Құқықтық тәрбие берудің теориялық негіздері


ТАҚЫРЫП–3. МЕМЛЕКЕТТІК ЗАҢ ДЕГЕН НЕ? 2 cағат



бет24/28
Дата14.08.2023
өлшемі225,66 Kb.
#105256
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
ТАҚЫРЫП–3. МЕМЛЕКЕТТІК ЗАҢ ДЕГЕН НЕ? 2 cағат
Мақсаты: Оқушыларға заңды түсіндіру және заң алдында барлығы тең екенің ұғындыру.
Сабақтың құрылымы: Құқық. Тәрбие құқығы. Заң – тәрбие құқығын құрудың негізі. Конститутция – Қазақстан Республикасының негізгі заңы. Заң кімге бағынуы тиіс. «Құқықтық мемлекет» түсінігі.
Талқылаулар:

  1. Барлығы заң алдында тең бе?

  2. Мектептегі тәрбие негізі барлығына тән бе?

Практикалық сабақ: «Заң» атты тақырыпқа дөңгелек үстел ұйымдастыру. Оқушыларға алдын-ала мектептің заңдарын құру тапсырылды. Дөңгелек үстелде барлық нұсқаулар қарастырылды. Мектептің тәрбие ісінің меңгерушілері жұмысқа тартылды.
ТАҚЫРЫП – 4. ЗАҢ БҰЗУШЫЛЫҚҚА ЖАУАПКЕРШІЛІК. 2 cағат
Мақсаты: Азаматтық қалыптастырудың бірі ретінде оқушылардың әлеуметтік-адамгершілік тәртібі мен заңға бағынушылықтың керегін сезіну.
Сабақтың құрылымы: Адам және оның тәртібі. Адамның бейімділігі. Адамның қажеттіліктері. Заңбұзушылық. Заңбұзушылықтың негізгі түрлері. Заңбұзушылықтың себептері. Балалар қылмысы. Заң алдындағы жауапкершілігі. Қажетті қорғаныс.
Талқылаулар:

  1. «Жазаланбаушылық сезімі» деген не?

  2. «Адам кінәсі » деген не?

Практикалық сабақтар:

  1. «Егер мен адвокат болсам» атты іскерлік ойын. Оқушыларға заңбұзушылыққа мысалдар келтіруді тапсырды. Сабақ кезіңде адвокат таңдалып, заңбұзушылықтар жөнінде заң қабылдайды:заңбұзушыны жақтар ма едім және неге? Адвокат әруақытта тандау үстінде.

  2. Оқушыларға «Қажетті қорғаныс» атты тақырыпқа мысал беріледі. Әрбір бөлек жағдайлар үшін қажетті қорғаныстар қарастырылады.



ТАҚЫРЫП – 5. МЕМЛЕКЕТТІК ЗАҢДЫ ҚОРҒАУ. 2 cағат


Мақсаты: Оқушылардың заңды қорғау мен оның механизімінің мемлекетте бар болу қажеттілігін түсіндіру.
Теориялық сабақтың құрылымы: Заңды қорғау деген не? Заңды қандай мемлекеттік органдар қорғайды? Сот. Прокаратура. Заңды қорғауды қандай адамға тапсыру керек?
Талқылаулар:

  1. Неге заңды қорғау керек?

  2. Ең жақсы қорғаныс заңын неге ешкім бұзбауы керек?

Практикалық сабақтар: «Төрешіні тандау» іскерлік ойыны.ойынның негізі оқушыларға төрешіні тандау мүмкінділігін көрсету.

  1. Тікелей сайлау.

  2. Әлеуметтік сауалнама жүргізу.

  3. Сенімді адамдар арқылы сайлау.

Оқушылардың өнегелi тәрбиелiлiгiн зерттеген нақты зерттеулерде, педагогикалық тұрғыдан бұзақылыққа бейім оқушыда да қарама-қайшы адамгершілік қасиеттердiң бiршама жоғары емес қалыптасуы мүмкiн екенiн көрсеттi. Мысалы, оқушының тәрбиеленуiнiң қиындығының мәселелерiн ажыратып алмай өнегелi тәрбие берудi зерттеу 14-15 жастағы оқушылардың тәрбиелiлiгiнiң “өнегелi тұрғыдан басылуының” дәлелін анықтауға көмектестi, ал бұл басылу осы және келесi жастық кезеңдегi оқушыға өнегелi тәрбие берудiң беделін жоғарылатады. Өнегелi бiлiмдердің бұрмалануы өз ертерек жаста – 10-11 жастан, бастап оқушылардың педагогикалық тұрғыдан бұзақылыққа бейімделудің алдын алудан тұратын құқықтық мәдениет тәрбиелеудiң өзектiлiгiн дәлелдейдi.


