліктері ескеріледі.
Тақырып-1. «МЕН ҚАЗАҚСТАН АЗАМАТЫМЫН» 2 cағат Мақсаты: Оқушыларда азамат, республика, азаматтық міндеттер сияқты түсініктерді қалыптастыру.
Теориялық сабақтың құрылымы:
1. Адам. Қоғам. Мен және қоғам. Отан. Мемлекет. Авторитарлық мемлекет. Демократиялық мемлекет.
2. «Азамат» сөзі нені білдіреді? Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы. Барлығымыз – бір елдің азаматымыз.
Талқылаулар Нағыз азамат деп кімді айта аламыз?
2)Біздің мектепте демократия бар ма?
Практикалық сабақтың құрылымы: Пікірталас: «Неге адамдар өз елін құрмет тұтады?» оқушыларға осы тақырыпқа мәтін дайындау тапсырылды. Сабақ барысында оқушылар топқа бөлінеді де, әр топ өз көзқарастарын қорытып оны сынып алдында қорғап шығады.
ТАҚЫРЫП – 2. КӨПҰЛТТЫ МЕМЛЕКЕТ. 2 cағат Мақсаты: Оқушылады тақырыптың негізімен таныстыру. Өз ұлты мен өзге ұлттарға деген көзқарасын қалыптастыру.
Теориялық сабақтың құрылымы: Ұлт деген не? Ұлттың негізгі белгілері. Әр елдің салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы. Біздің ел – көпұлтты азаматтар. Ұлтаралық қарым-қатынас.
Талқылаулар: Ұлтаралық қарым-қатынастың негізгі белгілері
Біздің елдегі әр ұлтты халықтардың барлығы бостандыққа ие ме? Басқа ұлт өкілдерінің бостандығына шектеу ба ма?
Практикалық сабақтар: «Басқа ұлттың адамын сыйлау, ендеше...» Сабақ барысында оқушыларға өз елі жайлы білуге көмектеседі. Еркін әңгімелесуге, елінің әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрі жайлы үйретеді. Сонымен қатар, оқушылардың үйымшылдығын қалыптастырады, оларға барлық ұлттың адамдары тең дәрежеде және бірге өмір сүре алатыны жөнінде түсінік қалыптастырады.