Өнегелi-құқықтық тәрбие болмағандықтан бұл секiрiске таңдануға болмайды: 10-11 жаста жеткіншектер бастауыш мектепте алған өнегелi бiлiмдерiн өз пiкiрлерiнде қайта жаңғыртуға ұмтылады, ал 12-13 жаста өз көзқарастары мен сенiмдерiн жасырып, бастауыш сыныптарда алған өнегелi бiлiмдерiн қайта жаңғыртады, яғни, “әлеуметтiк қолайлылық” феноменi туындайды: жеткіншектер, олардың пiкiрiнше, педагогтары, ата-аналары тәрбиешiлерi естiгiсi келетiн өнегелi пiкiрлердi ғана қайта жаңғыртады. 14-15 жаста педагогикалық тұрғыдан бұзақылыққа бейім жеткіншек өзiнiң нормативке пiкiрлерiн жасырмайды. 14-15 жастағы жеткіншектердің өнегелi пiкiрлерiнiң санының күрт төмендеу болмысын бiз осылай түсiндiре аламыз.
Бiздiң зерттеуiмiз, оқушының өнегелi көзқарастар, пiкiрлерiнiң бұрмаланған жүйесiнiң алдын-алуды 10-11 жаста өткiзiп алмау аса қажет екенiн көрсеттi. Қайшы нормативке пiкiрлердi бекiту қаупi өседi. Осы жаста өнегелi бiлiмдердi игерудiң тиiмдiлiгi қарым-қатынастардағы әрекеттерге өзi баға беру және бағалау. Жеткіншектің қылықтарының объективтiлiгiн, зияндылығымен қауiптiлiгi шараларын жасына қарай талдау, олардың кiнәсiн, жасалған әрекетiне деген қатынасын мотивациялау ретiнде талдау, келесi фактiлердi көрсеттi: педагогикалық тұрғыдан бұзақылыққа бейім оқушыларда 12-14 жастар аралығында мақсаттары мен түрткiлерiнiң өзiмшiлдiк бағытының күшеюi, құралдарды алдын ала дайындау элементтерiнiң пайда болу және қоғамға қарсы әрекеттер жасау тәсiлдерiнiң қатiгезденуi мүмкiн екенiн, яғни құқық бұзушылыққа жақын терiс қылықтар тәуекелшілдіктер күшейеді. Қоғамға аса қаупi бар зиянды әрекеттер – педагогикалық тұрғыдан бұзақылыққа бейім оқушылар тұлғаға және ұжымға қарсы арнайы жасайтын әрекеттер орын ала бастайды. Олардың кiнәлiлiгi өз кiнәсiн мойындамауымен және қоғамға қарсы әрекеттердiң зияндылығымен, дөрекiлiгiмен, өтiрiкшiлдiгiмен, табалаушылығы және т.б. әрекеттерiнен күшейе түседi.
Оқушылардың құқықтық қатынастарын тәрбиелеу үдерісiнде педагогикалық қызметтiң кезеңдерi анықталады, бұл кезеңдерге тәрбиелiк мүмкiндiктердiң немесе бiрiккен қызметтiң қатысушыларының өзара әрекеттестiгiнiң үлгiсiн анықтау әдiстерi, немесе практикалық әрекеттердi ұйымдастыру әдiстерi, немесе бағаланған түрде – бағдарлау әдiстерiнiң немесе адамгершілік әрекеттерге жаттығу әдiстерiнiң күшеюi тән. Бiз педагогикалық тұрғыдан бұзақылыққа бейімделудің жоюды осы кезеңдердiң әрбiрiнде қарастырдық.
Педагогтардың қайсарлығы мен мақсаттарына талпынушылығы оқушылардың нақты өмiрiнде туындайтын құқықтыр мен мiндеттердiң бұзылуы туралы сұрақтарды таңдау жағдаятында шешуге мүмкiндiк бердi.
Бiз оқушыларды өнегелiк туралы, жоғары тәуекелшілік жағдаяттарда ұсынылатын шешiмдердiң дұрыстығы туралы пiкiрталастарға және дискуссияларға араластыруға ұмтылдық, оларға мiнез-құлқында бұрын байқалған жағдаяттардағы мiнез-құлық нұсқауларын таңдау бойынша шешiм қабылдауды ұсындық.
Бүгiнгi уақытта мектептерде «Құқық» атты пән жоғары 9- сыныптан бастап оқытылады. Яғни, жеткіншектік жастағы балалар құқықтық бiлiм алып жатқан жоқ. Сол себептен, пәнаралық байланыс қағидасының жүзеге асуын қамтамасыз ету қажет, құқықтық мәселелер адам қызметiнiң әр саласында орын алатындай деңгейге жетуi қажет. Бұл барлық пәндерге қатысты – жаратылыс пәндерiне де, қоғамдық пәндерге де, дегенмен қоғамдық пәндерде құқықтық сұрақтарды баяндаудың тапшылығы байқалады. Мектептегi тарих курсында құқықтың пайда болуы және дамуы туралы сұрақтар, құқықты өндiрiс, қоғамдық, жанұялық, қатынастарды қамтамасыз ету үшiн қолдану сұрақтары қамтылмаған деген пiкiрмен келiсуге бола ма? Ал бұл өз кезегiнде оқушылардың құқық мәнiсiн сапалауына ғана залалын тигiзiп қоймайды, сонымен қатар тарих курсының мазмұнын нашарлатады, себебi онда қоғамның саяси жүйесiнiң бiр саласы қамтылмай қалады.
Жою емес, құқықтық курстарды терең негiзде қайта құру қажеттiлiгi, жеткіншектердің құқықтық тәрбиесiнiң – бүгiнгi күннiң маңызды мәселесi болып табылады.
“Алмаспайтын” және негiзгi құқықтық түсiнiктердi, идеяларды, қажеттi құқықтық дағдыларды анықтау қажет, құқықтық материалдарда бағаланатын бiлiмдердiң үлкен көлемi, пәнаралық байланысты есепке алу, құқықтық курс бойынша дайындалған оқу-әдiстемелiк комплекстiң негiзiндегi оқу және оқудан тыс жұмыс арасындағы өзара байланыс – осының барлығы тұлғаның құқықтық қатынастарын бұрмалау үдерісін жоққа жақындатуға мүмкiндiк бередi.
Атай кететiн жағдай, жастарға тек құқықтық тұрғыдан бiлiм беру қоғамның осы саласындағы елеулi сұрақтардың шешiмiн таппайды, сонымен қатар оқушылардың құқықтық бiлiм алуға деген дербес жұмсаған күштерiн қолдау мен дамыту керек.
Тәжірибе құқықтық тәрбие беруді мектептерде 5-шi сыныптардан бастау қажет екенiн көрсетедi. Жеткіншек балалар қоғамдағы құқықтық тәртiптiң болуы өздерiне байланысты екенiне толығымен сенiмдi. Олар құқық бұзушылық болмас үшiн не iстеу керек екенiн шын бiлгiлерi келедi, заң шығару қызметiне араласуға ынта бiлдiредi. Осы жастағы оқушылардан игi аудитория болмайды. Бiрақ, әрине, оларға дәрiс берудiң өзi ересектермен салыстырғанда басқаша өтедi. Мысалы, балалардың өзi заң дегенiмiз не екенiн, қылмыстық заңның мектепте бекiтiлген тәртiп ережелерiн бұзудан айырмашылығы неде?-деген әңгiмелер оқушыларға не себептен қылмыскер болады, күннен-күнге қылмыскер болмас үшiн не iстеу керек?-деген сұрақтар ойландырады. Мектеп, отбасында кәдiмгi өнегелi қағидаларды елемеу нәтижесi қылмыс жасауға алып келетiнiн көрсетедi. Бастауыш сыныптағы балалар “заң шығару бастамасын” ұсынатынын бiз байқадық. Мысалы, балалар ұсынған ереже: бір тал сындырсаң – он тал ек.
5-9 сынып жеткіншектері жалпы мектептiк өзiн-өзi басқару органдарына сайланады және сыныпта нормативтi ережелердi жете дайындауға қатысады. Сынып ұжымындағы құқықтық қатынастарды, ең алдыменен, балалар қабылдаған және қорғайтын нормативтi құжаттар көрсетедi. Бұл құжаттар (ережелер, жарғылар, естелiктер және т.б.) мазмұнын жүзеге асыру сипаты бойынша құқықтық болып табылатын көптеген қағидалар пайда болады.
Бiздiң ойымызша, құқықтық сенiмдерiнiң түйiнi болып заңдылық пен өктемдiк сезiмi болады, өйткенi ол басқа үлгiлердi ғана емес, басқа да сенiмдердi, соның iшiнде әдiлдiкке деген өнегелi сезiмдi бойына сiңiредi, топтайды.
Өнегелi мiнез-құлықты адам басқа адамдармен жалпы қоғамның мүдделерiне лайықтап өзiнен-өзi талап етедi, ал құқықтық мiнез-құлықты қоғам шартсыз түрде әрбiр адамнан талап етедi.
Құқықтық тәрбие беруді тек құқықтық қағидалардың мазмұны туралы ақпарат берумен шектеуге болмайды.
Оқуға, қоғамға, пайдалы еңбекке деген немқұрайлылықты жою оқудың маңыздылығы туралы пiкiрлердi қайта бағдарлаумен, оқуға деген қабiлеттердi, оқу мәселелерін құру әрекеттері, оны шешудiң танымдық мақсаттары, жоспар құру, түпкi нәтиженi аралық әрекеттердi тексеру, берiлген үлгiлер бойынша бағалау секiлдi қабiлеттердi қалыптастырумен байланысты болды. Танымдық іс-әрекетке деген қатынастарын өзгерту құрбыларынан артта қалудағы алға ілгерілеушіліктің басулардың пайда болуы, педагогтар мен оқушылардың өз құқықтары мен мiндеттерiн iскер орындауының негiзiнде оқу қызметiн тұрақты ережеге бағындыру перспективасы мектептегi әлеуметтiк ортада жасампаздық, жарамсақтақ және арсыздықты жоюдың қажеттi жағдайлары ретiнде анықталады.
Оқушылардың құқықтық белсендiлiгiн ұйымдастырудағы педагогикалық іс-әрекеттің екiншi деңгейi – жеткіншектің өз стилiн табандылықпен iздеу, мiнез-құлықтың жеке тәсiлiн жасау, сыныптағы қоғамға пайдалы іс-әрекеттердің әркелкi түрлерiнде өкiлеттіктердi педагогикалық мақсатқа лайық етiп ауыстыру процесiнде іс-әрекеттің нормативтi мақүлданған әдiстерiн игеру кезеңi. Мұндағы, педагогикалық басшылық ету, жеткіншектің өкiлеттіктерiн ауыстыру арқылы сыныптың барлық мүшелерiне мiндеттi іс-әрекеттен ерiктi, өз бетiнше шығармашылық іс-әрекетке ауыстыруға бағытталған. Құқықтар мен мiндеттердi өзара байланысқан түрде орындауда ұйымдастыру қабiлетiнiң элементтерi болса, жеке қабiлеттер мектеп пен жанұядағы тiршiлiк әрекетiн жетiлдiретiн ұйымдастырушылық өнегелi әрекеттерге бiрiгетiн өнегелi іс-әрекет өрiсiн кеңейтсе, оның тәрбиелiк тиiмдiлiгi артатыны анықталды.
Мектеп өмiрiндегi жағдаяттарды жеткіншектер тәуекелшілік дәрежесi бойынша бағалайды, сондықтанда мектеп пен қоғамдық тәртiп бұзушылықтың алдын алу мақсатында мектеп ережелерiн жетiлдiрудiң бастаушылары болды.
Педагогикалық басшылық, мұндайда ұйымдастырушылық қызметтерді тәрбиеленушiлерге, оның iшiнде педагогикалық тұрғыдан бұзақылыққа бейім балаларға берудi қарастырды. Бұл кезеңде сыныптың немесе КВН қатысушыларының “Ар кодексi” маңызды орын алады.
Жеткіншектерге тартымды түрлері өнегелi, рухани өмiрдiң дайындалған ережелерiн: бiл, iстей ал, жақсы көр, дос бол, еңбек ет, күрес, сақта, көмектес, iске асыр секiлдi қағидаларын жүзеге асыруға педогогикалық тұрғыдан іске асыруға бағытталды. Мысалы, балаларға арналған мектеп кодексiнiң “Адам абыройы мен жеке арыңды сақта” – деген тармағы жеткіншектердің қызғылықты девизiнде “Бiздi қорламаңдар – сыйлаудан бас тартамыз” деген сипат алды. Педагогикалық тұрғыдан бұзақылыққа бейім заң шығару қызметтерiне қатысуы, табиғи жағдайда рухани бiлiмдерiнiң саналы түрде меңгерiлуі дәрежесiнiң көрiнiстерi, олардың пiкiрлерi мен күйзелiстерiндег, әрекеттерін бақылауға мүмкiндiк бердi. Мұнда, кейбір жекелеген әрекеттердi өнегелi дәлелдеу көзқарастар, құнды пiкiрлер, нұсқаулар жүйесiне бiрiгедi.
Кодекстi құрастыруға толық құқылы түрде қатысу үшiн педагогикалық тұрғыдан бұзақылыққа бейім жеткіншек жекелеген шараларды немесе ұзақ мерзiмдi жалпы iстi жүргiзу және дайындауда бiрлестiк мүшесiнiң, ұжымының, үйiрме, бiрлестiк, клуб және т.б. мүшесiнiң нақты құқықтары мен мiндеттерiне ие болуы қажет.
Танымдық түрткiлердi тәрбиелеу, мәдени мiнез-құлық ережелерiнiң жеке маңыздылығын жеткіншектің ұғынуы және жекелеген мiндеттердi жауапты және ұйымдасқан түрде орындаудың практикалық әрекеттерiн игеру секiлдi дайындықсыз тұлғаның құқықтық қатынастарының мәдениетiнiң көрiнiсi ретiнде тәртiптi мiнез-құлық тәрбиелеудiң оң нәтижелерiн жоспарлауға негiз жоқ екендiгiне тәжiрибелiк жұмыстың нәтижелерi көз жеткiздi. Бiрiккен іс-әрекеттегі шығармашылықпен айналысу мүмкiндiгi, ынтымақтастықтың өз негiздерiнiң даму адам арасындағы өзара қатынастардың сүйкімділігін, эстетикасын көрсетедi.
Педагогикалық тұрғыдан бұзақылыққа бейім жеткіншектерге бұл мүмкiндiктердi қамтамасыз ететiн педагогикалық жағдайлар, ең алдымен олардың өзiне деген қарым-қатынастарының, сол арқылы басқа адамдар мен еңбекке деген қарым-қатынастарының өзгеруiне қажеттi алғышарт болып табылады.
Мектеп өмiрiндегi жағдайларды қайта құру, оқушылардың педагогтарға деген талаптарының өсуiне, өз құқықтарын iске аспайтындай етiп кеңейтуге алып келедi. Мұндай жағдай педагогикалық басшылық ету, ең алдымен осы кезеңде, жеткіншектердің мектеп тәртiбiн қайта құрудағы, киiм шешетiн бөлме, асхана, үйiрме, секциялар, мектеп шеберханалары және спорт залы секiлдi орындарда өзiне-өзi қызмет етуiн жетiлдiрудегi өкiлеттіктерiн кеңейту арқылы педагогикалық талаптарды таңдамалы түрде ыңғайлау, яғни жекелеген өкiлдiктердi жауапты тәуелдiлiк қатынастарының жүйесiне интеграциялау арқылы көрiнедi. Осы кезеңдегi педагогикалық тұрғыдан бұзақылыққа бейімділікті жою оқушыларда сынып тапсырмаларын ұйымдасқан түрде орындауға деген қажеттiлiктi қалыптастыру, әлеуметтiк маңызды қызметтiң мазмұнын кеңейту, тәрбиеленуi қиын балаларды ұйымдастыру және құқықтық қызметке тарту, жеткіншектердiң педагогикалық тұрғыдан бұзақылыққа бейімделушілікті жоюдағы тәрбие шараларының өзiндiк негiздерiн күшейту, үлгермеушілік не мектептегi тәртiп бұзушылықтың алдын-алу арқылы көрiнiс табады. Әрине, деңгейлердi анықтап, оларды педагогикалық іс-әрекеттің дамуына бағыттау тек шартты сипатқа ие және көмекшi функция атқарады. Дегенмен, көптеген зерттеулер мен оларды өңдеу нәтижелерi өнегелi-құқықтық қатынастарды тәрбиелеудiң негiзгi кезеңдерi туралы нақты құбылыс ретiнде сөз етуге мүмкiндiк бередi. Ол келесi екi өлшем арқылы қызмет етедi:
1) ұжымдағы өкiлеттiктердi орындауда жеткіншекке құқықтары мен мiндеттерiн кеңейту арқылы тұлғаның бастапқы ұстанымын түзету, өнегелі, құқықтық бiлiмдерi, күйзелiстерi, ұмтылыстары секiлдi сандық өзгерiстердiң тұлғаның құқықтық қатынастарының мәдениетiнiң барлық аспектiлерiнде көрiнетiн әдеттi өнегелi мiнез-құлықтың тұрақты құқықтық тәжiрибесi секiлдi сапалық өзгерiстерге айналуы;
2) педагогикалық тұрғыдан бұзақылыққа бейім оқушының мектептегi өмiрiнiң жағдайларын iзгiлендiрумен және тәрбиеленушiнiң өзiн-өзi жетiлдiруiн ынталандырумен байланысты педагогикалық басшылық етудi дамыту.
Зерттеу материалдары негiзiнде әлеуметтiк-педагогикалық жағдаятты түзету, бiр мезгiлде жеткіншектiң сезiмiне әсер ете отырып, оны жағдаяттарды шешуге араластыруға және өнегелік бiлiмдерiн тереңдету негiзiнде практикалық әрекетке мүмкiндiк бар деуге болады. Демек, сараптамада жоғары тәуекел жағдаятты, тәрбиелiк жағдаятқа түзету әдiстемелерi анықталды, олар тұлға қарым-қатынастарының эмоционалды, рационалды және мiнез-құлық салаларына ықпал ете отырып оның ұстанымын өзгертуге мүмкiндiк бередi.
Жеткіншек тұлғасы ұстанымындағы оң өзгерiстердi бiз құқықтық қатынастардың мазмұны бойынша бағаладық. Жауапты тәуелдiлiк қатынастарының жүйесi арқылы педагогикалық тұрғыдан бұзақылыққа бейім жеткіншектерді қызметке араластыру жүзеге асырылған жағдаяттарды бiр iздi етiп құрастыру сипатында сараптамамыз өрбіді. Әр жастағы 10-11 жас, 12-13 жас, 14-15 жастағы педагогикалық тұрғыдан жеткіншектердiң ілгері басуының және құқықтық қатынастарын тәрбиелеудегi тұлғаның бастапқы ұстанымдарының қарқындары салыстырылды.
Тәжiрибе жүргiзiлген мектептердегi сынып жетекшiлерiнiң жұмысының тәжiрибесiне ұжымдағы өкiлеттіктердi бөлу әдiстемелерiн енгiзудің нәтижелерiн, мiндеттердi орындау мен құқықтарын сақтауды ынталандыруды, бiрiккен іс-әрекеттегі өзара әрекеттестiктi өнегелiк тұрғыдан дәлелдеу және бағалаудың нәтижелерiн, өнегелi әрекеттердiң жаттығуларын, өнегелiк қарым-қатынастарды жеке болжау мен тәрбиелеудi бiрiктiрудi талдау, бiр жағынан, оқушылардың педагогикалық тұрғыдан бұзақылыққа бейімделуін жою қажеттiлiгiн ескере отырып тәрбие берудiң тұрақтанған әдiстерiн, жiктелген интерпретациялау варианты болатын тиiмдi әдiстемелер екенiн көрсеттi. Оларды енгiзу өнегелi-құқықтық тәрбие беруде нақты нәтижелерге жетуге мүмкiндiк бередi. Бұл тұрғыдан оларды әдiстемелер деп атауға болады. Сондықтан мектептегi педагогикалық іс-әрекеттің құрамды бөлiгi болып табылады. Педагогикалық тұрғыдан бұзақылыққа бейім жеткіншектер тұлғасының “бастапқы ұстанымдарының” оң өзгеруiнiң көрсеткiштерi бойынша педагогикалық іс-әрекеттің әркелкi деңгейiндегi жалпы нәтижелiлiгiнiң пайыздық байланысы төмендегiдей көрiнiс тапты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет